Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ


Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау



бет6/20
Дата25.02.2016
өлшемі2.2 Mb.
#22215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • табиғи және минералдық ресурстарға бай болуы салдарынан облыстың инвестициялық тартымдылығы;

  • қолайлы географиялық орналасуы;

  • машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарындағы жоғары білікті кадрлар;

  • қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті.




  • шарттық қатынастар мен заңдардың сақталуын қамтамасыз ететін заңнамалардың тұрақсыздығы және тетіктерінің болмауы;

  • инвестицияларды тарту бойынша (кедендік және валюталық режим) әлсіз бәсекелестік жағдайлар;

  • инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтар, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және өзгелері) инфрақұрылымдардың дамымағандығы;

  • инвестицияларды тартумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымдарды қалыптастыру;

  • экономиканың қайта өңдеу секторына өндіруші секторынан инвестицияларды қайта бөлу есебінен экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.




  • инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау;

  • негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлемінен өңірді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту;

  • инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнес және ғылымның өзара әрекеттесуінің әлсіздігі инновациялық дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы, технологиялар трансферті мен инновацияларды енгізудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі, ал бизнес құрылымдарда озық ғылыми жетістіктері мен перспективалары, оларды коммерцияландыру туралы ақпарат проблемасы бар.

Отандық зерттеулер мен әзірлемелер нақты нарықтық талаптар мен шарттарға әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікті сақтамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тәртібі жоқ.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді көрсететін проблемаларға инфрақұрылымның дамымауы, инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау, инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы және т. б. жатады.


Әлеуметтік сала
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру.

2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста 149 балабақша, 52 «мектеп-балабақша» кешені және 264 шағын орталық жұмыс жасайды. 2012 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар саны 143-тен 149 бірлікке дейін өскен.

Жалпы, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен (3-тен 6 жасқа дейін) қамтуда 97,5%-ға дейін арттырумен айқындалған оң беталыс байқалады (2012 жылы – 95,3%).

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың оң серпіні баланың бірінші сыныпқа қабылдануына дайындығын арттыруға және жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оның табысты бейімделуіне ықпал етті.

21 кесте

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму көрсеткіштері





2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015

оқу жылы

2014/2015 оқу жылы 2013/2014 оқу жылына, %-бен

Мектепке дейінгі ұйымдар - барлығы

471

469

465

99,1

Соның ішінде: мемлекеттік

466

462

457

98,9

жеке

5

7

8

114,3

Балабақша саны

143

145

149

102,8

Мектеп -балабақша саны

39

39

52

133,3

Шағын орталықтар саны

289

285

264

92,6

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны, мың адам.

27,9

27,6

28,1

101,8

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

95,3

95,7

97,5

х


Орта білім беру

Облыстың білім беру мекемелерінің саны – 401 мектеп, оның ішінде 397-сі мемлекеттік, 4-уі мемлекеттік емес.

Облыстың мектептерінде үшауысымдық оқу жойылды.

2013 жылы облыста 6 апатты жағдайдағы мектеп жұмыс жасады. 2014 жылы 2 нысанға (Бөкей ордасы ауданының Жиекқұм ауылындағы ЖОББМ, Теректі ауданының Новопавловка ауылындағы ЖОББМ) күрделі жөндеу жұмыстары және Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылындағы мектептің құрылысы жүргізіліп, апатты жағдайдағы мектептер саны 3 бірлікке қысқарды. 2015 жылы апатты жағдайдағы мектептердің орнына 3 мектептің құрылысы аяқталды.

Шағын жабдықталған мектептер санының көп болуы өңірдің білім беру жүйесінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан ауылдық жерлерде 339 (85,4%) мектеп орналасқан, оның 239-ы немесе 70,5% - ШЖМ. Шағын жабдықталған орта және негізгі мектептер заманауи оқу жабдықтарының, кабинеттердің болмауына байланысты, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу сапасының төмендеуіне жол беруде.

Аймақта жеткілікті жоғары білім денгейі байқалады. 2014 жылы 3307 мектеп бітірушісі ҰБТ түріндегі орта мектеп бойынша қорытынды аттестаттаудан өтіп, жалпы мектеп бітірушілердің 69,84%-ын құрады. ҰБТ орташа балы 81,25 құрады (2013 жылы -78,15), республикалық көрсеткіш –76,9 балл (республика өңірлері арасында 4-орын).

ҰБТ нәтижелерінің мониторингі 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы бітірушілердің білім сапасы бойынша көрсеткіштері 3,86 баллға жоғары.

Сондай-ақ, қала мектептері түлектерінің орташа ҰБТ көрсеткіші (85,34) ауыл мектептері түлектерінің ҰБТ нәтижелерінен (78,5) 6,84 балға жоғары екендігі байқалады. Қала және ауыл мектептерінің білім сапасы арасындағы айырмашылық ауылдық жердегі мектептердің көпшілігінің шағын жинақты болуы және материалдық-техникалық жағынан аз қамтылуымен түсіндіріледі.

Қабылданған шараларға қарамастан, білім беру сапасына кері әсер ететін факторлар бар. 129 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ, мектептердің 29,8%-да тамақтану бейімделген ғимараттарда ұйымдастырылған, тамақтану блоктары қазіргі заманғы құрылғымен жабдықталмаған.

Облыстың мектеп жасындағы балаларының 100%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Облыстың педагог кадрларының саны 12161 адамды құрайды, соның ішінде жоғарғы санатты – 1415, І санатты – 4253 адам, II санатты – 3678 адам.

22-кесте


Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің даму көрсеткіштері




2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы 2013/2014 оқу жылына %-бен

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер - барлығы

416

410

401

97,8

Соның ішінде: мемлекеттік

413

407

397

97,5

жеке

3

3

4

133,3

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны, мың адам

87,5

87,0

88,7

102

ҰБТ-ның орташа баллы

77,39

78,15

81,25

х

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны,

оларда:


39

38

38

100,0

оқушылар саны, мың адам

26,3

24,7

22,1

89,5


мамандар шығару, мың адам

8,5

8,3

7,4

89,2

2014 жылы жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 27 бірлікке артып, 218 мектепті құрады, бұл барлық мектеп санының 54,9% - ын құрайды, жоспарлы индикатор бойынша 45,0%.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі 96 түзете-дамыта оқыту сыныптарында 534 оқушы білім алды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 29,0 %-ға артық. Түзете-дамыта оқыту сыныптарының саны 13 бірлікке көбейді (15,7%)

Жалпы білім беретін мектептерде 177 арнайы педагог (96 дефектолог және 81 логопед) бірлігі енгізілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 41 бірлікке немесе 30,0% -ға артық.

Балаларды инклюзивті біліммен қамту 11,1%-ға көбейіп, мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 59,3%-ын құрады, бұл да жоспарлы индикатордан жоғарғы көрсеткіш (55,0%).

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 22,1 мың жалпы оқушы контингентімен 38 бірлікті құрайды, соның ішінде 27-сі мемлекеттік колледждер.

Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 78 мамандық пен 144 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда.

ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны 1977 адамды құрайды, оның ішінде 311-і өндірістік оқыту шеберлері.

Облыстың әр ауданында колледждер жұмыс жасайды, даярланатын кәсіптер мен мамандықтар тізімі облыс экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілген.

ТжКБ ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген 4117 түлектің 3138-і немесе 76,2%-ы кәсіпорын базасында тәжірибеден өту орнымен қамтамасыз етілген.

2014 жылғы түлектердің кәсіби даярлық деңгейін тәуелсіз бағалау 53 мамандық және 85 біліктілік бойынша 7014 адамды қамти отырып, жүзеге асырылды. Сәйкестік сертификаттарын 6577 адам алды немесе қатысушылардың жалпы санынан 93,7%.

Сонымен қатар, ТжКБ саласында шешілмеген мәселелер де бар. 27 техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының 7-уі бейімделген ғимараттарда орналасқан, 4 оқу орнының жатақханалары жоқ.

Бизнес қауымдастығы мен оқу орындары арасындағы қарым-қатынастың дамуы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері базасында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуде қиындықтар орын алуда. Жұмыс берушілердің қатысуынсыз өндіріске қажетті мамандарды дайындау мүмкін емес. Сондықтан мамандарды дайындау, кәсіптік білім беру үрдісінде жұмыс берушілердің рөлін, жауапкершілігі мен құзырын ретке келтіру қажет және жеке сектордың қаржысын білім беруге тартудың заңнамалық негізін жасақтау қажет. Кадрларды дайындау үрдісіне, педагогикалық кадрлардың тағылымдамадан өтуіне және оқу орындардың материалдық базасын жақсартуға демеушілік көмекті көбейту.

Колледждерде оқу үдерісінің сапасын көтерудің кідіртуші факторларына қазіргі заманғы оқу әдебиетінің тапшылығы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі жатады.



Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және сақтандыру шараларын жүргізу.

Облыста 1222 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар немесе 0-ден 18 жасқа дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан 0,7%. Олардың ішінен 809 бала қорғаншылық және қамқорлық орындарында орналасқан, 176 бала – қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеленуде, 237-сі білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 4 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленуде.



Білім беру бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

  • мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жоғары қамтылуы;

  • мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер.




  • білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

  • балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

  • білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі толық дамымаған;

  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

  • колледж бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • білім беру нысандары құрылысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту;

  • электрондық оқытуды енгізу;

  • жеке балабақшалар ашу;

  • қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту;

  • отбасылық үлгідегі үйлерді ашу.




  • білім беру нысанының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы;

  • еңбекақының төмен болуына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың кетуі;

  • саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымының материалдық және техникалық базасының айтарлықтай тозуына әкеліп соғады.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің көптігіне қатысты мәселелер орын алуда (2015 жылдың 1 қаңтарына – 20532 бала).

Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуiне әкелуі мүмкін.

Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы оқушы орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюiне әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру, апатты жағдайдың алдында тұрған мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажет.

Көптеген азаматтардың жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесіне немқұрайлы қарауы нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаймай отыр. Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың мәселелерін шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Электронды оқу жүйесін пайдаланушылардың төмен уәждемесі жүйені қолдану қызығушылығының төмендеуіне, жаңалықтарды елемеушілікке, жүйені енгізу мерзімінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Мамандандырылған тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу, оқу үрдісіне АКТ-ны міндетті қолдану туралы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту қажет.

12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқушылар контингентінің өсуі күтіледі. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылатын болады. 6 жасар балаларға жағдай жасау, қосымша ойын бөлмелерін ашу қажет.

Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарын қажетті оқу құралдары мен техникамен әрі қарай жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері қарастырылуда.
Денсаулық сақтау

2012-2014 жылдар кезеңінде мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің емханадағы, қалалық және ауылдық дәрігерлік амбулаториялардағы қызметтерін ұсынатын профилактикалық және психоәлеуметтік көмек бөлімшелері бар аралас типтегі құрылымдарды құрумен, амбулаторлық-емханалық көмекті қайта құрылымдау жүргізілді.

23 кесте

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесі

бірлік





2012 ж.

2014 ж.

Ауытқу +/-

Барлық

медициналық ұйымдар

435

428

-7

Стационарлар

36

36

0

Қалалық емханалар

5

6

+1

ДА

93

91

-2

ФАП

34

34

0

МП

256

250

-6

Санаторийлер

2

2

0

Орал қаласындағы басқа медициналық ұйымдар

9

9

0

Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемі 2012-2014 жылдары 32,7%-ға көбейді (2012 ж. – 16,5 млрд.теңге, 2013 ж. – 19,4 млрд. теңге, 2014 ж. – 21,9 млрд.теңге).

2014 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар мен ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Төлем 1 тұрғынға есептегенде кешенді жан басына шаққандағы тарифпен жүзеге асырылады.

2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлестері үшін МСАК ұйымдарының қызметкерлерін ынталандыруға республикалық бюджет қаражатынан 759,8 млн. теңге бөлінді, яғни 1 тұрғынға айына 100 теңгені құрайды.

Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру 2012 жылғы 69,8%-дан 2014 жылы 74,3%-ға дейін өсті.

2014 жылы медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды: санитарлық автокөлік (60 бірлік) және реанимобильдер (17 бірлік) онкологиялық қызметті, босандыру және балалар ұйымдарын, аймақтық симуляциялық орталықты жарақтандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 791,8 мың теңгеге, жергілікті бюджет қаражатынан 1 023,5 мың теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды.

2012-2014 жылдары 16 денсаулық сақтау нысаны салынды: 3 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория. Орал қаласында 300 орынға арналған қалалық көп бейінді ауруханасының құрылысы жалғасуда.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасының артуы, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі, заманауи мамандандырылған білікті медициналық көмекке қолжетімділік, алдын алу шараларының өткізілуі, денсаулық сақтау индикаторларына қол жеткізу материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңғырту нәтижелері болып табылады.



Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының 2012-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, бұл жалпы өлім көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының артуы көрсеткішінде көрінеді.

Күтілетін өмір ұзақтығы 1,21 жасқа көбейді 2012 жылғы 69,93 жастан 2014 жылы 71,14 жасқа дейін.

Жалпы өлім көрсеткіші 2012-2014 жылдары 8,1% төмендеді (2012 ж.- 9,64, 2013 ж. – 9,34, 2014 ж. – 8,86).

2-сурет


2014 жылы облыс бойынша ана өлімінің 2 жағдайы тіркелді, көрсеткіш тірі туылған 100 мың нәрестеге – 15,4 (2012ж.-0, 2013ж.-1 жағдай, көрсеткіш-7,9) құрады.

Екі жағдайда да ана өлімінің себебі акушерлік қан кету болып табылды. Ана өлімінің екі жағдайы да тәуелсіз сарапшылармен шартты түрде алдын алуға болатындығы анықталды.

Нәресте өлімі көрсеткішінің 3 жылда 8,9%-ға төмендегені байқалады. 2014 жылға нәресте шетінеуінің 8,1 жоспарлы көрсеткішінде нақты 9,15 құрады. Нәресте өлімі себептерінің құрылымы бойынша (2014 жыл) бірінші орында перинаталдық патология - 40,8%; екінші орында дамудың туа біткен ақаулықтары - 32,5%; үшінші орында тыныс алу жүйесінің аурулары – 9,3%.

Балалар өлімі көрсеткішінің 3 жылда 10,8%-ға төмендегені байқалады. 2014 жылға бала өлімінің 9,5 жоспарлы көрсеткішінде нақты 10,7 құрады немесе жоспардың орындалмауы – 12,6%. Балалар өлімі себептерінің құрылымы бойынша (2014 жыл) бірінші орында перинаталдық патология - 35% (2013ж.-37,8%); екінші орында дамудың туа біткен ақаулықтары – 28,6% (2013ж.-29,9%); үшінші орында жазатайым оқиғалар – 13,6% (2013ж.-12,6%).

Облыста ана, сәби және бала өлімінің деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ана және сәби өлімін төмендету жөніндегі Облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда. 2014 жылы Облыстық штабтың 3 мәжілісі өткізілді.

Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге мамандандырылған көмек көрсету үшін кеңесші–көліктік қызметінің жұмысы жалғасуда, сонымен қатар қиын жағдайда балаларға авиакөлігін және заманауи реанимобильдерді қолданумен көмек көрсетіледі.

Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БЖАЫЖ) стратегиясын одан әрі енгізу мақсатында мультимедиялық аппаратуралармен, компьютерлермен, оқыту аппараттарымен, фантомдармен, үлестіру материалдарымен, тақырыптық стенділерімен жарақтандырылған Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы базасында оқыту-тренингтік орталығы жұмыс жасайды. Босатылған өңірлік аймақтық координаторлар тағайындалған. Орталық базасында 2014 жылы 290 маман оқытылды.

Облыстық перинаталдық орталық базасында тиімді перинаталдық технологиялар бойынша оқыту-тренингтік орталығы жұмыс жасайды. 259 маман оқытылды.

Облыста 87 дені сау балалар кабинеті (оның 54-і дәрігерлік амбулаторияда), 26 отбасын жоспарлау кабинеті және 26 «жас ата-аналар» мектебі жұмыс жасайды. Барлық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен жаратандырылған.

Жоғары мамандандырылған көмек алу үшін әйелдер мен балалар Астана, Алматы қалаларындағы Ұлттық ғылыми орталықтарына жолданады.

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК базасында Батыс Қазақстан облысының пренаталдық және неонаталдық скринингтік зертханасы бар медициналық-генетикалық қызметінің жұмысы жалғасуда. Жүкті әйелдер мен ерлі-зайыптыларға және бөлек балаларға арналған екі кабинет жұмыс істейді.

Нәресте өліміне жол бермеу мақсатында учаскелік мейіргерлер және микроучаскелік мейіргерлердің патронаждық жұмысы нығайтылды, ауыл округі әкімдігімен бірге нәрестенің денсаулығы және өміріне жауапкершілікті күшейту бойынша тұрғындармен ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Өткізілген шаралар ана, нәресте және бала өлімін төмендетуге септігін тигізеді.

Оң динамика, сонымен қатар әлеуметтік-мәнді аурулармен сырқаттанушылық және өлім көрсеткіштері бойынша байқалып отыр.



ҚАЖА-дан (қан айналымы жүйесі аурулары) өлім көрсеткіші 21,3%-ға төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларын скрининг шеңберінде ерте анықтау бойынша 2014 жылы 171722 адам қаралды, 5% анықталды, диспансерлік есепке 99,4% алынды. Қанайналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру үшін Инсульт орталығы ашылды, мұнда ми қанайналымының жіті бұзылуларымен 800 науқас емделді. «Алтын сағат» кезеңінде нейровизуализация көмегін 70% науқас алды.

Онкопатологиялардан өлім көрсеткіші 3 жылда 7,5%-ға төмендеді. Онкологиялық науқастарды ерте 1-2 сатыларында анықтау есебінен, аурудың асқынған түрлерін (3-4 саты) төмендету және бес жылдық өмір сүру қабілеттілігін арттыру есебінен көрсеткіш 50%-ға төмендеді. 2014 жылы қалпына келтіру және паллиативтік көмекпен 916 науқас қамтылды, онкологиялық сақтық қағидалары бойынша 341 дәрігер, 425 орта медицина қызметкері оқытылды. 2014 жылы ерте диагностикалау 54,0-ден 54,4-ке дейін ұлғайды.

Туберкулезден өлім көрсеткіші 3 жылда 37%-ға төмендеді. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 3 жылда 16,8%-ға төмендеді. Аурудың асқынған түрлері жоқ.

Қайтыс болған науқастар құрылымында IVсанатты көптеген дәрілерге төзімді туберкулез түрімен ауыратын науқастар саны басым. Туберкулездің созылмалы мультирезистенттік түрінің асқынған формасы туберкулезден өлімнің негізгі себебі болып табылады.

Туберкулезге күдікті адамдардан туберкулезбен аурушаңдықты анықтау үшін микроскопия және диагностикалық алгоритмді өткізу барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді мұқият таңдау және туберкулездің жұқпалы формасын анықтауды жақсарту бойынша қолданылатын шаралар жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансер базасында экспресс-тексеру жүргізіледі, тексеруді өткізу үшін HAINTEST және GEINXpert заманауи зертханалық жабдықтары сатып алдынды.

Туберкулезбен аурушаңдықты және өлімді төмендету үшін бағытталған негізі шаралар флюорография және бактериоскопия әдістерін қолдана отырып, тұрғындардың қауіп-қатер тобын барлық МСАК ұйымдарында скринингтік профилактикалық тексеру кезінде уақтылы анықтау болып табылады. 2014 жылы әлеуметтік көмек 77037,1 мың теңге көлемінде 2814 туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілді.

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуының көрсеткіші 2014 жылы – 0,01% құрады (2012ж.-0,012, 2013ж.-0,01). АИТВ-жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар, соның ішінде ең алдымен АИТВ-жұқпасына негіз болатын тұрғындар тобы арасында жүргізіледі. Тұрғындар, жастар, оқушылар, студенттер арасында санитарлық-ағарту және ақпараттық-білім беру жұмыстары ұйымдастырылған. Жыл сайын білім, ішкі саясат, ішкі істер басқармаларымен, қылмыстық атқару жүйесі департаментімен, бизнес-құрылымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық және сектораралық ынтымақтастық бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Салауатты өмір салтын ұстану бойынша 3 жылда 6610358 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды, 60 билборд, 10 баннер, 16 стенд, 19 скроллер, 4 дүңгіршек-терминал орнатылды. Орал қаласының көшелерінде орнатылған 4 ақпараттық-электрондық мониторда және 50 маршруттық автобустарда көрсетілімдер жүргізіледі. 24 СӨС қалыптастыру кабинеті, 5 жастар орталығы және 5 темекіге қарсы орталық ашылды және жұмыс жасайды.

Жалпы облыстағы жетістіктердің бірі болып 90 түрі бойынша көрсетілетін ЖММК-нің одан әрі дамуы табылады, 3 жыл ішінде травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы бойынша 2935 ЖММК жүзеге асырылды.

Жедел медициналық көмек жұмысын жетілдіру және автоматтандыру шеңберінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында қашықтан басқару және бақылау көмегімен барлық аудандық медициналық ұйымдардың жұмысын бақылайтын АДИС-бағдарламасы орнатылды. Жедел жәрдем жұмысында жаңартулардың енгізілуі пациентке жету уақытының 40%-ға қысқаруына әкелді және «алтын сағат» кезеңінде уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызды.

Облыста 1555 дәрігер (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді, 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтамасыз етілу 24,7 құрайды. Орта медицина қызметкерінің саны -5596, 10 мың тұрғынға қамтамасыз етілу – 88,8.

Жыл сайын 500 дәрігер, 2500 орта медицина қызметкері ел ішінде кәсіби біліктіліктерін арттырады. 25 дәрігер шет елде оқытылды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытылғандар – 21.

Дәрігер кадрлардың жеткіліксіздігі медициналық жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру есебінен толықтырылады. 2012-2014 жылдары облысқа 270 жас маман келді, олардың барлығы жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік пакет, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2014 жылы Батыс Қазақстан медициналық колледжі базасында дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру үшін аймақтық симуляциялық орталық ашылды. Симуляциялық орталық оқыту-жаттығу құралдарымен, манекен және нақпішіндермен жарақтандырылған. 70 дәрігер оқытудан өтті.

Облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан дәрігер кадрлар тапшылығы байқалады, осы бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғастырылуда.

Профилактикалық медицинаның және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытының елеулі күшеюі бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта қоғам денсаулығын сақтау мәселелері, алдын ала тексерудің күшеюі, скринингтік зерттеулер, диагностиканың жетілдірілуі, негізгі әлеуметтік маңызды аурулардың емі және қалпына келтіру жөніндегі мәселелер бойынша сектораралық және ведомствоаралық әрекеттестіктің тиімділігі жоғарылайды.

Азаматтардың өз денсаулықтарына ынтымақты жауапкершілік тетіктерін енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесін дамыту басты мәселе болып табылады. Өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілік принципі денсаулық сақтау саласындағы мемлекет саясаттың ғана емес, сонымен қатар адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Бұл шылым шегуден пайда болатын ауруларды, ішімдікке салынуды, күйзеліс, дене белсенділігінің төмендігін және тиімсіз тамақтануды кемітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет