Жетписбаев батыр адамович


§11. Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен



Pdf көрінісі
бет102/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
 
§11. Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, 
бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру
 
 
Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк 
сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру жазасы сотталған адамға моральдық-психологиялық 
əсер етумен байланысты. Қосымша жазаның бұл түрi сотталған адамның одан əргi кəсiптiк қызметiн 
шектеуi мүмкiн. Бұл жаза ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн кiнəлiнiң жеке басын ескере 
отырып тағайындалады. 
Соттың үкiмi бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың берген арнаулы, əскери, құрметтi атақтары, 
сыныптық шендерi, дипломатиялық дəрежесi, бiлiктiлiк сыныптары айырылады. Ал мемлекеттiк 
наградалардан айыруды немесе ҚР Президентi берген басқа да атақтардан айыру туралы мəселенi ҚР 
Президентi шешедi. 
§12. Мүлiктi тəркiлеу
 
Мүлiктi тəркiлеу сотталған адамның меншiгi болып табылатын мүлiктiң барлығын немесе бiр бөлiгiн 
мемлекеттiң меншiгiне мəжбүрлеп қайтарымсыз алу түрiндегi жаза. Бұл жаза тек қосымша жаза ретiнде 
ғана қолданылады.
Мүлiктiң барлығын толық тəркiлеу деген сотталған адамның барлық мүлкiн алып қоюды бiлдiрсе, iшiнара 
тəркiлеу тек сот үкiмiнде көрсетiлген мүлiктерге қолданылады.
Мүлiктi тəркiлеу мəжбүрлi түрде жүзеге асырылады жəне соттың үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн 
белгiлi бiр мүлiктер сотталған адамның жəне оның отбасы мүшелерiнiң еркiнен тыс қайтарымсыз алынады. 
Мұнда қайтарымсыз деген бұл алынған мүлiктердiң өтелмейтiндiгiн бiлдiредi. Алайда, кейбiр жағдай 
ларда, адам заңсыз сотталғандығы анықталған кезде тəркiленген мүлiктер, егер олар мемлекет меншiгiне 
айналдырылмаса немесе заңды тəртiппен жүзеге асырылмаған болса сотталған адамға қайтарылып берiледi.
Сонымен бiрге, қылмыстық iс жүргiзу заңында арнайы тəркiлеу терминi қарастырылған, оған сəйкес 
қылмыс жасау нəтижесiнде алынған азаматтық айналыстан алынған не шектелген заттарды, заттай 
дəлеледемелердi, қылмыстың құралы болған заттар, қылмыстық жолмен табылған заттарды тəркiлеп алу 
дегендi бiлдiредi. Сот мұндай тəркiлеудi ҚК Ерекше бөлiмi бабының санкциясында мүлiктi тəркiлеу жазасы 
көрсетiлсе де көрсетiлмесе де тағайындауы мүмкiн.
Мүлiктi тəркiлеу түрiндегi қосымша жазаны орындау кезiнде сотталушы мен оның отбасы, асырауындағы 
адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып 
табылатын мынадай мүлiктер ҚР Қылмыстық-атқару кодексiне сəйкес тəркiленуге жатпайды:
1). Егер сотталушы мен оның отбасы тұрақты тұрып жатса, оның тұрғын үйi, пəтерi немесе олардың 
жекелеген бөлiктерi,


 2). Тəркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке 
қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi;
3). Негiзгi кəсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда - шаруашылық құрылыстары мен саны 
оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп;
4). Кезектi ауылшаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым;
5). Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер:
а). киiлiп жүрген киiм, аяқ киiм, iш киiм, қолданылатын көрпе төсек, ас үй жəне асхана заттары. Мех жəне 
басқа қымбат киiм кешек, асхана сервисi, қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан 
құнды нəрселер тəркiленуi мүмкiн;
б). сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажеттi шамалы жиһаз;
в). балалардың барлық керек жарақтары.
6). Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кəсiбi ауыл шаруашылығы 
болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда – азық-түлiк өнiмдерi мен 
жалпы сомасы ҚР Үкiметi белгiлеген мөлшердегi ақша қаражаты;
7). Ас дайындауға жəне отбасының тұрғын жайын жылытуға арналған отын;
8). Сотталушының кəсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi инвентарлар (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар), 
бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе инвентарь оның қылмыс
жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды;
 
9). Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары;
10). Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттiк жəне өзге де сыйлықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет