қылмыс, ал екi күнге дейiн - тəртiптiк терiсқылық.
Заңшығарушы жасалған құқық бұзушылық əрекеттiң субъективтiк элементтерi кiнə, ниет жəне
мақсатты
да ажырату белгiсi ретiнде ескередi. Мысалы, денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру - қылмыс, ал
абайсызда жеңiл зиян келтiру - əкiмшiлiк терiсқылық.
Үшiншiден, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтар құқыққа қайшылық түрiне жəне санкция түрiне
байланысты ажыратылады. Қылмысқа əрқашанда тек қылмыстық заң арқылы жəне жазалау қатерiмен ғана
тыйым салынады. Жазасын өтеп болғаннан кейiн адам заңмен бекiтiлген тəртiппен сотталғандық атақты
иемденедi. Ал өзге де
құқық бұзушылықтар отбасы, еңбек, азаматтық, əкiмшiлiк жəне т.б. заңдармен
немесе заңға тəуелдi нормативтi актiлермен реттеледi. Əкiмшiлiк, тəртiптiк,
азаматтық-құқықтық
санкциялар қылмыстық жазаларға қарағанда жеңiлiрек. Мысалы, əкiмшiлiк кодексте түзеу жұмыстары – 2
айға дейiн болса, қылмыстық заңда 2 жылға дейiн тағайындалады жəне соңында соттылыққа əкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: