Жетписбаев батыр адамович


 Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау



Pdf көрінісі
бет109/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ


§5. Аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау
 
Қылмыстық кодекс тек аяқталған қылмыстар үшiн ғана емес, сонымен бiрге қылмысты жасауға 
бағытталған əрекеттер үшiн де жауаптылықты қарастырады. 
Аяқталмаған қылмыс екi сатыдан: қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа оқталудан тұрады жəне олар
жасалған қылмыстың ауырлығы бойынша ажыратылады. Қоғамға қауiптi зардаптардың болмауына
байланысты бұл əрекеттер аяқталған қылмысқа қарағанда аса қауiптi емес. Сондықтан заңшығарушы 
аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындау мəселесiнде бiрқатар ерекшелiктердi де қарастырады. 
Ең алдымен, аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде ҚК-тiң 56 баптың 1 бөлiгiне сəйкес 
қылмыстың ақырына дейiн жеткiзiлмеуiне себеп болған жағдайлар ескерiледi. Қылмысқа дайындалу 
қауiптiлiгi төмен əрекет ретiнде саналады, сондықтан заңда қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыс
үшiн белгiленген жазаға қарағанда қылмысқа дайындалу үшiн жеңiлiрек жаза қарастырылған. Қылмысқа 
дайындалу үшiн жазаның мөлшерi мен мерзiмi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабындағы аяқталған 
қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мерзiмiнiң 
жартысынан аспауы керек. 
Қылмысқа оқталу қылмысқа дайындалуға қарағанда қауiптiрек болғандықтан ол үшiн тағайындалатын 
жазаның мөлшерi мен мерзiмi көбiрек қарастырылған. ҚК-тiң 56-бабының 3-бөлiгiне сəйкес қылмысқа 
оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабындағы аяқталған 
қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен 
үшiнен аспауы керек. Мұнда қылмысқа дайындалуға қарағанда қылмысқа оқталу үшiн қылмыстық 
жауаптылық жасалған қылмыстардың қандай санатқа жататындығына қарамастан туындайды. 
ҚК-тiң 56-бабының 4-бөлiгi қылмысқа дайындалғаны жəне қылмысқа оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен 
өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазаларын қолдануға тиым салады. 
Қатысушылық - қылмыстық əрекеттiң ерекше түрi. 
Қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшiн жаза тағайындау кезiнде соттар жаза тағайындаудың жалпы 
негiздерiмен бiрге қылмысты жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дəрежесi, осы қатысудың 
қылмыс мақсатына жетудегi мəнi, қылмыс нəтижесiнде келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның 
сипаты мен мөлшерiне оның ықпалын ескеруi тиiс. Қатысушылық бойынша жаза тағайындағанда жаза
қатаң түрде жеке дараланған болуы қажет. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бiреуiнiң жеке 
басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар тек сол қатысушыға
жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiлетiндiгi есте болуы қажет. Заң қатысушыларға жаза тағайындаудың 
арнайы белгiсi ретiнде адамның iс жүзiнде қылмысқа қатысуының сипаты мен дəрежесiн атап кеткен. Бұл 
белгiлер қатысушылықтың барлық түрлерiне жəне нысандарына қатысты қолданылады. Қатысушылықтың 
сипаты деп қатысушының (ұйымдастырушы ның, айдап салушының, көмектесушiнiң, орындаушының) 
орындаған ролi мен қызметiн түсiну қажет. Ал қатысушылық дəрежесi деген қатысушы адамның өз ролiн 
орындаудағы белсендiлiк, қызбалық шарасы. Бұл екi қатысушылықтың сипаты мен дəрежесi деген 
терминдер əрбiр нақты жағдайда ескерiлiп отыратын бiрiн бiрi толықтырушы ұғымдар болып табылады.
Сонымен бiрге, қатысушылықпен жасалған қылмыстардағы «қатысудың шегiнен шығушылықң кезiнде де 
жаза тағайындауда ерекшелiк бар. Бұл ерекшелiк қылмыстың орындаушысының қылмысқа 
қатысушылардың алдын ала сөз байласқан, ойлас тырған əрекеттерiнен басқа жоспарланбаған əрекеттi өз 
бетiмен жасап қоюымен байланысты. Мұндай шектен шыққан əрекет үшiн ҚК тиiстi бабы бойынша сол 
əрекеттi жасаған адам ғана жауапты болады жəне оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза
тағайындалады. Ал қылмыстың қалған қатысушылары тек бiрлесiп ойластырылған əрекет үшiн ғана 
жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет