Жетписбаев батыр адамович


§ 4. Қылмыстық құқықтың қағидалары



Pdf көрінісі
бет20/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 4. Қылмыстық құқықтың қағидалары
 
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi құқықтық қағидаларды қатаң түрде сақтағанда ғана өз дəрежесiнде 
орындалады. Қағида (принцип) сөзi латынның 
″principium″ - бастау, негiзгi ереже, қандай да бiр iлiмнiң 
алғышарты, тұжырымдамасы деген мағынаны бiлдiредi.
Қылмыстық құқықтық қағидалар деп заңшығарушы, құқық қолану органдары жəне азаматтар үшiн 
қылмыстылықпен күресу саласында басшылыққа алуы тиiс, қажеттi, негiзгi жəне мiндеттi ережелердi 
түсiну қажет.
Қылмыстық заңды жетiлдiру қылмыстық құқықтың мынадай қағидаларын бұлжытпай сақтау арқылы
жүзеге асырылуы тиiс:
 1). Заңдылық қағидасы. Мəнi қылмыстық құқық тұрғысында iс-əрекеттiң қылмыстылығы мен 
жазаланушы лығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиiс екендiгiне саятын қағида.
 2). Азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидасы. Қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан 
тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына немесе кез келген
басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бiрдей екендiгiн бiлдiретiн қағида.
 3). Кiнəлi жауаптылық қағидасы. Адам тек өзiнiң кiнəсi анықталған қоғамға қауiптi əрекеттерi мен одан 
туындаған қоғамға қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын
қағида.
 4). Əдiлеттiлiк қағидасы. Жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн, қылмыскердiң 
жеке басының ерекшелiктерiн, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жəне ауырлататынжағдайларды 
ескере отырып соттардың əдiл жаза тағайындауы тиiс екендiгiн бiлдiретiн қағида.
 5). Қылмыстық жазалаудың iзгiлiгi мен үнемдiлiгi қағидасы. Қылмыстық заңды қолдану кезiнде 
қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлауды болдырмайтын iзгiлiктi қарауды жəне оларға қатысты 
қылмыстық жауаптылық пен жаза осы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшiн заңды негiздер 
болмаған жағдайда ғана қолданылатынын бiлдiретiн iзгiлiк қағидасы. Сонымен қатар, жасаған қылмысы 
үшiн жазаның барынша қатаң түрi тең қатаңдығы бiршама жеңiл жаза түрiмен жазаның мақсатына қол 
жеткiзе алмаған жағдайларға ғана тағайындалатынын бiлдiретiн жазалауды үнемдеу қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет