Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет69/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Аяқталған оқталу, егер кiнəлi қылмысты жасай отырып қоғамға қауiптi зардаптардың туындауы үшiн 
қажеттi əрекеттердiң барлығын жасадым деп есептесе, бiрақ оның еркiнен тыс себептермен қылмыстық 
нəтиже туындамаса немесе қылмыс аяқталмаса орын алады. Аяқталған оқталуда қылмыскердiң ойлаған 
зардабы емес, өзге зардаптар келтiрiлуi мүмкiн. Мысалы, өлтiремiн деген ниетпен кiнəлi жəбiрленушiнiң 
кеудесiне пышақ салады, бiрақ жəбiрленушiнiң өмiрiн дəрiгерлер сақтап қалады. Мұнда қылмыстық 
ниеттiң бағыттылығына сəйкес кiнəлiнiң əрекетi ҚК 96-бабымен жəне 24-бапқа сiлтеме жасай отырып адам
өлтiруге аяқталған оқталу бойынша сараланады.
Аяқталмаған оқталу, егер кiнəлi өзiнiң еркiнен тыс себептермен қылмысты аяғына дейiн жеткiзу үшiн 
қажеттi əрекеттердiң барлығын жасай алмаған жағдайда орын алады. Аяқталмаған оқталуда кiнəлi 
қылмысты аяғына дейiн жеткiзуге əкеп соғатын əрекеттердiң оның еркiнен тыс себептермен 
орындалмағанын жəне ол əрекеттердi жалғастыру қажеттiгiн ұғынады. Мысалы, қоймаға кiруге ұмтылу 
үстiнде кiнəлiнi қарауыл ұстап алса.
Салыстырмалы түрде қарағанда аяқталған оқталудан аяқталмаған оқталудың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi 
төмен екендiгiн байқаймыз.
Қылмысқа оқталудың аяқталған жəне аяқталмаған болып бөлiнуi жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк 
дəрежесiн анықтау кезiнде жəне жаза тағайындау, сонымен бiрге қылмыстан өз еркiмен бас тарту туралы 
мəселенi шешу кезiнде маңызды болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жарамсыз оқталу жөнiнде мəселе де кездеседi. Жарамсыз 
оқталуға—жарамсыз обьектiге оқталу мен жарамсыз құралмен оқталуды жатқызады. Жарамсыз обьектiге 
оқталуда кiнəлiнiң ойлаған обьектiге зиян келтiру мүмкiндiгi жəбiрленушiнiң немесе қылмыс затының 
ерекше қасиеттерiне байланысты жойылады немесе қылмыс орнында жəбiрленушiнiң немесе қылмыс 
затының болмауын кiнəлi адам бiлмейдi. Нəтижесiнде басқа обьектiге зиян келтiредi. Мысалы, өзiн 
лауазымды тұлға деп көрсеткен адамға пара беру.
Жарамсыз құралмен оқталуда кiнəлi қателесiп қылмыстық нəтижеге жету үшiн обьективтi қасиеттерi 
бойынша обьектiге зиян келтiруге жарамсыз, қабiлетсiз құралдарды қолданады. Мысалы, атылмайтын 
немесе ойыншық қаруды қолдану.
Жарамсыз оқталудың аталған түрлерi үшiн жауаптылық жалпы негiздерде, яғни ҚК Ерекше бөлiмiнiң 
тиiстi бабымен жəне 24-баптың 3-бөлiгiне сiлтеме жасала отырып сараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет