Жетписбаев батыр адамович


§7. Рақымшылық жəне кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату



Pdf көрінісі
бет119/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§7. Рақымшылық жəне кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату
Қылмыстық құқық бойынша рақымшылық деп Қазақстан Парламентi актiсi негiзiнде қылмыс 
жасаған адамға, оларға сенiм бiлдiре отырып жеке бастарына жағымды шараларды қолдануды түсiнуге 
болады.
Рақымшылық актiсi, əдетте, елде болған елеулi оқиғаларға немесе мерейтойларға байланысты 
анықталмаған топқа қабылданады. Қылмыстық заңды тойтармай-ақ, басталған қылмыстық қудалауды 
тоқтатуды, қозғалған қылмыстық iстi жабуды көздейдi. Рақымшылық акт əрқашан жүйелi сипаттамаға ие 
болған: ол барлық қылмыс нысандарына тарайды немесе субъектiлер тобын қамтиды. Бұл нысандар əр 
түрлi белгiлер бойынша анықталады: қылмыстың түрлерi, яғни сипаты мен қоғамға қауiптi дəрежесi жəне 
қылмыс субъектiсiнi т.б. белгiлерi бойынша.
ҚР-ның Парламентi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде рақымшылық туралы заң 
шығаруға құқылы.
Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық 
жазадан босатылуы не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен 
ауыстырылуы не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе 
оны одан əрi өтеуден босатылған адамдарды рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып 
тасталуы мүмкiн. Рақымшылық актiсi нормативтiк сипатқа ие бола отырып осыған тап болған белгiлi
адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық iстi қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған 
қылмыстық iстi тоқтатуды, кiнəлi адамды жазадан босатудағы соттың айыптау үкiмiнiң күшiн жоюды, 
жазаны одан əрi өтеуден босату туралы қаулының шығарылуын қамтиды. Осы аталған құжаттар 
рақымшылық актiсiнiң шешiмiн орындаудағы заңды негiздер болып табылады.
Рақымшылық актiсiнiң күшi осы акт жарияланған күннен бастап енедi жəне қылмыс жасағандарға осы 
актiде арнайы көрсетiлген мерзiмдерге дейiн қолданылады.
Кешiрiм жасау бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау 
үкiмi заңды күшiне енген жағдайда кешiрiм жасау туралы актiнi Президент шығарады. Қылмыс жасағаны 
үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан əрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған 
тағайындалған жаза қысқартылуы немесе неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Жазасын өтеген 
адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн. Рақымшылық жасауға қарағанда, 
кешiрiм жасау актiсiн қолдану негiзiнде белгiлi бiр құжаттардың болуы қажет емес. Кешiрiм жасау актiсi
заңды негiз ретiнде мемлекеттiк органдарға актiде көрсетiлген шешiмдi орындауды жүктейтiн құжат болып 
табылады.
Жалпы кешiрiм беру сотталған адамның немесе оның туыстарының өтiнiшi бойынша жүзеге 
асырылады. Кешiрiм жасау актiсi сотталған адам қылмысының мəнi мен ауырлығына қарамастан 
қолданылады. Мысалы, өлiм жазасын өмiр бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Есi дұрыс 


емес күйде, қоғамға қауiптi əрекет жасаған адамдарға рақымшылықты қолдану актiсi қолданылады. 
Мұндай жағдайда сот рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығара 
алады. Медициналық күштеу шараларын сот мұндай жағдайда қолдана алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет