Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»



бет2/8
Дата17.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#205797
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Қалалық жердегi су бұру жағдайы

      Ескерту. 3-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылы қалалық жерлерде желiлерiнiң жалпы ұзындығы 12 455,8 километр болатын 186 су бұру кәсiпорындары бар, олардың 8 712 километрi немесе 70% жөндеудi қажет етедi.
      Су бұру инфақұрылымына қосылу деңгейiнiң ауқымы қалаларда өте кең, Аякөз қаласында - 12 %, Сәтпаев қаласында - 98 %-ға дейiн. Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында су бұру жүйесiне халықтың 60-94 %-ы қосылған. Риддер, Зырянов, Қаратау, Сәтпаев, Жезқазған, Жаңатас сияқты өндiрiстiк бағыттағы көптеген қалаларда су бұру жүйесiне қосылу деңгейi жоғары - 90 %-дан асады.
      Бұл ретте, суды бұрумен бiрге қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 73,4 % құрайды.
      39 қала мен кентте тазалау құрылыстары мүлдем жоқ, тиiсiнше сарқынды судың төгiндiсi тазалаусыз жүзеге асырылады.
      Барлық сарқынды су көлемiнен тазаланудан өтетiн, нормативтiк талаптарға дейiн 64 %-ы жеткiзiледi, тазаланбаған сарқынды судың қалған 36 %-ы, мәселен Тараз қаласында тiкелей сүзгiлеу алаңына, Көкшетау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында жинағыштарға ағызылады.
      Жұмыс iстеп тұрған құрылыстардың көпшiлiгi қазiр өзiнiң пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеудi талап етедi, басқалары - артық жүктемемен жұмыс iстейдi, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректерiне сәйкес келмеуiне әкелiп соғады.
      Мәселен, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда жеткiлiксiз тазаланған сулардың пайызы 39-дан 72%-ға дейiн жетiп отыр.
      Бұл қолданыстағы тазалау құрылыстарының артық жүктемемен жұмыс iстейтiнiн көрсетедi.
      Тазартылған сарқынды су жинағыштары жиi өзiнiң шектi белгiлерiне дейiн толып қалады, бұл ұдайы қоршау бөгеттерiнiң авариялық жарылу, су объектiлерiнiң ластану және елдi мекендердi су басу қаупiн туғызады.
      Сондай-ақ су бұру желiлерiнiң негiзгi қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейi болып табылады, мәселен 2009 жылы республика бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,2-ден 29,5 аварияға дейiн құрады.
      Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың сарқынды суларының едәуiр көлемi тiкелей қалалық тазалау құрылыстарына түседi, олар өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазалауға есептелмеген. Соңғы уақытта тұрмыстық сарқынды суларда шетелде өндiрiлген жуу заттарының сарқынды суы көп болып отыр, оларды тазалау қиын және табиғи ортаға зиянды әсерiнiң сақталу кезеңi ұзақ әрi тиiсiнше су көздерiн ластайды.
      Қоршағанортаминiнiң деректерi бойынша қазiргi уақытта 43 iрi өнеркәсiптiк кәсiпорнының сарқынды суы төгiндiлерiнiң 50 %-ы қойылған талаптарға сәйкес келмейдi, су бұру жүйесiне төгiндiлердегi зиянды заттардың шоғырлануы шектi жол жiберiлетiн нормадан асып кетедi. Тұтастай, республикадағы көптеген елдi мекендердiң су бұру жүйесiнiң негiзгi қорларының тозуы 40-70%-ға, ал кейбiреулерiнде 100%-ға дейiн жетедi.

4. Ауылдық жердегi су бұру жағдайы

      Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылы ауылдық жерлерде жалпы ұзындығы 2 075,5 километр болатын, су бұру желiсi бар 163 кәсiпорын жұмыс iстейдi, бұл ретте 1 452 километр жөндеудi талап етедi.
      Су бұру жүйесi бар ауылдық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 8,8%-ды құрайды.
      Ауылдық елдi мекендердегi сарқынды сулардың барлық көлемiнен нормативтiк деңгейге дейiн 45,4% тазартылады, қалған 54,6% тазартылмаған сарқынды сулар.
      Бұдан бұрын ауылдарда су бұру объектiлерiнiң құрылысына қажеттi деңгейде назар аударылмаған, яғни сумен жабдықтау басымдық болып табылған. Су бұру жүйелерi аудандық орталықтарда және iрi кенттерде салынған. Ал сарқынды суларды әкiмшiлiк-шаруашылық ғимараттардан, мектеп, аурухана және көп этажды құрылыстардан ғана бұру жүзеге асырылған.
      Қазiргi таңда, ауылдық кенттерде шығарылатын (ассенизациялық) қалдықтарды жоюдың жүйесi басым, кәрiздiк (ағым) аз пайызбен - 3-5% шамасында қамтылған.
      Сонымен қатар, кенттердiң санитарлық жағдайы сумен жабдықтау бойынша алдағы шығындарды есепке ала отырып, су бұрудың орталықтандырылған жүйесiнiң құрылғыларынсыз қоғамдық және өндiрiстiк объектiлерде жергiлiктi тазалау құрылыстарын, септиктердi жетiлдiру жолымен бiрiншi кезеңде жақсартылуы мүмкiн.
      Мынадай жұмыс жүргiзу қажет:
      1) ауылдық жерлерде су бұру жүйесiн ұйымдастыру бойынша дамыған елдердiң тәжiрибесiне талдау жүргiзу;
      2) қоршаған ортаның, атап айтқанда жер бетiндегi және жер астындағы сумен жабдықтаудың, топырақтың ластануына жауап беретiн бақылау қызметтерiнiң жұмысын ұйымдастыру;
      3) тұтынушылармен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

5. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiн жобалау сапасы

      Ескерту. 5-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.



      Сапасыз құрылыс себептерiнiң бiрi сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiнiң жобалау-сметалық құжаттамасының әзiрлену деңгейiнiң төмендiгi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң деректерi бойынша бүгiнгi таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы дерлiк мемлекеттiк құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
      Тек 2009 жылдың өзiнде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлi кемшiлiктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негiзiнен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеумен сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жобалау тәжiрибесi жоқ ұйымдар айналысады.
      Қазiргi уақытта "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң құзыретiне кiредi.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң деректерi бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергiлiктi атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткiзуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, 50-ден аспайтын ұйым сумен жабдықтау объектiлерiн жобалауға маманданған және жақсы өндiрiстiк базасы мен бiлiктi мамандары бар.
      Жобалау-iздестiру жұмыстары деңгейiнiң төмендiгi құрылыс жұмыстарының едәуiр қымбаттауына, ал кейде оны жүргiзудiң мүмкiн еместiгiне алып келедi. Сумен жабдықтау объектiлерiн салу немесе қайта жаңарту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрi - ЖСҚ) негiзiнде жоспарланып жүргiзiлген жағдайлар орын алған.
      Нәтижесiнде жаңадан салынған желiлер 1-2 жыл iстеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектiлерiн жер бөлiнiсiнiң және электрмен жабдықтау жүйелерiне қосу мәселелерi шешiлмей аудандық әкiмдiктер әзiрлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған фактiлерi болды.
      Қазiргi кезде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерiн жобалаған кезде жобаларға алыс және жақын шетелдiк технологиялар, материалдар және жабдықтар қолданылады.
      Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жобалаған кезде алыс шетел және отандық өндiрушiлердiң тиiмсiз технологиялары негiзiнде үлгiлiк жобалар қолданылады, оларда энергия тиiмдiлiгi жоқ, бiрақ бiр артылықшылығы бар - бағасы арзан.
      Осыған байланысты, технологиялық шешiмдерi бар, қазiргi уақыттағы жабдықтарды шығаратын, бәсекелестiгi бар отандық өндiрушi нарығын құрып, қазiргi және болашақтағы өндiрiстi қолдайтын және ұзақ мерзiмдi кепiлдiгi бар отандық кәсiпорындардың өнiмiн қолдау қажет.
      Бұдан басқа бүгiнгi күнi ғимарат салу сметаларында iске қосу-баптау жұмыстарының шығыны мүлдем жоқ, бұл объектiлердi пайдалануға беруде және оларды одан әрi пайдалануда керi әсер етедi. Көбiнесе баптаусыз қабылданған күрделi объектiлерге қызмет көрсетiлмейдi және жұмыс iстемейдi.

6. Жер асты суларын пайдалануға байланысты жағдай

      Жер асты су объектiлерi суының сапасы жер үстi суынан едәуiр жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланған тиiмдiрек. Соған қарамастан, елдi мекендердiң елеулi бөлiгi жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.


      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң деректерi бойынша республикада 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерiмiнде тұрған жер асты суларының 1282 кен орны барланған.
      Барланған ауыз судың пайдалану қоры республиканың жиынтық қажеттiлiгiнен 2 есе артады және тәулiгiне адам басына 1,12 м3 құрайды.
      Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргiзiлiп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бiрқатар өңiрлерiнде мүлдем дерлiк тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 — 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келедi, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берiлу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi 25 -30 жылды құрайды.
      Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттiлiгiн толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
      Бұдан басқа, қазiргi уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемi тәулiгiне 2,0 млн. текше метрдi құрайды), ол халықтың ауыз суды тұтынуының жалпы теңгерiмiнде 56 %-ды құрайды.
      Келтiрiлген фактiлер жер асты су көздерiнiң қолда бар әлеуетiн толық көлемде пайдаланбауының куәсi болуда.
      Пайдалану ұңғымаларын орналастыру көптеген жағдайда есептiк схемаларға сәйкес келмейдi, бақылау тораптары жоқ, бұл жер асты су көздерi қорының тауысылуына әкелуi мүмкiн.

7. Су айдындарының санитарлық жағдайы

      Ескерту. 7-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Жалпы сумен жабдықтаудың барлық жер үстiндегi көздерi соңғы жылдары антропогендiк сипаттағы әр түрлi заттармен айтарлықтай ластанғанын және олардың көбiнiң су сапасы нормативтiк талаптарға сай келмейтiнiн атап еткен жөн.
      Аумағы бойынша жер асты суларының тым тепе-тең бөлiнбеуi және әртүрлi сапа оларды шаруашылық қызметке толық тартуға мүмкiндiк бермейдi. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң деректерi бойынша республика шеңберiнде жер асты суларының 700-ден аса әлеуеттi ластану көзi табылды. Жер асты сулары сапасының нашарлану қаупi 10 шақты елдi мекенде, жүзден аса су көзiнде және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған бiрқатар жер асты суларының су жинағыштарда анықталды.
      Қазiргi уақытта 291 бақылау пунктi жер үстi суларына мониторинг жүргiзедi. Сонымен қатар, Дүниежүзiлiк Метеорологиялық Ұйымның талабы бойынша Қазақстанда желi 740 гидрологиялық бекеттен тұруы қажет. Осыдан жер үстi суларының сапасын бақылау үздiксiз бақылауды бұзумен өтедi деген қорытынды жасауға болды. Бiрнеше жылдар бойы көптеген су объектiлерiнде тiптен бақылау жүргiзiлмеген.
      Сумен жабдықтау жүйесiндегi құбырлардағы су сапасын бақылау маңызды проблема болып табылады. Ауыз су сапасын бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық зертханалардың жабдықтары, әсiресе ауылды мекендерде тiптен жаңартылмайды. Қалалық су арналары өз қаражаты есебiнен зертханаларын ұстап тұра алса, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерде мұндай зертханалар мүлдем жоқ немесе уақыт талабын қанағаттандырмайды, тiкелей су өткiзу жүйесiндегi су сапасының автоматтандырылған үздiксiз бақылау құралдары мүлдем қолданбайды.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң бақылауында 2950 су құбыры бар, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 42 су құбырына артық (2010 жылы – 2908). Сумен жабдықтау объектiлерiне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша жұмыс iстемейтiн және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтiн су құбырларының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс iстемейнтiн су құбырларының саны су құбырларының жалпы санының 99-ның немесе 3,4 % (2010 жылы 139 немесе 4,7 %), ал санитарлық талаптарға сәйкес келмейтiндер – 126 немесе 4,2 % (2010 жылы 133 немесе 4,5 %) құрады.

8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесiндегi тарифтiк саясат

      Бұрын атап көрсетiлгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желiлерiнiң тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсiпорындарының активтерiн жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетiспеушiлiгi туралы мәлiмдейтiн нормативтiк техникалық шығындар жоғары деңгейге тән.


      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005-2009 жылдар кезеңдерiнде сумен жабдықтау мен су бұру қызметiн көрсетуге ел бойынша тарифтер орташа 27 теңгеден 33,8 теңгеге дейiн көтерiлдi.
      Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiне тариф белгiлеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет.
      Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды тиiмсiз пайдалану проблемасына байланысты күрделене түсуде.
      Осылайша, бүгiнгi таңда ауыз суды пайдалануда тарифтiң төмен деңгейiне қатысты дамыған елдерге қарағанда бүгiнгi күнi Қазақстанда жан басына шаққанда 2345 м3 құрайды, Еуропада бұл көрсеткiштер жылына 455,5 м3 құрайды.
      Сол себептi, бүгiнгi таңда сумен жабдықтау қызметтерiн жеткiзушiлердi өз шығындарын қысқартуға ынталандырумен бiрге, тұтынушылардың суды ұтымды пайдалануға, оның iшiнде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үлестi пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлемiне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтердi енгiзу мәселесi де өткiр тұр.
      Тұтынушы топтарға сараланған тарифтердi қолдану Алматы қаласы мен Ақмола облысының су арналарының жұмысын үлгi ретiнде көрсетуге болады. Екiншi жылдың өзiнде заңды тұлғалардың суды тұтынуы төмендегенi байқалды.
      Қолданған су көлемiне сай сараланған тарифтерге - яғни екiншi кезеңге өту қажет. Егер де заңды тұлғаларға қатысты мәселенiң түсiнiктiлiгi белгiлi болса, онда осындай тарифтердi халыққа қолданған кезде, қызметтердi тұтынушылар сияқты пайдалану орындарында барлық тетiктерi мен қатерлерiн егжей-тегжейлi әзiрлеу қажет. Нұсқаларды салыстыру, аспаптардың көрсеткiштерiн қашықтан беретiн су есептейтiн автоматтандырылған жүйенi енгiзу немесе бiрден бақылаушылар санын өсiру.
      Сезiмталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудiң арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс құрастырмау, үйдiң жалпы есептегiш құралының (ЖЕҚ) болмауы немесе оны олардың көрсеткiштерiн елемеу, пайдаланылған суды 30 %-ға дейiн дұрыс есептемеу-коммерциялық шығындарға әкеледi, тиiсiнше пайдаланушы кәсiпорындар елеулi түрде табысын жоғалтады.
      Осылайша, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң деректерi бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейi республика бойынша орташа есеппен 82 %-ды құрады. Ауылдық елдi мекендерде суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейдi.
      Тарифтiк саясат - орта және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды iске асыруға арналған инвестицияларды өтейтiн пайдаланушы кәсiпорындарының жұмыс өтiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн сумен жабдықтау және су бұру қызметтерiнiң тарифтерiн қалыптастыруға бағытталған болуы қажет.

9. Сумен жабдықтау және су бұру секторын кадрмен қамтамасыз ету

      Ескерту. 9-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.



      Қазiргi уақытта пайдаланушы кәсiпорындар, жобалық ұйымдар, жергiлiктi және республикалық деңгейдегi мемлекеттiк мекемелердiң аппараттары, оқу орындары «Су ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша бiлiктi кадрларға тапшы.
      Қазiргi уақытта, 7 ЖОО ҚР су секторы үшiн кадрларды даярлауды қамтамасыз етуде: Қазақ Ұлттық Техникалық Университетi - Алматы қаласы, Еуразия Ұлттық Университетi - Астана қаласы, Қызылорда мемуниверситетi, Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi - Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан Мемлекеттiк техникалық университетi, Атырау және Тараз мемуниверситеттерi.
      Сала үшiн мамандар "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы шеңберiнде даярланады. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалануға беру үшiн ЖОО мамандар даярламайды.
      Бұдан басқа, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мамандықтар бойынша 26 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орнында, сондай-ақ 21 кәсiпкерлiк лицейде және 5 колледжде кадрларды даярлау жүргiзiлуде, бұл ретте, 2008-2009 оқу жылдары «Сумен ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша бiтiргендер 19 адамды құрады.
      Тұрақты ғылыми-техникалық прогресс инновациялық есептеу аспаптарымен сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңғыртылған желiсiнiң болуын талап ететiнiн ескере отырып, сала қазiргi уақытта суды есептеу аспаптарының жаңа жоғары дәлдiкте жүргiзе бiлетiн сертификаттары бар жұмыскерлердi қажет етедi.
      Сезiмталдығы жоғары, нақтылығы төмен классты суды есептеудiң арзан аспаптарын пайдалану, үйге ортақ есептеу аспаптарының жоқтығы, аспаптарды дұрыс монтаждамау пайдаланылған суды дұрыс есептемеу коммерциялық шығындарға әкеледi, тиiсiнше пайдаланушы кәсiпорындар елеулi түрде табысын суды тұтынушыға қойылған құнынан оншақты пайызын жоғалтады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң деректерi бойынша геология саласы және су секторы саласы гидрогеолог мамандарына аса зәру. Соңғы жылдары жоғары бiлiктi инженер-гидрогеолог мамандарын даярлау тоқтатылған, қазiргi жоғары бiлiм сыныптамасында мұндай мамандық қарастырылмаған.
      Бүгiнгi күнi бұл саладан кадрлар көптеп кетуде. Негiзiнен салада жұмыс iстейтiн инженер-техник қызметкерлерiнiң бiлiмi қажеттi бiлiктiлiкке сай келмейдi. Сонымен бiрге республикада, жалпы, кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жоқ.
      Жалпы, өткен кезеңде мемлекеттiң халықты ауыз сумен жабдықтауға және су бұруға бағытталған iс-шараларды iске асыруы кезiнде мынадай кемшiлiктер анықталды:
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жаңғырту мен дамыту жұмыстарын жоспарлаған кезде жүйелiк тәсiл мен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қажеттi өзара iс-қимылының болмауы;
      су қорының (ашық су айдыны) шектеулi болуына байланысты сумен және суды бұру мәселесiн шешуде кешендi тәсiлдiң жоқтығы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру барысы мониторингiнiң болмауы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобалары ЖСҚ әзiрлеу деңгейiнiң төмендiгi;
      жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын iске асыру;
      тұтынушыларға берiлетiн судың есепке толық алынбауы;
      кәсiпорындардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткiлiксiздiгi;
      сумен жабдықтаудың және су бұрудың қолданыстағы жүйелерiн техникалық пайдаланудың қажеттi деңгейiнiң болмауы;
      бiлiктi кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауы және салалық мамандарды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң жоқтығы.

2-кесте


10. Су шаруашылығы секторының мүмкiндiктерiн және ықтимал қатерлерiн, күштi және әлсiз жақтарын талдау

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Қатерлер (Тәуекелдер)

Мүмкiндiктер

1

2

3

4

мемлекеттiң қолдауы

су шаруашылығы секторының құрылысын және қайта жаңғыртылуын жоспарлауда жүйелi тәсiлдiң болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйесi жобаларын iске асыруда бюджет қаражатын тиiмсiз пайдалану

жеке инвестициялар тарту

сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнiң қолданыстағы инфрақұрылымының болуы

сумен жабдықтау және су бұру желiлерi тозуының жоғары деңгейi;
жаңа және қолданыстағы сумен жабдықтаудың және су бұру жүйелерiнiң құрылысына және қайта жаңартуларға мемлекеттiк инвестициялардың жеткiлiксiздiгi, ауылдық жерлерде мамандандырылған пайдаланушы кәсiпорындар мен ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйi;
аварияның өсуi;
тәулiк бойы су берудiң болмауы;
тұтынатын су сапасының нашарлауы.

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жай- күйiн жақсарту;
суды тазалау және суды әзiрлеу шығындарын ұлғайту, материалдық — техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметiн жетiлдiру

су шаруашылығы секторының өтiмдiлiгi

инновациялық-инвестициялық жобаларды iске асыруға жеке операторларды тартудың төмен деңгейi, бiлiктiлiгi жоғары мамандардың болмауы

инновациялық-инвестициялық жобаларды енгiзудiң болмауы, қабiлеттi жас мамандарды жұмысқа тарту тетiгiнiң болмауы

сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бизнес ортаны дамыту; Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк (бұдан әрi -МЖӘ) шартында жүзеге асырылатын инновациялық-инвестициялық жобаларды iске асыруға жеке операторларды тарту

сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн дамытуға және жаңғыртуға шетелдiк қаржы институттарының мүдделiлiгi

қолайсыз инвестициялық ахуал; ауыл халқының төлем қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi;
сумен жабдықтау және су бұру желiлерi тозуының жоғары деңгейi;
халықтың төмен тығыздығы және ауқымды қашықтықтарға су тасымалдау үшiн су тарту құрылысының қажеттiлiгi

инфляцияның өсуi;
халықтың әлеуметтiк наразылығы

шетел инвестицияларын тарту мүмкiндiгi;
МЖӘ тетiктерiн дамыту;
тариф белгiлеудiң прогрессивтi әдiстерiн қолдану

сараланған тарифтердi пайдалану

5 және одан ұзақ жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi тарифтердiң болмауы және орта мерзiмдiлер санының аз болуы

инфляцияның өсуi, халықтың әлеуметтiк наразылығы

аз қамтылған азаматтарға мемлекеттiк қолдау көрсету

су факторына байланысты науқастануларды төмендету

пайдаланушы ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi жабдықтарының қызмет мерзiмiнен бұрын iстен шығуы

әрбiр ауданда пайдаланушы ұйым және әрбiр ауылдық елдi мекенде пайдаланушы топ құру

жер асты тұщы су қорының жеткiлiктi деңгейi

ел аумағындағы жер асты су қорларының бiрдей бөлiнбеуi, жер асты тұщы суларының қазiргi қорын жеткiлiктi пайдаланбау

ұңғымаларды пайдалану режимдерiн бұзу нәтижесiнде жер асты су көздерiнiң сапасының төмендеуi, иесiз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көптiгi, жер асты суларының техногендiк ластануы

иесiз гидрогеологиялық ұңғымаларды шаруашылық айналымға тарту, жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру; су қорғау, техникалық және санитарлық iс - шараларды iске асыру; су тазалау станцияларында суды өңдеу технологияларын жетiлдiру; жер асты суын жинау және мониторингiлеу, тасымалдау және суды бөлу жүйелерiн дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет