Жетписбаев батыр адамович


§ 7. Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§ 7. Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату
 Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде ҚР Парламентi
шығарады. Бұл бiрқатар қылмыс санаттарына қатысты немесе жеке айқындалмаған сотталғандар тобына, 
мысалы, жүктi əйелдерге, кəмелетке толмаған балалары бар əйелдерге, 60 жастан асқан ер адамдарға, 1-шi, 
2-шi топтағы мүгедектерге жəне т.б. қатысты шығарылатын нормативтiк актi, яғни рақымшылық 
қолданатын адамдар алдын ала анықталмайды. Осы белгiсi арқылы рақымшылық нақты сотталғанға 
қатысты шығарылатын кешiрiм жасаудан ерекшеленедi. 
Рақымшылық шығару мынадай құқықтық салдарға əкеп соғуы мүмкiн:
1). Кiнəлi адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады,
2). Кiнəлi адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады;
3). Тағайындалған жаза қысқартылады;
4). Тағайындалған жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылады;
5). Қосымша жаза түрiмен босатылады;
6). Соттылығы алынуы мүмкiн;
7). Алдын ала тергеудегi жəне сотта қаралмаған қылмыстық iстердiң өндiрiсi қысқартылады. 
Рақымшылық құқықтық құбылыс ретiнде мынадай негiзгi ерекшелiктерге ие:
- Мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органының актiсi бола тұра, рақымшылық нормативтi сипатты 
иемденедi, яғни ол барлық органдар лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi;
- Рақымшылық актiсi ерекше құқықтық құжат. Оның күшi ол шыққанға дейiнгi əрекеттерге ғана 
таратылады, солай бола тұра қысқа уақытқа созылады;
- Рақымшылық актiсi тек қылмыстық емес əкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн;
- Рақымшылық жалғаспалы жəне созылмалы қылмыстарға, егер олар рақымшылық актiсi
қабылданғанға дейiн аяқталса ғана таратылады.
Рақымшылықтың кешiрiм жасаудан айырмашылығы:
1). Рақымшылықты Парламент шығарады, ал кешiрiмдi Президент жасайды.
2). Рақымшылық кең көлемде таратылады, ал кешiрiм нақты əрекетке қатысты қолданылады;
3). Рақымшылық негiзiнен ауырлығы онша емес қылмыс жасағандарға, ал кешiрiм жасау кез келген 
санаттағы қылмыстарға қатысты қолданылады;
4). Рақымшылық бойынша кiнəлi адам жауаптылықтан жəне жазадан босатылады, ал кешiрiм жасау 
бойынша тек жазадан босатылады.
 Əдебиеттер:
Аликперов К.Д. Освобождение от уголовной ответственности. М., 2001
Аликперов Х.Д. Преступность и компромисс. Баку, 1992 
Григорьев Н.В., Сабитов Р.А. Освобождение от уголовной ответственности по нормам Особенной
части УК РСФСР. Харьков, 1993


Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. М. 1974
Келина С.Г. Освобождение от уголовной ответственности в связи с изменением обстановки. М., 1969
Магомедов А.Т. Правовые последствия освобождения от уголовной ответственности. Саратов, 1994
Скибицский В.В. Освобождение от уголовной ответственности и отбывания наказания. Киев, 1987
Смольников В.Е. Давность в уголовном праве. М., 1973
Щерба С.П., Савкин А.В. Деятельное раскаяние в совершенном преступлении. Практическое 
пособие /Под. ред. С.П. Щерба М., 1997


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет