Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3 а 22 ақпан фармация мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды



бет3/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#124849
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Биохимия, биология және микробиология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Есіркепов М.М.

Химия және ФГЗ кафедрасының меңгерушісі,

профессор: Патсаев А.Қ.


Дәрілер технология кафедрасының

меңгерушісі: Сағындыкова Б.А.


Фармакология, фармакотерапия және

клиникалық фармакология

кафедрасының меңгерушісі,

профессор: Орманов Н.Ж.


Морфологиялық пәндер кафедрасының

меңгерушісі, профессор: Сисабеков К.Е.


Қалыпты және пат.физиология

кафедрасының

меңгерушісі, к.м.н.: Жолымбекова Л. Д.
Гигиена-1, дене шынықтыру және

валеология кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к, доцент: Долтаева Б.З.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2207
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, III

Шымкент 2013 ж.
Силлабус биохимия , биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «фармация» мамандығы – 051103 негізінен құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:
хаттама № ___ “ __ ”________ 2013 ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ Есіркепов М.М.




  1. Оқытушылар туралы мәлімет:






Аты - жөні

Ғылыми атағы

Ғылыми жұмыс саласы

1.

Сейтханова Б.Т.

м.ғ.д., профессор л.а

"Микробиологическое обоснование влияния микрофлоры беременных женщин на формирование нормо-патофлоры кожных покровов новорожденных", 31 ғылыми мақала.

2.

Омарова Г.С.

Аға оқытушы

17 ғылыми мақала

3.

Курманбекова Ш.Ж.

Аға оқытушы

«Биологические свойства микроорганизмов уретры», 8 ғылыми мақала.

4.

Алимжанова Г.Т.

Аға оқытушы

8 ғылыми мақала

5.

Қонысова Х.С.

оқытушы

14 ғылыми мақала

6.

Султанова Ж.С.

оқытушы

10 ғылыми мақала

7.

Абдраманова А.А.

оқытушы

4 ғылыми мақала

8.

Жанысбекова М.К.

оқытушы

2 ғылыми мақала


8. Байланыс ақпараты:

ОҚМФА биохимия, биология және микробиололгия кафедрасы. Кафедраның орналасқан жері: Әл-Фараби алаңы – 1, e-mail: medakadem@rambler.ru бас оқу ғимараты, 3-қабат (301,303-1,305,307,308-1,308-3,310 ауд.)



9. Пәннің саясаты

  • Студент түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак);

  • сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету;

  • жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

  • оқу процесіне белсенді араласу;

  • академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

  • үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  • дәрістің айып балдары алынуы мүмкін: дәріс бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып болы 0,66 -дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны х 0,66).

  • оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

  • кафедра мүлкіне ұқыппен қарау.

2. Бағдарлама:

1) Кіріспе. «Фармация» мамандығының бағдарламасы болашақ провизорларды дайындауда ғылымның қазіргі жетістігін, теориялық білімнің негізін қамтамасыз ететін медициналық биология ғылымның маңыздылығын айқындайды.

Микробиология базалық жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

Медициналық микробиология адамдардағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін зерттейді.

Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.

Фармациялық білім беру жүйесінде микробиология негізгі орын алады.

2) Пәннің мақсаты:

Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, дәрілік заттармен, дәрілік шикізат микрофлорасын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беру.



3) Оқыту мақсаттары:

  • Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің классификациясына биологиялық қасиетіне түсінік беру;

  • Микроорганизмдердің табиғатта таралуына және оның адам өміріндегі орнына жұқпалы аурулардың туындауына түсініктеме беру;

  • Дәрілік шикізаттардың фитопатогенді микроорганизмдердің зақымдалуын және эпифит флораның орны туралы ақпарат беру;

  • Әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің микроорганизмдердің шектеулі көрсеткіші жөнінде білім беру;

  • Микроорганизмдердің химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы, төзімділігі туралы түсінік беру;

  • Макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының молекулалы механизмдеріне түсінік беру;

  • Макроорганизмдердің инфекциялық агентерге қарсы қорғаныс механизмдер негізіне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;

  • Микроорганизмдер тудырған аурулардың спецификалық профилактикасы мен терапия туралы түсінік беру;

  • Кеңінен таралған инфекциялық және микробтар шақырған инфекциялық емес аурулардың қазіргі заманғы микробиологиялық диагностика әдісітерімен таныстыру;

  • Студенттерді дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формалардың микробтармен ластануын бағалау әдістерін үйрету, патогенді және шартты-патогенді микроағзалармен болған биологиялық контаминацияны болдырмау шараларын жүргізуін үйрету;

  • Студенттерге гендік инженерия және биотехнология жөнінде түсінік беру;

4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Cтудент

білуі тиісті:

  • микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, антигендік құрылымын және экологиясын;

  • адам организміндегі арнайы және арнайы емес микробқа қарсы қорғаныс факторын;

  • өсімдік дәрілік шикізаттардың эпифитті және фитопатогенді микрофлорасын;

  • инфекциялық және инфекциялық емес микробтық аурулардың қозуындағы микроорганизмдердің этиологиялық маңызын;

  • инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;

  • адамдар арасындағы кең таралған жұқпалы аурулардың зертханалық диагноз қою принциптерін;

  • жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуы және ұтымды антибиотикпен емдеудің принциптерін;

  • антисептика, асептика дезинфекцияны, стерилизацияның микробиологиялық негіздерін;

істей білуі тиісті:

  • микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

  • өсімдік дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формаларының, ауа,су,топырақ микрофлорасы туралы зерттеулер қорытындысын тұжырымдау;

  • дәрілік шикізаттың және дайын дәрілердің ластануына микробиологиялық бақылау жүргізу;

  • фармацевтикалық өндірісте және дәріхана жағдайында сыртқы орта мекен жайын дезинфектанттармен залалсыздандыруды;



дағдыларын игеруге тиісті :

  • тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу.

5) Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, бейорганикалық химия, физиология анатомия негіздерімен, молекулалы биология медицина генетикасы негізімен.

6) Реквизиттен кейінгі: фармакотерапия, фармацевтикалық гигиена негіздері, дәрілік технологиясы, фармакогнозия.

7 Пәннің қысқаша мазмұны:

Микробиология пәні, мақсаты, міндеттері. Микробиология фундаментальды жіне қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысаналары:бактериялар, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар және вирустар.

Микробиологиялық зертханалар ұйымдастыру принциптері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық, серологиялық,биологиялық, аллергологиялық, молекулярлы-генетикалық.

Провизордың тәжірибелік қызметіне және медицинаның жетістікеріне микробиологияның маңызы. Микробиологиялық зерттеу саласына отандық және шетел ғалымдардың қосқан үлестері және жетістіктері.

Жеке медициналық микробиологияның түсініктемесі, мақсаты, міндеттері және әдістері.

8) Сабақтың тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы


1

Кіріспе. Микроорганизмдердің жіктелуі.

Жүйелендіру негіздері.



Шолу

1

2

Бактериялар мен вирустардың генетикасы.

Биотехнология негіздері.



Ақпараттық

1

3

Микроорганизмнің экологиясы.

Санитарлық микробиология негіздері.



Ақпараттық

1

4

Дәрілік өсімдік шикізаттың микрофлорасы. Фитопатогенді микроорганизмдер

Мәселелік

1

5

Иммунитет. Иммунитеттің спецификалық факторлары. Антигендердің жалпы сипаттамасы. Антиденелер.

Ақпараттық

1

6

Іріңді жұқпалы аурулардың қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

7

Токсинемиялық инфекция қоздырғыштары.

Мәселелік

1

8

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары.

Ақпараттық

1

9

Энтеровирустар.

Мәселелік

1

10

Ретровирустар, адамның иммундытапшылығы вирусы.

Мәселелік

1




Жалпы сағаты:




10


Тәжірибелік және зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы





1 кредит







1

Бактерия клеткасының құрылымы. Микроорганизмдердің морфологиясы.

Жұптасып жұмыс істеу

2

2

Бактериялардың және вирустардың физиологиясы. Қоректік орталар. Микроорганизмдердің генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар

Жағдайлық есептер

2

3

Химиотерапия. Антибиотиктер. Асептика. Антисептика. Дезинфекция. Стерилизация. Дәрілерге микробиологиялық бақылау

Жұптасып жұмыс істеу

2

4

Микроорганизмдердің экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Адам денесінің микрофлорасы. Дисбактериоз.

Пікірталас

2

5

Инфекция. Бактериялардың патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі. Иммунитет. Иммунитет түрлері. Аллергия түрлері. Серологиялық диагностика принциптері. Медициналық, иммунобиологиялық препараттар.

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Патогенді және шартты грам оң коктар. Стафилококтар, стрептококтар. Грам теріс коктар. Менингококтар, гонококтар. Ішек бактерияларына жалпы сипаттама. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емдеуі.

Жағдайлық есептер

2

2

Токсинемиялық инфекциялар қоздырғыштары. Патогенді микобактериялар. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

3

Трансмиссивті инфекциялар қоздырғыштары: бореллиялар, риккетсиялар. Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын- алу және емі.

Презентация

2

4

ЖРВИ. ЖРИ қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі. Патогенді және шартты- патогенді саңырауқұлақтар. Дәрілік шикізат пен дайын дәрілердің микологиялық зерттеулері.

Жұптасып жұмыс істеу

2

5

Энтеровирустар. Ретровирустар. ЖИТС вирусы. Арбовирусты инфекция. Жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары. Зертханалық диагноз қою, арнайы алдын алу және емі

Шағын топтар

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы: 20 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет