92
5) 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат.
Оқу мақсаттары қазақ тілін ғылыми пән ретінде оқитын білім алушыларға
мәтінтану мен мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру
арқылы өмірге қажет
функционалды білім беруді көздейді. Мұның өзі орта мектеп деңгейіне сай
лингвистикалық білім алуға негізделеді.
Оқу мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1) мәтінтану: тыңдау және оқу арқылы мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі
және қосымша ойды таба білу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу, әртүрлі
ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алумен қатар, мәтіннің стилі мен жанрын,
мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік құралдарын
ажырата білуден тұрады;
2) мәтінтудыру: мәтіннің мазмұнын айту кезінде орфоэпиялық
нормаларды сақтаудан бастап, тіл мәдениетінің талаптарын орындай отырып,
шешен сөйлеу деңгейіне жетуді көздейді. Орфографият және пунктуация
талаптарын
сақтай отырып, барлық стильдер мен жанрларда мәтін жаза алу
арқылы мәтінтудыру дағдысын жетілдіруді көздейді;
3) әдеби тіл нормалары: айту және жазу әрекеті кезінде лексика-
грамматикалық нормаларды, оның ережелерін және ерекшеліктерін қатаң
сақтауды үйретуді көздейді.
«Мәтінтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіннің мазмұнын тану;
2) мәтіннің стилі мен жанрын тану.
«Мәтінтудыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде мәтінтудыру;
2) ауызекі және көркем әдебиет стилінде ауызша сөйлеу;
3) ресми
стильде мәтінтудыру, сөйлеу;
4) публицистикалық стильде мәтінтудыру, сөйлеу;
5) ғылыми стильде мәтінтудыру, сөйлеу.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) лексика-грамматикалық норма;
2) орфографиялық норма;
3) орфоэпиялық норма;
4) пунктуациялық норма.
«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен
бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете
оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай
мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ
тілінде) жүзеге асырылады.
«Абай мектептері» желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының
мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай
93
алатын, интелектуалдық
эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары
шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Абай мектептері» желісінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық
жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне
негізделген.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны
басшылыққа алады:
1) оқу және түсіну;
2) талдау
және жинақтау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығарманы пайымдап, мәнерлеп,
талдап оқиды, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс
жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және
көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажырата алады;
көркем
шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретациялайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық
құрылымын анықтайды; көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік
кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін біледі; көркемдік
тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.;
1) «Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: көркем
шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және
көркемдік құндылығын табады; әдеби
шығармашылықпен айналысады; әдеби
эссе мен әдеби сын жаза алады.
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын
шығармалар тізімінде: ауыз әдебиетінің үлгілері, ертегілер, батырлар жыры,
аңыз-әңгімелер, ежелгі дәуір әдебиеті,
шешендік сөздер, ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, соның ішінде халық ақындары, айтыс өнері, би-
шешендер, сал-серілер, әнші-ақындар; ХХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде балалар
әдібиетінің өкілдері, қазіргі заман әдебиетінің авторлары мен шығармалары және
әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
Білім алушылар оқу мақсаттары жүйесі бойынша шығарма мәтініндегі
жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсініп, образдар мен
мотивтердің туынды идеясымен байланысын анықтай алатын болады. Сонымен
қатар туынды желісі бойынша көркем шығарманы автор ізімен баяндап жазу,
шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу, ойтолғау, хат, ертегі, өтірік өлең, әңгіме
жазу, кейіпкер монологі мен диалогін жазу, әдеби эссе, блог, миниатюра, ғылыми
94
жоба және рецензия мен әдеби сын жазумен айналыса алады. Көркем
шығарманы
өзге жанрда ауызша, жазбаша интерпретациялап, киносценарий,
инсценировка сияқты шығармашылық жұмыстар жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: