Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
235556 (1)

жорға болса да немесе атақты бəйге аты болса да) кезегі келген адамға береді. Егер шүлен малы 
мал иесінің мал дəулетінің құты болса өзге малға ауыстырады. 
Жылу: 
1. Əр түрлі табиғи апат /жұт, өрт т.б./ салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күн-көруі 
қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке 
адам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімді ел басшылары
мен билердің келісімімен алады.


2. Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен- ақ көмектесіп, 
жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе онда амалдың жоқтығынан 
өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. Ел билері көрші алыс-жақын елдердің 
басшыларынан жылу жинау үшін келісімін алады. Кей жағдайларда өз сыиласуларына 
қарай /құда-жекжат т.б./ көрші рулар өз бетімен көмек көрсетеді. 
3. Қазақ ішінде жылуды кез-келген дəулетті қазақтан сұрау айып болып табылмайды /егер шын 
жұтап отырса/. Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тəңірі алдындағы іс
болып табылады. Егер жылу жинаушы /адам не ру/ өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, 
не өз дəулетсіздігінен ағайыннан көмек ала алмай өзге елде жүрсе, айыпталады - “өз ағасын 
ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды”.
Жұртшылық: 
1. Көрші адамдар мен көрші рулардың арасындағы өзара көмек “жұртшылық” атанады. Бір 
жұртта тұрып, мəселен ел көшкен кезде, туысқанын, көршісін тастап өзі жайлауға көшіп кету 
қайрымсыздық болып табылады. Мұндай адамдарды ел айыптайды, билерін-байларын қоғамдық 
істерге қатыстырмайды, төрден орын бермейді /өзін жарылқамаған/. Қыстың күні мал-
жайылымы қиындап, мəселен бір жерді көктайғақ мұз басса, ол ел жұртшылық дəстүрін 
пайдаланып көрші-жақын рулардың жерінен жайылым сұрауға хақылы. 
2. Жазды күні жайылым болғанымен, тұшы суы жоқ ауылдар малын суару үшін көрші елдердің
құдығын, қонып отырған өзен-көлін пайдалануға хақылы. 
Сұрап алу кəделері: 
1. Немеурін сұрау-енші алып, бөлек шыққандар туған- туысқандарынан немеуірін 
сұрап /көмектесулерін сұрап/ мал-мүлік алғанды айтады.Қандас туыстар əрқашанда отау тігіп, 
бөлек шыққан туысқанына немеуірін сұрап келсе, мал-мүлкінен қолынан келгенше көмектесуге 
тиісті. 
2. Сауға сұрау: жорықтан не бəйгеден олжалы болып келе жатқандардан туыс, сыйлас жандар 
сауға сұрағанда, түскен олжасының бірер мөлшерін сұраушыға беруге тиісті. 
3. Сыралғы сұрау-ең аулап, олжалы келе жатқан аңшыдан сұрап алатын сыйлық. Егер аңшы, 
мысалға бір киік атып алса, сыралғы сұраушыға сол аңның бір мүшесін беріп кетуі керек. 
4.Байғазы сұрау-мінген ат, киген киім немесе жаңа мал-мүлікке туысқандарынан көрімдік сұрау. 
Байғазы сұраушыларға “Құтты болсын” - айтып, сыйлық беру шарт. 
5 . Қолқа сұрау - құрбы - құрдас, не досына сапарға бір жақсы атын бере тұруын өтіну. Қолқа 
сұраушыға сұрағанын беріп көңілін қайтармау міндет.
6. Телім сұрау : жасы келіп өлген, жұртқа қадірлі адамдардың киімінен сұрау.Сол секілді əулие, 
абыз атанғандардың киімін жыртып, телім ету. Ақ киізге көтеріп, хан сайланған сон, сол кигізді 
тіліп- тіліп телім (тəбəрік) алуға рұқсат. 
7. Бұйымтай сұрау - келген қонағына сыйлық беру, не шаруамен келіп едің деп сұрап, жөнін 
білгеннен кейін, кетейін деп жатқан қонағынан нендей бұйымтайың бар еді деп, қонақжайлық 
көрсетуі шарт. Қонаққа, сəлеи беруге өзіне тиісті сыбағасын алып келгендерден, кетерінде 
бұйымтайың не деп сұрау міндет. 
8. Тон сұрау- киім-кешектің тапшы кезеңдерінде - тон , киім- кешектің сəн-салтанаттысы 
есебінде сыйлы ақсақалдардың үйінде сақтаулы тонды‚ құдалыққа‚ жəрмеңкелерге барғанда‚ сол 
отбасы иесінен сұрап алып киіп баруға рұқсат.


9.От сұрау- көрші ауыл‚ көрші үйлерге (күлдің арасына көмілген қызыл шоқты) сұрай келіп‚ 
тамыздық алып отыруға рұқсат. 
10. Сүйінші сұрау -қуанышты хабар жеткізушілерге берілетін сыйлық. Сүйіншінің мөлшері сол
мал-мүліктің /егер жоғалды деген мал болса/ бестен бір мөлшеріне тең. 
11. сұрап алудың қандай түрі болсада өз ара сыйластыққа негізделеді. Басты шарт – “алаған 
қолым береген”. 
Ас беру: 
1. Ас беретін ру /ата баласы/ алдымен сауын айтады/ шақыратын елдерге/.Сауын 
айтылмаған /хабаршы келмеген/ елге келу міндет емес. 
2. Хабар жеткен ел қатысатынын, қатыспайтынын бірден анық айтады. 
3. Асқа жиналған ел басылары өз тентектеріне жауап береді жəне астың шырқын бұзбау ата
намысы болып табылады. 
4. Егер ас иелері аза салып келгендерді дұрыс қабылдамаса /тиіс деңгейде үй тігу, мүше/олар ас 
иелерінің үстіне арыз айтуға хақылы. 
5. Егер келген адамдар тəртіпті бұзса /кешігіп келу, төбелес бастау/ ас иелері олардың үстінен 
арыз айтуға хақылы. 
6. Ас беру кезінде жанжал-төбелес болса кінəлі жақ билердің шешімімен ас иесіне ат-тон айып 
төлейді. 
7. Егер дау бəйгеге байланысты болса, бірдей келген екі жүйріктің бəйгесін ат иелері/рулар/ тең 
бөліседі, 
оған 
көнбеген 
жағдайда 
аттарды 
тынықтырып 
алып 
қайта
жарыстырады/дауласушылардың аттарын ғана/.
Ел басшыларының, дəулетті адамдардың өлгеннен соң бір жылдан кейін жылын өткізуді“ас 
беру“ деп атайды. Шамасы келгендер бірнеше қайтара ас береді /үш ретке 
дейін/.Мүмкіндіктеріне қарай алыс-жақын елдерге сауын айтады /хабарлайды/.Қазақ ішіндегі 
өте ірі тұлғалардың асына аза салып , саба жиып , жол-жоралғысымен Алаш баласы түгел 
келген.Сол себептен де ас беру кезінде ел ішіндегі ірілі-ұсақты мəселелер билердің талқысына 
түседі, əсіресе ру арасындағы араздық мəселесі, рулардың жолы, барымта т.б. Ас беру кезіндегі 
төрелік “Кеңес“ тəртібімен өтеді. 
Ас берудің шығынын тұтас рулы ел, ағайын көтеріп алады:сойыс деп мал жию, үй тігу, бəйге 
беру.Осы шығынның əр қайсысын белгілі бір аталар немесе марқұммен сыйлас, қатарлас адамдар 
да көтеруі мүмкін. Марқұмның туысқандары ондай адамдарға ерекше ықылас көрсетіп, жолын 
беруге хақылы (сый сатулы, аза қарулы). 
Ас беру кезіндегі əр түрлі шаруашылық-қоғамдық мəселелерді басқарып отыру үшін ақ иелері
елдің басшыларынан таңдаған адамына ұсыныс жасайды. Бəйгеге /ат бəйгесі/ ерекше жауапты 
адам сайланады /билердің арасынан/, өнердің /күрес, ақындық т.б./ басқа түрлеріне де жауапты 
адамдар сайланады. 
Төрелер мен қожалар, əр рудың бас көтерер адамы өздерінің жолына сəйкес ерекше тігілген үйге
түседі, олардың өз жолдарына қарай сый құрмет талап етуі заңды. Жол тəртібін реттеп 
отыру асты басқаратын адамның міндеті саналады. Асқа байланысты туындайтын даулардың 
ішінде: егер келуші астың белгіленген уақытынан кешіккен болса, өзіне тиесілі орынды талап 
ету мүмкіндігі азаяды. Ас бəйгесінде бірнеше ат қатар келсе, ас иелерінің талабымен бəйгені 


бірнеше күннен кейін қайта өткізуге рұқсат беріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет