қылмыстан келген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе – кiнəлi адам қылмыс жасағаннан кейiн өз
ұсынысымен қылмыстан келген зиянды қалпына келтiруге немесе зиян
келген құндылықтарды өтеуге
əрекет жасаған болса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тiң 65-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды
қоспағанда, қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған
қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, осы қылмысқа қатысушыларды
анықтауға белсендi
түрде жəрдемдессе қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл жағдайдың 65-баптың 1-бөлiгiндегi
ережеден айырмашылығы:
а). бұл жағдай тек ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрамында қылмыс жасаған
адамдарға ғана қолданылады;
б). бұрын қылмыс жасаған адамдарға да қолданылуы мүмкiн;
в). жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан басқа барлық санаттағы қылмыстарға
қолданылады.
ҚК-тiң 65-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, осы баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде көзделген жағдайлар болған
кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы
көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн: арнайы
белгiлерге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату марапаттау нормалары бар ҚР ҚК-тiң ерекше бөлiмiнiң 125-б.“Адамды
ұрлау”, 165-б. “Мемлекеттiк опасыздық”, 231-б. “Коммерциялық сатып алу”, 233-б. “Терроризм”, 234-б.
“Адамды кепiлге алу”, 236-б. “Заңсыз əскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру”, 251-б. “ Қаруды, оқ-
дəрiлердi, жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып
жүру”, 252-б. “Қаруды заңсыз жасау”, 259-б.“Есiрткi заттарды немесе жүйкеге жер ететiн заттарды заңсыз
дайындау, иемденiп алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе сату”, 297-б. “Жол-көлiк оқиғасы болған
орыннан кетiп қалу”, 312-б. “Пара беру”, 326-б. “Əскери қызметтен жалтару”, 352-б. “Көрiнеу жалған
жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару”, 358-б. “Бас бостандығынан айыру
орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу” баптарының ескертулерiнде көрсетiлген.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мiндеттi емес жəне
шартсыз болып
табылады. Мiндеттi емес деген сот, тергеу, анықтама орандары 65-баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде көзделген
жағдайлар болғанның өзiнде кiнəлiнi қылмыстық жауаптылықтан босатпауы да мүмкiн, себебi бұл олардың
мiндетi емес құқығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: