Тапсырма
Сұхбатты тыңдап, аудиториясын анықтаңыз. Мәтіннің қолдану аясы қандай? Неге?
Домбыра шебері Алмас Серікұлымен сұхбат
Бүгін Қазақ елі үшін ұлы күн десек, асырып айтпағанымыз болар. Себебі елімізде
жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бар сән-салтанатымен тойлануда.
Маңызы зор мереке қарсаңында еліміздің танымал домбыра шеберлерінің бірі Алмас Серікұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Домбыра жасау өнерін кімнен үйрендіңіз, әлде отбасыңыздың баяғыдан келе жатқан ісі ме?
– Мен ес білгелі, екі-үш жасымнан бастап сурет саламын. Қолөнерге деген қызығушылығым осы сурет салудан бастау алды. Кейін Абай атындағы педагогикалық университетінің Көркем сурет факультетінің Сәндік қолданбалы өнер мамандығы бойынша білім алдым. Негізі бұл кәсіп нағашыларымнан дарыған. Кезінде менің нағашы апамды зергерлер жанұясынан шыққандықтан, «біздің ұрпаққа да бұл өнер дарысын» деген оймен атама алып берген екен. Мен тек ағашпен ғана жұмыс істемеймін, сонымен қатар зергерлік бұйымдарды да жасаймын.
– Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы мықтырақ дегендей. Қай материалмен өзіңізге жұмыс жасаған ұнайды?
– Біз пайдаланатын материалдардың ішінде домбыраның бетін жабатын шыршаны табу қиын. Себебі шырша ұзақ уақыт кептірілуі керек, оның жылдық сақинасы жиі болуы қажет деген талаптары бар. Елімізде бұл ағашты кесуге рұқсат жоқ, сондықтан біз оны шет елдерден алғыздырамыз. Қазіргі кезде курьерлік қызмет жақсы дамығандықтан, материалды табу, жеткізу қиындық туғызбайды. Тек бағалары қымбат.
–Өзіңізді «ағаш шеберімін» деп айта аласыз ба?
– Ауызекі тілде «шебермін» деп айта береді ғой. Бірақ меннен де асқан хас шебер ағаларым көп, менің артымнан ілесіп келе жатқан жастар да бар. Бірақ бүгіндері адамға тек шебер болу жеткіліксіз. Бізге іскер болу керек. Себебі шеберханаң болып тұрып, наныңды таба алмай қалуың да мүмкін. Өйткені істі жарнамалап, өніміңді көрсетіп, адамдармен тіл табыса білу маңызды.
– Домбыра таңдағанда қандай белгілерге назар аудару керек? Оқырмандарымызға нендей кеңес бересіз?
–Домбыра таңдаған адам, біріншіден, домбыра тарта білу керек немесе тарта алатын,
12