Жетписбаев батыр адамович


§ 9. Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау жазасы



Pdf көрінісі
бет101/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 9. Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау жазасы
 
 
Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау жазасы – шақыру бойынша мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери 
қызметшiлерге, сондай-ақ қатардағы жəне сержанттық құрам қызметтерiнде келiсiм-шарт бойынша əскери 
қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлерге тағайындалады. Бұл жаза əскери қылмыстар жасағаны үшiн 
қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот iстiң мəн-жай 
мен кiнəлiнiң жеке басын ескере отырып екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалады. Ал бас 
бостандығынан айыру жазасының орнына тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау үш айдан екi жылға дейiнгi 
мерзiмге белгiленедi.
 
 
 
 
 
 
 
 
§10. Бас бостандығынан айыру
 
 
Бас бостандығынан айыру - бұл сотталған адамды арнаулы заңмен белгiленген арнайы режиммен
байланысты мекемеде орналастыру жолымен қоғамнан мəжбүрлеп оқшаулау. 
 
Бас бостандығынан айыру жазасы мерзiмдi жəне мерзiмсiз болып екiге бөлiнедi.
 
Белгiлi бiр мерзiмге тағайындалатын бас бостандығынан айыру жазасы мынадай шектерде тағайындалады:


 а) бас бостандығынан айырудың ең төменгi шегi - 6 айға тең;
б) түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеумен ауыстырған жағдайда – 6 айдан кем мерзiмге;
 
в) ең жоғарғы шегi – 15 жылға тең;
 
г). Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн – 10 жылға дейiн;
 
д) аса ауыр адам өмiрiне қарсы қылмыстар, мемлекеттiк опасыздық, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне 
қарсы, аса ауыр əскери қылмыстар үшiн –20 жылға дейiн;
 
е) қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-тiң 49-бабының 3- бөлiгi, 69-баптың 5-бөлiгi, 75-баптың 4-
бөлiгiнде қарастырылған жағдайларда –25 жылға дейiн, ал үкiмдердiң жиынтығы кезiнде – 30 жылға 
дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
 
Бас бостандығынан айыру мерзiмi – жылдармен, айлармен, күндермен есептеледi. Сот үкiмiнiң заңды 
күшiне енгенге дейiнгi уақыттар да бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi. 
 
Мерзiмсiз бас бостандығынан айыруға өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы жатады. Ол 
мынадай жағдайларда тағайындалады: 
 
1). Өлiм жазасына балама ретiнде аса ауыр қылмыстар үшiн жəне 49-баптың 1-бөлiгiндегi қылмыстар 
үшiн;
 
2). Өлiм жазасын кешiрiм жасау тəртiбiмен ауыстырған жағдайда;
 
3). Сот ескiру мерзiмiн қолдану мүмкiн деп таппаса ҚК-тiң 69-бабының 5-бөлiгi, 75-баптың 4-бөлiгiндегi 
жағдайларда.
 
Гуманизм принципiне сəйкес өмiр бойына бас бостандығынан айыру əйелдерге, 18 жасқа дейiнгi кəмелетке 
толмағандарға, 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды.
 
Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындай отырып сот үкiмнiң қорытынды бөлiмiнде 
сотталған адам бұл жазаны қандай түзеу мекемесiнде өтейтiндiгiн, оның режимi мен өтеу уақытының 
басталуын көрсетедi. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет