Кiнəлi адам есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жəбiрленушiнiң денсаулығына жəне
мүлкiне келтiрiлген немесе моральдық кез келген зиянды жатқызу қажет. Бұл жағдайда тек тiкелей
шығындар ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса
алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалатын шығындарды да жатқызуға болады.
Қылмыспен келтiрiлген зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi
қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi
қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дəрi-дəрмектердi, санаториялық-
курорттық жолдамаларды сатып əперу, жəбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде жəне заңмен тиым
салынбаған өзге де нысандарда болуы мүмкiн.
Татуласу жəбiрленушiнiң кiнəлi адамға қарсы қозғалған қылмыстық
iстi тоқтату туралы өтiнiшi
түрiнде болады. Жəбiрленушiнiң еркiн бiлдiруi жазбаша арызбен рəсiмделедi немесе алдын ала тергеу
барысында одан сұрақ алу хаттамасында көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: