Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы
2013 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 11,7 млн. текше метр есепте бар, соның ішінде 11,5 млн. текше метр немесе 98% жеке меншікте. тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 2,3 млн. текше метрі немесе 20% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 30,6 мың текше метрі (0,2%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, сүруге жататын, апатты үйлер.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыста 2011-2012 жылдары көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1207,5 млн.теңге бағытталды. 144 үй жөнделді, соның ішінде 2011 жылы – 30 КПТҮ, 2012 жылы 86 КПТҮ, 2013 жылы – 28 КПТҮ. Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жөндеу жүргізілді.
Электрмен қамту облыс инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. Элекр энергиясын өндіру көлемі 2011 жылы 1411,3 млн.кВт. сағаттан 2013 жылы 1598,3 млн.кВт. сағатқа дейін немесе 13,3% ұлғайды.
32 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша электр энергия өндірісі
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2013 жыл 2012 жылға, %-бен
|
Электр энергия өндірісі, млн.кВт.с
|
1411,3
|
1539,6
|
1598,3
|
103,8
|
Облыстың тұтынатын электр энергияның (1740,4 млн.кВт.сағ) жалпы көлемінен өз өндіру үлесі 91,8% (1598,3 млн.кВт.сағ.) құрайды. Облыста электр энергиясын өндірумен қуаттылығы 30 МВт Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы, қуаттылығы 28 МВт «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы, қуаттылығы 160 МВт КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы, қуаттылығы 16 МВт «Жайықмұнай» АҚ газтурбиналық қондырғысы, қуаттылығы 54 МВт «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.
Облыста электр энергияның негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде ұзындығы 20 462 шақырым, кернеулігі 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ желілері, 3047 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жылсайын трансформаторлық қосалқы стансалар және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеулер болып тұрады. 2011 жылы - 2544 шақырым, 2012 жылы – 3173 шқ, 2013 жылы – 2867 шқ. электр тарату желілері жөнделді.
Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100%-ды құрайды.
Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы 79%, ауылдық жерлерде 90 % құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғылардыды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі. Облыста 444 елді мекеннің Бөрлі ауданының 2 елді мекенінде электрмен жабдықтау жоқ.
Баламалы энергетика
Өнеркәсіп кәсіпорындары базасында энергияны сақтау технологиялардың жаңа тұрлері игерілуде. Мысалға, «Омега» Прибор жасау зауыты» АҚ жел қондырғылары – энергия көзін жаңғыртуды енгізу бойынша өндіріс игерілді. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ тұтынушылардың сұранысы бойынша Қазақстан нарығына қуаттылығы 2 ден 5 кВт/сағ. дейін жел-күн қондырғыларын жеткізуге дайын. «Западэнергопром» ЖШС базасында қуаттылығы 2 кВт дейін жел энергетикалық қондырғының тәжірибелік үлгісі жасалды.
2013 жылы энергия көзін жаңғырту көздерінен 5,6 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Сумен қамту.
Су көздерінің ластануынан, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауынан, сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз болуынан облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
2014 жылдың 1 қаңтарына қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 83%-ды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 82%, Ақсай қаласы – 93%. Қалалық коммуналдық су желілерінің жалпы өзындығы 558,8 шақырымды құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 384,9 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 шақырым.
Тозығы жеткен жағдайдағы 259,4 шақырым су құбыры желілері бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 155,4 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 104 шақырым.
2010 жылы 8 шақырым су құбыры желілері ауыстырылды, 2011 жылы – 11,92 шақырым, 2012 жылы - 14,1 шақырым, 2013 жылы – 18,9 шақырым. 2010 жылы апатық жағдай мен айыру саны 190 бірлік құрады, 2011 жылы - 193 бірлік, 2012 жылы - 285 бірлік, 2013 жылы – 203 бірлік.
Ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 2011 жылы 67%-дан 2013 жылы 69,2%-ға дейін ұлғайды.
2013 жылы 444 ауылдық елді мекеннен (АЕМ) 154 орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі бар, 285 АЕМ орталықатдырылмаған сумен қамтуды пайдаланады, 5 АЕМ тасымалды суды пайдаланады.
Ауылдық елді мекендердің су құрбырлық желісінің жалпы ұзындығы 1416,6 шақырым, олар коммуналдық меншікте тұр.Тозығы жеткен жағдайда 122,8 шақырым (8,7%) су құбыры желісі бар.
2011 жылдан бастап «Ақ Бұлак» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2012 жылы 12 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1789 млн.теңге бөлінді және игерілді, соның 6 – іске қосылды.
2013 жылы 7 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1581,4 млн.теңге бөлінді және игерілді. 86,7 шақырым су құбыры салынды және 126,6 шақырым жаңғыртылды. Екі мың данадан астам суды есептеу аспаптары орнатылды. Нәтижесінде 2,9 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 5,6 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.
33 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
орталықтандырылған сумен қамтылуы
%
Аталмыш салада негізгі проблема су құбыры желісінің тозуы болып табылады. Осыған байланысты қажетті көлемдегі және кепілді сападағы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сумен қамту жүйелерін жаңадан салуды жалғастыру және қолданыста барын жаңғырту қажет.
Суды бұру
Қала тұрғындарының орталықтандырылған суды бұруға қол жетімділігі 74,3, соның ішінде Орал қаласы бойынша - 72%, Ақсай қаласы бойынша – 92,6%% құрайды. Кәріздік желілердің ұзындығы 406,4 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 354,5 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 51,9 шақырымды құрайды. Ауыстыру қажет ететін кәріздік желілер 230,8 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 188,8 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 42 шақырымды құрайды.
Кәріздік желілер 30 жылдан астам пайдалануда және желілердің - 51%, кәріздік сорғы стансалардың - 75% жоғарғы тозу деңгейі негізгі проблемасы болып табылады.
Облыста 2 кәріздік имарат жұмыс істеуде. 2011 жылы кәріздік тазарту желісі арқылы 12 866 мың текше метр, 2012 жылы – 12 966 мың текше метр, 2013 жылы – 12 398 мың текше метр ағызылды. 2011 жылы 1,5 шақырым, 2013 жылы - 1,8 шақырым суды бұру желілері ауыстырылды.
Жылумен қамту
Орал және Ақсай қалалары орталықтандырылған жылумен қамту пайдалануда. Орал қаласының жылумен қамтуын 561 Гкал/сағ. қуаты бар қалалық ЖЭО және 14 қазандық қамтамасыз етеді, Ақсай қаласын 7 қазандық жылытады. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 99,8%, Ақсай қаласы бойынша - 100% құрайды. 2013 жылы жылумен қамту көздерінің жылу энергиясын өндіру 2818,5 мың Гкал құрады.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 283,8 шақырым, соның ішінде 277,2 шақырым коммуналдық, 6,8 шақырым жеке меншікте.
Саланың негізгі проблемасы 54% құрайтын желілердің тозуы болып табылады, оның деңгейі өткізіліп жатқан шараларға байланысты төмендеу үрдісі бар.
2011 жылы облыс бойынша 13,9 шақырым жылу желісі, 2012 жылы - 11,8 шақырым, 2013 жылы – 13,7 шақырым ауыстырылды.
2011 жылы магистралдық жылумен қамту желілерін айыру және апатты жағдайлар саны 9 бірлік, 2012 жылы – 15, 2013 жылы – 0 құрады.
Облыстың ауылдық елді мекендерін газдандыру жалғасуда. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету 2011 жылы 85%-дан 2013 жылы 86,7%-ға дейін, ауыл тұрғындарын 68,8%-дан 72,9%-ға дейін ұлғайды.
Газ желілерінің ұзындығы 3334,3 шақырым, соның ішінде қалалық 900,3 шақырым және ауылдық жерлерде 2434 шақырымды құрайды.
34 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
табиғи газбен қамтылуы
%
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Облыс тұрғындарының газбен қамтылуы
|
85
|
86
|
86,7
|
Ауыл тұрғындарының газбен қамтылуы
|
68,8
|
72,0
|
72,9
|
Облыстың елді мекендерін газдандыруға 2011-2013 жылдары мемлекеттік бюджеттен 6,2 млрд.теңге бағытталды. «ГазТрансАймақ» АҚ БҚФ өз қаражаты және бюджет қаражаты есебінен 2011 жылы 2408,1 шақырым, 2012 жылы – 2503,5 шақырым, 2013 жылы – 2680,9 шақырым газ құбыры салынды. Осы кезеңде 277,9 мың адамы бар 219 АЕМ табиғи газға қосылды.
2.2.4 Ауылдық аумақтарды дамытуды талдау, экология және жер ресурстары
Ауылдық аумақтарды дамыту
2014 жылдың 1қаңтарына облысымызда 444 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде даму әлеуеті жоғары -53, орташа- 356, төмен- 35. Оларда 316,9 мың адам тұрады, бұл 2012 жылдан (315,4 мың адам) 4,7 %-ға көп.
35 кесте
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Барлық АЕМ
|
472
|
450
|
444
|
Даму әлеуеті жоғары
|
46
|
46
|
53
|
Орташа
|
374
|
352
|
356
|
Төмен
|
52
|
52
|
35
|
Жоғары даму әлеуеті бар АЕМ санының өсу себебін талдау экономикалық блок көрсеткіштер өсімге барынша ықпал еткенін көрсетіп отыр. Мысалы, орташа даму санатынан жоғары даму әлеуеті санатына өткен АЕМ-дің ішінде кәсіпкерлік белсенділік артып, мал басының, еңбекпен қамтылған халық санының өсуі болып отыр.
Осындай оң нәтижеге облыстың ауылдық жерлерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуына мақсатты бағытталған бюджеттік инвестициялардың бөлінуі ықпал етіп отыр.
Атап айтқанда, 2012 жылдан 2014 жылға дейін ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында білім саласының 5 объектісі, 13 денсаулық сақтау объектісі, 4 мәдениет объектісі пайдалануға берілді. Газбен қамту жұмыстарымен 40 ауылдық елді мекен қамтылды. 2014 жылы 5 білім объектісінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Бірақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шаралар жүргізуіне қарамастан, ауылдарда шешімін табуды талап ететін мәселелер бар (білім беру саласында 40 жыл бұрын салынған нысандар қалып отыр, денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан, жергілікті маңызы бар көлік жолдары шамалы жағдайда, ауыл тұрғындарының 32,8% орталықсыздандырылған суды қолданады.
Ауылды дамытудың тағы бір мәселесі білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.
36 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
«Дипломмен ауылға!» жобасының іске асырылуы
адам
Жылдар
|
Келген мамандар саны
|
соның ішінде
|
білім
|
денсаулық
|
әлеуметтік қамту
|
мәдениет
|
спорт
|
ветеринария
|
2009 ж.
|
506
|
397
|
67
|
10
|
30
|
2
|
|
2010 ж.
|
529
|
370
|
79
|
30
|
43
|
7
|
|
2011 ж.
|
684
|
486
|
117
|
10
|
60
|
11
|
|
2012 ж.
|
525
|
356
|
101
|
7
|
37
|
8
|
16
|
2013 ж.
|
528
|
356
|
98
|
9
|
29
|
15
|
21
|
Барлығы
|
2772
|
1965
|
462
|
66
|
199
|
43
|
37
|
Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері 2013 жылы облыс бойынша 2772 маман тартылды. Мамандардың жалпы санынан 1965 – педагог, 462 – денсаулық сақтау мамандары, 66 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 242 – мәдениет және спорт, 37 - ветеринария мамандары.
Жергілікті атқарушы органдармен халықтың нысаналы топтарының арасында ақпараттық-түсініктеме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкесті материалдар жариялануда, радио және теледидардан сөз сөйленуде.
Ауылға мамандарды тарту бойынша қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылды жоғарғы білікті дәрігерлермен, физика, химия, ағылшын тілі мамандарымен қамтамасыз ету өткір күйіндегі мәселе болып қалып отыр.
Ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін одан әрі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде объектілердің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, ағымдағы жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға қаражаттарды бөлу қажет.
Экология
Атмосфераның ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер, элеваторлар ауа бассейнін негізгі ластаушылар болып табылады, облыс бойынша стационарлық көздерден ластану көлемі 2013 жылы 60,4 мың тоннаны құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 2,7% азайды. Ластаушы көздер саны 14,1% артты. 2013 жылы облыстағы кәсіпорындармен барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемінен ластаушы заттардың 36,5% ұсталынды және зарарсыздандырылды.
37 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
атмосфераға зиянды ластаушы заттардың шығарылуы көлемінің
өзгеру динамикасы
|
Өлшем бірлігі
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2013 жыл 2012 жылға, %-бен
|
Ластаушы заттарды шығаратын стационарлы көздер саны
|
бірлік
|
8715
|
9079
|
10360
|
114,1
|
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары;
соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындар бойынша
|
мың тонна
|
55,9
17,1
|
62,1
25,1
|
60,4
22,9
|
97,3
91,2
|
Ұсталынды және зарарсыздандырылды
|
мың тонна
|
13,8
|
24,2
|
34,8
|
143,8
|
Су ресурстарының ластануы, ағынды су қалдықтарының көлемі. Облыста ізінше жергілікті жер бедеріне жеткізетін ағынды суды тазалайтын қондырғылары, жинағыштың фильтрі алаңы бар кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл КПО б.в., «Конденсат» ААҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистраль газ құбырлары басқармасы.
Жайық өзеніне жіберілетін 2 шартты-таза су: ауыз су дайындайтын станциясынан (“Батыс Су Арнасы” ЖШС), №2 ПР – 10/35 турбинасының салқындататын жүйесінен Орал ЖЭО болып отыр.
Үш ағынды суды жинағыш, сонымен қатар екі Орал қаласының ағынды суларын және біреуі – Ақсай қаласының ағынды суын жинақтайтын орын бар.
Орал қаласының (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) ағынды сулары канализациялық тазалау қондырғыларында механикалық тазаланудан, қолдан жасалған тоғандарда табиғи биологиялық тазаланудан өтеді және №2 жинақтаушыға құйылады.
38 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша шығарындылар көлемі
Төгінділер түрлері
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2013 жыл 2012 жылға, %-бен
|
Өнеркәсіп төгінділері
|
Су бұру көлемі, мың м3
|
5723,2
|
3738,1
|
3775,1
|
101,0
|
Ластаушы заттар көлемі, мың тонна
|
4,9
|
5,5
|
7,2
|
130,9
|
Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар
|
Су бұру көлемі, мың м3
|
11784,1
|
12001,2
|
7760,3
|
64,7
|
Ластаушы заттар көлемі, мың тонна
|
2,6
|
3,4
|
4,3
|
126,5
|
Жерүсті су қоймаларына төгінділер
|
Су бұру көлемі, мың м3
|
5064,7
|
3108,0
|
6827,1
|
2,2 есе
|
Ластаушы заттар көлемі, мың тонна
|
5,7
|
4,5
|
9,9
|
2,2 есе
|
Радиациялық жағдай. Бүгінгі күнге облыс бойынша радиациялық жағдай тұрақты, облыс аудандарындағы гамма-фон сағатына 4-17 мкр-ді құрайды. Облыста 268592 ГБк жиынтық белсенділікті 73 радиоактивті көздерді өз жұмыстарында қолданатын 14 кәсіпорын бар.
Облыс бойынша сәулені иондайтын және радиоактивті ластаушы иесіз қалған көздер табылған жоқ, уранды кен орындары жоқ.
Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Облыстың қатты тұрмыстық қалдықтары полигондар мен жинағыштарға, сондай-ақ ұйымдастырылған ауыл қоқыстары үйінділеріне шығарылады.
Облыс аумағында екі ҚТҚ полигоны жұмыс істейді, Орал және Ақсай қалаларында. Сонымен қатар облыста 444 әртүрлі елді мекеннің қоқыс немесе қалдықтарды орналастыратын орындары бар. Қазіргі уақытта 143-і бойынша (ірі елді мекендер - 30,6%) жерге орналастыру құжаттары рәсімделіп, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар алынған.
Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық ынталығы мен техникалық деңгейі төмен болуы және қажетті жабдықтардың болмауы салдарынан, облыста пайда болатын ҚТҚ-ның 4% ғана өңделіп, қайта пайдаланылады. Бүгінгі күні қоқыс сұрыптайтын және қоқыс өңдейтін кешен салу мәселесі өзекті болып отыр.
Сонымен қатар, қалдықтарды жинау және өңдеудің, сондай-ақ энергияны сақтау және экологиялық таза технологиялардың өсу қарқыны орын алады, атап айтқанда:
«БГС-Ақсай» ЖШС, «Альтаир» ЖШС, «Ремстройбыт» ЖШС, «Ареал» ЖШС, «Жайықсельстрой» ЖШС және басқалары сияқты облыстың ірі құрылыс кәсіпорындары құрылыс алаңдарының ауытқуын және шұңқырларын таза топырақпен толтырудың орнына құрылыс қалдықтарын («интернетті» материалдар) қолданады. Осы мақсаттарға пайдаланылған қалдықтардың көлемі шамамен жылына 3 мың тоннаны құрайды.
«ҚазАрмапром» ЖШС және «Орал құю механикалық зауыты» ӨК металл қалдықтарын өздерінің құю өндірісіне қабылдап және қайта өңдейді;
облыста пайдаланылған майды қабылдау бекеті ұйымдастырылды, жыл сайын шамамен 150 тонна пайдаланылған май тұндырылып және механикалық тазартылып, ауыл шаруашылығы мен отынға, өндірістің қажеттілігіне қайтадан пайдалануға өткізіледі.
«Конденсат» АҚ шығарылатын шикізаттың зертханадан сапасын тексеруден өткізгеннен кейін мұнай өнімдерін құю технологиясына қайтаруды жүзеге асырады (жылына 2 тонна);
«Орал құс фабрикасы» ЖШС және «АҚАС» ЖШС шаруа қожалықтары мен тұрғындарға тыңайтқыш түрінде құстың әжетін өндіріп өткізеді (жылына 3,0 мың тоннадан астам);
«Арктур» ЖШС - автомобиль дөңгелектері және пайдаланылған майларын өңдейтін қондырғыны орнатты;
«Антей» ЖШС – полимер қалдықтарды өндеумен айналысады. Люктар, полимер тақталар, полимер сыйымдылықтарды шығарады;
«Талап» АҚ - 2011 жылдан бастап пайдалануға жарамсыз сынапқұрамды, люминесцентты және энергия үнемдегіш шамдарды қабылдап, залалсыздандырады. Шамдарды залалсыздандыратын өз қондырғылары бар.
«СТН» ЖШС – мұнай негізінде емес бұрғылау қалдықтарын өңдеу бойынша алаңды іске қосты. Аталған кәсіпорынмен «Жайықмұнай» ЖШС шламдары қабылданады. Өңдеуден кейінгі залалсыздандырылған қалдықтарды құрылыс материалдары және жол құрылысында қайталама материал ретінде пайдаланылады.
2011-2013 жылдары табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен 296,2 млн. теңге бөлінді (2011 жылы - 101,9 млн. теңге, 2012 жылы - 97,3 млн. теңге, 2013 жылы - 97,0 млн. теңге)
Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен 2012 жылы Орал қаласында кәрізді тазалау қондырғыларын қайта құруға 421,7 млн. теңге бөлініп және игерілді. Бөрлі ауданының Облавка ауылында жағалауларды бекіту жұмыстарына 2013 жылы 50,0 млн. теңге бөлінді.
Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2014 жылдың 1 қаңтар жағдайына 0,215 млн. га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 0,103 млн. га құрайды.
Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемін молайту мақсатында 2013 жылы ағаш егу жұмыстары мемлекеттік орман қоры аумағында 250 га аумақта (жоспар 250 га), жол жиектерінде орман жолақтарын құру 100 га, ағаш егу арқылы құм тоқтату жұмысы 150 га аумақта жүргізілді. Орманмен көмкерілген алаңдар көлемі 103038 га (жоспар 102941 га) құрайды. Мемлекеттік орман қор аумағындағы бір жылдық орман екпелерінің жерсінуі 56,5% құрады.
Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында және орманды қайта қалпына келтіру шараларына 3761,5 мың дана (жоспар 2500 мың дана) ағаш көшеттері мен орман егілімдері өсірілді. Мемлекеттік орман күзетшілерінің көмегімен 4139,7 кг (жоспар - 2500 кг) әртүрлі ағаш-бұталардың дәндері жиналды.
Орманды өрттен қорғау мақсатында ұзындығы 2000 км минералды орман жолақтарын орналастыру және 7300 км қашықтыққа күту жұмыстары жүргізілді. Орман орам соқпақтарын кесу, тазалау жұмыстары 97 км және өрт қауіпсіздігіне арналған және орман шаруашылығы жолдарын жөндеу жұмыстары 70 км қашықтықта жүргізілді.
Есеп беру жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 52,6 га орманмен көмкерілген алқапты құраған 4 орман өрті орын алды.
Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарының көптеп шоғырлануы салдарынан, облыста қоршаған ортаның ластану қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отыр.
Ең маңызды экологиялық проблемаларға мыналар жатады:
Жайық өзені, Деркөл және Шаған өзендерінің, Шалқар көлінің экожүйесін сақтау, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту объектілерін қалпына келтіру және қайта құру;
өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын жинау, өңдеу және іске жарату, жер ресурстарының ластануының алдын алу;
«Лира» объектілерінің ядролық жарылыстары нәтижесінде құрылған жер асты сыйымдылықтардың экологиялық проблемалары, «Азғыр» және «Капустин Яр» әскери полигондарының әсерінен пайда болған экологиялық проблемалар;
Орал каласының кәріздік тазарту жүйелерін жаңғырту, ағымды суларды тазарту тиімділігін арттыру.
Жер ресурстары
Облыста жалпы жер алқабы 15133,9 мың га құрайды,соның ішінде ауыл шаруашылығына арналған жер 5271,8 мың га (жалпы жер алқабынан 34,8%), елді мекен жерлері – 2323,6 мың га (15,4%), өнеркәсіп, көлік және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 37,7 тыс.га (0,2%), орман қоры жерлері – 215,5 мың га (1,4%), су қоры жерлері – 75,5 мың га (0,5%), арнайы қорғалатын табиғи аймақтар жерлері – 12,4 тыс. га (0,1%), жер қоры – 5732,6 мың га (37,9%).
39 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
жалпы жер алқабы және жердің бөлінісі
1 қарашаға, мың га
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Жалпы жер алқабы
|
15133,9
|
15133,9
|
15133,9
|
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
|
4638,2
|
4945,5
|
5271,8
|
соның ішінде
|
|
|
|
шаруа (фермерлік) қожалық жерлері
|
3574,8
|
3883,6
|
4268,5
|
мемлекеттік емес заңды тұлға жерлері
|
983,9
|
982,7
|
921,9
|
мемлекеттік заңды тұлға жерлері
|
73,9
|
73,6
|
75,8
|
бақшашылық және саяжай құрылысын жүргізу үшін азаматтардың жерлері
|
5,6
|
5,6
|
5,6
|
Елді мекен жерлері
|
2333,0
|
2333,0
|
2323,6
|
Өнеркәсіп, көлік және және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері
|
37,1
|
37,1
|
37,7
|
Орман қоры жерлері
|
212,3
|
215,0
|
215,5
|
Су қоры жерлері
|
75,5
|
75,5
|
75,5
|
Арнайы қорғалатын табиғи аймақтар жерлері
|
12,4
|
12,4
|
12,4
|
Жер қоры
|
6360,3
|
6048,6
|
5732,6
|
Ауыл шаруашылығы алқаптары 12787,9 мың га, соның ішінде егістік – 553,1 мың га, шабындық – 1008,3 мың га, жайылым – 10110,9 мың га.
Жалпы жер алқабы құрылымында 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 5271,8 мың га құрайды, ол 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына және шаруа (фермерлік) қожалықтарға жаңадан ұйымдастыру және қосымша жер беру есебінен 6,6%-ға өсті. Шаруа қожалықтарына 4268,5 мың га жер берілді, ол 2012 жылдың деңгейінен 384,9 мың га көп.
2014 жылдың 1 қаңтарға жұмыс жасап тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдары 4068 бірлікті құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен 92 бірлікке көп, соның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтар – 3873 (87 бірлікке), ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 195 (5 бірлікке).
40 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны
1қаңтарға, бірлік
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлығы
|
4363
|
4234
|
4294
|
Соның ішінде жұмыс жасап тұрғаны
|
4075
|
3976
|
4068
|
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
|
214
|
190
|
195
|
Шаруа (фермерлік) қожалықтар
|
3861
|
3786
|
3873
|
Орман қоры жерлерінің алаңы 215,5 мың га құрайды және 2011 жылмен салыстырғанда жер қоры санатынан жерлерді аудару есебінен 3,2 мың га ұлғайды.
Басқа категорияларға аудару есебінен жер қорының алаңы 2012 жылмен салыстырғанда 316 мың га азайды және 5732,6 мың га құрады, елді мекендер жерлері 9,4 мың га кеміді (2323,6 мың га).
Облыста пайлаланылмай жатқан ауыл шаруашылығына арналған жерлерді және Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу жолымен пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
2011 жылғы түгендеу нәтижесі бойынша облыста 2012 және 2013 жылдары ауыл шаруашылығы айналымына тартылған 570,3 мың га пайдаланылмай жатқан жер анықталды, соның ішінде 392,6 мың га немесе 68,8% мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінен 241,8 мың га ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.
Жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары нәтижесінде жер пайдаланушылар 128,8 мың га алқапта өз жер учаскелерін пайдалануға кірісті.
Жалпы алаңы 53,2 мың га жер учаскелерінің материалдары жергілікті атқарушы органдардың қарауында жатыр, олар бойынша мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
41 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан
жерлерді түгендеу және мемлекеттік меншікке қайтару
мың га
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Барлығы
2011-2013 ж.ж.
|
Анықталған пайдаланылмай жатқан жерлер алқабы
|
380,6
|
62,7
|
127,0
|
570,3
|
соның ішінде мемлекеттік меншікке қатарылғаны
|
302,8
|
51,4
|
34,3
|
392,3
|
Соның ішінде, ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны
|
204,4
|
24,9
|
12,5
|
241,8
|
Облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеу бойынша жұмыстары жалғасуда.
Түгендеу жүргізілген 9739 жер учаскелері ішінен жалпы алаңы 188,37 га қолданылу мақсатына сай емес немесе заңнамаларды бұзу жолымен пайдаланылып келген 1881 жер учаскелері анықталды.
Жергілікті атқарушы органдар және аймақтық жер инспекциялары қабылдаған шаралар нәтижесінде алаңы 17,74 га болатын 174 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алаңы 71 га құрайтын 685 жер учаскелерінің иелері қабылдаған шаралардан кейін оларды пайдалануға кірісті, алаңы 39,7 га құрайтын 360 жер учаскелері бойынша азаматтық-құқықтық келісім жасалды, алаңы 27,2 га құрайтын 318 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепке алынды, алаңы 2 га құрайтын 23 жер учаскелері бойынша материалдар жер учаскелерін еріксіз алып қою шараларын қабылдау үшін аймақтық жер инспекцияларына ұсынылды.
Жер қатынастары саласындағы негізгі проблемалық мәселелері жерді тиімсіз пайдалану соның салдарынан жердің құнарлығы төмендеу мүмкіндігі, құнарсыздану, шөлге айналу, ластану, жел және су эрозиясы, жер ресурстарына келтірілетін зияндар болып табылады.
Жерді сапалы және мөлшерлі есептеуді жүргізу бөлісіндегі жекелеген проблемалармен қатар Қазақстан Республикасы жер заңнамаларын бұзу саны ұлғаюын атап өту қажет.
Осыған байланысты, жер ресурстарын басқару бағытының бірі жер заңнамаларын сақтауды бақылау, жерге орналастыруды, жер ресурстарын басқарудың экономикалық тетігін жетілдіру, жоғарғы өнімді, экологиялық бағытталған және бейімделген жерді пайдалану арқылы жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
2.2.5 Мемлекеттік қызметтер
2011 жылы регламенттерді жасақтау және бекіту жұмыстары жүргізілген жоқ.
2012 жылы 73 қызмет түрінен көрсетілетін қызмет регламенттерінің 24-і бекітілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен жаңа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді соған сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін қызметтердің саны 125 соның ішінде: ХҚКО арқылы – 44, тікелей уәкілетті органдармен – 36, электрондық үкімет порталы арқылы – 45. Регламенттеуге – 123 қызмет жатады.
123 көрсетілетін қызмет стандарттарынан 112 бекітілді, регламенттер – 79.
Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен Регламенттер аудан, Орал қаласы және облыс әкімдіктерінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
42 кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік қызметтердің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Мемлекеттік органда (ведомстволық бағынысты мекемеде) көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
1157935
|
1060016
|
1963405
|
Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
12689
|
16 417
|
22306
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдар саны
|
0
|
34
|
7
|
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
0
|
108
|
8328
|
2011 жылы «Е-әкімдік» ақпараттық жүесі тәжірибелік қолданысқа еңгізілді, бұл 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік берді соның жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 әлеуметтік-маңызды болып анықталды.
2012 жылы қосымша 3 қызмет енгізілді, (соның 2-әлеуметтік-маңызды).
Облыстың барлық аудандарында 9 электрондық қызметтерді тираждау жүргізілді.
2012 жылдың 1 сәуірінен бастап лицензияны беру тек қана электронды түрде көрсетіледі. Облыстың медициналық мекемелерінде денсаулық сақтау Министрлігінін ақпараттық жүйесі енгізілген, осы ақпараттық жүйесі электронды түрде екі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Кенттік және селолық округтерде жеке қосалқы шаруашылығы бойыншв электрондық тізілім енгізілді, бұл электрондық түрде бір қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет карточкалары толтырылады.
2011 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын 90% «Жақсы», 10% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағаланды.
2012 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын 93,8% «Жақсы», 6,2% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағаланды.
2013 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын 95% «Жақсы», 5% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағаланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ай-сайын мониторинг жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдармен насихаттау шегінде тұрғындардың хабардарлығы денгейін және электрондық түрде алу мүмкіндіктері жөнінде бизнес-құрылымын «электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарлар ұйымдастырылды, полиграфия өнімін (плакаттар, буклеттер, постерлер) тираждау жүргізілді, облыстық, қалалық және аудандық газеттерде мақала жарияланды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсететін облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтін көрсететін мекенжайы және уақыты жөнінде толық ақпарат орналастырылған.
Облыс әкімдігінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бизнес-процесс анықтамасы орналастырылған.
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің саны артсада әліде өтініштер саны төмен, бұл халықта интернет желісінің болмауы, төмен ақпаратандырылғаны.
2.2.6 Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау
Қазақстан өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік құрылымында бұдан әрі оны жетілдіруді қиындататын, қалыптастырылған сипаттамалардың бірқатары байқалады. Осы факторларға халық тығыздығының біркелкі еместігі, өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетінің үйлеспеуі, шектеулі тұрғын-үй және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар инженерлік желілердің тозуы жатады.
Батыс Қазақстан облысы халқының тығыздығы Қазақстанның батыс бөлігі бойынша жоғарыларының бірі – 4,09 адам/шаршы ш., Маңғыстау облысында – 3,43 адам/шаршы ш., Ақтөбе – 2,65 адам/шаршы ш. Батыс Қазақстан облысы өңір аумағының көптеген кеңістіктерін қоныстандырылмай қалдыратын, ошақтық орналасумен сипатталады.
Облыс халқы республика бойынша орташа мағынасы 0,19-ға тең, облыс бойынша халықтың шоғырлану коэффициенті белгілі бір аумақтың маңайында жиналу біржақтылығына ие. Өңірде халықтың негізгі шоғырланған жері - Орал қаласы.
Қазақстан аумағының орналасуына сәйкес, облыс аумағы өмір сүруге қолайлы аумақ болып табылады. Жасыл желектер ауаның ластануын төмендетуде айтарлықтай орын алады. Орман жолақтары мен саяжайлар ауа температурасына, ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаң түріндегі тозаңдарын ұстап тұрады.
Облыс аудандарының аумақтары бойынша ең ірі аудандарға Ақжайық (25,2 мың шаршы ш.) және Жаңақала (20,8 мың шаршы ш.) аудандары жатады, олардың аумақтары өңір ауданының жалпы ауданынан тиісінше 16,7% және 13,7% құрайды. Осы аудандар аумақтарының халық тығыздығы облыс бойынша ең төменгі көрсеткішке ие – сәйкесінше 1 шаршы ш-ға 1,63 және 1,14 адамдар. Өңірде ең аз қоныстанған аудан халқының тығыздығы 1 шаршы ш. 0,83 адамға тең Бөкей ордасы ауданы болып табылады. Ең көп қоныстанған ареалдарға Орал қаласының әкімшілік аумағы және Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарының аумақтары жатады.
Өңірдің басты мәселелерінің бірі халық шығысы болып табылады. Бүгінгі күнде оның себебі - ТМД елдері шегінде әр түрлі этникалық топтардың жалпы көші-қоны болып табылады, бұл 1994, 1997-2000 жылдары аралығында халықтың кетуімен салыстырғанда маңызды емес болып көрінеді, бұған өңіраралық көші-қон болып табылатын, облыстың ағымдағы көші-қон шығындары жатады.
Халық шығысының негізгі үлесі ауылдық елді мекендерден шығады. Жалпы, осы жағдай орналастыру үдерісін аса жеңілдететін, қолайсыз аумақтарда өмір сүретін, халықтың санын кезең-кезеңмен қысқарту туралы айтуы мүмкін. Сонда да, облыста көші-қон ағындарына нысаналы реттеу жүргізу қажет.
Сонымен қатар, аудандарда кейін жұмысқа тұрғызу арқылы кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша іс-шараларды күшейту, ауылдық елді мекендерде жас мамандар үшін өмір сүру жағдайларын жетілдіру қажет.
Халықтың табиғи өсімінің тұрақты біржақтылығы кезінде табиғи өсімі тоқталмайтын, біркелкі көші-қон ағынымен және халықтың өлім-жітімі төмендеуімен бірге, тұрғындарды жасарту жолымен халық санының тұрақтануы мүмкін, ал бұл еңбекке қабілетті халыққа ауыртпалықты қысқартады және жұмыс күшінің саны мен сапа мәселесін жеңілдетеді.
Облыстың келесі мәселесі өңірдің тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдар дамуының жеткіліксіздігі болып табылады. Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша шаралармен қатар сумен жабдықтау, телекоммуникация, электрмен жабдықтау, газдандыру желілерінің дамуы бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Өңір үшін экологиялық мәселелер де өзекті, ол негізінен өнеркәсіптің белгілі бір түрлері шоғырланған аудандарда айқын көрінеді.
Халықтың біркелкісіз орналасуы мен жоғары көші-қон шығыстары қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдің дамуын бұдан әрі нақтыланған түрде жоспарлану мәселесі ашық болып қалуда.
Облыс Ресей Федерациясының бес облыстарымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов. Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда Жәнібек, Казталов, Тасқала, Зеленов, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары орналасқан.
Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы облыстары арасында сыртқы экономикалық байланыстар, табиғи ресурстарды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау, мәдениет, спорт, ғылым және жоғары білім саласындағы өңіраралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері қалыптастырылған. Қалалық және аудандық тізбек деңгейіндегі келісім-шарттық қатынастар қалыптастырылуда. Жұмыс конференцияларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, мақсатты семинарлар өткізу тәжірибеге енген.
Өңірдің аумақтық-кеңістіктік дамуына мониторинг жүргізу үшін орналастыру критерийлерінің бірқатарын анықтау қажет. Орналастырудың белгілі бір критерийлерін таңдау кешенділігі өндірістік мамандандыру, аумақтық ұйымдар, өркендеу деңгейі және тіпті орналасудың қалыптасқан ұлттық дәстүрлері бойынша өңірлердің көптеген ерекшеліктерімен шартталуы мүмкін. Табиғи және механикалық қозғалыс қатынастары, елді мекендерде орналасу сипаты, халықтың тығыздығын үйлестіру бойынша облыс халқының орналасуын 3 тұрпатқа бөлуге болады.
Бірінші тұрпаты. Ең жоғары демографиялық әлеуетке Орал қаласы және оны қоршаған аудандар, Ақсай қаласы ие. Демографиялық әлеуеті өсімінің ең жоғары қарқыны Орал қаласында байқалады, бұл осы қалаға келешекте белсенді өркендеудің табысты орталығы болуға мүмкіндік береді. Осы тұрпатта Орал қаласы облыс үшін даму және өсудің тірек нүктесі болып табылады.
Екінші тұрпаты Жәнібек, Казталов, Тасқала, Зеленов, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары кіретін Ресей Федерациясымен шекаралас, шекаралық аумақтар түрінде ұсынылған. Осы аудандар да Орал қаласының тірек орталығына ұмтылуда және елеулі стратегиялық және геосаяси шекаралық аймақты қалыптастырады, бұл өңірге Кедендік одаққа кірумен нарықтық деңгейді кеңейтуге және басқа елдерге өнімді ресей порттары арқылы экспорттауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұрпаты Орал қаласындағы орталықпен ұлттық деңгейдегі тірек қаласы ретінде ұсынылған.
Облыстың кеңістіктік дамуы бойынша стратегиялық ұсыныстары үшін мүмкін бағыттары:
Орал қаласы материалдық-техникалық қатынастарда да, білім беру, ғылым және кадрларды дайындау саласында да дәстүрлі даму базасы болып табылады. Елдің басқа облыстары және РФ-мен ынтымақтастық, көп аспектілі интеграцияны одан әрі күшейту қажет;
өңдеу өнеркәсібіне кеңейтілген бағыттаумен өнеркәсіптің құрылымдық өзгерістерін енгізу қажет;
өнімді өткізу нарықтардың, табиғи мал азықтық жерлерді және т.б. болуына байланысты АӨК мамандандырылған аймақтарды қалыптастыру қажет;
облыс аумағында тіршілік әрекеті тұрақты және қауіпсіз дамуының негізі инженерлік-көліктік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру қажеттілігімен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларды алдын алу бойынша шаралар жүйесі қаралады;
ең жақсы дайындалған және қолда бар қазіргі заманғы тіршілік қызметі үшін біршама қолайлы жағдайлы аймақ қалыптасқан мекендер бойынша дамиды, бірақ тірек Орал қаласы және қала шетіндегі аймақ маңайындағы орналастыруды қалыптастыруға жасалады.
2.3 Орта мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік –экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
А басымдылық
- Табиғи ресурстардың бай кен орындарының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);
- Машина жасау, металлургия саласындағы, құрылыс өндірісіндегі, азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;
- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;
- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы
B басымдылық
- Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды пайдалануы;
- Жоғары туристік әлеуетінің болуы;
- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде облыстың табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;
- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету
С басымдылық
- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;
- Облыстың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы;
- Газбен қамтамасыз етілген халық үлесінің ұлғаюы;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы
|
А басымдылық
- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;
- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;
- Тәуекел жер өңдеу аймағы;
- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер
B басымдылық
- Жайық ө., Деркөл ө., Шаған ө. Шалқар к. экожүйесін сақтау;
- Туристік-рекреациялық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі;
- Қала халқының тұрақты кірісі және ауыл халқының шығысы;
- Қала және ауыл халықтарының орташа айлық табыстары деңгейлеріндегі сәйкессіздіктер;
- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;
- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі
С басымдылық
- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;
- Мәдениет мекемесі қызметтеріне облыс халқының тең емес жетімділігі;
- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
А басымдылық
- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;
- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауы;
- Дайын ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамуы
B басымдылық
- Қолайлы экологиялық шарттарды құруы;
- Әлемдік стандартқа сәйкес туристік-рекреациялық инфрақұрылымды құруы;
- Ауылдық қоныстануды оңтайлы қамтамасыз ету мақсатымен ішкі көші-қонды реттеуі;
- Оң көші-қон сальдосын бекіту үшін облыстың елді мекендерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын жоғарылауы;
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз етуі;
- Әлеуметтік саланың жоғары білікті мамандарының ауылға келуін ынталандыруы;
- Халық өмірі деңгейінің жоғары стандарттары;
- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылауы;
- Облыстық жол жүйесінің өткізу және өтпелі қабілетін жоғарылауы;
- Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдары үлесінің жоғарылауы
С басымдылық
- Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен жүз пайыздық қамтылуы;
- Ұсынылатын мәдени қызметтер сапасын жоғарылауы және дамуы;
- Электр беру, магистралды және жылу тораптарының желілерін қалпына келтірілуі және күрделі жөндеуі
|
А басымдылық
- Өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;
- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;
- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі
B басымдылық
- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;
- Өңірдің қолайсыз туристік имиджін құруы;
- Білікті және жас мамандардың өңірден көшуі;
- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;
- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығынан халыққа медициналық қызметтердің толық көлемде берілмеуі;
- Облыстың экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы;
С басымдылық
- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;
- Мәдениет саласындағы төмен еңбекақыдан жас шығармашылық кадрлар келуінің төмендеуі;
- Облыстың өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы
|
2.4 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
2010 жылы облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың 21 өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылды. Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-2 шешімімен өңірлік бағдарламалар күші жойылуға қойылды.
2011 жылдан бастап өңірдің дамуы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттары есебімен әзірленген Батыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығымен бекітілген аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес әзірленді.
Батыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасы облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 шешімімен бекітілді
Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді (2011 жылғы 14 ақпандағы №2 облыс әкімінің шешімі).
Достарыңызбен бөлісу: |