Бақылау сұрақтары
1.Жанр – тарихи категория.
2.Жанр эволюциясы.
3.Жанр түрлері.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №5 Аналитикалық жанрлар сипаттамасы
Лекция мақсаты: Журналистика жанрларына сипаттама жасау.
Лекция мәтіні. 1. Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Бақылау сұрақтары
1.Жанр түрлері.
2.Жанрлар сипаттамасы.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №6 Аналитикалық жанрларды оқу әдісі арқылы журналистік тәжірбиені зерттеу
Лекция мақсаты: Журналистика жанрларын ажыратуға үйрету, тәжірбие жинақтау.
Лекция мәтіні. 1. Аналитиканың негізі - қоғамға әлеуметтік маңызы бар құбылыс, үрдіс болып табылады. Әрине, аталған бағыт өзіне қарама-қайшылықты және мықты тұлғалық элемент тұрғысынан назар аудартады, сондықтан да осы мәселеге өзіндік көзқарасының болғаны маңыздырақ. Пәннің тақырыптық өрісіне тәжірибе жүзінде ешқандай шектеу қойылмаған. Механизм, қозғаушы күш пен мүмкін болатын салдарды терең зерттеу (аналитикаға дайындық) - талдап-қорытылған мінездемелерді, құрылған болжамдарды, оқиғаны дамытудың түрлі моделінің тергеу себептерінің байланысын анықтау арқылы жүзеге асады.
Ескеретін соңғы жайт, бұл ақпаратты жеткізу құралы. Ол мәтіннің танымдық бағытының технологиясына жақын логика тұрғысынан автордың ойын нақты білдіруі керек. Жазылу стилі мен мазмұндау тілі публицистикалық, ғылыми терминологиядан қашық болу керек (ақпаратты қабылдауға қиындық туғызады).
Аналитикалық материалдардың түрлері
Басты мақала (редакциялық) - телеарна мен баспа орындарының өзіндік көзқарасын білдіретін, бүгінгі күннің маңызды мәселелерін қозғайтын ақпараттар болып табылады. Ол тақырыптың реттік номері бойынша БАҚ-да жарияланады және телеарнадағы жаңалықтарды ашады. Советтік кезеңде "дерективті" деп аталған.
Насихаттаушы мақала - қандай да бір идеяны (ойды) пайымдау. Мақсаты - маңызды мәселені түсіндіру, ұғындыру, көпшілік тыңдаушыға түсінікті теориялық тұрғыда еркін меңгерген тілге аудару. Әрдайым сыни тұрғыда жазылады.
Өзекті мақала - орта назарын өзіне аударарлық дәлелді әлеуметтік маңызы бар мәселені қарастырады, болжау элементі маңызды болып табылады.
Теориялық мақала - теориялық деңгейде арнайы мәселелерді терең оқып-үйрену. Көпшілік басылымдарда сирек кездеседі, ғылыми БАҚ-да кең таралған.
Баспасөзде айтылған сындар - оқиғамен оперативті түрде тығыз байланысқан немесе бір мезгілде болған ақпараттар. Аталған ақпараттың жазылу құрылысы дәстүрліден ерекшеленіп тұрады. Басты тақырыбы - "оқиға" болып табылады, мәні ашылған кезде жан-жақты бағаланады.
Жоғарыда аталған мақала түрлерін барлығын аналитикаға жатқызуға болады, себебі олар қоғамға қажет құбылыс пен үрдістердің маңыздылығын терең және толық түсінуге мүмкіндік береді: оқиғамен байланысты тергеу себептерін ашу, осы немесе өзге де оқиғаның нәтижесіне ауқымды қорытынды жасау, байыту, оқиғаның даму бағыттарына алдын-ала болжау жасау. Аналитика - көп жұмысты қажет ететін күрделі жанр. Оның пайда болуы сол кездегі өмірдің бір кезеңімен тығыз байланысты.
Бақылау сұрақтары
1.Аналитикалық жанрды оқу әдісі.
2.Аналитик журналисттерінің тәжірбиесінен.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №7. Аналитикалық журналистика, аналитикалық текст
Жоспар:
1. Аналитикалық журналистика туралы пікір.
2. Аналитикалық журналистика қоғам өмірінде.
Лекция мақсаты: Аналитикалық журналистика саласында мәтін жазып үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Аналитикалық журналистика төңірегіндегі сұрақтарға қайшы пікірлер бұрыннан бар. Көпшіліктің пікірі бойынша, журналист жалпы маңызды құбылыс бойынша өзіндік қорытынды шығармайды, тек қана ол деректерді жүйелеп беріп отырады. Ал басқалары жалпы дамудың теориялық және практикалық проблемаларымен байланысты сөз болған пікір болу керектігін ерекше баса айтады.
Аналитикалық журналистикадағы қоғам дамуының тиімді жолдарын таңдау: себебін анықтау, әртүрлі әлеуметтік күштердің әрекеті, пиғылы, қызығушылығы желісіне құрылған жағдайлардың өзгеруі мен оқиғаның даму шарттары, тенденциялардың дамуындағы қазіргі қарама-қайшылықтардың көрінуі, дұрыстығы, әртүрлі ой-пікірлерде тұрақтануы мүмкін.
БАҚ-ғы Халықаралық аналитиканың ерекшеліктері
1. Себебін анықтау: мәтіндегі бар тезистер, дәлелдер, авторлық бағалау;
2. Тақырыпты оқытудың маңызды үрдісі: нақты дәлелді болу үшін автордың логикалық пайымдауы қадағаланып отыруы керек.
3. Оқиғаны меңгертуде барлық әдістерді қолдану керек:
- салыстыру (айырмашылықтарды анықтау мақсатында салыстыру);
- ұқсату (ұқсастығын анықтау мақсатында салыстыру);
- бағалау (жоғары сапаға пән сәйкес пе, соны тексеру);
- бөлшектеу (маңызды, қажет бөлшектерді анықтау);
- түсіндіру (тергеу себептерінің байланысу қатарын жаңадан жасау);
- болжау;
- байыту (жалпы жағдайлар қатарынан түйінін анықтау);
4. Коммуникацияға бағдар беру: жұмысшы мәтінге қатысқан немесе енді қатысады.
5. Ақпаратты маңызды көрнекі құралдарымен меңгерту жолы: қатысушыда бар ақпараттық базаға сүйене отырып түсіндіру, "күрделіні" қарапайым тілмен түсіндіру;
6. Шындықтың динамикадағы көрінісі;
Аналитикадағы журналистиканың қызметі
Әлеуметтік аудитория
Тек қана аналитикалық мәтін ғана тергеу себептерін өзара байланысы туралы, осы немесе басқа жағдайларға байланысты әрекет жоспары мен келешектегі даму көрсеткіштерін анықтау, бағалау, оларға қысқаша мәлімет беру тәрізді деректер бере алады. Сондықтан әлеуметтік ортаға әсер ететін өзіндік орны бар нақтыланған мәліметтерді айқындай отырып, аналитика бүгінгі таңда соңғы орында емес екендігін ескеру керек.
Көрсеткіш негізі
2. Қоғамдық өмірде өзекті, маңызды болып табылатын жағдайда (заңды таңбаларды жазуда, олардың статистикалық мәліметтерін шығаруда т.с.с.), шешім қабылдауда аналитикалық жанр ақпараттық көмек беруі мүмкін, соған қарамастан, әлеуметтік институттар, өкілетті органдар өзіне қатысты БАҚ-дағы басылымдардың тікелей әсер ететіндігін ҚР-ның Заң шығарушы органдары қарастырмайды. Осы тектес басылымдар 2 топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік зерттеулер: осы және басқа да өкілетті органның жауапкершілігіне жататын және арнайы қызығушылық пәні болып табылатын қоғамдық өмір аспектілері.
2. Институттық зерттеулер: өкілетті органдардың қызметі, жұмыстың нәтижелілігі, қабылданған заңдар мен ережелерге қорытынды жасау т.с.
Ақпарат беру
Шолу жасау, аналитикалық жанр сияқты, бұрыннан пайда болған. "Халық уақыт кесімін көру қажеттілігін сезінген кезде, шолу жасау пайда болды" (Белинский В.Г.). Бұл жанр бірнеше ғасырлар бұрын өте танымал болған, себебі әдебиет құбылысы мен театр өмірін шынайылықпен көрсете отырып, сол кезең суреттерін толық және кең көлемде жеткізуге авторларға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда "шолу жасау" - телеарнаға жаңалық беретін бағдарламалардың ішінде кең таралған жанр. Бұл жанрдың басты мақсаты - тыңдаушыларға шыңдықтың бір бөлшегінен барынша толық, тұтас көрініс беру, деректер арасындағы байланысты түсіндіру, динамиканы көрсету, басты үрдістерге тоқталу. "Шолу жасауды" негізі шыңдықты бейнелейтін тенденциялар туралы пікір айтуға болатын деректер екені анық.
"Шолу жасауда" жеке мәлімет ешқандай мағына бермейді. Деректер журналисттың шыншыл көзқарасы концепциясының тұтастығымен бірігеді. Осы және басқа мәліметтерге берілген сындарда (олардың арасындағы байланысты) бейнеленеді, оны таңдау (неліктен дәл осы деректер) себебі анықтайды. "Шолу жасау" құрылымы, формасы, түсіндіретін пән мен тақырыптары бойынша жан-жақты.
"Шолу жасау" аз ғана уақыт көлемінде өмірдің тұтас көрінісін көз алдымызға елестете алады, өмірдің бір кесіміндегі хаттар, қайта жазылған және құжат ережелерін (егер олар дерек қызметін атқарса) тақырыппен және бөлшектеп қарайды.
Әрине, аталған жанрда жұмыс жасаудың өзіндік ережелері бар: ойдың дұрыс, нақты қалыптасуы, өнерге қатысты жинақталған деректерден бас тарту, пәнді немесе тақырыпты жақсы меңгеру.
Рецензияның жанрлық ерекшеліктері - 18 ғасырда қалыптасқан, бірақ қазіргі күнге дейін өзіндік бағасын жоймаған ақпарат берудің бір түрі. Рецензияға анықтама бере отырып, автордың айтайын деген ойын білдіретін, өмірдің қандайда бір құбылысына баға беретін материал екендігіне көз жеткіземіз. Жанрлық белгілері бойынша "рецензия" тек ғана аналитикамен ғана тұтаспайды, сонымен қатар, көптеген мағлұматты ақпарат жаңалықтарынан алып пайдаланады. "Рецензияның" басқа бағыттардан басты ерекшелігі мен айырмашылығы - жанама шындық, яғни, пікір берілген шығармадағы шындық құбылыстарының деректермен көрініс беруі. Пікірге түскен шығармаға көпшілік назарын аудартарлықтай ой айқындылығы, тенденциялар жайында пікір айта алушылық типі тән.
Бақылау сұрақтары
1.Аналитикалық жанрда мәтін жазу.
2.Аналитикалық жанрда сөйлеп үйрену.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №8. Комментарий, бағалау, позиция, болжам қазіргі баспасөз жаңалықтары ретінде
Лекция мақсаты: Баспасөз жаңалықтарының жаңа элементтерін анықтау.
Лекция мәтіні. 1. Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Бақылау сұрақтары
1. Комментарий, бағалау, позиция, болжам жаз.
2. Аталған формадағы мақалаларды теріп жаз.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №9. Шұғыл комментарий беру
Жоспар:
1. Комментарий туралы түсінік.
2. Шұғыл комментарий жасаудың қыр-сыры.
Лекция мақсаты: Шұғыл комментарий беріп үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?
Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
2.Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Бақылау сұрақтары
1. Комментарий туралы түсінік.
2. Шұғыл комментарий жасаудың қыр-сыры.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №10. Комментарий – жанрдың түрі
Жоспар:
1. БАҚ комментарий туралы жалпы түсінік.
2. Комментарий журналисттен ерекше талапты қажет ететін жанр.
Лекция мақсаты: Комментарийді жанр ретінде зерттеп, оны жасаудың қыр-сырымен таныстыру.
Лекция мәтіні. 1. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
-
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
-
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
-
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
-
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
-
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
-
БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
-
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
2.Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?
Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
Журналистика ұғымы туралы айтқанда көз алдымызға тұрпаты мен мағынасы ерекше терең сөз өнері елестері анық. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының майталман маманы болу алдын-ала ерекше әзірлікті қажет етеді. Мектепте алған алғашқы білім негіздері кәсіби арнайы білімге негіз болып қаланып, студент нақтылы мамандықтың қыр-сырына ойлай бастайды. Журналистикаға ерекше әзірлікпен келудің мәні зор. Тырнақалды журналистік туындылар публицистика өнеріне басталған алғашқы қадамдар ғана.
Журналистикаға әзірлік ең алдымен осы ұғымға терең бойлаудан басталады. Өйткені «Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы».
Демек әдеби-шығармашылық қызметтің бұл түріне іштей теориялық дайындықпен келудің мәні зор. Қазақ журналистикасы теориясының майталманы Тауман Амандосов «публицистиканы дәуір үні» ретінде қарастыруы тегін емес. Бұл жөнінде профессор Марат Барманқұлов, қазақ журналистикасы теориясының корифейлерінің бірі Намазалы Омашев түйінді ой-пікірлерін жазды.
Әр журналистің, жазушы-қаламгердің шығармашылыққа келу, алғашқы жетістіктерге жету, шеберлік тұғырына көтерілу жолы әрқилы. Кез-келген қаламгердің шығармашылық жолға келуіне, алғашқы жетістіктерге жетуіне оның өз күш-жігерімен қоса, қандай да бір тұлғаның әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан дарындылық пен жаңашылдық көктен түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйеніп, тың ізденіс пен талпыныстан туады. Ол үшін әрине, ең алдымен, қаламгер бойында табиғи қабілетт, көркем әдебиетке сүйіспеншілік қасиеттері болу керек. Бұл қасиеттер қаламгердің өз ізденісімен кеңейеді, қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |