бураның иесі өлген адамның туыстарына өлікті жөнелтуге көмек жасайды /ас-атау, көр -кебін/,
бураны солардың қолына береді, егер малды өлтірсе ешқандай жауаптылық тартпайды.
21. Егер де адам өлімі байлаулы тұрған аттың тебуінен болса, билер бірнеше жағдайды ескеруі
қажет : а/ егер ат кигіз үйдің сыртынан белдеуге байланса, оған ат иесі құн төлемейді; ə/ егер
ат кигіз үйдің жанына іргесіне байланса ат иесі жарты құн төлейді; б/ егер ат үйдің кіре
берісіне /босаға/ байланса, ат иесі толық құн төлейді.
Қонақ асы:
1. “Қонақ асы” тəртібі жолаушының қонамын деген үйіне: а/ ауылдың сыртымен оң
келуін /қотан арқылы өтуге болмайды/, ə/ үйдің сыртынан жақындап сəлем етуін (“Сөйлес”),
немесе “сөйлесетін кім бар ау?” деп дауыстайды/ талап етеді.
2. Егер жолаушы ауылға қонғысы келсе, ауылдың сыртында аттан түсіп, ауылға қарап малдас
құрып отырады. Ауылдан біреуі келіп шақырады.
3. Егер жолаушы ауылға жақындап, аттан түсіп, оны тұсап, өзі жаяу келсе ол да
дұрыс /құрмет/ саналады.
4. Жолаушының ауылға соқпай жанамалап өтіп кетуін басынғандық, сыйламау, не жөн білмеу
есебінде айыптап, не ұрлық жасап, тəртіп бұзып жүрген адам деп күмəн тағу кінə емес.
5. Жолаушы /қонақ/ үйге кірерде қару-жарағын босағаға сүйеп кетеді.
6. Хан ордасына енген адам қолына қамшы да ұстамауы шарт.
7. Қонақжайлық дəстүрі бойынша құрметті қонақ келсе үй иесінің өзі аттан түсіріп, не
балалары, əйелі-қызы қонақтың атын байлайды.
8. Кез келген қазақ үйі /отбасы/ жолаушыға /құдайы қонақ/ тамағын беріп, төсегін жайлауға
тиіс.
9. Үй иесі /отағасы/ қонақ асы беруден бас тартса жолаушы сол елдің биіне барып арызын
айтып ат-тон айып алуға хақылы.
10. Кез келген жолаушы /қазақ болуы шарт/ “атамыз Алаштан қалған бөлінбеген еншіміз бар”
деп түскен үйінен “қонақ асы” талап етуге хақылы.
11. Егер жолаушы осы шарттардың бəрін орындап, ал ауыл иелері қонақасы бермесе сол елдің
биіне барып, арыз айтып “ат – тон” айыбын алады.
12.Ауыл иелері сыйлы жолаушыларға, қонаққа деп арнайы үй тігеді. Жағдайы бар бай қазақтар
“қонақ үй” ұстайды.
Бөлінбеген енші:
1. Қазақтың түп атасы Алаш қартайған уақытында үш баласына /Ақ Арыс, Жан Арыс, Бек
Арыс/ енші бөліп, өзіне бір бөлігін алып қалыпты. Өлім алдында балаларын арыздасуға шақырып
қолындағы бір бөлікті тағы үшеуіне беріп “бөлінбеген елшілерің болсын” депті. Жолаушы
жүрсеңдер, көшіп қонып жүрсеңдер, қиындық көрсеңдер аяқ - табақтарыңды, жейтін малыңды
алып жүрмеңдер, осы үлестен бір-біріңе қонақ асы беріңдер деп тапсырса керек.Осы себептен
қазақ баласы “Алаштан қалған бөлінгенге еншім бер” деп біледі.
2. Кез келген қазақ шаруашылығы жұттан, не жаугершіліктен тозса, қазақ баласынан жылу
жинауға хақылы. Соғыстың кезінде жау шапқан рулар, өзге елден жылу талап етуге хақылы.
Əркім өзінің мүмкіндігінше көмектеседі.
3. Кез келген қазақ отбасы, не ата баласы шаруашылығына көмек сұрап /құн төлеу, қалың беру,
жасау/ бірге қонып, бірге жайлап жүретін көрші ауылдардан, отбасыларынан көмек сұрауға
хақылы.
4. Егер кедейлеу отбасының бір үлкен малы кездейсоқ өлсе (мысалы: құдыққа құлап) онымен
жақын отырған көрші ауылдас ағайындары “он екі жілік” деп көмек көрсетіуі шарт.
5. Егер бар болып отырып, алыс-жақын ағайын немесе қаймана қазақ нашарға көмек бермесе,
оған кемі ат шапан айып салынады, зоры қоғамдық жиындардан шеттетіледі.
6. Жаугершіліктен келген батырлар “сауға” деп алдынан шыққан қазақ баласына / олардың ішіне
Достарыңызбен бөлісу: |