Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет49/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
235556 (1)

§ 7. Айып 
Қазақ билігінде ( Кеңес, Жүгініс) ең көп қолданылатын жаза-айып . Өйткені қандай болсын
қылмысты , қоғам тəртібін , адамдар арасындағы қатынас нормасын реттейтін , алдын 
алатын шара . 
Айыптың ең жеңілі болып ”ат-тон айып”, яғни ат-шапан айып саналады. Айыпқа беретін 
аттың жасы құнаннан кем болмауы керек, сондай-ақ айыпқа аса кəрі ат беруге болмайды. 
Көбінесе айыпқа берілетін аттың жасына қарамай, дені-саулығына, мықтылығына қарайды. 
Ат-тон айып кез-келген жағдайда қолданылуы мүмкін. Мысалы, қонақты не жолаушыны 
жөндеп күтпеген үй иесі отағасына да салынады. Ат-тон айып отбасы, ағайын арасының 
қарым-қатынасында, үлкен мен жас арасындағы сыйластықты сақтау үшін қолданылады, тіпті 
амандасу ғұрпы сəл бұзылса-ақ осы айып қолданыла бастайды. Кейде билер артық айтылған сөз, 
оғаш қимыл деген сияқты істерде ”азусыз ат, жиексіз тон” деген айып қолданады. Бұл айып 
айыптардың ең жеңіл түрі, жеңіл істерге кесіледі. Азусыз ат деп айыпталғанымен, оның орнына 
бір қой, жиексіз тон дегенге бір киімдік кездеме жарап кетеді. 
Түйелі елдерде жеңіл қылмыстар үшін ”бір түйе, бір шапан” айып кесіледі. Ауырлау қылмыс, 
тəртіпсіздік үшін ”бір түйе, бір ат” болып ауырлай береді. 
Айыптың ауыры қазақтың арасында ”тоғыз” деп аталады. Жалпы ”тоғыз” қазақ заңында 
əдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты көп қолданылатын айып түрі. 
Тоғыздың үлкені ”құл бастатқан тоғыз”. Жаугершілік заманда құлдар көп болған, оларды 
шаруаға да пайдаланған, құл базарына да шығарған. Құл бастатқан тоғыз-ауыр қылмыстарға, 
мысалы, адам денесіне түскен зақым үшін төленіп отырған айыптың түрі.Одан кейін ”түйе 
бастатқан тоғыз”-құрамында үш түйе, үш ат, үш сиыр/немесе үш тай/кесіле береді. Айыптың 
бұл түрі ру арасындағы қатынастарда, жесір дауында жиі қолданылады. Орта тоғыз 
немесе”ат бастатқан тоғыз” үш жылқы, үш сиыр немесе үш тай, үш қой көлемінде. Осымен 
қатар үлкен-кішілі қылмыстар үшін”аяқ тоғыз” немесе ”тоқал тоғыз” деген айыптар 
қолданылған, бұған 7-8 қой беріп те құтылуға болады.
”Қал тоғыз, қасқа тоғыз” аталатын айыптар қол жұмсап, қан аққанда, жарадар болғанда 
қолданылған. 


”Қал тоғыз” дегені қатты таяқ жеп, қорлық көргенде ұсақ малдан тоғыз беріледі, ал енді 
”қасқа тоғыз” дегенді ауыр жарақат алып, көп қиналған кезде айыптыға салады, үлкен малдан 
таңдап алады, емшінің ақысын да кінəлі қайтарады. 
Қазақ ішінде жазаның бір түрі сабау екені белгілі, ал енді сабау кейде ретсіз, күші жеткен 
адамның əлсізге жасайтын əлім жеттілігіне айналып кетеді. 
Айыптың ең ауыры ”Үйірімен үш тоғыз” деп аталады, яғни бас-аяғы 27 малға жететін көлемде. 
Мұндай айып көлемі жағынан құнға татитын айып жəне жай қылмыс емес, ерекше қылмыс 
болып саналады. Мысалы, қалың малы төленіп қойған, енді-енді ұзатылғалы отырған 
қалыңдықтың туыстары келісімді бұзса, одан қалың малын қайтарып, үстіне ”үйірімен үш 
тоғызды” қосады. Ал егер жігіт жағы бас тартатын болса, қалыңмал қайтарылмайды. Кейде 
шектен шыққан, бірнеше рет көзге түсіп, алған малын сіңіріп кеткен ұры осы үлкен айып
”үйірімен үш тоғызға” кесіледі. Қазақ ұрлықты жек көрген, ел есігін бекітіп, дүниесін 
тықпағандықтан да болар малдан да гөрі үй затының ұрлануын қатты айыптайды. 
”Сойыл айып” дегенде болады, көбінесе жаугершілікте, ұрлықта қолға түскенге қолданылады, 
мөлшері бір шапан, ат əбзелі мен бірге ұрының, жортуылшының астындағы аты.Ұрлыққа 
түскен малдың үстіне қосып қайтарылатын айыпты ”мойнына қосақ, артына тіркеу” деп 
айтады. Егер жылқы ұрланса, қосаққа көбінесе құнан, артына тай, егер қой ұрланса, қойға қосып 
бір тоқты, түйе ұрланса- құнан атан мен тайлақ т.б. қосылып қайтарылады. 
Ертеде билер шідер ұрлаған біреуге айыбына үш бесті ат кескен екен, билік айтардың алдында
жігіттерге үш ат ұстаттырып, бір шідермен бекіттіріпті дейді.Егер үшеуі үш жаққа
тартқанда шідер үзілетін болса, дау аяқсыз қалатын болып кесіліпті.Əрине, қайыстан жасалған 
шідер үш атқа бола үзілмепті, би -''бұл шідер емес, бұл үш ер'' деп айыпқа үш ат кескен екен. 
Төле би айтты дейтін тағы бір сөз бар, ''ол шідер - қос, арқан-дос, тұсау-бос''. Яғни шідерленген 
жылқы қоста тұрған малдай, арқан да сенімді, ал тұсамыс болса, бос жібергенмен тең деп 
айыпқа бұйырмапты, бұл да болса жау күтіп, жанталасып жүрген заманның тудырғаны. 
Ертоқым ұрлаған адам ертоқымның əрбір əбзеліне бір бесті ат айып төлеген, мысалы; үзеңгіге, 
тартпасына, көрпесіне, терлігіне. 
Айып түрінің көп қолданылып келгені денеге түскен зақым, жарақатқа кесім ” ат-тон, ”не ” бір 
тоғыз”. Кесілген құлақ, мұрын, ерін екі тоғыз. Оң қолдың бас бармағы-бір тоғыз, сұқ саусағы-бір 
түйе, бір ат. Ортаңғы саусаққа түк те жоқ, ал аты жоқ пен шынашаққа - бір түйеден. Сол 
қолдың бас бармағы үшін-бір түйе, бір ат, сұқ саусақ бір түйе: ортаңғы аты жоқ пен 
шынашаққа - бір аттан. Аяқтың бас бармағы үшін бір түйе, қалғандарына бір аттан. Ал енді 
сынған тіс, мысалы, күрек тіс - бір тоғыз, қалған азу тістен басқасы-ат-шапан, азу тіске айып 
жоқ.
Айыптың əлеуметтік қатынастарға байланысты кейбір ерекшеліктері де бар : мысалы 
сұлтанға тіл тигізгені үшін ат-тон, бір тоғыз, қол көтергені үшін тиесінше ”үйірімен үш 
тоғыз” айыбын тартады. Ал, сұлтан тіл тигізсе ел алдында кешірім сұраумен шектеледі, қол 
көтерсе қамшысын береді.
Керісінше қарапайым қадірлі биге қол көтерсе қос ат, шапанмен айыбын өтейді. 
Жасы қатар адамдар артық ауыз сөзі үшін бірінен-бірі кешірім сұрап бітіседі, ал енді өзінен 
төмен дəрежелі адамға жəбір көрсетіп, ренжіткен адам ”азусыз ат, жиексіз тон”- бір қой, бір 
шаршы мата төлеп құтылады. Айыпты төлеуге ру көмектеседі. Руы көмектесе алмаса жазалы 
адам /айыпкер/ айыпты еңбегімен ақтайды, яғни босағаға байланады. Көрген жəбірді көтере
алмай жатып қалатын болса, оны емдеу, күту жəбіршінің мойнында. 
Сырттан айтылған сөз, тілдеу аяқсыз қалады, оны қазақ ”хан сыртынан жұмырдық” деп 


айтады.Ата-анасын ренжіткен бала аяғына жығылады, жазаға ұшырайды т.б. 
”Хандық” айып ханның немесе атақты сұлтанның пайдасына бесті ат болмаса, бір түйе: аса ірі 
ұрлық үшін ханға беріледі. 
”Билік”айып бидің пайдасына беріледі, хандық төлемнің жартысына тең. 
”Даушыға жіп кесер” іс аяқталғанда кесіледі немесе қылмыскер босатылғанда істеледі. 
Қылмыскердің ала жіп кесілгенге дейін əлі басының бос емес екенін білдіреді. Жіпті ара ағайын 
елдің биі, не сыйлы əйел адам кеседі, оған берілетін жолы-бір қой немесе бір шапан. Жалпы бір 
сөзбен айтқанда, қазақтың көшпелі тұрмысында қолданылатын айып түрлері өте көп, əр айып 
əрдайым өзінің тиесілі орнында қолданылған. 
Көшпелі тіршіліктің жемісін сақтау, мəдени этникалық жағдай, қоғамдық қатынас, жас пен 
кəрі, ақ сүйек пен қара сүйек, əйел мен еркек арасындағы тəртіптің баршасы айып түрлерінің
қолданылуымен реттеліп отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет