Жетписбаев батыр адамович


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi жазадан босатудың мынадай түрлерiн



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi жазадан босатудың мынадай түрлерiн 
қарастырады:
1). Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (ҚК-тiң 70-бабы);
2). Жүктi əйелдердiң жəне жас балалары бар əйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру (ҚК-тiң 72-
бабы);
3). Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-тiң 73-бабы);
4). Төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату жəне жазаны өтеудi кейiнге қалдыру (ҚК-тiң 
74-бабы);
5). Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату (ҚК-тiң 75-бабы);
6). Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату (ҚК-тiң 76-бабы);
7). Кəмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тiң 81-бабы);


§2. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату
Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату өзiнiң мазмұнына қарай, жазаны өтеу 
сатысындағы жазадан босатудың түрi болып табылады. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде 
босату деп сотталған адамды үлгiлi мiнез-құлқы жəне еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негiзiнде үкiм 
бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босата отырып, оған сынақ мерзiмi iшiнде 
жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюын айтамыз. Жазаның өтелмеген бөлiгi, жазаны өтеуден мерзiмiнен 
бұрын шартты түрде босатылушыға сынақ мерзiмi ретiнде саналады, ол заң шығарушының жазаны өтеуден 
мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату институтын сотталғандарға қолдануы олардың тез түзелуiне 
мүмкiндiк беру дiң тиiмдi жолы болып табылады. Сот жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде 
босатуды қолдана отырып сотталған адамды жазаны өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн.
Түзеу жұмыстары, əскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тəртiптiк əскери 
бөлiмде ұстау, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жүрген адамдарға жазаны өтеуден 
мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату қолданылады. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуды сот
сотталған адамға мемлекеттiк органның белгiленген орны бойынша сот, ал əскери қызметшiлер жөнiнде –
əскери бөлiмдер мен мекемелердiң басшылығы жүзеге асырады.
Сот шартты түрде мерзiмiнен бұрын жазадан босатуды қолдана отырып сотталған адамға жазаның
өтелмей қалған бөлiгiнiң мерзiмi өтуi iшiнде белгiлi бiр мiндеттердi орындауды: мiнез-құлқын бақылауды 
жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттiк органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн, оқитын жерiн 
ауыстырмауды, белгiлi бiр орындарға бармауды, маскүнем дiктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, соз 
ауруларынан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтудi, отбасына материалдық көмек көрсетудi
жүктеуi мүмкiн.
Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуды қолдану мiндеттi түрде екi негiз –
материалды жəне формальдi негiздердiң болуымен байланысты.
Материалды негiз – мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылушының сотпен тағайындалған жазаны
өтегенге дейiн өзiнiң түзелгендiгiн дəлелдеуi. Оның түзелгендiгi ең алдымен үлгiлi мiнез-құлқымен 
дəлелденуi керек.
Үлгiлi мiнез-құлқы деп – барлық құқықтық нормаларды, өтеу ережелерiн, жүктелген мiндеттердi
сапалы орындауы, техника қауiпсiздiгiн сақтауы, қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарға 
ұқыпты қарауын айтуға болады. Сот, сотталған адамның түзелгендiгi туралы жəне жазаны шартты түрде 
өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсынысты, қарау кезеңiнен кейiн емес, яғни жазаны өтеу мерзiмi
өтуiнiң кезеңiндегi жан-жақты барлық қосымша қадағалаудың негiздерi бар болуы бойынша қорытынды 
жасайды. Соттың жазаны өтеушi адам түзелген деген тұжырымға келуi адамның жазаны толық түрде 
өтеуiнiң қажетi жоқ екендiгiн көрсетедi. Заңмен талап етiлген жазаны өтеудiң ең төменгi мерзiмi жазаны 
өтеуден мерзiмiнен бұрын босатудың формальдi негiзi болып табылады. Жазадан шартты түрде –
мерзiмiнен дұрыс босату сотталған адамға кiшiгiрiм жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн 
тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн; ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң 
кемiнде жартысын; аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн, сондай-ақ 
бұрын жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылған адамға, егер мерзiмiнен бұрын-шартты түрде 
босату осы баптың жетiншi бөлiгiнде, көзделген негiздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза 
мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн. Сот тағайындаған өмiр бойы 
бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұЛ жазаны одан əрi өтеудi қажет етпейдi
деп таныса жəне кемiнде 25 жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын шартты 
түрде босатылуы мүмкiн. 
Жазадан босатудың формальдi жəне материалды негiздерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады, 
бiрақ материалды негiз ең басты болып табылады. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде
босатуды алып тастау деп – жазаны өтеуден шартты түрде босатудың нəтижесiнде қалып қойған жазаның
қалған өтелмеген бөлiгiн өтеу үшiн, жазасын өтеп жүрген орынға қайта оралуын айтамыз. Мерзiмiнен 
бұрын – шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде, өзiне 
əкiмшiлiк жазасы салынған қоғамдық тəртiптi бұзса немесе оған мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуды 
қолдану кезiнде сот жүктеген мiндеттердi орындаудан əдейi жалтарса, сот осы баптың алтыншы бөлiгiнде 
аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою жəне 
жазаның өтелмей қалған бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады. Осы белгiленген тармақ бойынша, сотқа 
мерзiмiнен бұрын-шартты түрде соттаудың күшiн жоюды мiндеттемейдi. Қылмыс абайсызда жасалса, жаңа 
қылмысқа жаза тағайындау кезiнде мерзiмiнен бұрын – шартты түрде босатудың күшiн жою немесе оны 
сақтау туралы мəселенi сот шешедi. Күшiн жойған жағдайда, сот оған ҚР ҚК-тiң 60-бабында көзделген 
ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзiмiнен бұрын – шартты түрде босатудың күшiн 
жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Егер жазадан 
мерзiмiнен бұрын – шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде 
қасақана қылмыс жасалса, мерзiмiнен бұрын – шартты түрде босату мiндеттi түрде күшiн жояды. Өлiм 


жазасы түрiндегi жаза кешiрiм жасау тəртiбi бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған
адамға мерзiмiнен бұрын – шартты түрде босату қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет