өкiлдiктерi туралы Ережеге сəйкес қылмыстық жауаптылықтан жеке қол сұғылмаушылықты жəне
иммунитеттi мына адамдар пайдаланады: дипломатиялық өкiлдiктердiң басшылары (елшi, уəкiл, консул,
iске сенiмдi); кеңесшiлер, сауда өкiлдерi жəне олардың орынбасарлары, əскери, əскери-теңiз жəне əскери-
əуе атташелерi жəне олардың көмекшiлерi; 1,2,3-хатшылар, атташе жəне архив-хатшылары, сондай-ақ ҚР
азаматтары болып табылмайтын олардың жанұя мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын адамдар.
Мұндай адамдардың шеңберi нақты мемлекеттердiң арасындағы келiсiм бойынша кеңейтiлуi мүмкiн. Егер
бұл санаттағы адамдар ҚР территориясында қылмыс жасайтын болса, олардың қылмыстық жауаптылығы
туралы мəселе халықаралық құқық нормаларымен шешiледi, негiзiнен олар « persona non grata ң , яғни «
жағымсыз тұлға ң деп танылып, өз елдерiне қайтарылады.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуының
азаматтық принципi бойынша Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары жəне
ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ҚР ҚК бойынша тек мына жағдайларда жауаптылыққа
тартылады:
а). егер олар жасаған əрекет сол қылмыс жасаған мемлекетте қылмыс деп танылса;
б). егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса.
Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген
санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды.
Шетел азаматтары жəне ҚР тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдар ҚР тыс жерде жасалған
қылмыстар үшiн ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылмайды. Алайда, ерекше жағдай ретiнде ҚК-тiң 7-
бабының 4-бөлiгiнде
қарастырылған қылмыстық заңның реалдық принципi бойынша ҚР тыс жерлерде
қылмыс жасаған шетел азаматтары ҚР мүдделерiне қарсы бағытталған қылмыс жасаған жағдайларда жəне
ҚР халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса, ҚР ҚК
бойынша жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық заңның
универсалды принципi халықаралық қылмыстармен немесе халықаралық
сипаттағы қылмыстармен (терроризм, кепiлге алу, əуе кемелерiн айдап əкету жəне т.б) күресу үшiн барлық
мемлекеттердiң мүдделерiн ортақтастыру дегендi бiлдiредi. Осы принципке сəйкес
Қазақстан Республика
сы өзi мүше болып табылатын халықаралық конвенцияларды орындауға мiндеттi.
ҚК-тiң 8-бабында қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы мəселе қарастырылған. Басқа
мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық
шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуi тиiс. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлерде қылмыс жасаған жəне Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сəйкес
қылмыстық
жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн екендiгi заңда
бекiтiлген.
Қылмыскердi ұстап берудi қылмыстық құқықта экстрадиция деп те атайды. Экстрадиция дегенiмiз -
қылмыс жасаған адамды қылмыс жасалған мемлекетке, мүддесi бұзылған мемлекетке немесе азаматы
болып табылатын мемлекетке оны соттау немесе сот үкiмiнiң күшiне енуiне сəйкес жазасын өтеу үшiн
ұстап беру.
Достарыңызбен бөлісу: