40-бап. Тіркелетін шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер
Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта депозитарийге сақтауға берілетін мәлімдеме Хаттамасында егер мұндай құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктерді білдірсе, осы Конвенцияға сәйкес объектілердің қандай да бір санаты бойынша тіркелуі мүмкін шарттан тыс құқықтар немесе кепілдіктер санаттарының тізбесін көрсете алады, осыдан кейін бұл құқықтар немесе кепілдіктер халықаралық кепілдіктер ретінде қаралуы тиіс. Қажеттілігіне қарай мұндай мәлімдемеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ХI тарау
Конвенцияны сатуға қолдану
41-бап. Сату және шарты сату
Осы Конвенцияға енгізілуі мүмкін кез келген өзгерістерімен бірге Хаттамада көзделгендей, ол объектіні сатуға немесе шартты сатуға қолданылады.
XII тарау
Заңды құзыр
42-бап. Сотты таңдау
1. 43 және 44-баптардың ережелері сақталған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердің тараптар мәміледе сайлаған қандай да бір соттардың сайланған соттың тараптармен немесе мәмілемен қандай да бір байланысы болуы қарамастан, осы Конвенцияға сәйкес берілетін кез келген талап-арызға қатысты заңды құзыры болады. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, мұндай заңды құзыр ерекше болып табылады.
2. Кез келген мұндай уағдаластық жазбаша түрде жасалады немесе сайланған сот елінде қолданыстағы құқықтың формальды талаптарына сәйкес өзгеше тәсілмен жасалады.
43-бап. 13-бапқа сәйкес заңды құзыр
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің тараптар сайлаған қандай да бір соттары және аумағында объект орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің соттары осы объектіге қатысты 1-тармақтың a), b) және c) тармақшаларының және 13-бабының 4-тармағының мәні бойынша сот қорғауын ұсыну бөлігінде құзыретке ие болады.
2. 13-баптың 1-тармағының d) тармақшасының мәні бойынша сот қорғауын немесе 13-баптың 4-тармағының тұрғысынан өзгеше уақытша сот қорғауын ұсыну бөлігінде құзыретті:
а) тараптар сайлаған соттар немесе
b) аумағында борышкер орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің соттары жүзеге асыра алады; бұл ретте сот қорғауының мұндай құралдары оларды ұсыну туралы актілердің шарттарына сәйкес осы Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында ғана мәжбүрлеп орындатуға жатады.
3. Сот егер 13-баптың 1-тармағына айтылған талап-арыз бойынша түпкілікті шешім басқа Уағдаласушы Мемлекеттің сотына немесе арбитражды төрелікке енгізілетін немесе енгізілуі мүмкін болса да, өткен тармақтарға сәйкес құзыретке ие болады.
44-бап. Тіркеушінің атына қаулы енгізу құзыреті
1. Аумағында Тіркеушінің әкімшілік орталығы бар мемлекеттің сот мекемелерінің Тіркеушінің атына залалды өтеуді немесе сот қаулыларын беруге қатысты шешімдер шығару бойынша ерекше құзыреті болады.
2. Егер қандай да бір тұлға 25-тармаққа сәйкес ұсынылған талапты орындамаса және бұл тұлға өзінің өмір сұруын тоқтатса немесе оған қарсы тіркеуді тоқтатуды талап ететін сот актісін шығару құқығын жүзеге асыру мақсатында табылмаса, өткен тармақта көрсетілген сот мекемелерінің борышкердің немесе ықтимал борышкердің мәлімдемесі бойынша тіркеуді тоқтату туралы талаппен Тіркеушінің атына қаулы шығаруға ерекше құзыреті болады.
3. Егер қандай да бір тұлға осы Конвенцияға сәйкес заңды құзыры бар соттың өкімін орындамаса немесе іс ұлттық кепілдікке қатысты болса, осы тұлға тіркеуді өзгертуі немесе тоқтатуы талап етіліп отырған құзыретті заңды құзырлы соттың өкімін 1-тармақта көрсетілген сот мекемелері Тіркеушінің атына осы өкімнің орындалуын қамтамасыз ететін осындай қадамдар жасауға нұсқама бере алады.
4. Өткен тармақтарда өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, ешқандай сот Тіркеушінің атына жіберілген және оған қандай да бір міндеттеме жүктеу мақсаты бар өкім бере алмайды немесе шешімдер немесе қаулылар қабылдай алмайды.
45-бап. Дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге қатысты заңды құзыр
Осы тараудың ережелері дәрменсіздік жөніндегі рәсімдерге қолданылмайды.
XIII тарау
Басқа конвенциялармен байланыс
46-бап. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық саудадағы дебиторлық берешекті беру туралы конвенциямен байланыс
Осы Конвенцияның қосылу үшін 2001 жылғы 12 желтоқсанда ашылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық саудадағы дебиторлық берешекті беру туралы конвенция алдында құқықтар объектісіне байланысты ретінде авиациялық объектілерге, теміржол жылжымалы құрамына және ғарыш құралдарына арналған халықаралық кепілдіктерге қатысы бар дебиторлық берешекті беруге қатысты бөлігінде басым күші бар.
47-бап. Халықаралық қаржы лизингі туралы
УНИДРУА конвенциясы
Осы Конвенция мен 1988 жылғы 28 мамырда Оттава қаласында қол қойылған Халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА конвенциясы арасындағы байланыс осы Хаттамада белгіленуі мүмкін.
XIV тарау
Қорытынды ережелер
48-бап. Қол қою, ратификациялау, қабылдау,
бекіту немесе қосылу
1. Осы Конвенция 2011 жылғы 29 қазан-16 қараша аралығында Кейптаунда өткен жылжымалы жабдықтар мен авиациялық хаттама туралы конвенция қабылдауға арналған дипломатиялық конференцияға қатысқан мемлекеттердің қол қоюы үшін 2001 жылғы 16 қарашада Кейптаунда ашық. 2001 жылғы 16 қарашадан кейін Конвенция 49-бапқа сәйкес ол күшіне енгенге дейін Римде Жеке құқықты біріздендірудің халықаралық институтының штаб-пәтерінде (УНИДРУА) барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
2. Осы Конвенция ратификациялануы, қабылдануы немесе оған қол қойған мемлекеттер бекітуі тиіс.
3.Осы Конвенцияға қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады.
4. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу бұл туралы депозитарийге ресми құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүргізіледі.
49-бап. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары
1. Егеменді мемлекеттер құрған және осы Конвенцияда реттелетін кейбір мәселелерге қатысты құзыреті бар экономикалық интеграцияның кез келген өңірлік ұйымы осы Конвенцияға қол қоя алады, қабылдай алады, бекіте алады немесе оған қосыла алады. Бұл жағдайда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы ұйымның осы Конвенцияда реттелетін мәселелерге қатысты қандай құзыреті болса, сондай шамада Уағдаласушы Мемлекеттің құқықтарына немесе міндеттемелеріне ие болады. Уағдаласушы Мемлекеттердің саны релевантты болып табылған жағдайларда осы Конвенцияда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын мүше мемлекеттерге оны толықтыру үшін Уағдаласушы Мемлекет ретінде есепке алынбайды.
2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, бекіту немесе қосылу кезінде депозитарийге осы Конвенцияда реттелетін және оған мүше мемлекеттер осы ұйымның құзыретін берген мәселелерді көрсете отырып мәлімдеме жасайды. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы тармаққа сәйкес жасалған мәлімдемеде көрсетілген құзыреттің аражігін ажыратудың өзгерістері туралы, оның ішінде құзыреттерді жаңадан беру туралы дереу хабарлайды.
3. «Уағдаласушы Мемлекетке» немесе «Уағдаласатын Мемлекетке» немесе «қатысушы Мемлекетке» немесе «қатысушы Мемлекеттерге» кез келген сілтеме түпмәтін мұндайды талап етсе, осы Конвенцияда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына тең дәрежеде қатысты болады.
50-бап. Күшіне енуі
1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы үшінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінше күні, бірақ объектілердің Хаттама:
а) осы Хаттама күшіне енген сәттен бастап;
b) осы Хаттамада көзделген шарттарға сәйкес;
с) осы Конвенцияға және осы Хаттамаға мүше Мемлекеттер арасында қолданылатын сол бір санатына қатысты ғана күшіне енеді.
2. Басқа мемлекеттер үшін осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өзінің құжаты сақтауға тапсырылған күннен кейін үш ай өткен соң келетін айдың бірінші күні, объектілердің Хаттама қолданылатын сол бір санатына қатысты ғана және осындай Хаттамаға қатысты өткен тармақтың а), b) және с) тармақшаларының талаптары сақталған жағдайда күшіне енеді.
51. Ішкі мәмілелер
1. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенция осы мемлекет үшін ішкі болып табылатын мәмілелерге, объектілердің барлық типіне немесе олардың кейбіріне қатысты қолданылмайды деп мәлімдей алады.
2. Өткен тармақтың мазмұнына қарамастан, ішкі мәмілелерге V тараудың 8-бабы 4-тармағының, 9-бабы 1-тармағының, 16-бабының ережелері, сондай-ақ осы Конвенцияның тіркелген кепілдіктеріне жататын басқа кез келген ережелері қолданылады
3. Егер ұлттық кепілдік туралы хабарлама Халықаралық тіркелімде тіркелген жағдайда, 29-бапқа сәйкес мұндай кепілдік иеленушісінің кезегіне мұндай кепілдік қолданылатын құқық тұрғысынан цессия немесе суброгация жолымен басқа тұлғаға берілген деген факт әсер етпейді.
52-бап. Болашақта қабылдануы мүмкін хаттамалар
1. Егер депозитарий орынды деп есептесе, осы Конвенцияның қолданысын 2-баптың 3-тармағында аталған санаттардан басқа бір немесе бірнеше хаттама арқылы құны жоғары, әрбір құрамдас элементі бірмәнді сәйкестендірілетін болып табылатын жылжымалы құрамның кез келген санатының объектілеріне, сондай-ақ осындай объектілермен байланысты құқыққа таратудың орындылығын бағалау үшін тиісті үкіметтікемес ұйымдармен ынтымақтасып, жұмыс топтарын құра алады.
2. Депозитарий объектінің қандай да бір санатына қатысты және осындай жұмыс тобы дайындаған хаттаманың кез келген алдын ала жобасының мәтінін депозитарийдің мүше мемлекеттеріне, депозитарийдің мүше мемлекеттері болып табылмайтын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерге және тиісті халықаралық ұйымдарға жібереді және мұндай мемлекеттер мен ұйымдарды хаттаманың мұндай алдын ала жобасы негізінде хаттаманың жобасын пысықтау жөніндегі үкіметаралық келіссөздерге қатысуға шақырады.
3. Бұдан басқа, егер депозитарий орынды деп санаса, депозитарий осындай жұмыс тобы дайындаған хаттаманың кез келген алдын ала жобасының мәтінін тиісті үкіметтікемес ұйымдарға жібереді. Мұндай үкіметтік емес ұйымдарға хаттаманың алдын ала жобасының мәтіні бойынша депозитарийге дереу ескертулер беруді және хаттама жобасын дайындауда байқаушы ретінде қатысуды ұсынады.
4. Құзыретті органдар мұндай хаттама жобасы қабылдауға дайын деп санаса, депозитарий оны қабылдау үшін дипломатиялық конференция шақырады.
5. Мұндай хаттама қабылданғаннан кейін 6-тармақты ескере отырып, осы Конвенция ол қамтитын объект санаттарына қолданылады.
6. Осы Конвенцияның 45-бабы егер осы хаттамада нақты көзделіп отырған жағдайда ғана мұндай хаттамаға қолданылады.
53-бап. Аумақтық бірліктер
1. Егер мемлекеттің осы Конвенцияда реттелетін мәселелерге қатысты түрлі құқықтық жүйелер қолданылатын аумақтық бірліктері болса, ол ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенцияның қолданысы өзінің барлық аумақтық бірліктеріне немесе олардың біріне немесе бірнешеуіне таралады деп мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдемесе ұсынып, бұл мәлімдемені өзгерте алады.
2.Кез келген мұндай мәлімдемеде осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктер анық көрсетіледі.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекет 1-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасамаса, осы Конвенция мұндай мемлекеттің барлық аумақтық бірліктеріне қолданылады.
4. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияның қолданысын өзінің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне таратқан жағдайда осы Конвенция бойынша жол берілетін мәлімдемелер осындай аумақтық бірліктің әрбіріне жасалуы мүмкін және осындай аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелер басқа аумақтық бірлікке қатысты жасалған мәлімдемелерден өзгешелігі болуы мүмкін.
5. Егер 1-тармаққа сәйкес мәлімдеме тұрғысынан осы Конвенцияның қолданысы қандай да бір Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше аумақтық бірлігіне таратылса:
а) борышкер егер ол осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалса немесе құрылса немесе егер оның тіркелген штаб-пәтері, әкімшілік орталығы, шаруашылық қызмет жүргізу орны немесе осы Конвенция қолданылатын аумақта қалыпты тұратын орны болған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердің қандай да бірінде деп есептеледі;
b) қандай да бір Уағдаласушы Мемлекетте объектінің орналасқан жеріне кез келген сілтеме,
осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктегі объектінің орналасқан жерін көрсетеді;
с) әкімшілік органдарға кез келген сілтеме осы Уағдаласушы Мемлекетте осы Конвенция қолданылатын аумақтық бірлікте заңды құзыры бар әкімшілік органдарға сілтеме ретінде қаралады.
54-бап. Соттарды анықтау
Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде 1-баптың және осы Конвенцияның ХІІ тарауының мақсаттары үшін тиісті «сотқа» немесе «соттарға» қатысты мәлімдеме жасауы мүмкін.
55-бап. Құқықтарды қорғау тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
1. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде міндеттемелермен ауыртпалық салынған объект өзінің аумағында орналасқан немесе осы аумақтан бақыланып тұрған кезде кепіл ұстаушы осы аумақтағы бұл объектіні лизингке бермеуге тиіс деп мәлімдеме жасай алады.
2. Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде осы Конвенция ережелерінің қандай да біріне сәйкес кредитордағы және онда сотқа жүгіну керек болатын құқықтарды қорғаудың тәсілі ретінде анық анықталмаған құқықтарды қорғаудың кез келген тәсілі соттың шешімімен ғана қолданылуы мүмкін бе деген мәлімдеме жасайды.
56-бап. Құқықтарды қорғаудың аралық тәсілдеріне қатысты мәлімдеме
Уағдаласушы Мемлекет Хаттаманы ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде ол 13-баптың, 43-баптың немесе осы екі баптың да ережелерін толық немесе ішінара қолданбайтын болады деп мәлімдеме жасай алады. Мұндай мәлімдемеде егер ол ішінара қолданылатын болған жағдайда, тиісті бап қандай жағдайда қолданылатыны немесе керісінше болған жағдайда уақытша сот қорғауының басқа қандай нысандары қолданылатыны көрсетіледі.
57-бап. Ескертпелер мен мәлімдемелер
1. Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берілмейді, бірақ 39, 40, 50, 52, 53, 54, 55, 57, 58 және 60-баптардың мақсаттарына сәйкес осы баптармен жол берілетін мәлімдемелер жасалуы мүмкін.
2. Осы Конвенцияға сәйкес жасалған кез келген мәлімдеме немесе кейінгі мәлімдемелер туралы немесе мәлімдемені немесе ескертпені кері қайтарып алу туралы депозитарийге жазбаша түрде хабарланады.
58-бап. Кейінгі мәлімдемелер
1. Кез келген қатысушы Мемлекет 60-бапқа сәйкес жол берілетін мәлімдемеден басқа, осы Конвенцияның ол үшін күшіне енгеннен кейін кез келген уақытта бұл туралы депозитарийді хабарлау жолымен кейінгі мәлімдемелер жасай алады.
2. Кез келген мұндай кейінгі мәлімдеме депозитарий хабарлама алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді. Егер хабарламада осы мәлімдеменің күшіне енуінің ұзақ кезеңі айтылса, ол депозитарий хабарлама алғаннан кейін осындай ұзақ кезең өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Өткен тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер осындай кез келген кейінгі мәлімдеме күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты мұндай кейінгі мәлімдемелер жасалмауы үшін осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
59-бап. Мәлімдемелерді кері қайтарып алу
1. 60-бапқа сәйкес жол берілетін мәлімдемелерден басқа осы Конвенцияға мәлімдеме жасаған кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийге ресми хабарлама жіберіп, кез келген уақытта оны кері қайтарып ала алады. Мұндай кері қайтарып алу депозитарий хабарлама алған күннен кейін алты ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
2. Өткен тармақтың ережелеріне қарамастан, егер мәлімдемені мұндай кері қайтарып алу осындай кез келген кері қайтарып алу күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмесе, осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
60-бап. Күшін жою
1. Кез келген қатысушы Мемлекет депозитарийді жазбаша түрде хабарлау арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
2. Кез келген мұндай күшін жою депозитарий хабарлама алған күннен кейін он екі ай өткен соң келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.
3. Өткен тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер күшін жою осындай кез келген күшін жою күшіне енген күнге дейін туындаған барлық құқықтар мен кепілдіктерге қатысты жүргізілмесе, осы Конвенцияның қолданысы жалғасады.
61-бап. Өтпелі ережелер
1. Егер Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта өзгеше мәлімдемесе, осы Конвенция күшіне енгенге дейін қолданылатын құқыққа сәйкес олар үшін белгіленген басымдық сақталатын бұрын қолданылған құқықтарға немесе кепілдіктерге қатысты қолданылмайды.
2. 1-баптың v) тармағының мақсаттары және осы Конвенцияға сәйкес басымдықты анықтау үшін:
а) «осы Конвенцияның күшіне ену күні» борышкердің осы Конвенция күшіне енген күнге немесе кешірек басталатынына қарамастан, борышкер орналасқан мемлекеттің Уағдаласушы Мемлекеттердің құрамына кіру күніне қатысын білдіреді;
b) борышкер өзінің әкімшілік орталығы бар мемлекетте немесе онда өзінің шаруашылық қызметін жүргізіп отырған әкімшілік орталығы жоқ болса немесе егер борышкер өзінің шаруашылық қызметін жүргізетін негізгі орны болып табылатын өзінің шаруашылық қызметін жүргізетін бірнеше орны болса немесе оның қалыпты өмір сүру орны болып табылатын шаруашылық қызметін жүргізетін орны болмаса, әкімшілік орталығы бар мемлекетте болады.
3. Уағдаласушы Мемлекет 1-тармаққа сәйкес өзінің мәлімдемесінде басымдықты анықтау үшін, оның ішінде борышкер өткен тармақтың
b) тармақшасында аталып өтетін мемлекетте болған уақытта жасалған шарт бойынша туындаған, бұрын қолданылған құқықтарға немесе кепілдіктерге кез келген қолданыстағы басымдықты қорғау үшін осы Конвенция және Хаттама қолданыла бастайтын осы мәлімдеме күшіне енгеннен кейін кемінде үш жылдан кейін басталатын күнді, бірақ бұл өзінің мәлімдемесінде белгіленгендей шамада белгілей алады.
62-бап. Ревизиялық конференциялар, түзетулер және оларға байланысты мәселелер
1. Депозитарий жыл сайын немесе мән-жай талап еткен кезде қатысушы Мемлекеттер үшін осы Конвенцияда құрылған халықаралық режимнің практикалық жұмыс істеуінің тәсіліне қатысты баяндамалар дайындайды. Мұндай баяндамаларды дайындау кезінде Депозитарий Бақылаушы органның халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты баяндамаларын ескереді.
2. Қатысушы Мемлекеттердің кемінде жиырма бес пайызының өтініші бойынша депозитарий Бақылаушы органмен консультация үшін уақыт өте келе:
а) осы Конвенцияның практикалық орындалуы және өзінің ережелерімен қамтылған авиациялық объектілерді қамтамасыз етуге және лизингке қамтамасыз етілген активтермен жәрдемдесу ісінде
оның тиімділігі;
b) осы Конвенцияның ережелерін және қағидаларды сотта түсіндіру және қолдану;
с) халықаралық тіркеу жүйесінің жұмыс істеуі, Тіркеушінің жұмысы және Бақылаушы органның баяндамасын ескере отырып, оны Бақылаушы орган тарапынан қадағалау;
d) осы Конвенцияның немесе халықаралық тіркеу жүйесінің қандай да бір өзгерістерінің орындылығы мәселелерін қарау үшін қатысушы Мемлекеттердің ревизиялық конференцияларын шақырады.
3. 4-тармақтың ережелері ескеріле отырып, осы Конвенцияға кез келген түзету конференцияға қатысатын, өткен тармақта аталып өткен қатысушы Мемлекеттердің көпшілігімен, кемінде үштен екісімен бекітіледі және Конвенцияның күшіне енуіне қатысты 49-баптың ережелеріне сәйкес үш мемлекет ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен жағдайда мұндай түзетуді ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен
мемлекетке қатысты күшіне енеді.
4. Егер осы Конвенция болжанып отырған түзету жабдықтардың бірнеше санаттарына қолданылатын болады деп ұйғарылып отырған жағдайда, мұндай түзету 2-тармақта аталып өткен конференцияға қатысатын әрбір хаттамаға қатысушы мемлекеттердің көпшілігімен, кемінде үштен екісімен бекітіледі.
63-бап. Депозитарий және оның функциялары
1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар осымен депозитарий бекітетін Жеке құқықты біріздендірудің халықаралық институтына (УНИДРУА) сақтауға тапсырылады.
2. Депозитарий:
а) барлық Уағдаласушы Мемлекеттерді:
i) тиісті күнін көрсете отырып, әрбір қол қойылған немесе әрбір ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттың сақтауға жаңадан тапсырылғаны туралы;
ii) осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы;
iii) тиісті күнін көрсете отырып, осы Конвенцияға сәйкес жасалған әрбір мәлімдеме туралы;
iv) тиісті күнін көрсете отырып, кез келген мәлімдемені кері қайтарып алу немесе өзгерту туралы;
v) тиісті күнін және күшін жоюдың күшіне ену күнін көрсете отырып, осы Конвенцияның күші жойылғаны туралы хабарлама туралы хабардар етеді;
b) осы Конвенцияның куәландырылған түпнұсқа көшірмелерін барлық қатысушы Мемлекеттерге жібереді;
с) Бақылаушы органға және Тіркеушіге сақтауға тапсыру күнін көрсете отырып, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы әрбір құжаттың, әрбір мәлімдеменің немесе мәлімдемені кері қайтарып алудың немесе мәлімдеме өзгерісінің және хабарлама күнін көрсете отырып, күшін жою туралы әрбір хабарламаның көшірмесін қамтыған ақпарат жалпыға қолжетімді болуы үшін береді;
d) депозитарий үшін қалыпты болып табылатын басқа да функцияларды орындайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН төменде қол қойған, тиісінше уәкілеттік берілген уәкілетті өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Кейптаунда орыс, ағылшын, араб, испан, қытай, және француз тілдерінде жалғыз түпнұсқа данада екі мың бірінші жылғы қарашаның он алтыншы күні жасалды, әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады, мұндай тең түпнұсқалыққа оларды бір-бірімен сәйкес келтіру тұрғысынан осында көрсетілген күннен бастап тоқсан күннен кейін Конференция Төрағасының өкілеттіктері шеңберінде Конференция хатшылығымен берге тексерілгеннен кейін ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |