Аймақаралық ынтымақтастық
Аймақаралық ынтымақтастық экономикалық қатынастардың маңызды факторы болып қалады, бұлардың негізінде түрлі өнеркәсіп салаларындағы өндірістік кооперацияның дәстүрлі қалыптасқан сұлбасы бар.
Батыс Қазақстан облысының іс жүзінде барлық аймақтармен сауда-экономикалық қатынастары бар. Аймақаралық қызметінің ең белсенді қатысушылары Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары, Астана және Алматы қалалары болып табылады.
2013 жылы басқа аймақтарға адамдар саны 50-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша жүкті тиіп қойылған өндірілген өнімнің көлемі 307 411,0 млн. теңге құрады.
Аймақаралық ынтымақтастықта белгілі бір тауар түріне дистрибьюторлардың болуы (жосықсыз бәсеке) күрделі мәселе болып табылады. Тауарлық нарықта үлкен өндірістік компаниялардың дистрибьюторларының (өкілдерінің) болуына байланысты, көбінесе шетелдік, жергілікті өнім өндірушілер олармен бәсекелесе алмайды, өйткені сұранысқа ие болған кейбір тауарлардың бағалары олармен демпингтенеді.
Аймақаралық ынтымақтастық дамуының жақсаруы:
мәдениет және экономикалық әлеуеті туралы аймақаралық ақпараттық айырбастауды ұйымдастыру;
аймақтың көрме-жәрмеңке шараларын жыл сайын өткізу;
қауымдастық құрылымдарымен және бірлестіктермен (Батыс Қазақстан облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы) халықаралық және аймақаралық ынтымақтастық саласы бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде ақпарат алмасу және бірлескен ұсыныстарды құру;
аймақтар арасында тәжірибие алмасу үшін алаңдар ұйымдастыру арқылы жеке бастамаларды және өнеркәсіп әлеуетін дамыту;
аймақтық тауарөндірушілерді маркетингтік ілгерілетуді ұйымдастыру арқылы аймақаралық тауар айналымының үлесін арттыру.
17-кесте
Аймақаралық ынтымақтастық жүргізетін
облыс кәсіпорындары
Кәсіпорын атауы
|
Жеткізілетін өнім
|
Аймақ-серіктес атауы
|
«Зенит» АҚ
|
кеме және катерлер
|
қалалар: Ақтөбе, Атырау
|
«Орал механикалық зауыты» ЖШС
|
иінді білік
|
облыстар: Ақтөбе, Атырау
|
«Оралагрореммаш» АҚ
|
металл құрылым
|
облыстар: Атырау, Маңғыстау
|
«Орал құю-механикалық зауыты» ӨК
|
шойын бұйымдар
|
облыстар: Атырау, Маңғыстау
|
««Омега» прибор құру зауыты» АҚ
|
«Тазасу» қондырғылары
|
Барлық аймақтар, Шығыс Қазақстаннан басқа
|
«Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы» АҚ
|
силикатты кірпіш, ізбес
|
қалалар: Өскемен, Қарағанды
облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда
|
«Гидромаш-Орион-КТБҚ» ЖШС
|
темірбетон бұйымдары
|
облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау
|
«Стройкомбинат» ЖШС
|
керамзиттік қиыршық тас
|
қала: Астана
облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау
|
«Стеклосервис» ЖШС
|
әйнек
|
Қазақстаннның барлық аймақтары
|
«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС
|
полиэтилендік құбырлар
|
облыстар: Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда
|
«Желаев нан өнімдер комбинаты» АҚ
|
ұн, макарон өнімдері
|
Қазақстаннның барлық аймақтары
|
«Кублей» ЖШС
|
консерв бұйымдары
|
Қазақстаннның барлық аймақтары
|
«Агропродукт – ЛТД» ЖШС
|
шұжық өнімдері
|
Қазақстаннның барлық аймақтары
|
«КроунБатыс» ЖШС
|
ет және ет өнімдері
|
облыстар: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік-Қазақстан
|
Аймақаралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілген өнімі көлемінің сандық артуы;
-
шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлер қауымдастықтары, кәсіпкерлерді қолдау орталығы;
-
Орал қаласында кәсіпкерлерді қолдау Орталықтарын құру;
-
ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін моноқалалар мен шағын қалалардың кәсіпкерлері үшін үлкен жеңілдіктер беретін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру;
-
кәсіпкерлікті қолдауға жыл сайын бюджеттік шығындарды арттыру.
| -
кепілзаттық қамтамасыздың болмауы себебінен несиелік ресурстарына қолжетімділігін шектеу;
-
банк несиелерінің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемелері; несиелік мекемелерде құжаттарды қарауының көп уақыттылығы; салық салу саласында жеңілдіктердің болмауы; несиелік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;
-
жұмысшылар және меншік иелерінің тәжірибесінің болмауы, білікті мамандардың жеткіліксіздігі;
-
шағын және орта бизнеске қатысты ҚНА-дің жетілдірілмегендік мәселелері; заңды көмектің жетілдірілмегендігі немесе болмауы, кәсіпкерлердің біліксіздігі;
-
салалық теңгерімсіздік және шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
аутсорсинг және франчайзинг қағидалары негізінде ірі және орта кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациялық байланыстарды жолға қою;
-
шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;
-
нарықтағы сұраныс және ұсыныс, бәсекелестер, шикізат жеткізушілер, дайын өнімдерді өткізу және тендерлерде қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін құру;
-
шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту.
| -
жұмыссыздықтың, бірқатар шағын және орта кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты әлеуметтік алаңдаушықтың артуы;
-
әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеу себебінен мердігерлік жұмыстар көлемінің азаюы;
-
ішкі нарықта импорттық тәуелділіктің өсуі.
|
Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдің проблемалары:
өңірлердің айтарлықтай қашықтығы, бұл көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын негіздей отырып өңіраралық тасымалдаудың жоғары көліктік шығындарына ұштастырады;
экономиканың көптеген салаларының төмен бәсекеге қабілеттілігі, тұтыну және инвестициялық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың үстемдігін негіздей және қазақстандық компанияларға қолда бар әлеуетін ішкі нарықта пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Инновациялар
2014 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 768 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді немесе 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен.
Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың саны 2014 жылы 51 бірлік құрады, соның ішінде 16 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібінде.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 6,6% құрады (2013 ж. – 5,3%). Инновация саласының барлық түрлері бойынша жоғары белсенділік кіші кәсіпорындарда байқалады және 60,8% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2014 жылы 18,4% құрады.
Инновациялық өнім көлемі 5996,4 млн. теңге құрады, соның ішінде өткізілген өнім сомасы 5937,1 млн. теңге. Экспортқа шығарылған инновациялық өнім көлемі 65,2 млн. теңге құрады.
Өнімдік және үдерістік инновациялар шығыны 2745,3 млн. теңге құрады. Бұл ретте, кәсіпорынның өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған меншіктік қаражат шығындары 1200,1 млн. теңге құрайды, бұл инновациялық қызметті жүзеге асырудың барлық шығындарының 43,7%-н құрайды.
ЖАӨ-ның жалпы көлеміндегі инновациялық өнім және инновациялық сипаттағы қызметтер үлесі - 0,3%.
18-кесте
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің басты көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындар саны, бірлік
|
53
|
34
|
51
|
Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі, %
|
9,5
|
5,3
|
6,6
|
Инновациялық өндірілген өнімнің көлемі, млн. теңге
|
4 399,3
|
9 009,5
|
5 996,5
|
Өнімдік және үдерістік инновациялар шығындары, млн. теңге
|
3 053,3 *
|
10 692,9
|
2745,3
|
Сауалнамаға жауап берушілер саны
|
553
|
646
|
768
|
* - технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы қаржы шығындары
2013 жылы өндірілген инновациялық өнім көлемінің 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскендігі байқалады, бұл өнімдік, үдерістік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновацияларды енгізуші кәсіпорындардың белсенділігіне байланысты.
Машина жасау, прибор құру, мұнай-химия және табиғатты қорғау технологиялары саласындағы инновациялық қызметті ынталандыру және қажетті жағдайлар жасау мақсатында облыста «Алгоритм» технопаркі жұмыс істейді. Технопарк алдына инновациялық инфрақұрылымды құру, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының инновациялық үдерісін құрайтын - ғылыми әлеует, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпорындардың өзара әрекетін қамтамасыз ету мақсаты қойылған.
Облыста инновацияның дамуына септігін тигізетін бірқатар құрылымдар, қорлар, бизнес орталықтары жұмыс жасайды. Бұған «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ, ӘКК жанындағы инновация және инвестицияларды тарту орталығы, бизнес-инкубаторлар, фермерлерге, кәсіпкерлерге жәрдемдесу қоры және басқалар жатады. Олар консалтингтік, ақпараттық қызметтер, бизнес-жоспарлау және маркетингтік қызметтер көрсетеді.
Инновациялық гранттар беру мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен тұсаукесерлер, семинарлар, конференциялар үнемі өткізіледі. Ақпараттық-таныстыру жұмыстары (көрме қызметтері, бизнес-конференциялар, семинарлар, инвестициялауға әлеуетті инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру консалтингі) жүргізіліп отырады. Үстіміздегі жылы облыс әкімдігі және облыстағы ЖОО арасында инновацияларды дамыту, өнеркәсіп кәсіпорындарымен кооперацияны дамыту мәселелері жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Инновацияны дамыту және енгізу бойынша ведомстволық жоспар дайындалып, іске асырылуда.
«Алгоритм» технопаркі» ЖШС негізінде зияткерлік меншік құқықтары иегерлері - ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, жеке тұлғалардың ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында аймақтық коммерцияландыру орталығы (бұдан әрі - АКО) ұйымдастырылды.
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Қазақ инновациялық технологиялар және басқару институтымен, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетімен ынтымақсатық туралы келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, облыста Инновацияларды дамыту жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) және «Алгоритм» технопаркі» ЖШС Қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері келесі ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар болып табылады: КПО б.в., «Жайық Мұнай» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және т.б. Қамқоршылық кеңесімен ҒТК-нің «Аэробот өндірісін ұйымдастыру» және «Көлік техникасы және технологиялық жабдықтар тораптарына арналған қайта-айналғыш сырғыту мойынтірек жаңа құрамын дайындау» жөніндегі 2 жобасы мақұлданды және оны іске асыруға жалпы құны 7,5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу ұсынылды. ҒТК шеңберінде АКО-ның бастамасымен «Коммерцияландыру мәселелері бойынша келісілген ұсынбаларды игеру және жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы» құрылды.
Бұдан басқа, облыста жеткілікті станоктар жиынтығы бар бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді.
Бұрынғы қорғаныс кешені зауыттарының кадрлық және техникалық әлеуеті сақталған. Аймақтың бірқатар кәсіпорындарда конструкторлық топтар бар, ҒЗТКД (ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық дайындаулар) қағидасы бойынша жұмыс сақталған.
Облыстың инновациялық дамуының алғышарттарына келесі факторлар жатады:
машина және прибор құру саласында жоғары білікті мамандардың болуы;
қорғаныс саласы кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті;
қолданылмайтын өндірістік орындар;
пайдалы қазбалары бар кен орындарының болуы.
Кәсіпорындармен жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті негізінде кебекәйнек, жасанды қиыршық тас жасап шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен бірге «Жабық су айналымы қондырғысында ерекше азықтандырылатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың аквамәдениеті» жобасы жүзеге асырылуда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттар беруге қолдау көрсетіліп келеді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2012-2014 жылдары 34 инновациялық жобаны іске асыруға 101 млн. теңге қаржы бөлінді.
Негізінен, инновациялық жобалар кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2012-2014 жылдары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на жолданған жобалар қолдау таппады.
Инвестициялар
Облыс экономикасын дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар тұрақсыз серпінді көрсетіп отыр.
19-кесте
Негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2014 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %
|
Негізгі капиталға инвестициялар
|
164 652,2
|
193 869,0
|
270 092,4
|
100,0
|
Нақты көлем индексі алдыңғы жылға, %
|
92,1
|
114,5
|
137,3
|
-
|
соның ішінде
|
|
|
|
|
шетел инвестициялары
|
61 856,9
|
х
|
х
|
-
|
республикалық бюджет қаражаты
|
18 304,9
|
24 654,0
|
32096,9
|
11,9
|
жергілікті бюджет қаражаты
|
4 233,0
|
3 385,0
|
13132,9
|
4,8
|
өз қаражаттары
|
50 559,9
|
131 222,0 *
|
182 745,7 *
|
67,7
|
несиелік қаражаттар
|
29 697,5
|
34 608,0
|
42116,9
|
15,6
|
* - кәсіпорындардың өз қаржысы, шетелдік кәсіпорындардың өз қаражатын қоса
Негізгі түсім немесе инвестициялардың 60,9% облыстың тау-кен өнеркәсібін дамытуға бағытталды. Бұл ретте, 2013 жылға қарағанда 2014 жылы инвестициялардың 37,3%-ға өсуі шетел инвесторларының қаражаттарын Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын игеруге салуымен байланысты.
20- кесте
Пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша
негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2014 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %
|
Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы
|
164 652,2
|
193 869,0
|
270 092,4
|
100,0
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
Өнеркәсіп
|
109256,2
|
135780,0
|
194 711,5
|
72,1
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
тау-кен өнеркәсібі
|
88723,0
|
117809,8
|
164542,7
|
60,9
|
өңдеу өнеркәсібі
|
12055,0
|
7921,6
|
12148,3
|
4,5
|
электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау
|
3825,6
|
5308,5
|
13822,9
|
5,1
|
сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
4652,6
|
4740,1
|
4197,6
|
1,6
|
Құрылыс
|
2441,4
|
1394,9
|
2425,4
|
0,9
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
1236,4
|
728,9
|
695,2
|
0,3
|
Көлік және қоймалау
|
11927,0
|
25444,1
|
25777,4
|
9,5
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу
|
3085,4
|
2456,7
|
4880,1
|
1,8
|
Білім беру
|
5819,3
|
2185,5
|
4483,8
|
1,7
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
|
3214,8
|
5335,9
|
5472,2
|
2,0
|
Қызметтердің басқа түрлерін көрсету
|
27671,7
|
20543,0
|
31646,8
|
11,7
|
Қолайлы бизнес ахуалға, аймақтың инвестициялық тартымдылығына, табиғи және минералдық бай ресурстардың болуына, өңірдің қолайлы географиялық орналасуы мен қолайлы инвестициялық жағдайдың болуына қарамастан, инвестициялар құрылымы өзгеріссіз қалпында қалып отыр, яғни ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету және басқа салаларда қарқынды өсім байқалмайды. Ең ірі кәсіпорын-инвесторларының көбі мұнай-газ өнеркәсібінде шоғырланған.
Облыс аудандары аумағының инвестициялық тартымдылығы
Облыс аудандарының аумағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға мүмкіндік беретін ресурстық әлеуетке ие.
Бөрлі ауданында ірі Қарашағанақ мұнай-газ конденсат кен орны және Ақсай бор кен орындары бар.
Зеленов ауданында Чинарев мұнайгаз конденсат кен орны игерілуде, құрылыс құмын, құмды-қиыршық тас қоспасы, сазды (кірпіштік) шикізатын, Погодаев кен орнында керамзит сазын, Цыганов кен орнында кварцты құмын барлау және өндіру жұмыстары іске асырылуда.
Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» борлы-калий тұз кен орны, «Индер» кен орнында құмды-қиыршық тас қоспасы мен құм игерілуде.
Теректі ауданындағы Түксай кен орнында сазды керамзит шикізатын, цемент шикізаты бар Ақсуат кен орнында борды, Ақжайық кен орнында минералды суды және басқаларын өндіру ұйымдастырылған.
Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар кен орнында бор, сазды шикізат және опока қорлары бар, гидравликалық қоспа ретінде Шипов кен орнында табылған кремний сазын пайдалануға болады.
Зеленов, Теректі, Тасқала, Сырым және Бөрлі аудандарының ауыл шаруашылығы алқаптары өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе және Казталов аудандары мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөптік ауыл шаруашылығы алқаптарына ие.
Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандары шекара маңындағы аудандар болып табылады және Ресей Федерациясының облыстарымен шекараласады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемі немесе 47,8% Бөрлі ауданына салынды (129,5 млрд. теңге), бұл Қарашығанақ газконденсаты кен орнын игерумен байланысты. Зеленов ауданына 19,4% инвестициялар тартылды немесе 52,3 млрд.теңге, бұл Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орнын игерумен байланысты. Орал қаласына 21,3% немесе 57,6 млрд.теңге инвестициялар салаларды дамытуға бағытталды.
Теректі ауданына – 8,5 млрд.теңге (3,2%), Казталов ауданына 8,0 млрд.теңге (3,0%), Жаңақалаға – 3,2 млрд.теңге (1,2%), Қаратөбеге – 2,8 млрд.теңге (1,1%), Ақжайыққа – 2,7 млрд.теңге (1,0%) инвестициялар бағытталды.
2014 жылы Бөрлі ауданында 1557,6 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өнімнің жалпы көлемінен 84,7%. Өнеркәсіп өнімінің 8,7% Зеленов ауданына, 6,1% Орал қаласына тиесілі.
Ресурстық-шикізаттық әлеуетке байланысты Бөрлі және Зеленов аудандарында тау-кен өндіру өнеркәсібі дамыған.
Машина жасау, металл өңдеу, құрылыс индустриясы, тағам, жеңіл өнеркәсібі саласының кәсіпорындары, негізінен Орал қаласында шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен шамамен 70% Орал қаласына тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |