Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет68/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3.Қылмысқа оқталу
 
Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-əрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға 
байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып 
танылады. Адамға байланысты емес мəн-жайлар ретiнде кiнəлiнiң күш салуына қарамастан қылмысты 
аяғына дейiн жеткiзуге кедергi жасайтын əр-түрлi жағдайларды түсiну қажет. Қылмысқа дайындалу кезiнде 
кiнəлi қылмыс жасауға жағдай туғызатын əрекеттердi жасаса, ал қылмысқа оқталуда ол қылмыстың 
обьективтiк жағына кiретiн iс-əрекеттердi жасай бастайды немесе тiкелей орындайды. Сонымен қатар,
қылмысқа дайындалуға қарағанда оқталу үшiн жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр жəне аса ауыр 
қылмыстар санаттары бойынша туындайды.
Обьективтiк жағынан қылмысқа оқталу нақты қылмыс құрамын жасауға тiкелей бағытталған əрекеттерден 
тұрады. Мұнда «тiкелейң сөзi адамның қылмыстың обьективтiк жағын орындай бастауы немесе орындауды 
жалғастыруы дегендi бiлдiредi. Мысалы, адам өлтiруге оқталуда кiнəлi жəбiрленушiге оқ атуға ұмтылады 
немесе оқ атады, бiрақ оған тимей қалады немесе қоймаға кiрумен жасалатын ұрлыққа оқталуда кiнəлi
есiктегi бекiтiлген құрылғыны бұзу үстiнде ұсталса жəне т.б. Бұл аталған мысалдарда қылмыстық-
құқықпен қорғалатын обьектiлерге зиян келтiру қаупi туып отыр, яғни қылмыстың обьектiсiне тiкелей əсер 
етедi. Қылмысқа дайындалудан оқталу осы белгiсiмен де ажыратылады. Көпшiлiк жағдайларда қылмысқа 
оқталу əрекетпен жасалады. Алайда, материалдық құрамдағы кейбiр қылмыстар, егер онда адамның 
қылмыстық нəтижеге жету еркi көрiнсе əрекетсiздiкпен де жасалуы мүмкiн. Мысалы, егер анасы өзiнiң 
жаңа туған сəбиiн өлтiрудi тiлеп оны тамақтандырмаса, бiрақ өзге адамдардың араласуынан баланың 


өлiмi тумаса. Оның əрекетi адам өлтiруге оқталу ретiнде сараланады.
Субьективтiк жағынан оқталу заңның өзiнде көрсетiлгендей, кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен 
сипатталады. Кiнəлi нақты қылмысты жасауға бағытталған өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынады 
жəне оларды орындауды тiлейдi.
Қолданылып жүрген қылмыстық заң оқталуды түрлерге бөлмегенiмен, қылмыстық құқық ғылымы 
əрекеттiң аяқталу дəрежесi мен көлемiне байланысты қылмысқа оқталудың екi түрiн қарастырады:
1)
аяқталған оқталу,
2)
аяқталмаған оқталу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет