Жылжымалы жабдықҚА Қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенция


-бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі486.09 Kb.
#123947
1   2   3

17-бап. Бақылаушы орган және Тіркеуші

1. Хаттамада көзделген Бақылаушы орган құрылады.

2. Бақылаушы орган:

а) Халықаралық тіркелімді құрады немесе оның құрылуын көздейді;

b) Хаттамада өзгеше көзделетін жағдайларды қоспағанда, Тіркеушіні лауазымға тағайындайды және одан босатады;

с) Халықаралық тіркелімнің үздіксіз тиімді жұмыс істеуі үшін талап етілетін кез келген құқықтар Тіркеуші ауысқан жағдайда жаңа Тіркеушіге беріле алатындай ережені қамтамасыз етеді.

d) Уағдаласушы Мемлекеттермен консультациялардан кейін Хаттаманың орындалуы тұрғысынан халықаралық тіркелімнің жұмысына қатысты ережелерді қабылдайды немесе бекітеді және олардың жариялануын қамтамасыз етеді;

е) Халықаралық тіркелімнің жұмысына шағыммен Бақылаушы органға жүгіну тәртібін реттейтін әкімшілік рәсімдерді белгілейді;

f) Тіркеушінің қызметін және Халықаралық тіркелімнің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

g) Тіркеушінің сұратулары бойынша соңғысына Бақылаушы орган орынды деп есептейтіндей нұсқаулар береді;

h) Халықаралық тіркелім ұсынатын операциялар мен көрсетілетін қызметтер үшін алымдардың тарифтерін белгілейді және оларды кезең-кезең сайын қайта қарайды;

i) Осы Конвенция мен Хаттаманың мақсаттарын іске асыру үшін электрондық тіркеу жүйесінің тиімді ақпараттық базасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті барлық нәрсені жасайды;

j) Уағдаласушы Мемлекеттердің алдында өзінің осы Конвенцияға және Хаттамаға сәйкес міндеттерін орындауы туралы кезең-кезең сайын есеп береді.

3. Бақылаушы орган 27-баптың 3-тармағында айтылған кез келген келісімді қоса алғанда, өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті кез келген келісімді жасасуы мүмкін.

4. Бақылаушы орган Халықаралық тіркелімнің деректер базалары мен мұрағаттарына қатысты барлық мүліктік құқықтарға ие болады.

5. Тіркеуші Халықаралық тіркелімнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және өзіне осы Конвенцияға, Хаттамаға және ережелерге сәйкес жүктелген функцияларды орындайды.


V тарау

Тіркеуге қатысты өзге де мәселелер


18-бап. Тіркеудің шарттары

1. Хаттамада және ережелерде объектіні бірдейлендіру критерийлерін қоса алғанда, мыналар:

a) тіркеуді жүзеге асыру үшін (20-бапқа сәйкес келісімі талап етілетін кез келген тұлағадан келісімнің алдын ала электрондық нысанда берілуі туралы ережені қоса алғанда);

b) іздестірулерді орындау және іздестіру туралы сертификаттар беру үшін және осыны ескере отырып;

c) тіркелуге жататын ақпарат пен құжаттардан басқа, Халықаралық тіркелім ақпараты мен құжаттарының құпиялық сипатын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар нақтыланады.

2. Тіркеуші 20-бапқа сәйкес тіркеуге нақтылы келісім берілді ме немесе ол шынайы болып табыла ма, оны анықтауға міндетті емес.

3. Шартты халықаралық кепілдік халықаралық кепілдікке айналған жағдайда тіркеу барысында табыс етілген ақпарат халықаралық кепілдікті тіркеу үшін жеткілікті болу шартымен ешқандай қосымша тіркеу талап етілмейді.

4. Тіркеуші тіркелген ақпарат Халықаралық тіркелімнің деректер базасына енгізілуі және ақпараттық келіп түсуінің хронологиялық тәртібімен іздестіруге қолжетімді болуы үшін шаралар қабылдайды және файлда алынудың күні мен уақыты тіркеледі.

5. Хаттамада Уағдаласушы Мемлекет өз аумағында тұрған ұйымды немесе ұйымдарды ол арқылы тіркеуге қажетті ақпарат Халықаралық тіркелімге берілетін немесе беріле алатын пункт немесе пункттер ретінде тағайындай алатыны көзделуі мүмкін. Осындай тағайындауды жүргізетін Уағдаласушы Мемлекет, егер осындай ақпарат Халықаралық тіркелімге берілгенге дейін орындалуға тиіс талаптар бар болса, ондай талаптарды ескертіп өтуі мүмкін.
19-бап. Тіркеудің шынайылығы және уақыты

1. Тіркеу, егер ол 20-бапқа сәйкес жүргізілсе, шынайы болып табылады.

2. Тіркеу, ол шынайы болған жағдайда, талап етілетін ақпаратты іздестіру үшін қолжетімді болатындай түрде Халықаралық тіркелімнің деректер базасына енгізілгеннен кейін аяқталған болып табылады.

3. Тіркеу:

a) халықаралық тіркеу реттік тізбектілікпен белгіленетін ресми тіркеу нөмірін берген;

b) тіркеу деректері, оның ресми тіркеу нөмірін қоса алғанда, ұзақ сақталуын қамтамасыз ететіндей нысанда сақтауға берілген және оған Халықаралық тіркелімде қолжетімділік беріле алатын сәттен бастап алдыңғы тараптың мақсаттары үшін іздестіруге қолжетімді болып табылады.

4. Егер бастапқыда шартты халықаралық кепілдік ретінде тіркелген кепілдік халықаралық кепілдікке айналса, осы соңғы тіркеу 7-бапта көзделгендей халықаралық кепілдіктің қалыптасуының тікелей алдында әліде болса қолданылуы шартымен, шартты халықаралық кепілдіктің тіркелген сәтінен бастап тіркелген болып есептеледі.

5. Алдыңғы тармақ халықаралық кепілдіктің шартты цессиясын тіркеуге қажетті өзгерістерін ескере отырып, қолданылады.

6. Тіркеу Хаттамада белгіленген критерийлерге сәйкес Халықаралық тіркелімнің деректер базасында іздестіру үшін қолжетімді болып табылады.

20-бап. Тіркеуге келісу

1. Халықаралық кепілдік, шартты халықаралық кепілдік не цессия немесе шартты цессия тіркелуі мүмкін және осындай тіркеуді оның қолданылу мерзімі біткенге дейін кез келген тарап басқа тараптың жазбаша түрде білдірілген келісіммен өзгертуі немес ұзартуы мүмкін.

2. Халықаралық кепілдіктің басқа халықаралық кепілдікке бағыныстылығын кепілдігі бағыныстылыққа койылатын тұлға кез келген уақытта тіркеуі немесе ол осындай тұлғаның жазбаша түрде білдірілген келісімі бойынша кез келген уақытта тіркелуі мүмкін.

3. Тіркеу пайдасына жүргізілген тарап немесе оның жазбаша түрдегі келісімімен тіркеудің күші жойылуы мүмкін.

4. Халықаралық кепілдіктің заңның күшіне орай суброгациялау жолымен немесе шарт бойынша сатып алынуын осындай кепілдік өзіне өтетін тұлға тіркеуі мүмкін.

5. Тіркелетін шарттан тыс құқықты немесе кепілдікті олардың иеленушілері тіркеуі мүмкін.

6. Ұлттық кепілдіктің бар екені туралы хабарламаны осындай кепілдікті иеленуші тұлға тіркеуі мүмкін.
21-бап. Тіркеудің қолданыс мерзімі

Халықаралық кепілдіктің тіркелуі оның күші жойылғанға дейін немесе тіркеу кезінде айтылған мерзімі біткенге дейін күшінде қалады.


22-бап. Ақпаратты іздестіру және беру

1. Кез келген тұлға Халықаралық тіркелімде тіркелген кепілдіктер немесе шартты халықаралық кепілдіктер туралы ақпаратты Хаттамада және қағидаларда белгіленген тәртіппен одан іздестіруді жүзеге асыруы немесе іздестіруді сұратуы мүмкін.

2. Тіркеуші тиісті сұратуды алған бойда Хаттамада және қағидаларда белгіленген тәртіппен кез келген объектіге қатысты:

а) осындай ақпаратты тіркеудің күні мен уақытын көрсете отырып, бүкіл тіркелген ақпаратты қамтитын немесе

b) мұндай ақпарат Халықаралық тіркелімде қамтылғанын белгілейтін мәліметтерді тіркелімде электрондық құралдармен іздестіру туралы сертификат береді.

3. Алдыңғы тармаққа сәйкес берілген іздестіру туралы сертификат осы тіркеуде аталған кредитордың объектіге қатысты халықаралық кепілдікті сатып алғанын немесе алуға ниет білдіргенін көрсетеді, бірақ, тіпті мұны тіркеудің тиісті деректері негізінде анықтауға болатын болса да, тіркелген кепілдіктің халықаралық кепілдік немесе шартты халықаралық кепілдік екенін көрсетпейді.



23-бап. Шарттан тыс құқықтарды немесе кепілдіктерді мәлімдеулердің және олардың мәлімделгендерінің тізімі

Тіркеуші Уағдаласушы Мемлекеттердің 39 және 40-баптарға сәйкес өз ескертулерінде мәлімдегендері ретінде депозитарий тіркеушінің назарына жеткізген шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер мәлімдемелерінің, мәлімдемелер пікірлерінің және санаттарының тізімін, осындай мәлімдемелердің немесе мәлімдемелер пікірлерінің күндерін көрсете отырып, жүргізеді. Мұндай тізім тіркеледі және ескерту жасаған мемлекеттің атауы бойынша іздестіруге қолжетімді болады және оны сұратқан кез келген тұлғаға Хаттамаға және қағидаларға сәйкес беріледі.


24-бап. Сертификаттардың дәлелдемелік күші

Халықаралық тіркелім берген сертификат ретінде қағидаларда көзделген нысанда жасалған құжат:

а) оны Халықаралық тіркелім бергенінің фактісін;

b) тіркелу күні мен уақытын қоса алғанда, онда көрсетілген деректердің prima facie дәлелдемесі болып табылады.


25-бап. Тіркеудің күшін жою

1. Тіркелген қамтамасыз етілген кепілдіктер шеңберінде қамтамасыз етілген міндеттемелердің немесе тіркелетін шарттан тыс құқықтар мен кепілдіктердің туындауын шарттайтын міндеттемелердің қолданысы тоқтатылған жағдайда немесе меншік құқығын резервтей отырып, алдын ала сату туралы тіркелген келісім бойынша меншік құқығын беру шарттары орындалған жағдайда осындай кепілдікті иеленуші борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.

2. Егер шартты халықаралық кепілдік немесе халықаралық кепілдіктің шартты цессиясы тіркелсе, ықтимал кредитор немесе цессионарий ықтимал борышкердің немесе цеденттің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін осындай тіркеудің күшін ықтимал кредитор немесе цессионарий төлемді жүргізгенге немесе төлем жүргізу жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдағанға дейін жоюды ешқандай негізсіз кідіріссіз қамтамасыз етеді.

3. Ұлттық кепілдік туралы тіркелген хабарламада айтылған ұлттық кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің қолданысы тоқтатылған жағдайда, осындай кепілдікті иеленуші борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.

4. Тіркеу қате болған немесе дұрыс емес жүзеге асырылған жағдайда, өзінің пайдасына тіркеу жүргізілген тұлға борышкердің тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетін жазбаша талабынан кейін тіркеудің күшін жоюды не оған өзгерістер енгізуді ешқандай негізсіз кедергісіз қамтамасыз етеді.

26-бап. Халықаралық тіркеу қызметіне қолжетімділік

Ешкім осы тарауда көзделген рәсімдерді сақтамаудан өзге қандай да бір себептер бойынша Халықаралық тіркелімнің жанындағы тіркеу және іздестіру қызметтеріне қолжетімділіктен айырылмайды.


VI тарау

Бақылаушы орган мен Тіркеушінің артықшылықтары мен иммунитеттері


27-бап. Құқықсубъектілік; иммунитет

1. Бақылаушы органға, егер ол бұған дейін оны иеленбесе, халықаралық құқық субъектілігі беріледі.

2. Бақылаушы орган және оның лауазымды адамдары Хаттамада айқындалғандай сот және әкімшілік іс-әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.

3. а) Бақылаушы орган салықтан босатуды және өзі болатын мемлекетпен арадағы келісім бойынша берілетін басқа да артықшылықтарды пайдаланады.

b) Осы тармақтың мақсаттары үшін «өзі болатын мемлекет» Бақылаушы органның тұратын жері бар мемлекетті білдіреді.

4. Халықаралық тіркелімнің мүлкі, құжаттары, деректер базасы және мұрағаттары қол сұғылмайтын болып табылады және тыйым салудан не басқа да сот немесе әкімшілік әрекеттерінен иммунитетті пайдаланады.

5. Талап қоюшы 28-баптың 1-тармағы немесе 44-бап негізінде Тіркеушіне қарсы бағытталған кез келген талаптар мақсаттары үшін талап қоюшыға талап қою бойынша іс жүргізу үшін қажет ақпарат пен құжаттарға қол жеткізу құқығына ие болады.

6. Бақылаушы орган 4-тармаққа сәйкес берілетін қол сұғылмаушылықтан және иммунитеттен бас тарта алады.


VII тарау.

Тіркеушінің жауапкершілігі


28-бап. Жауапкершілік және қаржылық кепілдіктер

1. Тіркеуші, мұндай жұмыс істеу әдетте жүйені резервтеумен және қорғаумен және желіні ұйымдастырумен байланысты практиканы қоса алғанда, электрондық тіркелемдерді жобалау және пайдалану саласындағы ағымдағы практикада қолданылатын үздік құралдар үлгісімен алды алына алмайтын қайтарымсыз және еңсерілмейтін сипаттағы оқиғадан туындайтын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір тұлғаға келтірілген және Тіркеушінің не оның лауазымды адамдарының және қызметшілердің қате іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен немесе халықаралық тіркеу жүйесінің тиісінше жұмыс істемеуінен тікелей туындайтын залалмен байланысты шығындарды өтеу үшін жауапты болады.

2. Тіркеуші алған немесе ол алған нысанда Тркеушіге берілген тіркеу деректеріндегі нақтылы дәлсіздіктер үшін, сондай-ақ ол үшін Тіркеуші және оның лаауазымды адамдары және қызметшілер жауапты болмайтын және тіркеу деректерін Халықаралық тіркелімде алғанға дейін туындаған іс-әрекеттер мен мән-жайлар үшін алдыңғы тармаққа сәйкес Тіркеуші жауапты болмайды.

3. 1-тармаққа сәйкес өтемақының мөлшері өзіне залал келтірілген тұлға осындай залал келтіргендей немесе оған ықпал еткендей шамаға азайтылуы мүмкін.

4. Тіркеуші осы бапта белгіленген жауапкершілікті жабуға Хаттамаға сәйкес Бақылаушы орган айқындағандай көлемде сақтандыруды немесе қаржылық кепілдікті қамтамасыз етеді.
VIII тарау

Халықаралық кепілдіктің үшінші тұлғалар үшін салдарлары


29-бап. Бәсекелес кепілдіктердің басымдығы

1. Тіркелген кепілдік кейінірек тіркелген басқа кепілдіктің алдында, сондай-ақ кез келген тіркелмеген кепілдіктің алдында басым болады.

2. Алдыңғы тармаққа сәйкес бірінші болып тіркелген кепілдіктің басымдығы:

а) егер бірінші болып тіркелген кепілдік басқа кепілдіктің бар екені туралы нақты белгілі болғанда туындаса да немесе тіркелген болса да;

b) бірінші болып тіркелген кепілдіктің иеленушісі ол жөнінде өзі біле тұра төлеген авансқа қатысты да қолданылады.

3. Объектіні сатып алушы объектіге құқықты:

а) осы құқықтарды сатып алу кезіне тіркелген кез келген кепілдікпен салынған ауыртпалық ескеріле отырып;

b) бұл жөнінде өзіне нақты белгілі болса да, тіркелмеген кепілдікпен салынған ауыртпалықтан бос түрінде иеленеді.

4. Ықтимал сатып алушы немесе лизинг алушы кепілдікті немесе осы объектіге құқықты:

а) ықтимал сатушы немесе лизинг беруші ие міндеттемелерді орындау жөніндегі халықаралық кепілдікті тіркеу кезіне дейін тіркелген кез келген кепілдікпен салынған ауыртпалық ескеріле отырып;

b) бұл жөнінде өзіне нақты белгілі болса да, сол кезде көрсетілген нысанда тіркелмеген кепілдікпен салынған ауыртпалықтан бос түрінде иеленеді.

5. Осы бапқа сәйкес белгіленетін бәсекелес кепілдіктердің немесе құқықтардың басымдығы құқық иеленушілер – осы кепілдіктер бойынша тараптар арасындағы келісіммен өзгертіле алады, алайда қандай да бір бағынысты кепілдіктің цессионарийі, егер цессияны жасасу кезінде аталған келісімге қатысы бар тиісті талаптар иерархиясы тіркелмеген болса, осы қамтамасыз ету құралының бағыныстылығы туралы келісіммен байланысты емес.

6. Объектіге қандай да бір кепілдікке қатысты осы баппен белгіленген кез келген басымдық орнын толтыруға да қолданылады.

7. Осы Конвенция:

а) егер осы құқықтар қолданылатын құқыққа сәйкес көрсетілген орнатудан кейін қолданысын жалғастыра берсе, тұлғаның объектіге осындай компонеттерді орнатқанға дейін иеленген, объектіге кірмейтін компоненттерге құқықтарын қозғамайды;

b) егер мұндай құқықтар қолданылатын құқыққа сәйкес құрылған болса, объектіге бұрынырақ орнатылған, объектіге кірмейтін компоненттерге құқықтарды құруға кедергі келтірмейді.


30-бап. Дәрменсіздік салдарлары

1. Борышкерге қатысты дәрменсіздік бойынша рәсімдерді жүзеге асыру кезінде, егер дәрменсіздік бойынша мұндай рәсімдер басталғанға дейін аталған кепілдік осы Конвенцияға сәйкес тіркелген болса, халықаралық кепілдіктің заңды күші болады.

2. Осы баптағы ешбір жайт, егер бұл кепілдік қолданылатын құқыққа сәйкес жарамды болып табылса, дәрменсіздік бойынша рәсімдер барысында халықаралық кепілдіктің заңды күшіне әсер етпейді.

3. Осы баптағы ешбір жайт:

а) талаптар басымдығын құру мақсатында да, кредиторларды алдап-арбау мақсатында да жасалған мәмілелердің жоққа шығарылуына қатысы бар дәрменсіздік бойынша рәсімдерге қолданылатын кез келген нормалардың қолданысын, немесе

b) сыртқы бақылаудағы немесе дәрменсіздік бойынша басқарушының бақылауындағы мүлікке қатысты құқықтарды мәжбүрлеп жүзеге асыруға қатысы бар кез келген іс жүргізу нормаларын қозғамайды.


IX тарау

Объектімен байланысты құқықтардың және халықаралық кепілдіктердің цессиясы; суброгация құқықтары


31-бап. Цессия салдарлары

1. Тараптар өзгеше келіскен жағдайларды қоспағанда, объектімен байланысты құқықтар цессиясын жасасу кезінде 32-бапқа сәйкес цессионарийге:

а) тиісті халықаралық кепілдік;

b) цеденттің осы Конвенцияда көзделген барлық кепілдіктері мен артықшылықты құқықтары да беріледі.

2. Осы Конвенциядағы ешбір жайт цеденттің объектімен байланысты құқықтарының ішінара цессиясын жасасуға кедергі келтірмейді. Осындай ішінара цессия жасалған жағдайда цедент және цессионарий алдыңғы тармақтың негізінде құқықты беру нысанасы болып табылатын, халықаралық кепілдікпен байланысты олардың тиісті құқықтарына қатысты келісімге келе алады; алайда, бұл борышкерге оның келісімінсіз теріс салдарын келтірмеуге тиіс.

3. 4-тармақтың ережелері сақталған кезде қолданылатын құқық негізінде борышкер цессионарийге қатысты пайдалана алатын қорғану құралдары мен талаптарды ескеру құқықтары айқындалады.

4. Борышкер кез келген уақытта цессионарий тарапынан жасалған алдап-арбау әрекеттерінен туындайтын қорғану құралдарынан басқа, алдыңғы тармақта айтылған қорғану құралдарының және талаптарды ескеру құқықтарының барлығынан немесе бір бөлігінен жазбаша түрде бас тарта алады.

5. Цессияны міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жүзеге асыру кезінде құқықты беру нысанасы болып табылатын объектімен байланысты құқықтар цедентке цессиямен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау жүргізілген кезде өз қолданысын жалғастырған көлемде қайта өтеді.


32-бап. Цессияға қойылатын формальды талаптар

1. Объектімен байланысты құқықтар цессиясы, егер ол:

а) жазбаша түрде жасалса;

b) олар соның негізінде туындайтын шарт бойынша объектімен байланысты құқықты сәйкестендіруге мүмкіндік берсе;

с) – міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретіндегі цессия жағдайында – қамтамасыз етудің сомасы немесе ең жоғары сомасы көрсетілмей, Хаттамаға сәйкес цессиямен қамтамасыз етілген міндеттемелерді айқындауға мүмкіндік берсе ғана міндеттемелерді орындаудың тиісті халықаралық кепілдігін береді.

2. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету туралы келісімнің негізінде туындаған немесе онымен көзделген халықаралық кепілдік цессиясы, егер объектімен байланысты құқықтардың кейбірі немесе барлығы құқықты беру нысанасы болып табылмаса, жарамсыз болады.

3. Осы Конвенция тиісті халықаралық кепілдікті беру үшін жарамсыз болып табылатын объектімен байланысты құқықтар цессиясына қолданылмайды.
33-бап. Борышкердің цессионарий алдындағы міндеттемелері

1. Объектімен қандай көлемде байланысты болуына қарай құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік 31 және 32-баптардың ережелеріне сәйкес беріледі, борышкер болып табылатын тарап осындай құқықтарға және осындай кепілдікке қатысты цессиямен байланысты болады және, егер:

а) цедент тарапынан немесе оның уәкілеттік беруі бойынша борышкер цессия туралы жазбаша хабардар етілсе;

b) хабарлама объектімен байланысты құқықтарды сәйкестендіретін болса ғана, төлем жасауға немесе цессионер алдындағы міндеттемесін өзге де түрде орындауға міндетті.

2. Төлем жасау не борышкердің міндеттемені орындауының басқа да нысаны арқылы оны жауапкершіліктен босататын кез келген өзге де негізге қарамастан, мұндай төлемнің немесе міндеттемені орындаудың, егер олар алдыңғы тармаққа сәйкес жасалған болса, осы мақсат үшін қолданыс күші болады.

3. Осы баптағы ешбір жайт бәсекелес цессиялар басымдығына әсер етпейді.


34-бап. Міндеттемелерді қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жасалған цессия шарты бойынша міндеттемені орындамау кезінде
құқықтарды қорғау құралдары

Цедент объектімен байланысты құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік цессиясының міндеттемелерін қамтамасыз етудің тәсілі ретінде жасалған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер мынадай сілтемелер:

a) қамтамасыз етілген міндеттемеге және қамтамасыз етілетін кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті халықаралық кепілдік цессиясымен қамтамасыз етілген міндеттемеге және осындай цессия нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілетін кепілдікке сілтемелер болса;

b) кепіл ұстаушыға немесе кредиторға және кепіл берушіге немесе борышкерге сілтемелер цессионарий мен цедентке сілтемелер болса;

c) халықаралық кепілдік бойынша құқық иеленушіге сілтемелер цессионарийге сілтемелер болса;

d) объектіге сілтемелер құқықты беруге жататын, объектімен байланысты құқықтарға және тиісті халықаралық кепілдікке сілтемелер болса, 8, 9 және 11–14-баптар цедент пен цессионарий арасындағы қатынастарда қолданылады (ал объектімен байланысты құқықтарға қатысы бар жағдайда олар материалдық мүлікке қолдануға болатын жағдайда ғана қолданылады).


35-бап. Бәсекелес цессиялардың басымдығы

1. Объектімен байланысты құқықтардың бәсекелес цессиялары болған жағдайда және тым болмағанда осындай цессиялардың бірі тиісті халықаралық кепілдікті қамтыған және тіркелген жағдайда, егер тіркелген кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті тіркелген кепілдік цессиясына сілтемелер болса және егер тіркелген немесе тіркелмеген кепілдікке сілтемелер тіркелген немесе тіркелмеген цессияға сілтемелер болса, 29-баптың ережелері қолданылады.

2. 30-бап, егер халықаралық кепілдікке сілтемелер объектімен байланысты құқықтар және тиісті тіркелген кепілдік цессиясына сілтемелер болса, объектімен байланысты құқықтар цессиясына қолданылады.
36-бап. Цессионарийдің объектімен байланысты құқықтарға
қатысты басымдығы

1. Цессиясы тіркелген, объектімен байланысты құқықтардың және тиісті халықаралық кепілдіктің цессионарийі, егер:

а) соларға сай объектімен байланысты құқықтар туындайтын шартта олар объектімен қамтамасыз етілген немесе онымен байланысты делінсе;

b) объектімен байланысты құқықтар объектіге қандай көлемде жататын болса ғана, 35-баптың 1-тармағының мағынасында объектімен байланысты құқықтардың басқа цессионарийі алдында басымдыққа ие болады.

2. Алдыңғы тармақтың b) тармақшасының мақсаттары үшін объектімен байланысты құқықтар мыналарға:

а) объектіні сатып алу үшін аванспен енгізілген және пайдаланылған сомаға;

b) егер цедент бұл кепілдікті цессионарийге берсе және цессия тіркелсе, цеденттің оған қатысты басқа халықаралық кепілдігі бар басқа объектіні сатып алу үшін аванспен енгізілген және пайдаланылған сомаға;

с) объект үшін төленуге тиіс бағаға;

d) объектіге байланысты төленуге тиіс жалдау төлемдеріне, немесе

е) кез келген алдыңғы тармақтарда айтылған мәмілелерден туындайтын басқа да міндеттемелерге қатысы бар төлемді алуға немесе міндеттеменің өзгедей орындалуына құқықтардан тұратын көлемде ғана объектіге жатады.

3. Барлық басқа жағдайларда объектімен байланысты құқықтардың бәсекелес цессияларының басымдығын қолданылатын құқық айқындайды.
37-бап. Цедент дәрменсіздігінің салдарлары

30-баптың ережелері, егер борышкерге сілтемелер цедентке сілтемелер болса, цедентке қатысты дәрменсіздік бойынша рәсімдерге қолданылады.


38-бап. Суброгация

1. 2-тармақтың ережелері ескеріле отырып, осы Конвенциядағы ешбір жайт объектімен байланысты құқықтарды және тиісті халықаралық кепілдікті қолданылатын құқыққа сәйкес заңға байланысты немесе шарт бойынша суброгация жолымен сатып алуға әсер етпейді.

2. Алдыңғы тармақта көзделген құқықтар және бәсекелес құқықтар арасындағы иерархия тиісті құқықтарды иеленушілердің жазбаша келісімімен өзгертілуі мүмкін, алайда, міндеттемелерді орындаудың бағынысты кепілдігінің цессионарийі, егер цессияны жасасу кезінде аталған келісімге қатысы бар тиісті бағыныстылық тіркелмеген болса, осы кепілдікті бағынысты ету туралы келісіммен байланысты болмайды.

X тарау

Уағдаласушы Мемлекеттер мәлімдемелерінің мәні болып табылатын құқықтар немесе кепілдіктер


39-бап. Тіркеусіз басым сипатқа ие құқықтар

1. Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта депозитарийге сақтауға берілетін мәлімдеме Хаттамасында жалпы немесе нақты:

а) шарттан тыс құқықтар мен кепілдіктердің (40-бап қолданылатын қандай да бір құқықтардан немесе

кепілдіктерден басқа) осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес объектіге қандай да бір кепілдікке қатысы бойынша тіркелген халықаралық кепілдік иеленушісіне тиесілі және бұл кепілдіктің дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге байланысы бар-жоғына қарамастан, тіркелген халықаралық кепілдік алдында басым күшке ие кепілдіктің

басымдығына барабар басымдыққа ие болатын санаттарын көрсете алады;

b) осы Конвенцияда ештеңе мемлекеттің немесе мемлекеттің ұйымның, үкіметаралық ұйымның немесе қоғамдық қызмет көрсетудің жеке өнім берушісінің осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай ұйымға немесе өнім берушіге тиесілі, көрсетілген объекті немесе басқа объекті үшін осындай қызмет көрсетуді ұсынуға тікелей қатысты сомаларды төлеуге объектіні тұтқындау немесе ұстау құқығына әсер етпейді.

2. Өткен тармаққа сәйкес жасалған мәлімдемеде мұндай мәлімдеме сақтауға тапсырылғаннан кейін пайда болуы мүмкін санаттарға қолданылатыны айтылуы мүмкін.

3. Шарттан тыс құқықтар пен кепілдіктер егер олар мұндай халықаралық кепілдік тіркелгенге дейін сақтауға тапсырылған мәлімдеме қолданылатын санаттарға жатқан жағдайда ғана, олардың халықаралық кепілдікке қатысы бойынша басымдығы болады.

4. Өткен тармақтың ережесіне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде
1-тармақтың а) тармақшасына сәйкес жасалған мәлімдеме қолданылатын санаттардың бірінің құқығы немесе кепілдігі мұндай ратификацияланған, қабылданған, бекітіліген немесе қосылған күніне дейін тіркелген халықаралық кепілдікке қатысты басымдығы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет