Жетписбаев батыр адамович


Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар



Pdf көрінісі
бет88/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар 
жатқызылады:
– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы);
– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы);
– жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы);
– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы);
– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы);
– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы);
Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi жəне факультативтiк 
болып бөлiнедi.
Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу 
танылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яғни 
заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да 
болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық 
жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары 
қылмыстық жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарын негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату
туралы шешiмге келедi. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға
жататын əрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады. Сөйтiп, қылмыстық жауаптылықтан босату–
қылмыстық-құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн толық жүзеге асыру деген сөз, 
ендеше қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейiн жасалған қылмыс қайталанған қылмыс ретiнде 
есептелмеуi керек.
§2. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
 Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңда бекiтiлген бiрқатар шарттар 
болған кезде мүмкiн:
а). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасап, осы 
қылмысты жасағаннан кейiн кiнəсiн мойындап өз еркiмен келсе – адам өзi қылмыстың жасалу фактiсi
жөнiнде оның тергеуденн, соттан қашуға мүмкiндiгi бола тұра, мемлекеттiк билiк органдарына не құқық 
қорғау органдарына өз еркiмен хабарлауы. 
б). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасап, осы 
қылмысты жасағаннан кейiн қылмысты ашуға жəрдемдессе – кiнəлi адамның тергеу, анықтау немесе сот 
органдарына жасалған қылмысты ашуға маңызды болып табылатын мəн-жайларды анықтауға, жасалған 
қылмыстың iздерiн, қылмыстық жолмен табылған заттарды сақтау орнын, қылмыстың басқа 
қатысушыларын iздестiруге бағытталған əрекеттер жасауы. Мұнда кiнəлiнiң жəрдемдесу əрекеттерi оң 
нəтиже бермесе де ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
в). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасап, ол 


қылмыстан келген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе – кiнəлi адам қылмыс жасағаннан кейiн өз 
ұсынысымен қылмыстан келген зиянды қалпына келтiруге немесе зиян келген құндылықтарды өтеуге 
əрекет жасаған болса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тiң 65-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды 
қоспағанда, қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған
қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, осы қылмысқа қатысушыларды анықтауға белсендi
түрде жəрдемдессе қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл жағдайдың 65-баптың 1-бөлiгiндегi
ережеден айырмашылығы:
а). бұл жағдай тек ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрамында қылмыс жасаған
адамдарға ғана қолданылады;
б). бұрын қылмыс жасаған адамдарға да қолданылуы мүмкiн;
в). жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан басқа барлық санаттағы қылмыстарға
қолданылады.
ҚК-тiң 65-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, осы баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде көзделген жағдайлар болған 
кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы 
көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн: арнайы белгiлерге байланысты 
қылмыстық жауаптылықтан босату марапаттау нормалары бар ҚР ҚК-тiң ерекше бөлiмiнiң 125-б.“Адамды 
ұрлау”, 165-б. “Мемлекеттiк опасыздық”, 231-б. “Коммерциялық сатып алу”, 233-б. “Терроризм”, 234-б. 
“Адамды кепiлге алу”, 236-б. “Заңсыз əскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру”, 251-б. “ Қаруды, оқ-
дəрiлердi, жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып
жүру”, 252-б. “Қаруды заңсыз жасау”, 259-б.“Есiрткi заттарды немесе жүйкеге жер ететiн заттарды заңсыз 
дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату”, 297-б. “Жол-көлiк оқиғасы болған 
орыннан кетiп қалу”, 312-б. “Пара беру”, 326-б. “Əскери қызметтен жалтару”, 352-б. “Көрiнеу жалған 
жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару”, 358-б. “Бас бостандығынан айыру
орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу” баптарының ескертулерiнде көрсетiлген. 
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мiндеттi емес жəне шартсыз болып
табылады. Мiндеттi емес деген сот, тергеу, анықтама орандары 65-баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде көзделген 
жағдайлар болғанның өзiнде кiнəлiнi қылмыстық жауаптылықтан босатпауы да мүмкiн, себебi бұл олардың 
мiндетi емес құқығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет