Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет12/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ



Батыс Қазақстан облысы дамыған көліктік инфрақұрылымымен, агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілетті салалары, өңдеу өнеркәсібінің екпінді дамуы, табиғи газды қайта өңдеу және көмірсутектік шикізатты өндіруді арттыру негізінде қолайлы бизнес-ахуалымен, халықтың өмір сапасы және жағдайы тұрақты өсетін өңір болады.

Орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының келешегі мұнай-газ кешенінің бұдан әрі дамуымен байланысты болады, осыған байланысты облыс мұнай және газ өндіруді бұдан әрі кеңейту және қалыптасқан мамандандырылу есебінен, белсенді шекаралық ынтымақтастығы, АӨК және өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті салалары, табиғи газды қайта өңдеу және көмірсутектік шикізатты өндірудің жетекші орталықтарының бірі болып қала береді.

Өңірді дамытудың негізгі мақсаты тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, халық өмірінің жоғары сапа стандарттары және ахуалының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, екпінді дамитын, теңгерілімді, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономиканы құру болып табылады.

Жалпы көріністі іске асыру мыналарға бағытталған:



  • тереңдетілген қайта өңдеу өніміне көмірсутектік өндіріске кейінгі ауысумен, өңір экономикасының дәстүрлі айрықша секторы ретінде мұнай-газ секторын дамыту;

  • халықаралық сапа стандарттарын енгізумен қатар, дамыту институттарының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялық қызметті кеңейту, өндірісті әртараптандыру жолымен қол жеткізетін, шығарылатын өнімнің жоғары өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігімен өңделуші өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемін өсіру;

  • өзіндік өндіріс азық-түлігі және ауыл шаруашылығы өнімімен облыстың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, экспорттық ресурстарды қалыптастыру және экономиканың бәсекеге қабілетті аграрлық секторын көтеру;

  • Қазақстан өңірлерімен және шетелдік шекаралас мемлекеттерімен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

  • өңірдің шағын және орта бизнесінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • ұтымды табиғатты пайдалануды қамтамасыз ету арқылы өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға экологиялық жүктеуді төмендету;

  • облыста демографиялық жағдайды жақсарту, білім беру және денсаулық сақтаудың сапалы қызметтерін ұсыну, тұрғын үй құрылыс көлемін өсіру, тиімді және толық әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыру жолымен халықтың өмір сапасының деңгейін және ахуалын көтеру;

  • көліктік тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым ахуалын жақсарту арқылы облыстың инфрақұрылымдық даму деңгейін көтеру.

Бағдарламаны түрлі кезеңдерде іске асыру құралдарына мыналар жатады:

2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту Бағдарламасының іс-шаралар жоспары;

коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың жобалары және бизнес-жоспарлар.

Батыс Қазақстан облысы аумағын дамыту бағдарламасының орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтары:




I

басымдық:



мұнай-газ өндіруші және газды қайта өңдеуші сектор

II

басымдық:



мұнайды қайта өңдеу, машина жасау және құрылыс материалдарының өнеркәсібі

III басымдық:

ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу және АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру

IV басымдық:

халықтың әл-ауқатының және өмір сүру сапасының өсуі

Ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін өңір ретінде, Батыс Қазақстан облысының миссиясын іске асыру үшін мына міндеттерді шешу қажет:

ұлттық экономиканың дамуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен халықаралық энергетикалық міндеттерінің орындалуын энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету үшін, өңір аумағында қажетті көлемде көмірсутектерді өндіру жүзеге асырылуы тиіс;

көмірсутек шикізатын терең қайта өңдеуді ұйымдастыру;

көмірсутектің минералдық-шикізаттық негізінің ұдайы өндіріс тиімділігін көтеру;

қоршаған ортаны қорғауды белсендендіру;

азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу;

көліктік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Осылайша, құндық, технологиялық және институционалдық факторларының қолайлы келісуі кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке ие болуы тиіс.

Түйінді нысаналы индикаторлар:

Жылма-жылдық өсімі (төмендеуі) жетістігі алдыңғы жылға %-бен құрайды:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 2014 жылы – 103,6%, 2015 жылы – 103,8%;

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2014 жылы – 101,5%, 2015 жылы – 101,9%;

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 2014 жылы – 100,0%, 2015 жылы – 105,3%;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2014 жылы – 101,2%, 2015 жылы – 102,1%;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2014 жылы – 101,5%, 2015 жылы – 102,0%;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2014 жылы – 114,0%, 2015 жылы – 115,0%;

ЖАӨ-дегі негізгі капиталдағы инвестициялардың үлесі 2014 жылы – 5,5%, 2015 жылы – 5,7%;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2014 жылы – 101,5%, 2015 жылы – 102,0%.

2015 жылы:

Жұмыс істейтіндер санынан инновациялық-белсенді кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі -5,7%;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту (3-тен 6 жасқа дейінгі жаста) – 95,9%;

Оқу орнын бітірген бірінші жылы түлектердің жалпы санындағы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі - 63,9%;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,99 жас;

Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%;

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан табысы төмен халықтың үлесі – 4,2%;

Мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі – 70%;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту - 25,2%;

Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі -56%;

Жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 31,0%;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру – 79,6%;

Жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейін арттыру – 99,8%;

Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру – 81,8%;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту – 54 бірлік;

Экологиялық шараларға бағытталған шығындардың қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджетке кірістеріне арақатынасы - 50%;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі – 82,3% құрайды.


4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ

ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
1 - БАҒЫТ. ЭКОНОМИКА
Өңірлік макроэкономика
1.1 мақсат - ЖАӨ-нің нақты жылдық өсуін қамтамасыз ету



Индикаторлар, көрсеткіштер

атауы


Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы




есеп

есеп

жоспар

жоспар

жоспар




1.

Нысаналы индикаторлар:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі

алдыңғы жылға %-бен

104,3

104,6

102,1

103,6

103,8

ЭБЖБ




1.1.1 міндет. Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету




1

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

1323,5

1711,4

1740,7

1852,4

1976,9

ЭБЖБ




2

Номиналды ақшалай табыстың өсу қарқыны (шамасы)

%

109,9

112,8

111,0

106,0

107,0

ЖҚҮжӘББ




3

Инфляция деңгейі

%

7,1

4,2

8,0

8,0

8,0

ЭБЖБ




Қол жеткізу жолдары:

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайын мониторингін өткізу.

Орал қ. және аудандар әкімдерінің қызметіне рейтингілік бағалау өткізу.

Шағын және орта бизнесті тарта отырып, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, номенклатураны кеңейту және қосымша құны жоғары болатын терең қайта өңдеу өнімдері үлесін ұлғайту.

Өз өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпкерлік субъектілері үшін валюталық тәуекелді азайту мақсатында "Бизнес жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсету.

Шетел серіктестерінің қатысуымен халықаралық форумдарды, жәрмеңкелерді, іскерлік жиналыстарды, бірлестік биржалар-контактілерін ұйымдастыру мен өткізу.

Облыстың іскерлік құрылымдарына бірлескен өндіріс құру мақсатымен Қазақстан Республикасынан тыс ықтимал серіктестер іздестіруге қолдау көрсету.

Негізгі тұтыну тауарлардың және қызметтердің бағаларына мониторинг жүргізу.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет