Жүйке жүйесінің маңызы. Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы


Эффекторлық нейрон дегеніміз не



бет2/4
Дата15.03.2022
өлшемі94.07 Kb.
#456289
1   2   3   4
Жүйке жүйесінің маңызы

Эффекторлық нейрон дегеніміз не.
Рефлекторлық доғаны жай және күрделі деп екіге бөлеміз. Жай доға құрамында (көп жағдайда) үшінші қосымша нейрон қатысады. Ол жүйке серпінін сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға беріп отырады. Осы жай доғадан да басқа ми бөлімдерінен өтетін, кейде ми қыртысына дейін баратын, көп нейронды рефлеторлық доғалар да болады. Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан тарамдалған ұзынды – қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Аксон өсірділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.Сонымен қорта айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз. Рецепторлар (қабылдағыштар) эфференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал нейрондармен байланысты, олар пайда болған қозуды орталыққа өткізгіш (апарушы) нейрондар.
1. Кондукторлар (өткізгіштер) қосымша немесе ассоциативті нейрондар. Олар жүйке қозуын орталыққа тепкішнейроннан орталықтан тепкіш нейронға өткізеді.
2. Эфференттік (орталықтан тепкіш) нецрон орталқтан шеткі жұмыс ағзаларына еретін эффекторға жеткізу, жауап беру реакциясын қамтамасыз етеді.Эффекторлар дегеніміз жүйке серпіні жұмыс ағзасына (бұлшық етке, безге т.б.) беретін эфференттік нейрондар жүйке ұштары. Ал нейрондардың өзін эффекторлық нейрондар деп атайды. Сонғы кезде ашық рефлекторлық доғамен қатар ағзаларды орталықпен кері байланыстыратын тұйық шеңберлі рефлекс тізбектері туралы пікірлер пайда болып жатыр. Олардың жүйке жүйесінің функциональды қызметін физиология пәнінен тереңірек түсінуге болады.
Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.
Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезіңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрық денесінің дорсальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми жүйке пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бойы жиегі қалыңдап, бір – бірімен бірігіп, ұзынша жүйке түтігін түзеді. Жүйке түтігі хорданың үстіңгі жағында қатар жатады. Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіз дп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйіз, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынның тек көкірек бунақтарында ғана кезеседі. Сұр зат жүйке жасушаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Ал көру, есту, тепе – теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Үш айлық балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал алты айлық баланың көру қабылеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы жұмысына байланысты организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді. Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал бір жасқа тола келгенде ми сыңарларының жетілуіне байланысты денесін тік ұтап, жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады. Сонда тіл шығып, сөйлеу қабыілеті біліне бастайды.
Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейроның эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрон орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып, сипатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі ағзаларды жүйкелендіруге бағыт алады.
Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің келіп қосылған жиегі ганглиозды пластинкаға айналады. Осы пластинакадан бара – бара омыртқа аралық жұлын түйіндері мен жүйкелерінің түйіндері дамиды.Жүйке түтікгінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп, ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын өзегіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет