Жүйке тінінің жасушаларының биохимиялық сипаттамасы



бет7/17
Дата07.02.2024
өлшемі119.09 Kb.
#491250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
бх цнс

Биогендік аминдер

Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің және кейбір бактериялардың организмінде аминқышқылдардың декарбоксилденуінен тузілген протеиногенді азот құрамды органикалық байланыстар тобы.
Жіктелуі:
1. этаноламиндер – холин, ацетилхолин
2.полиэтилендиаминдер – путресцин, кадаверин
3.полиаминдер - спермин
4.имидазолилалкиламиндер - гистамин
5.фенилалкиламиндер – мескалин, тирамин
6.катехоламиндер - адреналин, норадреналин мен дофамин
7.индолилалкиламиндер - триптамин, серотонин
8.бетаиндер - карнитин
Қызыметі: • Алкалоидтар мен гормондардың құрам бөлігі (адреналин, норадреналин);
• Нейромедиаторлық (ацетилхолин)
• Галлюциногенді (мескалин);
• Токсикалық (путресцин мен кадаверин);
1. Гамма-аминомай қышқылына (ГАМҚ) жүйке ижүйесінің тежеуші импульстерінің медиаторы болып табылады.
2. Серотонин - жүйке ұлпасында өндіріледі. Бас ауруларының кейбір түрлері сақиана (мигрень) серотониннің артық мөлшерде өндірілуіне байланысты. Серотонин тамырдарды тарылтады, қанның ұюын реттеуге қатысады. Антиаллергиялық әсерге қабілетті.
3. Гистамин - медиатор болып табылады және жүйке жасушалары мен (тучный) жасушаларында кездеседі. Күшті тамыр кеңейткіш әсерге қабілетті. Гистамин секреторлық гранулаларда сақталады және қанға ұлпаның зақымдалған кезінде (соққы, күю және т.б.) секреттеледі. Ол көп мөлшерде қабыну ошақтарында бөлінеді. Гистамин аллергиялық реакциялардың дамуында маңызды роьді атқарады. Гистаминге арналған рецепторлардың екі типі белгілі: H1 және H2.
4. Ацетилхолин – вегетативті жүйке жүйесінің қоздырушы медиаторы. Бронх, асқазан, ішектердің, сілекей және мұрынжұтқыншақ бездерінің секрециясының жоғарлауы. Бұлшықетінің жиырлуы (тонусы мен моторикасының жоғарлауы).
5. Путресцин (диаминобутан) - өлік уы болып табылады.



  1. Жүйке тініндегі бейорганикалық заттары

Минералдық заттар. Ми құрамынан және жұлыннан Nа, К, Са, Мg, Ғе, Сu, Zn, Аl, Мn, Р, С1, S сияқты минералдық және басқа да элементтер табылған. Ондай элементтердің мөлшері әр түрлі және олардың қызметі әлі толық зерттелмеген. Қазірше анықталғаны - калий, натрий және кальций иондары жүйке жүйесінде үлкен қызмет атқаратыны, атап айтқанда, жүйке талшықтары арқылы импульстеу қызметін атқарады. Бейорганикалык, заттар. (1-2процент) Олардың мөлшері мидың әр турлі телімдерінде біркелкі емес. Оларга К, Na, Са, Mg катиондары, хлор, фосфор, көмір қышқылының аниондары және әр түрлі микроэлементтер жатады. Миға катиондармен салыстырғанда аниондардың тапшылығы тән. Бұл тапшылық аминқышқылдарының, липидтерің, ГАГ-дың есебінен толыктырылады. Мидың ак затында аниондардың мөлшері сұр затындағымен салыстырғанда аз болады. Мидағы минералды заттар жүйке импульсінің берілуіне қатысады. Мидың дамуы химиялық құрамы мен заттар алмасуының өзгеруімен жүзеге асады. Организмнің өсуі мен дамуы барысында мида белоктардың, ДНК, РНК, липидтердің, медиаторлардың түзілуі күшейеді, энергия алмасу процестеріне қатысатын ферменттердің, аденилатциклазаның және т.б. активтілігі артады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет