Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр-Сұлтан қ., 2019 Құрметті мұғалім!



бет2/12
Дата23.02.2023
өлшемі2.24 Mb.
#469926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
osh sor kazahskiy-jazyk ogn 10-klass kaz

Бағалау критерийі


Білім алушы
 Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын
анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады



Ойлау дағдыларының

Қолдану




деңгейі



Орындау уақыты

15-20 минут





Тапсырма

Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



    1. ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.


  1. Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз.

    1. _________________________________________________________________________

    2. _________________________________________________________________________

    3. _________________________________________________________________________




  1. Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз.

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________



  1. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4

Бағалау критерийі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет