Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»


Бағдарламаны нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету



бет5/8
Дата17.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#205797
1   2   3   4   5   6   7   8

7. Бағдарламаны нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету

      Ескерту. 7-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      МЖӘ модельдерiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мынадай өзгерiстер енгiзу қажет, атап айтқанда:
      жекешелендiру құқығынсыз сумен жабдықтау жүйелерiн жалға беру, сенiмгерлiк басқаруға беруге не концессияға беруге рұқсат беру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Су кодексiне;
      ерекше стратегиялық маңыздылығы бар объектiлер тiзбесiнен, су шаруашылығы құрылыстарын (жинақтауыш құрылыстар, сорғы станциясы, су құбырының тазалау құрылыстары) алып тастау бөлiгiнде «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына.
      Концессия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған тарифтер өзгеруiнiң болжамды деңгейiн айқындау бөлiгiнде табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiгiн айқындау бөлiгiнде «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi № 167 Заңына.
      Экологиялық заңнамада су айдындарына сарқынды сулардың құйылуын реттеудi жетiлдiру, қалалық станцияларда сарқынды суды жете тазалайтын күрделi әрi қымбат тұратын құрылыстардың салуын болдырмау үшiн өнеркәсiп кәсiпорындарын өздерiнiң жергiлiктi тазалау құрылыстарын салуға ынталандыру бойынша, қалалық су бұру жүйелерiне ластану құрамы бойынша шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларға жақын өнеркәсiптiк сарқынды суларды төгуге рұқсат беруге пәрмендi тетiктер әзiрлеу.
      Құқықтық қатынастарды жетiлдiру, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiту, сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi кәсiпорындардың қызметтерiн құқықтық реттеу үшiн 2012 жылы «Сумен жабдықтау және су бұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу қажет.
      Жалпы, заңнама шеңберiнде инвесторларды мемлекеттiк қолдау шараларын, концессионердiң қызметiне тарифтер қалыптастыру әдiстерiн дамыту мәселесiн пысықтау, қолдағы мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн концессияға беру, концессияға берiлмейтiн объектiлер тiзбесiн қайта қарау жөнiндегi концессия модельдерiн дамыту, сондай-ақ концессияның қолданылу салаларын кеңейту қажет.

8. Сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйiн мониторингiлеу жүйесiн құру

      Ескерту. 8-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 N 994 Қаулысымен, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.



      Бағдарламаны iске асыруға орталық мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдiктерi қатысады.
      Бағдарламада мемлекеттiк үйлестiрушiнiң функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiне жүктеу көзделген.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi органдардың қызметiн жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады, сондай-ақ Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен iс-шараларын орындау бойынша орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзедi.
      Орындаушы мемлекеттiк органдар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстер агенттiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдiктерi) бағдарламалық iс-шаралар мен нысаналы индикаторларды орындау бойынша жұмыс барысын бақылауды қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi Орынбасары төрағалық ететiн Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия құрылды, оның негiзгi мақсаты ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қаралатын тiзбелерi, Бағдарлама шеңберiнде геологиялық-барлау жұмысының объектiлерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және Республикалық бюджет комиссиясына Тiзбелердi қарауға шығару, су шаруашылығы саласындағы МЖӘ жобаларын iске асыруға байланысты мәселелерге қатысты ұсыныстар әзiрлеу, сумен жабдықтау және су бұру секторының тиiмдiлiгi мен рентабельдiлiгiн арттыру бойынша мәселелер мен ұсыныстарды қарау болып табылады.
      Бүгiнгi күнi республикада су сапасы, ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесiнiң техникалық жай-күйi, сумен жабдықтау және су бұру кәсiпорындары мен ұйымдарының қаржылық жай-күйi туралы бiрыңғай жүйеленген дерекқор болмаған.
      Осыған байланысты Бағдарламаны iске асыру барысында мониторинг жүйесiн ұйымдастыру үшiн мынадай iс-шараларды iске асыру қарастырылған:
      бағдарламалық iс-шаралардың орындалу барысының тиiмдiлiгi мен нәтижелiгiн бағалау бойынша жұмыстарды орындау үшiн әртүрлi көздерден алынатын есептiлiк, статистикалық, анықтамалық, болжамды және бағалау ақпараттарын жинау, жүйелеу және талдау;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру саласында нысаналы көрсеткiштер мен индикаторларға қол жеткiзу деңгейi және жағдайдың өзгеру динамикасы туралы ақпарат алу үшiн бағдарламалық iс-шараларды iске асыру мониторингi жүргiзу;
      сумен жабдықтау және су бұру секторының жай-күйiн мониторингiлеудiң автоматты, ақпараттық-талдау жүйесiн құру бойынша ұсыныстар енгiзу.
      Бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалау және жергiлiктi жердегi қала құрылысы кадастырының электронды базаларын пайдалана отырып, инвестицияның әзiрленген негiздемесiне жүргiзiлген зерттеудiң нәтижесi негiзiнде сумен жабдықтау және су бұру жүйесiнiң жағдайына одан әрi мониторинг жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң бағдарламасы шеңберiнде деректер базасының электронды ақпараттық-талдамалық жүйесi әзiрленетiн болады
      Бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалауға қажеттi ақпаратты жинау және талдау жүргiзу үшiн әкiмшiлiк есепке алу нысандары әзiрленедi.

9. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суы әлеуетiн барынша пайдалану

      Ескерту. 9-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Бағдарлама шеңберiнде жер асты суларының әлеуетiн барынша пайдалану үшiн жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенiмдi көзi ретiнде жер асты тұщы суларының көздерiн шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етiлетiн көлемiн жыл сайын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн дамыту және жаңғырту бойынша талап етiлетiн жұмыс көлемiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiмен бiрлесiп айқындайды.
      Сумен жабдықтаудың жер асты көздерi жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жер үстi көздерi пайдаланылатын болады.
      Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердiң мынадай бағыттары көзделедi:
      энергия және су-энергия үнемдейтiн жабдықтарды енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      мемлекеттiк есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған көздерiн неғұрлым толық пайдалану;
      қолданыстағы жер асты су айдындарының және бекiтiлмеген қорларда жұмыс iстейтiн су айдындарынан су алудың барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;
      жер асты суларының пайдалану қорларын бағалау;
      ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздерi бар елдi мекендерде iздестiру-барлау жұмыстарын өткiзгеннен кейiн жер асты суларының жаңа көздерiн игеру.
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi пайдалану мерзiмi аяқталған қорлардың болуына және жер асты суларының сапасына кепiлдiк беретiн қолданыстағы сумен жабдықтау көздерi бойынша уақытша қорытынды беретiн болады.
      Жер асты су көздерiндегi судың сапасы су тарту ұңғымаларын пайдалану режимдерiнiң бұзылуы және иесi жоқ гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы, жер асты суларының техногендi ластануы нәтижесiнде төмендейдi. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерiн қорғау, иесi жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етiлетiн болады.
      Баламалы су көздерi болмаған кезде ең алдымен ластанудан барынша қорғалған жер астындағы ауыз суын пайдалану қажет.

10. Сумен жабдықтау мен су бұру және қазақстандық қамтуды дамыту жүйелерiн жобалау сапасын арттыру

      Ескерту. 10-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 N 994, 2012.05.15 № 621 Қаулыларымен.



      Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру және қолданыстағы жобалау ұйымдарының жауапкершiлiгiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi сәулет, қала.құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережелерiн әзiрлеу бөлiгiнде уәкiлеттi орган ретiнде лицензияланатын субъектiлерге жаңа бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу бойынша шараларды қарастырды.
      Жосықсыз жобалаушыларды «iрiктеу» үшiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi сумен жабдықтау және су бұрудың iрi объектiлерiн жобалауға байланысты жұмыстарға мынадай санаттар енгiзетiн болады.
      Бiрiншi санат (жоғары) ерекше күрделi және бiрегей объектiлердегi қызметтi, оның iшiнде сумен жабдықтаудың және су бұру объектiлерiн -топтық суларды тартқыштарды, тазарту құрылғыларын, су айдындарын жобалау қызметiн көздейдi.
      Бұл санатқа өндiрiстiк базасы, мамандығы бойынша бiлiктi кадрлары бар, жұмыс өтiлi кемiнде 10 жыл, iске асырылған және қызмет ететiн объектiлерi бар ұйымдар жiберiлетiн болады.
      Екiншi санат (орташа) бұқаралық құрылыс объектiлерiндегi қызметтi, оның iшiнде сумен жабдықтаудың және су бұрудың көшедегi тарату желiлерi мен квартал iшiндегi желiлерiн көздейдi. Бұл санатқа кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi бар, iске асырылған және қызмет ететiн объектiлерi бар ұйымдар жiберiлетiн болады.
      Үшiншi санат (базалық) техникалық тұрғыдан күрделi емес объектiлердегi (үйлерге құбырларды, жеке тұрғын үйлердiң iшкi су құбырларын орнату) қызметтi көздейдi. Бұған тәжiрибесi жоқ кәсiпкерлiк субъектiлерi жiберiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте санатты енгiзу жаңадан құрылатын су шаруашылығы ұйымдары мен шағын және орта бизнес субъектiлерiне қосымша кедергiлер туындатпайды.
      Бұдан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды дербес аттестаттау енгiзiлетiн болады.
      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейiндi мемлекеттiк ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру ұйымын құру қажет.
      2011-2013 жылдар кезеңiнде бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ жобалау және құрылыс мерзiмдерiн қысқарту мақсатында ағымдағы жылы ғылым мен техниканың озық жетiстiктерi негiзiнде сумен жабдықтаудың және су бұрудың үлгi жобаларының тiзбесiн әзiрлеудi қарастыру қажет, бұл түпкi қорытындыда сумен жабдықтау және су бұру объектiлерi құрылысының тиiмдiлiгi мен сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Бұл ретте үлгi жобаларда Бағдарламаны iске асыру кезiнде қазақстандық қамтуды арттыру тетiгiн енгiзу арқылы отандық кәсiпорындардың өнiмдерiн кепiлдi пайдалануды көздеу керек.
      Осы мақсатта Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi қолданыстағы өндiрiстерге талдау жүргiзедi және елдi индустрияландыру бағдарламасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасына енгiзу орынды болатын материалдар, технологиялар мен жабдықтар өндiрiсi бойынша перспективалы және басымды жобалардың тiзбесiн айқындайтын болады.
      Жүргiзiлген талдау негiзiнде жоғарыда көрсетiлген жобаларда одан әрi пайдалану үшiн Отандық өндiрiстiң бұйымдарымен және жабдықтарымен жабдықтаудың бiрыңғай тұжырымдамасы әзiрленедi, бұл ретте «Сумен жабдықтау және су бұру» саласында отандық өндiрiстiң материалдары мен жабдықтарын қолдануды регламенттейтiн нормативтiк техникалық құжаттама (ҚН және Е, техникалық тапсырмалар және т.б.) қайта қаралатын болады.

11. Саланы кадрмен қамтамасыз ету

      Ескерту. 11-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Кадрлар тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiмен бiрлесе отырып, кәсiпорындармен, жобалау ұйымдарымен қатар мемлекеттiк органдар үшiн де сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану жөнiндегi бiлiктi мамандарды, геологиялық саланың бiлiктi мамандарын даярлау жүйесiн күшейтулерi қажет.
      Оқу орындарының базасында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау бойынша жұмысты қайта бастау, сондай-ақ тiкелей кәсiпорындарда тәжiрибеден өту үшiн жағдай жасау қажет.

6. Қажеттi ресурстар

      Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi 2011 жылдан бастап жергiлiктi бюджеттерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан сумен жабдықтау жобаларын қоса қаржыландыруды көздеуi тиiс.

      2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржылық қажеттiлiк (млн. теңге)

Жылдар

Мемлекеттiк бюджет

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Барлығы

1 273 859

1 164 142

109 717

2011

93 572

85 670

7 902

2012*

134 097

122 739

11 358

2013*

133 555

122 248

11 307

2014*

130 662

119 355

11 307

2015*

130 662

119 355

11 307

2016*

130 662

119 355

11 307

2017*

130 162

118 855

11 307

2018*

130 162

118 855

11 307

2019*

130 162

118 855

11 307

2020*

130 162

118 855

11 307



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет