Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
235556 (1)

§ 3. Жаза түрлері 
Əдет-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде əртүрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі
ең ауыры-өлім жазасы, өлім жазасынан кем соқпайтын түрлері де баршылық. 
Қазақ арасында жиі кездесетін жазаның бір түрі-қылмыскер адамның мойнына құрым іліп
бетіне күйе жағып, ауыл айналдыру.Əсіресе, бұл ауыл ішінде тəртіп пен имандылықты бұзғанда


қолданылады. Қылмыскерді қара сиырға мінгізіп, бетіне қалың қылып күйе жағып, мойнына 
əбден құрым болып қалған ескі кигізді іліп, соңдарынан қамшымен ұрып отырады жəне
беттеріне түкіріп, топырақ шашып əбден қорлайды. 
”Мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағу” билердің кеңесінде емес, ауыл-елдің сыйлы 
ақсақалдарының бұйыруымен істеледі. Себебі, ел имандылығын, əсіресе жастардың дұрыстығын 
қадағалау ауыл үлкендерінің өз ісі деп есептеледі. Ауылындағы бас бұзар бұзығын, арсыз əйелін 
жазаламаған ел басы ақсақал елге сыйлы болмайды.
Нəпсіқорлыққа байланысты айтып кететін бір мəселе: қолға түскен еркектің атының құйрығын 
кесу, онымен бірге ұсталған қыздың, не күйеуі бар əйелдің бұрымдарын кесу. Бұл да ауыр жаза 
қатарында, себебі ат құйрығын кесу тек өлімде, не жаугершілікте кездесетін нəрсе. Бұл 
қылмыскерге енді аяушылықтың болмайтындығын көрсетсе керек. 
Еркек адам қайтыс болғанда мініп жүрген атының құйрығын кесіп жібереді: “тұл ат”. Ол 
атты тек ас бергенде сояды. Бір жыл ішінде құйрығы кесілген атқа ешкім мінбейді. Өзгенің 
жылқысының /ұрланған/ құйрығын кескен ұрыға бір жылға шейін билік айтпайды. Мал иесінің 
босағасын күзеттіреді. Егер атының құйрығы кесілген үйден бір жыл ішінде кісі өлсе, ат 
құйрығын кескен ұрыға кісі құнын төлеткізеді. 
Ата-анасына қарсылық жасаған, ел ақсақалына тілі тиген не өз ауылын қорлайтындай, 
ағайынның намысына келгендей жаман іс істеген адамды мойнына қыл шылбыр іліп, қолын 
артына байлап, жалаңаш қылып шешіндіріп, ауылды айналдыра қамшымен ұрып жүргізеді жəне
ұрып қана қоймай, неге ұратынын жұрт айтып, балағаттап отырады.Тағы бір түрі аттың 
құйрығына шылбыр байлап, соны қылмыскерге тістетіп, екі жігіт екі жағынан қамшылап 
жүгірту. 
Ел арасынан шыққан бұзақыларға қарсы қолданылған жазалардың ішінде айтып өтуге
тұратыны, ол қылмыскердің дене мүшесіне зақым келтіру, құлағын кесу, ернін, танауын жұлу 
сияқтылар.
Бұлар шектен шыққан қылмыскерге, не əлуметтік сатыда төмен тұрған құлдарға қолданылған. 
Қазақтың жаугершілік уақытта көп қолданылған жазалардың бірі қылмыскерге кісен салу
босаға күзеттіру. Жазаның тағы бір түрі ұраға отырғызу.
Ертерек уақытта жазаның ең көп қолданылған түрі - ел алдында үш бақанның, не уықтың 
астына отырғызу, ол үшін қылмыскерді жүресінен отығызып, бастыра үш ағашпен нығырлап
жоғары бастарын қосып, байлап тастайды. Жеңіл-желпі аталатын қылмыстарды да билер елге 
үлгі болсын деген ниетпен осындай жазаға кесіп отырған. Осы жазаның бір түрі керегені 
жалаңаштап, киізін алып, соның ішіне отырғызып қою. Бұл да ел алдында істелетін жаза. Екі 
жағдайда да қылмыскердің жанында қылышын жалаңаштап алған жасауыл тұру керек. 
Жеті атаға толмай көңіл қосқан адамдарды өлім жазасына кеседі. Бірақ шариғат немере
арасын қосатын болғандықтан, кейде билер өлім жазасына тікелей кеспегенімен де “оққа” 
байлайды. Соның бірі жағын /садағын/ кезеніп тұрған туыстарының алдынан шауып өту. Өлсе 
өз жазасы, өлмесе салауат делінеді. 
Жазаның ең көп қолданылатын түрі-ел алдында кінəлі адамды сол ауылдың үлкені, ағайынның 
біреуінің сабауы. Бұзау тіс қамшыны алып, кінəсін бетіне айтып, екінші рет қайталамайтындай 
қылып сабау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет