Бабинский рефлексі — табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады. Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады. Гордон рефлексі сырқаттын балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді. Шеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы айқындалады. Флексорлық немесе бүгілу патологиялық рефлекстері аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІУ және У бақайларының бүгіліп изеңдеуі арқылы көрініс береді- Оларды төменгі тәсілдер арқылы анықтауға болады. Аяқ ұшында көрініс беретін бақайлар бүгілу (флексорлык.) патологиялық рефлекстерін анықтайтын тәсілдер: 1-Россолимо рефлексі; 2-1 Бехтерев рефлексі; 3- Жуковский рефлексі; 4- II Бехтерев рефлексі Россолимо рефлексі ІІ-У бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы байқалады. Бехтерев I рефлексі аяқ ұшының үстін IV бақай тұсында балғамен соғу арқылы байқалады. Бехтерев II рефлексі — неврологиялық балтамен өкшені немесе бас бармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының немесе қол ұшы саусақтарының бүгілуі. Жуковский рефлексі табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы білінеді. Патологиялық рефлекстерге осы жоғары аталғандардан басқа аяқ ұшы мен тобықтың ырғақты түрде қимылдауы және қорғаныш рефлекстері де жатады. Тобықтың ырғақты қимылдауы (тобық клонусы) тобықты күшпен төменнен жоғары қозғағанда тізе бұлшық еттерінің әлденеше рет ширығуына байланысты тобықтың ырғақты түрде біраз уақыт қимылдауы. Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы (аяқ ұшы клонусы). Аяқ ұшын шұғыл керіп (жазып, созып) қалса, онда аз уақыт ырғақты қимыл пайда болады. Адамның қимыл-әрекетін ерікті және еріксіз (шартсыз) деп бөледі. Шартсыз қимыл-әрекетің негізінде созылу қарапайым рефлексі немесе миотатикалық рефлекс жатады. Егерде орталық нейрон пирамидалық жол болса (қыртыс-бұлшықет жолының жартысы), онда периферикалық нейрон рефлекторлы доғаның эфферентті бөлігін құрайды. Қыртыс-бұлшықет жолы зақымдалған кезде паралич немесе сал ауруы (салдану) дамиды, Паралич — қимыл мен бұлшық ет күшінің болмауы. Немесе парез – қимыл-қозғалыс шектігі мен бұлшық ет күшінің төмендеуі. Перифериялық нейрон зақымдалған кезде шеткі паралич дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |