Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
235556 (1)

§ 6. Құн төлеу 
Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді 
''Құн'' деп атайды. Қылмыстың түріне қарай; толық құн, яғни 500 қойдан 2000-ға дейін, 50 
жылқыдан 2000-ға дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Қазақ арасында ең жиі қолданылған құн кесімі 
“100 жылқы, алты жақсы”. Одан кейін жарты жəне ширек құндар болған. Құн-қазақ əдет-
ғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тəртіптерінің бірі.
Қазақтар тура жəне ауыспалы мағынада осы ұғымды күнделікті тұрмыста қолданады. Егер бір 
нəрсеге қатты қадалып, өшігіп сұраса-''əкеңнің құны бар ма'' деп айтылатын сөздер де бар. 


Қазақ рулары ерте уақытта қанды кек пен құн заңдарын қатар қолданып келген, бейбітшілік 
уақытта көбінесе құн төлеу іске асып отырған. Себебі өзара кек қуысып қан төгу қазақтың 
руларын əлсіретті, қаңсыратып, мықты деген батырларынан айрылып қалу оңай соқпаған.Оның 
үстіне əрдайым сыртқы елдермен шабуылдасып, жауласып жүретін қазақ елі үшін ішкі бірлік, 
тыныштық екінші кезектегі шаруа болмаса керек.Сондықтан кісі өлтірушіге, зорлаушыға ру 
жауап беріп, қылмысына ортақ болады. Ұлт алдына не қылмыскер үшін құн төлеуге, не 
қылмыскерді ел қолына беруге міндет алады.Кісі өлімі үшін құн төлеуге мойын ұсынған ру, қарсы 
жақтың бірнеше сыйлы кісісін шақырып, солардан өлген адамның туыстарына ''Сүйек құн'' 
алты жақсы жібереді. 
Сүйек құнның құрамына кіретін нəрселер: 
а) кісі өлтірушінің астында болған, оны жай бермей, құйрығын кесіп жіберетін - қанды қара 
шолақ ат.
ə) суық қару - не мылтық, не бір қадірлі қылыш, қанжар-өлтіруге қаруы болды деп, мұны қанды 
қару дейді. 
б) өлген адамның денесін салып жерлейтін жерге апаруға деп, мəйітті орау үшін қара нар, қалы 
кілем береді.
в) өлген адамның ет-жақыны, яғни не əйелі, не шешесі, не қарындасы бір жыл бойы жоқтауға 
киетін қайғы белгісі саналатын қара тон, сары жаулық . 
Осы сүйек құн келісімімен даугер жақ қанды кектен бас тартып, қарулы əскерді жинауды 
доғарып, негізгі құнды күтеді. Өлген адамға құн төлегенде арнап үй тігіледі жəне союға қара қой
дайындалады. Қылмыскердің туысқандары күтуші болады. Адамы өлген жақ келіскен күні айғай-
сүрен салып немесе қаруларын, туларын көтеріп, ”Ой, бауырымдап ” тігілген үйге қарай 
шабады, осы кезде қара қой сойылады. Шабуылдап келген бойда қылмыскердің ауылын, оның 
өзінің үйін шабады. Қару-жарақтарымен бір-бір салып өтеді, тіпті уықтарын сындырып 
тастайды. Осыдан кейін барып құн төленеді. Қылмыскерді үйге тек қана екі жақ 
татуласқаннан кейін кіргізеді, ол төмен отырып, өзінің кінəсі үшін кешірім сұрайды, содан кейін 
”ала арқан /жіп/ кесу” рəсімі жасалады, қылмыскер мен өлген кісінің ағасы жаңағы ала жіптің
екі жағынан ұстайды, көлденең елдің қадірлі азаматы, көбінесе жасы үлкен əйелдердің бірі ала 
жіпті кеседі, осыдан кейін екі жақ дау-жанжалды тоқтатып, өзара татуласады. Ал, жіп 
кескен адамға кінəлі жақ шапан жабады.
Егер қылмыскердің өз туыстары бас тартып, керекті құнды төлемесе, қылмыскер өлген 
адамның руластарының қолына беріледі, олар оны өлтіреміз десе де, есікте ұстаймыз десе де 
ерікті.
Көбінесе руластары соңғы малын берсе де құн төлеуге тырысады, себебі өз туысынан басын ала 
қашқан руды ел төмендетіп, мазаққа айналдырады, əсіресе сол рудың байлары көз-түрткі 
болады. ”Жарғы” бойынша құн төлеудің шарты жəне шығыны, негізінен құнға қылған кесімді үш 
түрге бөледі:
а/ қара құн 100 жылқы, он екі жақсы. 
ə/ сүйек құны-50 жылқы, алты жақсы 
б/ өнер құны- тоғыз жақсы / тоқал құн/ 
Егер өлген кісі ел ортасында танымал адам болса, билер кеңесі қылмыскерлерден осы үш құнды 
толық талап етуге хақылы. Өнер құны деп тілді, шешен адамға, ақын-жырауға қатысты 
айтады.Құнның кең тараған түрі 100 жылқы, алты жақсы. Алты жақсының құрамы: 1/ Жетім/ 


құл, не күң/, 2/ Қара нар; 3/ Ақ сауыт; 4/Түзу мылтық; 5/ Қара шолақ ат; 6/ Қалы кілем. Əйел 
құны 50 жылқы, үш жақсы: Қара нар, қара шолақ ат, қалы кілем; 50 жылқының ішінен үшеуі-
”ілу” деп қымбат затпен /кездеме, аң терісі, киім/ беріледі, сонда мал саны 47. Қазақтар тақ сан 
дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар даугер жақ өз туысқаны үшін қарсы жақтан құн төлеп ала
алмаса, қолдан берген болып есептеледі.
Өлім үшін құн төленбейтін жағдайлар кездеседі. Барымта кезінде қайтқан адамдар үшін құн 
төленеді, өз малын қайтару үшін, барымтаға амалсыз барған азаматтардың құнын билер
даулауға хұқылы, ол үшін 3 куə керек. Ал енді ұрлық үстінде өлген баукеспе, тонаушы үшін құн 
ешқандай жағдайда төленбейді. 
Зорлықшы құн үстіне қалың мал қосып төлейді, кейде өз руынан қыз береді. Кей жағдайда ер 
адамның құны -1000 қой немесе 100 жылқы немесе 50 түйе делініп, осы көлемнің жартысы алты 
жақсы аталады, таңдаулы малдан алады, қалғанын ”қара құн” атанып ұсақ, нашар малмен 
толтырылады. Билік жасаған бидің, ханның еңбегі деп осы құнның үстінен, кінəлі жақ 40 байтал 
төлейді, көбінесе құнан, дөненнен асқан жастан. Осының ішінен бөлініп осы билікке қатысқан 
жасауылдарға да ақы төленеді. 
Өлген адамның денесі табылмаған жағдайда 1,5 есе құн төлейді. Əйел адамның құны - ер 
адамның құнының жартысына тең, яғни 500 қой немесе 50 жылқы, немесе 25 түйе, 40 
байталдың да жартысы болуға тиіс.
Қазақ батырлары жауда өлсе, я тұтқынға түсіп өлсе, ел болып кек қуып, бітісетін болса жеті 
ердің құнын талап етуге хақылы. Əйел құнының бір ерекшелігі, олар еркек ісіне араласып, 
мысалы, төбелеске кірісіп кететін болса , құны сұраусыз қалады. 
Ал, егер əйел төбелес кезінде киіз үй ішінде өлсе, онда оған толық құн төленеді. 
Сұлтан тұқымының құны қазақтың құнынан жеті есе көп, бірақ көбінесе жеті - хан құны, ал 
қызметсіз сұлтан үшін екі есемен шектеледі, сұлтанның қалай болғанда да жай қазақтан жолы
жоғары. Егер хан болса, кем дегенде жеті тайпаға өктемдігі жетеді деген ұғымнан туған. 
Қожа тұқымының құны да сұлтандармен қатар. 
Жоғарыда айтылған жарты немесе ширек құндар адамның дене мүшесіне зақым келген уақытта
алынады, оның тəртібі: 
а/Жарты құн-көз, тіл, еркектік мүшеге зақым келіп, өзінің қызметінен айрылғанда. 
ə/Ширек құн-оң қолы, не оң аяғы зақымданып, мүгедек болып қалса. 
б/1/8-сол қол мен сол аяқ істен шыққан уақытта.
в/ Біреудің бір көзін шығарса, құнның төрттен бірі, 2 көзін шығарса “жарты құн “ төленеді. 
г/ Бір құлағы кесілсе, оның айыбына 1 қыз береді, болмаса қыздың толық қалың малын төлейді. 
ғ/Бір қол сындырылса-бес қара, бір аяғы сындырылса-алты қара “айып” тартады. 
д/Əйелдің бір бұрымы кесілсе, не күрек тісі сындырылса, құнның төрттен бірін төлейді. 
е/Ал, егер 2 бұрымы кесілсе, онда толық құнның жартысын төлейді. 
ж/Біреу ауылдан адасып , аштан өлсе, яки мінген көлігінен жығылып өлсе, болмаса суыққа 
тоңып, ыстыққа шөлдеп өлсе, оның бұлай өлуіне ешкімнің қастандығы, зорлығы сезілмесе, сонда 
да болса, ол өлген кісіні сол бағытқа салған адамнан жарты құны алынады. 


з/ Ат, түйе сияқты асау көлікті мініп келген біреу кірген үйінің белдеуіне байласа, сол үйге кіріп-
шыққан адамға ол көліктің тепкісі тиіп өлсе , белдеуге байлаушыдан алатын құн: 
1/ босағаға байланса- бүтін құн. 
2/ белдеуге “жапсарға” байланса- жарты құн. 
3/үйдің артына байланса ат -тон айып. 
Құн төлеуге байланысты қазақ қоғамында жиі кездесетін жағдай кінəлі жақтың құн орнына
қыз беруі /қалыңсыз қыз береді/. 
Кейде сирек те болса құнға тоғыз тоғыз-тоғыздан мал беріп/ алты ат бастатқан тоғыз, төрт 
туйе бастатқан тоғыз/ оған қосымша қыз береді /жасаусыз-“жалаңаш”/. Бұл құнның түрін 
“жарқын” деп атайды.
Құн алушы жақтың билері құнға берілген мал мен дүниені екіге бөледі. Бір бөлігі/жартысы/ 
марқұмның туыстарына, отбасына беріледі, ал қалған ру ақсақалдарының, билердің босағасына 
байланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет