қылмыс жасаған адамның
қылмыстық жауаптылығын анықтау, оның қылмысын саралау жəне қылмысы
үшiн жаза тағайындау немесе жазадан не жауаптылықтан босату туралы мəселелердi шешудi қамтамасыз
етуге көмектеседi.
Жалпы қылмыстарды санаттарға бөлудiң қылмыстық-құқықтық маңызын мына жағдайлармен түсiндiруге
болады:
1). Қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезiнде қылмыс санаты ескерiледi. Мысалы,
Қылмыстық заң бойынша ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарға дайындалу үшiн
қылмыстық жауаптылық қарастырылмайды.
Сонымен бiрге, ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу да
жауаптылыққа əкеп соқпайды.
2). Қылмыс санаты қылмыскерге жаза тағайындау кезiнде ескерiледi. Мысалы, ҚК 53-бабының 1-бөлiгi
″а″-тармағына сəйкес мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан
алғаш рет ауырлығы онша емес
қылмыс жасау жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жай ретiнде танылады. ҚК 58-баптың 2-бөлiгiне
сəйкес егер қылмыстар жиынтығында ауырлығы онша емес қылмыс қамтылса, онда түпкiлiктi жаза
жеңiлiрек жазаны ауырырақ жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара
немесе толық қосу жолымен
тағайындалады. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындау да осы қылмыстардың
санаттарына негiзделедi (ҚК 48-бабы).
3). Ол қылмыскердi жазадан немесе жауаптылықтан босату кезiнде де ескерiледi. ҚК 65-бабы
″Шын
өкiнуiне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
″; 67-бабы ″Жəбiрленушiмен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
″; 68- бабы ″Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
″; 69-бабы ″Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату
″ немесе ҚК 74- бабы ″Төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан
босату мен жазаны өтеудi
кейiнге қалдыру
″ жəне басқа да нормаларды қолдану негiзiне қылмыстардың санаттары енгiзiлген.
Достарыңызбен бөлісу: