Жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны


Байғанин ауданы бюджетінің соңғы 3 жылдағы орындалуы



бет7/17
Дата15.06.2016
өлшемі3.55 Mb.
#137278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Байғанин ауданы бюджетінің соңғы 3 жылдағы орындалуы.

2007 жылы бюджет кірісі 1 200 037 ,0 мың теңгеге орындау болжанып, нақтысында 1 235 256,5 мың теңгеге орындалды, яғни 102,9 % орындады. Бюджеттің шығыс бөлігі түзетілген бюджет бойынша 1 225 100,5 мың теңге жоспарланып, оның 1 219 054,7 мың теңгеге орындалды, немесе 99,5 % орындады ( 6045,8 мың теңгесі игерілмеді).

2008 жылы бюджет кірісі 1 516 998 ,0 мың теңгеге болжанып, 1  528 906,4 мың теңгеге орындалды немесе 100,8 % орындады. Бюджеттің шығыс бөлігі түзетілген бюджет бойынша 1 557 263,6  мың теңге жоспарланып, оның 1 550 798 ,0 мың теңгеге орындалды, немесе 99,6 % орындады (6465,6 мың теңгесі игерілмеді).

2009 -жылы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары жыл ішіндегі нақтылануларымен 1 788 218,0 мың теңге болып белгіленіп, нақтысында 1 891 417,0 мың теңгеге немесе 105,8 пайызға орындалды.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына 58 тапсырыс берушілер тіркелді. Олар үш түрлі есеп тапсырады, оған 1-МС (тоқсан сайын), шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу (жартыжылдық) және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұнның мөлшері мәліметі (ай сайын).

Дамудың негізгі көрсеткіштері

Аудандық қаржы бөлімі арқылы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есепті, ағымдағы мақсатты трансфертердің атқарылуына, республикалық бюджеттен дамуға бөлінген мақсатты трансфертер мен несиелерге мониторинг қортындысы облыстық қаржы басқармасына тапсырылып отырады. Сонымен қатар, бюджеттің орындалуы туралы қажетті ақпараттар аудан әкімдігіне, маслихат жанындағы тексеру комиссиясына және басқада органдарға беріледі. Ай сайын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы мәліметтері, ағымдық мақсатты трансфертердің, дамуға бөлінген мақсатты трансфертер мен несиелердің орындалуының нәтижесі туралы мониторинг қортындысы аудандағы БАҚ -на жарияланады, аудан әкімінің көпшілік пайдаланатын WЕВ сайтына орналастырылады.

Бюджеттік жоспарлауды қаржыландыруға, қаржыландыру жоспарлары мен бюджеттік міндеттемелерге енгізілетін өзгертулер құжаттарын қазынашылыққа электронды түрде жеткізу, қаржыландыру есебін шығару, т.б. жұмыстарды автоматтандыру мақсатында «Парус Бюджет» компьютерлік бағдарламасы енгізілген. Бұл компьютерлік бағдарлама бюджеттік қаржының түзілуі және орындалуы жәйлі мониторингісін жедел алуға мүмкіндік береді.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап электронды жүйемен баға ұсыныстарын беру арқылы мемлекеттік сатып алулар жасала бастады. Аудандағы барлық тапсырыс берушілер 68 мемлекеттік сатып алушы субъектілері - сатып алуларды WЕВ портал арқылы жүргізеді, сонымен бірге келісім шартарды WЕВ порталда жасақтайды және тіркейді, келісім шартардың бағалық ,құндық көрсеткіштері беріледі.



Бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алулар жұмыстарындағы жариялығы және ашықтығы тоқсан сайын аудан әкімі отырысында тыңдалады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуы туралы жүйелі түрде кеңестер өткізіліп отыруы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының сақталуын қамтамасыз етеді.

Негізгі қиындықтарды талдау

Жоғарыда атап көрсеткендей негізгі қиындық бюджеттік бағдарлама әкімшілерін уақытылы және сапалы мәліметтермен қамтамасыз ету, оларды жоғары техникалық қамту, оның ішінде, бюджет қаржысының дер шағында игерілуін қамтамасыз ету үшін үнемі қаржыландыру жоспарын бақылап отыратын, мониторингі жүргізіп отыратын компьютерлік бағдарламалармен камту.

«Парус-бюджет» бағдарламасының толық және тиімді жұмыс жасауы үшін барлық төменгі бюджеттерде, бюджет қаржысы көп қаралатын бағдарлама әкімшілеріне осы компьютерлік бағдарламаны орнату керек.

WЕВ порталда мемлекеттік сатып алудың сапалылығын қамтамасыз етуде сатып алумен тікелей айналысатын мамандарды оқытып алудың да маңызы зор.

Сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Негізгі сыртқы факторлардың бірі – халықтың бұқаралық ақпарат құралдарымен қамтылуы, оның ішінде жергілікті бюджеттің атқарылу туралы мәліметтер жарияланытын жергілікті атқарушы органдардың WЕВ сайтының қол жетімділігі. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу WЕВ порталының техникалық себептермен жиі жұмыс жасамай қалуы.

Бүгінгі күнге бюджеттік бағдарламаларды орындау шегінде төмендегідей қиындықтар орын алған:

  1. бюджеттік процедуралардың көпсатылығы және күрделілігі (шешім қабылдаудан түпкілікті есеп айрысуға дейін) кей жағдайда бюджеттік бағдарламаның тиімсіздігіне дейін әкеледі.

Бюджеттік бағдарлама қаржысын уақытында игеру қиындығы әлі күнге жалғасуда. Бюджеттік тәртіптілік жоғарыласа да әлі күнге дейін бюджеттік бағдарламалар шараларын жүзеге асыру уақытын жоспарлауда кемшіліктер бар.

Нақтыланған нәтижелерге жету үшін ауданда мемелекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізуде бірқатар жұмыстар жүргізілді, атқарылған жұмыстарға сәйкес бөлімнің осы стратегиялық жоспары жасалды.

2-кесте. Негізгі бағыттар бойынша бюджет шығындары

Мың тенге



Атауы

2008 жыл


2009 жыл


ШЫҒЫНДАР

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

қорғаныс

білім

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

Тұрғын үй шаруашылығы

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қорғалатын табиғат жағдайлары, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар мен аңдарды қорғау, жер қатынасы

өнеркәсіп, сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі

Көлік және коммуникации

Басқалары

Трансферттер

2 074 000,0

149 394,3

4007,7

1 214 320,6

87 912,6

114 568,8

83 090,4
337 853,8
8 883,0

63 709,1

9 782,4

477,3

2 128 074,8

161 754,7

5493,7

1 405 946,1

18 354 121

123 193,5

177 760,6

170 104,2
38 515,8
24 481,8

8 538,0

10 176,1

2 110,3

Бүгінгі күнге бюджеттік бағдарламаларды орындау шегінде төмендегідей қиындықтар орын алған:

  1. бюджеттік процедуралардың көпсатылығы және күрделілігі ( шешім қабылдаудан түпкілікті есеп айрысуға дейін) кей жағдайда бюджеттік бағдарламаның тиімсіздігіне дейін әкеледі.

Бюджеттік бағдарлама қаржысын уақытында игеру қиындығы әлі күнге жалғасуда. Бюджеттік тәртіптілік жоғарыласа да әлі күнге дейін бюджеттік бағдарламалар шараларын жүзеге асыру уақытын жоспарлауда кемшіліктер бар.

Нақтыланған нәтижелерге жету үшін ауданда мемелекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің жаңа жүйесін енгізуде бірқатар жұмыстар жүргізілді, атқарылған жұмыстарға сәйкес бөлімнің осы стратегиялық жоспары жасалды.

Ішкі саясат

Жастар саясаты:

Байғанин ауданы бойынша 4811 жастар өмір сүруде, және ол ауданның жалпы тұрғындарының 20 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта жастар қызығушылықтарын жылжытудың негізгі механизмі жастарға арналған қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Ауданда тұрақты тіркелген жастар ұйымы жоқ.

Жастар саясаты саласындағы проблемалар:

Жастар арасында сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала беруде. Кадрлық, ғылыми, ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі жастар саясатын іске асыруда олардың тиімді әрекет етуіне, жастар саясатын аймақтық деңгейде іске асыруға кедергі туғызып отыр.

Ықтимал қауіп-қатерлер::

- аймаққа лақап діндердің кіруі және таратылуы .



Жастарды әлеуметтік интеграциялау және өзін зі реттеу саласында ішкі саясат басқармасымен жергілікті бюджетпен қаражаттаныдырылатын жастар ұйымдарын әлеуметтік мағынасы бар жобаларға тартумен оны іске асыруға мүмкіндік туғызатын әрекеттік механизм әзірленіп енгізілді.

БАҚ-тар:

Аудан бойынша 1 жергілікті бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарына республикалық «Хабар», «Қазақстан », «Ел арна »және «Евразия » телехабарлары көрсетіледі.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ-тар арқылы тарату ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау және қылмыстылыққа қарсы күрес

Қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы жедел ахуал соңғы жылдары қысымдылықтың жеке бір өсуімен сипатталады, ол өз кезегінде ауданның және жалпы елдің дамуы мен ішкі қауіпсіздігіне жағымсыз әсерін тигізеді.

Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың елеусіз төмендеу тенденциясы сақталады, сонымен қатар қоғамдық индикатор мен қоғамдық қауіпсіздік индикаторы болып табылатын көшелердегі қылмыстылықтың төмендеуі сақталуда.

Отбасы тұрмыстық қатынастағы қылмыстар таратылған сипат алуда, сонымен қатар, мас күйінде және есірткі пайдаланған мас күйінде жасалған қылмыстар.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсуде. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан артығы мектептердің, гимназиялар мен лицейдің оқушылары. Сонымен қатар олармен жасалған қылмыстардың жарты бөлігі ауыр және аса ауыр дәрежегі жатады.

Рұқсаттық еңбек миграциясы масштабы елеулі өсуде. Жыл сайын миграциялық заңдылықты бұзғаны үшін әкімщілік жауаптылыққа шетелдіктердің ауқымды мөлшері тартылып республика тыс шығарылады.

Авариялықтың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі белгіленеді. Елеулі емес, бірақ жолда болып жатқан жол көлік оқиғаларының саны азаюда, сонымен қатар қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны да азаюда.

Жыл сайын 150 қылмыс жасалса, олардың 70 пайызынан астамы далада көшелерде жасалады.

Әзірше тұрмыстық қылмыстарды алдын-алу бойынша шаралардың тиімділігі аз. Кісі өлімі мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру әсіресе алкогольді ішімдік пайдалана отырып. тұрмыстық отбасылық жағдайда жасалуда.

Жасөспірім қылмыстылығы да өзекті болып қала беруде.

Осыған байланысты «полицияның мектептегі инспекторлары» институтының дамуын одан әрі жалғастыру қажет. Полициялық инспектор әрбір қаланың, ауылдың

мектептерінде болуы керек, бұл өз кезегінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтарды ерте алдын алуға септігін тигізеді .
2.3. Орташа ерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің тәуекелдері мен кедергі туғызатын факторларының артықшылықтары мен дамудың
Артықшылықтары

Ауданның негізгі даму бағыты - мал шаруашылығын дамыту мен аудан территориясындағы мұнай кенін игеруге байланысты болып отыр. Аудан территориясының орналасқан жерінің мал жайылысына қолайлылығы, мұнай өндірісінің дамуы, аудан экономикасының дамуы, денсаулық сақтау , білім беру мен халықтың әлеуметін қорғау салаларының даму көрсеткіштері тұрақталды. Кәсіпкерлік саласы мен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында соңғы 3 жылда бұрын болмаған серпіліс бар.

Аудан экономикасын тұрақтандырудың негізгі артықшылықтары:

- Аудан территориясының үстінен темір жол мен Республикалық маңызы бар жолдардың өтуі :

-мұнай өнімдеррінің мол көзінің болуы :

- ауылдық елді мекендерді газдандыру жоспарының болуы :

-Жағымды инвестициялық климат, инвестиция құюға нагіз болатын жоспарлы өндіріс орындарының болуы:

-ауыл тұрғындарының санының тұрақталуы, демографиялық ахуалдың жақсаруы:

-еңбек нарығының дамуы, заман талабына сай кәсіптік білім беруге мүмкіндіктердің болуы .

- аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспарының болуы .
Кемшіліктері:

-Ауыл шаруашылығының дамуының табиғат жағдайына тәуелді болуы , яғни тәуекелділіктің жоғары болуы ;

-Аймақтың РЕспубликалық маңызы бар жолдары мен жергілікті маңызы бар жолдарының сапасының төменболуы ;

-ауылдардың инфрақұрылымдық потенциалының бірқалыпсыз болуы;

-Қоршаған ортаның ластаруы :

VIII. НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАР, МАҚСАТТАР, ТАЛАПТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бағдар 1: Аймақ экономикасының дамуы

Аймақ экономикасын институционалды дамытудағы жалпы бағыттар
Мақсат 1.1. Жағымды бизнес-орта қалыптастыру және отандық өнім сапасын көтеру




Көрсеткіштер, индикаторлар атаулары

Бағалау

1 кезең

2 кезең

Жауапты орындаушы

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар, млрд. теңге

30,0

31,0

33,0

35,0

40,0

45,0

ЭБЖБ

2

Тау-кен өндіру өндірісінің алдыңғы жылмен салыстырғандағы %

112,2

112,5

113,0

113,5

114,0

114,5

ӨКБ

3

Өңдейтін өндіріс орны алдыңғы жылмен салыстырғанда %

93.9

100.0

100,1

100,2

100,4

100,8

ӨКБ


Сапа стандарттары

Стандарттау жайлы аймақтық жоспарларды бекіту және іске асыру.

Менеджмент жүйесі бойынша МСБ үшін семинарларды өткізу.

Елді-мекен әкімдерінің жұмыстарын бағалау әдістеріне менеджмент жүйелерін енгізу.

Сапа тақырыптардағы сайыстарды өткізу
Қазақстандық мазмұны

Әкімшіліктерде түсіндірмелік жұмыс өткізу мақсатымен елді-мекендерде сапар жиналыстарын өткізу.

Отандық өндірісті әрі қарай дамыту жоспарлары.

Орталық пен жергілікті мемлекеттік органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басқарушылардың жеке жауапкершіліктерін орнату




Талап 1.1.2 Өнім мен қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін инновациялық жасап шығаруды жедел игеруге жағдай жасау және технологиялық жетілдіруде ат салысу

1

Өңдеу өндірісіндегі еңбек өнімділігі, млн. теңге




3,1

3,2

3,3

3,4

3,5

ӨКБ

2

ИСО стандарттарын енгізіп сертификаттаған кәсіпорын мен ұйымдардың санын көбейту, бірлік




1

1

1

1

2

ӨКБ




Талап 1.1.2 Инвестицияларды жұмылдыру

1

Экономиканың шикізаттық емес секторларына отандық және шет елдердің инвестициялары:

-ауыл шаруашылық қайта өңдеу саласынан басқа өңдеу өндірісі;

- ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, %

103,0


105,0




105,0

107,0



109,0



110,0






2

Инвестиция көздері диверсификацияланады (әрқайсысының үлесі 5%-дан аса негізгі 10 мемлекет-инвесторлар), %

1,0

1,0

1,1

1,2

1,2

1,3




Қол жеткізу жолдары:

Аймақтық инвестициялық жобаларды іске асу қалпын басқару мен ұсыныстарды жасау



Агроөнеркәсіптік кешен.

2-мақсаты. Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсіруді арттыру

Мақсатты индикаторлары:

  • Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің 2015 жылға қарай 1,5 есе өсуі;

  • Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі көлемінің 2015 жылға қарай 2,2 есе өсуі;

  • 2015 жылға қарай өндірілген өнім өндірісінде қайта өңдеу үлесін өсіру:

- ет өндірісін – ( 640 тонна) 12,8 пайызға, 2009 жылы ( 182 тонна – 4,6%) сүт

(қымыз,шұбат) өндірісін (1884 тонна) 16,1 пайызға, 2009 жылы (300 тонна – 2,6%)

дейін өсіру.

2011-2015 жылдарға бәсекеге қабілетті өнімді дамытудың мақсатты индикаторлары (міндеттері)

Мақсатты индикаторлары

Өлшем бірлігі

Болжамдалған мерзім

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру


  1. 2015 жыла дейін\:

  • көкөністі- 1350тоннаға,

  • бақшаны- 200 тоннаға,

  • картопты – 850 тоннаға дейін жеткізу;





тонна

тонна

тонна




1350

200

850


1350

200

850


1350

200

850


1350

200

850


1350

200

850

Ет және сүт өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру


2) 2015 жылға дейін мал шаруашылығы өнімін:

- ет (сою салмағы) – 5000 оннаға

- сүт – 11700 тоннаға дейін жеткізу.



тонна

тонна




4600

11300



4700

11600



4900

11700



5000

11700



5100

11700




Тұрғындарды өзіндік өндіріс азық-түліктерімен қамтамасыз ету және

ет және сүт өнімдерін экспорттау


4) Өз өндірісіндегі өнімінің қайта өңделген үлесі:

- ет, 2015 ж. қарай – 12,8 %

- сүт (қымыз,шұбат) 2015 ж. қарай – 16,1%
5) аграрлық сектордағы еңбек өнімділігі көлемінің 2015 жылға қарай 2,2 есе немесе 485 мың теңгеге (2009 ж.- 217 мың теңге) дейін өсуі


%

%


мың теңге



11,9
10,2


372



12,5
11,2


393



12,4
13,7


459



12,8
16,1


485



13,1
18,6


614


Тұрғындарды картоп, көкөніс өнімдерімен қамту мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі түрлерінің егістік көлемі одан әрі сақталады.


Атауы


Өлшем бірлігі

2010 ж.

баға

Болжам

2011г

2012г

2013г.

2014г.

2015г.

мың га

ц/га

Өнімі

тонна

мың. га

ц/га

Өнімі

тонна

мың.га

ц/га

Өнімі

тонна

Барлық егістік көлемі

га

145,8

155

155

1155







1655







2155







Мал азығы

Барлығы

га










227

4

91000

229,5

4

92000

237

4

95000

Оның ішінде








































Бір жылдық шөп

га










-

-

-



















Көп жылдық шөп

га










1000

5

500

1500

5

750

2000

5

1000

шабындық жайылым

га










226

4

90500

228

4

91250

235

4

94000

Картоп

га

75

75

75

75







75







75







Көкөністер

га

70

70

70

70







70







70







Бақша

га

0,8

10

10

10







10







10







Мақсатты индикаторларды орындау үшін инновациялық технологияларды енгенгізу бағытындағы міндеттер.

Ауданда қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларын (сою салмағы -52%), тұқымдас қойларды өсіру.

Табынды жылқы шаруашылығымен айналысу экологиялық таза жылқы еті мен қымыз өндірісін дамытудың өте қолайлы және экономикалық тиімді жағы болып табылады

2010-2015 жылдары іске қосылатын жобалар;

2011 жылы жүнді алғашқы өңдеуден өткізу цехын , 2012 жылы 400 бастық ірі

қара малын бордақлау алаңын, 2012-2015 жылдары 500 бастық 4 жылқы фермасын, 2012-2015 жылдары 20 мың басқа арналған 4 қой шаруашылық кешенін, 2013-2014 жылдары 2 қымыз өндіру цехын және 2014-2015 жылдары шұбат өндіру цехын ашу көзделеді.

Сүтті-тауарлы фермаларды, малды жемдеу және бордақылау инфрақұрылымын, қой өсіретін кешендерді, жылқы және түйе өсіретін фермаларды, орташа және ірі мамандандырылған шаруашылықтарды құру, агрокешендерді дамыту, 2009 жылмен салыстырғанда ет өнімдерін 2015 жылға қарай 28,6 %-ға немесе 1136,7 тоннаға, сәйкесінше сүт өнімдерін 1,0 %-ға немесе тоннаға, жұмыртқаны 2 есеге 29,1%-ға немесе 677 мың данаға дейін өсіреді.

2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай мал басын өсіру төмендегідей жоспарланып отыр: ірі қара малын 27,8 %-ға немесе 8360 басқа; қой-ешкіні – 32,9 %-ға немесе 52699 басқа; жылқыны – 23,0%-ға немесе 1381 басқа; түйені –7,2%-ға немесе 310 басқа; құсты – 1,8 есеге немесе 18000 мың басқа.

2011-2015 жылдарға мал шаруашылығы өнімдерін өндіру:





Өлшем бірлігі

2009 ж.

нақты

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ет (барлық түрі, сою салмағымен)

тонна

3963,3

4600

4700

4900

5000

5100

Сүт

тонна

11526

11300

11600

11700

11700

11700

Жұмыртқа

мың дана

2323,0

2100,0

2100,0

2500,0

3000,0

3000,0

Жүн

тонна

329,3

360,0

392,0

410,0

422,0

430,0

Мал басы (жыл аяғына)

Ірі қара малы

бас

30000

33400

33400

34736

36533

38360

Қой-ешкі

бас

160000

182000

182000

191100

201611

212699

Жылқы

бас

6000

6400

6400

6720

7043

7381

Түйе

бас

4300

4370

4370

4449

4529

4610

Құстар, барлығы

бас

22000

23000

27000

32000

40000

40000



Сонымен бірге, ауылдық тұтыну кооперативтерінің, сервистік-дайындау орталықтарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының қайта өңделген өнімдерінің көлемін ұлғайту одан әрі дамытылады.

Агрокешендерді дамыту мақсаты, ішкі нарықта азық-түліктік тауарларының отандық өндірісінің салаларында бәсекеге қабілеттілігін көтеру есебінен толық қанағаттандыру, қайта өңдеу салаларында жүйелі құрылған кәсіпорындарды техникалық және технологиялық қайта жабдықтау, инаватцияны енгізу, инвестицияларды тарту.



Көрсеткіштері

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.теңге

4315

4765

5079

5547

5557

2

Алдыңғы жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің өсімі, % (ИФО)

115,9

102,3

104,0

106,1

107,0

3

Алдыңғы жылдардағы өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі, % (ИФО)

117

102

100

100,2

100

4

Алдыңғы жылдардағы мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі, % (ИФО)



115

102,7

107,3

107,9

110,2

5


Қайта өңделген ауыл шаруашылығының өсімі, %

103,5

103,8

104,0

105,0

105,5

6

Алдыңғы жылдардағы жалпы қосымша құнының өсімі, %



101

111,2

107,2

110,6

100,1

7

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге салынған инвестицияның өсуі, %


106,6

107,4

108,0

109

110

8

Ауыл шаруашылығы құрылымдары (кәсіпорындары) өндірісінің жалпы көлеміндегі мал шаруашылығы өнімінің үлес салмағы, %-пен:

ет

сүт

жұмыртқа

жүн




14,0

1,9

-

46,6


15,0

2,2

-

47,3


16,0

2,8

-

50,5


19,0

3,3

-

53,7


20,0

4,0

-

56,8

9

Маусым аралығында аудан тұрғындарында тамшылатып суару көлемін ұлғайту есебінен көкөніспен, жеміс-жедекпен қамтамасыз ету, %


54

64

73

90

100

10

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаумен, сақтаумен, тасумен және қайта өңдеумен айналысатын ауылдық тұтыну кооперативтерін құру бірлік



1

1

1

1

1

11

Жаңарған ауыл шаруашылық техникаларының үлесі

3,0

3,5

4,0

4,4

5,0

12


Асыл тұқымды шаруашылықтар саны, бірлік


1

1

1

1

1

13

Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы, %-пен:
МІҚ
Қой-ешкі

Жылқы

Түйе

1,1

1,3

1,7

1,9

2,0

8,1

8,4

9,0

9,5

10,0

6,6

7,0

7,5

8,0

9,0

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

14

Аймақты жеммен қамтамасыз ету, %

100

100

100

100

100

Жетістіктерге жету жолдары:

Өсімдік шаруашылығында:

- лизингке ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын алуға жәрдем беру («Ақтөбе-агросервис» ЖШС, «Ақтөбе ауыл микрокредит» ШНҰ ЖШС, «Казагрофинанс» АҚ)

Мал шаруашылығында:

- республикалық (трансферт) және жергілікті бюджеттер есебінен мемлекеттік көмек (субсидия) беру;

- азықтық дақылдарды көбейтуге және жем цехтары құрылысына жәрдем беру;

- жайылымдарды пайдалану мақсатында шахталық және құбырлы құдықтарды салатын және жөндейтін мамандандырылған кәсіпорындарды құруға жәрдем беру;

- шаруашылықтарда жұмыс жасайтын мал бағушылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесу;

- мал шаруашылығы өнімдерін дайындайтын сервистік-дайындау орталықтарын, ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға жәрдемдесу.



2-міндет. Бәсекеге қабілетті өнім өндірісі және экспорттық потенциалды көтеру



Көрсеткіштері

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Инвестициялық-активті кәсіпорындардың үлесі, %

2,1

2,7

3,0

3,1

3,4

2

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі, % ет

сүт (қымыз, шұбат)


11,9

10,2


12,5

11,2


12,4

13,7


12,8

16,1


13,1

18,6

3

Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау үлесі, %

100,3

100,3

100,4

100,5

100,6

4

Экологиялық таза өнім экспорты, тонна:

ет

сүт



29

12



33

13



37

13,4



40

14,5



50

15

5

Территорияның эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету үшін ветеринарлық шаралар өткізу, %


100,0


100,0


100,0


100,0


100,0

6

Ветеринарлық – санитарлық нысандармен:

Мал сою пунктері мен алаңдарымен қамтамасыз ету
Өлген малдарды көметін объектілермен қамтамасыз ету, %


100,0


100,0


100,0


100,0


100,0

40

60,4


83,5

91,2

100


Жетістіктерге жету жолдары:

Өсімдік шаруашылығында:

- картоп өндірісінде жаңашыл технологияларды енгізу;

- жаңашыл технологияларды енгізуші мамандарды оқытуға және қайта даярлауға көмек көрсету;

- аса қауіпті зиянды организмдер және карантинді зиянды аурулар, өсімдіктердің және арамшөптердің аурулары таралатын және дамитын болжамдалған аумақтарда химиялық күрес жүргізу (республикалық бюджет шығындары);

- өсімдік шаруашылығына зиянды нәрселердің өсуі және таралуы мүмкін аумақтарда химиялық күрес жүргізу (жергілікті бюджет шығындары).

Мал шаруашылығында:

- жаңашыл технологияларды енгізуші және салаларға енгізген мамандарды оқыту және қайта даярлауға көмек көрсету;

- асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту және орташа және ірі тауарлы өндірісті және басқаларын құрылымдаудың генетикалық потенциалын көтеру;

- «НУХ «КазАгро» АҚ, «Актобе агросервис» ЖШС, «Ақтөбе ауыл микрокредит» ШНҰ ЖШС және ауылдық тұтыну кооперативтерінің қаражаттарының фермаларды (сүтті және етті бағыттағы) дамытуға бөлінуін қамтамасыз ету;

- Ауданда мал сою пунктері, өлген малдарды көметін орындар (биотермикалық шұңқырлар) құрылысына және қалпына келтіруге және оларды ветеринарлық нормаларға сай ұстауға жәрдем беру;

- ауру малдарды сою жұмыстарына, өлген малдарды көметін орындардың жұмыстарына ұстауға жәрдем беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет