Жетписбаев батыр адамович


§1. Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлерi мен шектерi



Pdf көрінісі
бет122/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§1. Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлерi мен шектерi
 
Қылмыстық заңда қарастырылған жаза түрлерi жазаның белгiлi бiр жүйесiн құрайды. Жаза жүйесi деп 
қатаңдық дəрежесi бойынша белгiлi бiр тəртiппен орналасқан жəне сот үшiн мiндеттi болып табылатын 
қылмыстық заңмен бекiтiлген жазалардың түпкiлiктi тiзiмiн түсiну қажет. ҚК-ң 79-бабында кəмелетке 
толмағандарға қолданылатын жазалар жүйесi көрсетiлген. Бұл жүйенiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. ҚК-ң 39-
бабында қарастырылған он екi жазаның iшiнде кəмелетке толмағандарға мына жетi жаза түрлерi ғана 
тағайындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналасу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, 
түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру. 
Кəмелетке толмағандарға қолданылатын жоғарыда аталған жаза түрлерiнiң мөлшерi мен шектерi ересек 
қылмыскерлерге қарағанда едəуiр төмендетiлген. 
Айыппұл кəмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi 
болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде 
немесе кəмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi 
кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады. Көрiп отырғанымыз дай, ересектерге қарағанда кəмелетке 
толмағандар үшiн айыппұл дың мөлшерi төмендетiлiп белгiленген, бiрақ солай бола тұрса да ҚК-ң 40-
бабының 2-бөлiгiнiң ережесi сақталады, яғни айыппұл дың мөлшерiн жасалған қылмыстың ауырлық 
дəрежесi мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот белгiлейдi. 
Кəмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бiр жылдан екi 
жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Жазаның бұл түрi кəмелетке толмаған адам заңды негiзде 
қызметтiң қандайда бiр түрiмен айналыса жүрiп қылмыс жасаған реттерде ғана тағайындалады. 
Қоғамдық жұмыстарға тарту кəмелетке толмаған адамға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi 
мерзiмге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту кəмелетке толмаған адамның қолынан келетiн 
жұмысты оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындауы арқылы жүзеге асырылады. Он алты 
жасқа толмаған адамдардың бұл жазаны орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз 
жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кəмелетке толмай сотталған адамдарға
бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаның мəнi сонда – сотталған 
адам жазасын өзiнiң негiзгi жұмыс орнында өтейдi, бiрақ жалақысының бiр бөлiгi мемлекет кiрiсiне ұстап 
отырылады. Осы жағдайларды ескерiп кəмелетке толмағандарға түзеу жұмыстарын тағайындау кезiнде 
оның жасына, жаза мерзiмiне жəне жазадан босату мүмкiндiгiне байланысты мына жағдайларды ескеру 
қажет:
1)
түзеу жұмыстары тек белгiлi бiр тұрақты жұмысы бар кəмелетке толмағандарға ғана тағайындалуы;
2)
жасы толмағанның жалақысынан ұстау кезiнде əртүрлi объективтi жəне субъективтi факторларды 
(отбасы, материалдық жағдайы, отбасында мүгедек мүшелерiнiң бар болуы жəне т.б.) ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет