бөлiгiнен де артық болуы тиiс. Бұл жағдайда жазалар дың қосымша түрлерiн
қосу қылмыстардың
жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерiне сəйкес келедi.
Бiрнеше үкiм бойынша жазаны өтеу мерзiмi соңғы қылмысы үшiн үкiм
шығарылған уақыттан бастап
есептеледi. Үкiмдердi жиынтықтап қосқанда жазаның жалпы мерзiмi егер ол бас бостандығынан айырумен
байланысты болмаса жазаның сол түрiне белгiленген ең жоғары мерзiмiнен аспауы тиiс.
ҚК-тiң 61-бабына сəйкес қылмыстардың жəне үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара немесе
толық қосу кезiнде бас бостандығынан айырудың бiр күнiне:
а).қамаудың немесе тəртiптiк əскери бөлiмде ұстаудың бiр күнi;
б). бас бостандығын шектеудiң екi күнi;
в). түзеу жұмыстарының немесе əскери қызмет бойынша шектеудiң үшi күнi;
г). қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сəйкес келедi.
Достарыңызбен бөлісу: