Жетписбаев батыр адамович


§8. Кəмелетке толмағандарды жазадан босату



Pdf көрінісі
бет120/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§8. Кəмелетке толмағандарды жазадан босату
Тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу шараларын тек қылмысы үшiн кiнəлi деп танылған адамдарға 
қолданылады. Бұл шаралар егер кəмелетке толмаған адам бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа 
ауырлықтағы қылмыс жасады деп танылса. Тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу шараларын қолданудың негiзi
болып кəмелетке толмаған адамның қылмыстық жазаны өтемей-ақ түзелуiне мүмкiндiгiнiң болуы. 
Қылмыстық жазаны қолданбау мəселелерiн шешу кезiнде сот қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипатына 
жəне дəрежесiне, кiнəлi адамның жеке басына, жанұялық жағдайына, тəрбиесiне, басқа да мəн-жайларға 
қарай жаза қолданусыз түзелуiне қол жеткiзуге болады деген сенiмнiң белгiлерiн ескередi. Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1999 ж. 30 сəуiрдегi №1 “Жаза тағайындағанда соттардың 
заңдарды дұрыс қолдануы туралы” Қаулысында, 1 жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыру 
жазасына немесе жеңiл жазаларға қатысты, əрбiр мəн-жайларға байланысты iстердi нақты ескере отырып, 
қылмыстық iстi қысқарту жəне заңмен қарастырылған тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу шараларының берiк 
қолдану мəселелерiн шешу қажет деп көрсеткен. Сонымен, бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа 
ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн сотталған 18 толмаған адам, тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу 
шараларын қолдану жолымен қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Қорыта келе, қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгiлi бiр санаттағы 
қылмыс жасаған адамға тиiмдi бола отырып мемлекет атынан болатын əлеуметтiк сипаттағы қатынастарды
реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде босатуды 
қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетiлген негiздер мен тəртiптерге сай босату, сонымен қатар 
тағайындалған жазаның жеңiлiрек болуы тек қана соттың құзыретiмен жүзеге асады деп айтуға болады. 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi алдыңғы заңдармен салыстырғанда, белгiлi бiр 
қылмысы үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты 
ұғымына талдау жасай отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қоспайды.
Заңда белгiленген негiздерге сəйкес сотталған адам:
- сотпен тағайындалған жазаны өтеуден,
- жазаның өтелмеген бөлiгiн шартты түрде мерзiмiнен бұрын өтеуден босатылады.
Бұл жалпы негiздердiң жазадан босатудың əрбiр түрiн қолдануда маңызы зор.
Қылмыстық жауаптылықтан босату сияқты, жазадан босату да iзгiлiк пен əдiлеттiлiк қағидаларын 
жүзеге асыру болып табылады. Ол да өз соңынан белгiлi бiр қылмыстық-құқықтық салдарды ерте жүредi. 
Қылмыстық қудаладан босату фактiсi қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынасты тоқтататын заң 
жүзiндегi факт болып табылады. Ендеше мұндай босату əлгiндей құқықтық қатынас субъектiлерiнiң 
құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды бейнелейдi. Тоқтатылған қылмыстық-құқықтық қатынастар ды 
қайта жаңғырту қылмыстық заңмен арнайы көзделген жағдайларда ғана мүмкiн болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет