Жетписбаев батыр адамович


§4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату



Pdf көрінісі
бет117/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
 
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату қылмыстық кодексте жазадан босатудың жаңа негiзi
болып табылады, яғни заң ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың үш түрiн қарастырады. 
Қылмыс жасаған адамның қандай да болмасын ауруы емес, тек белгiлi бiр анықталған ауруының түрлерi
бойынша қолдана алады. Оған психиканың бұзылуы, жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр түрдегi
аурулар, əскери қызметке жарамсыз деп санауға жататын ауруларды айтуға болады. Бiрiншi реттерде 
қылмыс жасаудан кейiн психиканың бұзылуы туралы сөз болады. Мұндай бұзылу, асқынбалы жəне өмiр 
бойы сақталып қалу белгiлерiн қамтуы қажет. Психикалық бұзылу кезiнде ауру, түзеу мекемелерiнiң 
психикалық ауруханаларына жатқызылады. Ауруы, соттың айыптау үкiмiнiң шығуына дейiн немесе сотпен 
тағайындалған жазаны өтеу кезiнде болуы мүмкiн. Мұндай адамдарды жазадан босатудың негiзi болып, 
психикалық ауруына байланысты күштеу шараларын немесе мемлекет атынан қолданылатын түзеу-
тəрбиелеудi қабылдай алмауы жəне оның мəнi болмауы табылады. Сондықтан мұндай адамдарды сот, 
қылмыстың ауырлығына немесе жазаның түрiне, өтелмеген жазаның мерзiмiне қарамастан қылмыстық
жазадан босатады. Осы жағдайларға сəйкес, адам жазадан, ал жазасын өтеп жүргендер жазаны өтеуден 
шартсыз түрде сотпен босатылады.
Қарастырылып отырған қылмыстық жазадан босату соттың құқығы емес, керiсiнше шешiмге 
байланыссыз жазадан босату оның мiндетi болып табылады. Психикасының бұзылуына байланысты 
жазадан босатылған адамға сот, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданады. Жазаны өтеуге 
кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн 
немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл орайда жасалған қылмыстың 
ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты жəне басқа мəн-жайлар ескерiледi. Жазаны 
өтеуге кедергi келтiрмейтiн, бiрақ ауыр ауруға шалдыққан сотталған адам бас бостандығын өтеу
орындарындағы емдеу мекемелерiне орналастырылады. Басқа да ауыр аурулармен ауыратын адамдарды 
мерзiмiнен бұрын жазадан босатуды, тек жазасын өтеу кезiнде ғана қолданылады. Сот үкiмi шыққаннан 
кейiн жазаны өтеуге кедергi жасайтын басқа науқасқа шалдық қан адам соттың шешiмi бойынша жазадан 
босатылып немесе бұл жазаға неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн.


Жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқастар сот дəрiгерлiк сарапшы арқылы анықталады. Өзiне-
өзi жарақат салған немесе қасақана өз денсаулығына зиян келтiрген адамдарға бұл ереже қолданылмайды. 
Қамауға не тəртiптiк əскери бөлiмде ұстауға сотталған əскери қызметшiлер өздерiн əскери қызметке 
жарамсыз ететiн науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан əрi өтеуден босатылады. Оларға 
жазаның өтелмеген бөлiгi де неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаннан кейiн 
психикалық ауруларға немесе жазаны өтеу кезiнде басқа да ауыр науқасқа ұшыраған əскери қызметшiлерге 
ҚР ҚК-тiң 73-бабында көзделген ережелер қолданылады. Бiрақ əскери қызметшiлер мұндай науқастардың
болмауына байланысты мынадай негiздер бойынша жазадан босатылуы мүмкiн:
- егер əскери қызметшiлер жазаны қамауда немесе əскери тəртiптiк бөлiмде өтеп жүрсе;
- егер ол басқа да ауруларға шалдығып, ол науқасы адамды əскери қызметке жарамсыз деп таптыруға
негiз болса.
Мұндай аурулар тiзiмi Қазақстан Республикасы бiлiм беру, мəдениет жəне денсаулық сақтау 
Министрлiгi бекiткен 2001 жылғы 11 желтоқсандағы нөмiрi 152-01 бұйрықпен анықталады.
Науқастанған əскери қызметшiлер, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар шартсыз түрде, 
олардың соттылығынан кейiн жазадан босатылады немесе қамауға не тəртiптiк əскери бөлiмде ұстауға 
сотталған адамдардың жазасы неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылады. Сот сотталған адамды тек 
психикалық ауруына байланысты негiзгi жəне қосымша жазаны өтеуден босата алады. Басқа ауыр 
ауырулармен науқастануы жəне де əскери қызметшiнiң ауыруға ұшырап соның нəтижесiнде əскери 
қызметке жарамсыз деп таптырса сот оларды қосымша жаза түрiнен ауруына байланысты босатуға құқылы 
емес.
ҚР Жоғары Соты Пленумының 11 сəуiр 2002 жылғы Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан əрi
өтеуден босату туралы нормативтiк қаулысының 17-пунктiне сəйкес ҚК-тiң 73- бабының 3-бөлiгi жəне 94-
бабына сəйкес психикасының бұзылуынан жəне өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамдар емделiп
сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге келтiретiн мəн-жайлар жойылғаннан кейiн, егер ҚК-тiң 75,85-
баптарында көзделген айыптау үкiмiн орындаудың ескiру мерзiмi өтпесе, оларға қатысты жазаның
орындалуы қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Жазаның орындалуын қайта қалпына келтiру жазаны орындайтын 
органдардың ұсынысы бойынша сот қаулысы негiзiнде жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет