Жүйке тініндегі энергия алмасу
Энергия алмасуы. Дене салмағының 2%-ын кұрай отырып, ми тыныштык күйде ағзаға түскен оттектің 25%-ын, ал 4 жаска дейінгі балаларда 50%-ын жумсайды. Мидын сұр заты ақ затымен салыстырганда oттекті 2 есе кеп жумсайды. Мида оттегіні корга жинау механизмдері жоктың қасы. Мидагы О2 қоры тек 10 секундка ғана жететіні есептелген. Осыган байланысты О2 мига кан аркылы үздікіз түсіп отыруы қажет. О2 шығыны козу кезінде айтарлыктай (100%) артады. Оттектің кыска уакытка гана түспеуі ОЖЖ кайтымсыз өзгерістер тугызады. Оттектің жетіспеушілігіне әcipece ми кыртысы оте сезімтал келеді. Тыныс алу қарқындылыгы мидың сұр затында ақ затымен салыстырганда 2 есе көп, әcipece ми кыртысы мен мишық оттекті кеп жұмсайды. Мидагы газ алмасуы баска тіндермен салыстырганда каркынды отеді. Ми тінінде метаболизм айтарлыктай қаркынды түрде жузеге асады. Орталык жуйке жуйесінің кызметіне пайдаланатын энергияның козі АТФ болып саналады.
Жүйке тініндегі экстрактивті заттары
Жүйке тінінің экстрактылы заттары азотты жэне азотсыз болып болшедг Азотты заттарга белоктардын аралық алмасуынын өнімдері кіреді.Оларға бос амин кышкылдары кіреді, барлык АҚ-ң 75%-н глу, глн, асп, ацетиласпартат құрайды. АҚ туындылары нуклеотидтер, әсіресе аденилдік(олардың мөлшері барлык бос нуклеотидтердің 84%-ын құрайды). Нулеотидтердің басым белшш гуанин туындылары курайды. Мида циклді АМФ пен ГМФ (цАМФ пен цГМФ) мелшері баска тіндермен салыстырғанда коп. Мидың кейбір бөлігінде цАМФ мелшері баска тіндердегі мөлшерінен айтарлыктай асып туседі. Олар жүйке жасушаларының функцияларын жузеге асыруда жэне реттуде маңызды роль аткарады. Жүйке-ми тінінде холин, креатин, креатинин, пуриндік жэне пиримидиндік негіздер мен олардың тотыгу өнімдері, негізінен несеп кышкылы аныкталган. Мидың азотты заттарынын ішінде биогенді аминдер ерекше орын алады, оларга гистамин, серотонин, норадреналин, дофамин,адреналин,ацетилхолин,ГАМҚ жатады.Бұл аминдер нейрондардың арнайы рецепторларына әсер етіп,сәйкес әсер тудырады. Серотонин негізінен қыртысастылық түзілістерде кездеседі,ал үлкен жарты шарлар қыртысында оның мөлшері аз сондай ақ көп мөлшері жұлыннан табылған.Серотонин мөлшері жұлынның сұр затында ақ затымен салыстырғанда көп.Серотонин цАМФ арқылы әсер етеді.Эпифизде серотонин мөлшері күндіз артады,түнде азаяды.Ал оның метоболиті-мелатонин-эпифиз гормоны негізінен түнде түзіледі.Ми тіні құрамының тағы бір ерекшеліігі-оның құрамында бос аминқышқылдарының болуы. Азотсыз экстрактылы заттарының құрамына глюкозадан басқа сүт қышқылы,май қышқылы,ди-және трикарбон қышқылдары жіне басқалары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |