Бақылау сұрақтары
1. БАҚ комментарий туралы жалпы түсінік.
2. Комментарий журналисттен ерекше талапты қажет ететін жанр.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №11. Комментарий және репликамен жұмыс істеу
Жоспар:
1. Комментарий мен реплика ара қатынасы.
2. Реплика ерекшеліктері.
Лекция мақсаты: Комментарий мен реплика айырмашылықтарын ашып көрсету.
Лекция мәтіні. 1. Реплика (лат.replicoкарсымын) —
-
диалог (к.) үстінде карсылык білдіру мәнінде айтылатын кыскаша жауап;
-
жиналыстарда, жиындарда отырғандардын кағытпа-ескертпелері;
-
спектакльдерде бір кейіпкер айтатын сонғы сөз, фраза, одан кейін баска көрініс басталады. Сөйлеу тәжірибесінде Репликаға балама ретінде какпай сөз, кағытпа сөз, түртпе сөз т.б. атаулар колданылып жүр.
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). 2. Журналистикада формалық ізденістің мәні зор. Өйткені көптеген журналистер бірін-бірін қайталаудан жалықпайды, соны соқпақ салуға талпынбайды да. Бұл – өкінішті жайт.
Сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік өрнегі бар публицистер де жетерлік. Олар басқаны қайталамай-ақ, өзіндік жол-соқпақ тапқан. Солардың бірі белгілі журналист Қайнар Олжай. Ол кез-келген мақаласын жаңаша формамен жазуға тырысады. Тақырыбының өзін ойнатып қоя отырып, мақаласының құрылымын өзгеше өрнектейді. Оның «Президент пырағы» атты кітабіна назар аударсаңыз, бұған нақты көз жеткізесіз. Қайнар Олжай әсіресе «Егемен Қазақстан» газетінде жұмыс істеп жүрген шағында қазақ журналистикасының пішініне соны өзгерістер енгізіп, нақты эталон болатындай көптеген мақалалар мен очерктерді дүниеге әкелді.
Екінші бір журналист – Бауыржан Омарұлы. Ол өз мақалалары мен эсселерінде ең алғашқыда өлең шумақтарын беру арқылы оқырмандарды елең еткізеді. Көсемсөзшінің тілі жатық, түйін-тұжырымдары жинақы, мығым, орнықты.
Журналистика – жұмбақ құбылыс. Басқалар үшін. Жанымен түсінгісі келмейтіндер үшін. Ал, журналистикамен «ауырғандар» үшін-таптырмайтын тәтті құбылыс.
Журналист қызметінің сипатын анықтағанда, БАҚ-тың мақсаттары мен міндеттерін белгілегенде, ұйымдастыру шараларын жүргізгенде істің бостандығына байланысты мәселе міндетті түрде туындайды. Оған байланысты шешім қабылдау, жүзеге асыру – күрделі әрекет.
Бостандық дегенді журналист білгенін істеу, ойына не келсе соны жазу деп түсінсе, ұғым осылай қалыптасса – ондай еркіндік жүзеге асырыла бастаған сәтте-ақ тұйыққа тіреледі. Құқықтық және этикалық сан алуан шектеулер мен заңдық нормаларға, редакцияның шығармашылық ережелеріне, ішкі тәртібіне сөзсіз бағыну қажет. оның сыртында тағы бір маңызды мәселе бар. Жазатын объектісінің мазмұны күрделі әрі журналистің білім деңгейінен тым биік болуы және оған дарыны, қабілеті жетпеуі әбден ықтимал.
Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Бақылау сұрақтары
1. Комментарий мен реплика ара қатынасы.
2. Реплика ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №12. Авторлық ұстаным және авторлық аргумент
Жоспар:
1. Автор және оның ұстанымдары.
2. Аргумент.
Лекция мақсаты: Авторлық ұстанымдармен таныстыру, аргумент жасап үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Автор (лат. auctor — жасаушы, шығарушы) — көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).[1]
Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет.
XIX ғасырда француз ақыны Стефан Малларме басталған («жазу деген жеке тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық процестегі жеке «менің», автордың дербес тұлға екенін мойындамайтын, терістейтін идея қазіргі структурализм, семитика мектептеріндегі негізгі принциптердің бірі.
Көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автор шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтерден, фольклор туындыларынан да бажалайнады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған.
2. Аргумент(лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) –
-
1) философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Оған қойылатын жалпы талаптар: ақ II. Аргумент (Argument) -
-
1) программада кездесетін тәуелсіз айнымалының мәні;
-
2) электрондық кестедегі элемент орнын анықтайтын сан. Көбінесе тор немесе блок адресі ретінде, нақты сан түрінде де болады;
-
3) мәліметтерді анықтауға арналған программалық модульді немесе программаның осы модульге жіберілетін элементтерін шақыру кезінде пайдаланылатын тұрақты айнымалы немесе өрнек.[1]
-
4) математикада - өзгерісіне, басқа бір функция деп аталатын шаманың өзгерісі тәуелді болатын тәуелсіз айнымалы шама. Бұл шама функцияның анықталу аймағының элементі болады.
Газет бетіне шыққан материалдың оқылуы көбінесе тақырыбының қалай қойылуына тікелей байланысты болады. Өйткені сәтті қойылған тақырып оқырманды бірден баурап алады. Оның да өзіндік сырлары жеткілікті.
Әдетте тақырыптың қойылуы мақалада айтылатын фактілерге тікелей байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті тақырып қоя алады. Бұл арада журналистің кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің молдығы, талантының дәрежесі шешуші роль атқарады. Тақырып кейде бір немесе екі сөзбен беріледі. Кейде кейіпкердің тұшымды бір сөйлемі тақырыпқа шығарылады. Кейде мақалада айтылатын ең негізгі ой-ұсыныс тақырып ретінде оқырман назарына ұсынылады. Кейде аллитерация және ассонанс тәсілдері қолданылып жатады. Тағы бірде мақал-мәтел тақырып жүгін арқалайды. Енді бірде жыр шумағының екі жолы тақырыпқа шығарылады.
Қалай болғанда да журналист оқырман назарын өз мақаласына аударуға тырысып бағады. Күнделікті газеттерге қарап отырсаңыз сәтсіз тақырыптар да өріп жүреді. Кейде бұған түсіністікпен қарауға да тура келеді. Өйткені газет жұмысы оперативтілікті қажет ететіндіктен ондағы жарияланып отырған мақалалардың барлығын құлпырған тақырыппен беріп отыруға уақыт жетісе бермейді.
Сонымен қатар оқырмандардың назарын аудару үшін тақырып беріліп, оның астына тақырыпша қойылады. Мұның өзі материалдағы фактілердің мәнін нақты аңғартуға қажеттіліктен туындаған.
Қазақ журналистикасындағы белгілі тақырып қоюшының бірі Сейдахмет Бердіқұлов. Ол «Лениншіл жастың» редакторы ретінде әрбір мақала тақырыбын ойнақы берілуін қадағалап қана қоймай, көптеген тақырыптарды әп-сәтте өзі өзгертіп жіберіп отырған. Сонымен қатар тақырып қоюды публицистер Сарбас Ақтаев, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп, Талғат Батырхан да ерекше меңгерген. Қазақ журналистикасындағы белгілі публицистер олардың талантын мойындаған.
Қазақ журналистикасында тақырып қоюдың хас шеберлері мол болғандығын айтып өттік. Мақала мазмұнын оқи бастағаннан-ақ сәтті тақырыпты бірден қоятын публицистер әдетте қазақтың шұрайлы тілін терең меңгергендер екендігі анық. Өйткені сәтті тақырып қою тілі бай публицистің қолынан ғана келеді.
Бақылау сұрақтары
1. Автор және оның ұстанымдары.
2. Аргумент.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №13. Журналистік зерттеу
Жоспар:
1. Журналист. Журналист зерттеуші.
2. Зерттеу жұмысының амал-тәсілдері.
Лекция мақсаты: Журналистік зерттеу білім мен талапты қажет етеді.
Лекция мәтіні. 1. Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?
Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
2. Журналист мақала жазуға кіріспес бұрын нақты объектісін жан-жақты зерттеуі өте қажет. Себебі тереңнен зерттелмесе жазылатын материал мазмұны жағынан қасаң, жайдақ болып шығады. Оқырмандар мұндай материалды оқымайды әрі редакцияны сынға алады. Ендеше материал объектісін зерттеудің қандай қажеттілігі барына тоқталайық. Кез-келген газеттегі сәтті мақала ұзақ уақыт бойғы журналистік зерттеудің жемісі болып есептеледі. Неліктен? Өйткені ол материалда айтылатын цифрлар мен фактілер үстірт баяндалып қана қоймай, оған қоса журналистің салыстырмалы талдауы қоса өріледі. Яғни публицист бұл жерде белгілі бір фактіні тізіп қана қоймай, оған өзінің авторлық пікірін білдіріп, сол арқылы қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді.
Демек материал объектісін зерттегенде оның сол сәттегі жай-жапсарын ғана емес, қажет болса оның тарихына да көз жүгіртудің артықшылығы жоқ. Материал объектісі әртүрлі болуы мүмкін. Журналистік тәжірибеде оның мынадай түрлері белгілі:
1. Жекелеген бір тұлға
2. Белгілі бір кәсіпорын немесе мекеме
3. Журналистің маманданған нақтылы бір тақырыбы
4. Белгілі бір мамандық иесі
Әрине материал объектілері мұнымен шектеліп қалмайды. Жоғарыда айтылған төрт жайт солардың негізгілері болып есептеледі.
Белгілі журналистика теоретигі В. Горохов пен Р. Бухарцев журналистік шеберліктің шыңына шығуда материал объектісін мұқият таңдап алудың ерекше мәні барын атап көрсеткен. Бұл пікірге журналистік шығармашылықты тұрақты зерттеп жүрген ғалым Г. Лазутина да қосылған.
Яғни жоғары дәрежедегі кәсіби журналист болу үшін журналист объектіні терең зерттеу дағдысын игеруі шарт. Өйткені қажетті ақпараттар жеткілікті болмаса мақаланың мазмұны қасаң күйінде қалмақ. Егер нақтылы фактілер мен цифрлар молынан пайдаланылса мақаланың мән-мағынасы одан әрі байи түспек.
Бақылау сұрақтары
1. Журналист. Журналист зерттеуші.
2. Зерттеу жұмысының амал-тәсілдері.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №14. Комментатор бағамы
Жоспар:
1. Комментатор.
2. Бағам.
Лекция мақсаты: Комментарий жасап үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Журналист негізінен алғанда шығармашылық тұлға болғанымен, ол қаласын-қаламасын саясаттан айналып өте алмайды. Яғни, журналист – саясат сардары.
Журналист–қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси - әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан - жақты білімділік пен саяси - азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Соңдай - ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болғаны абзал. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.
Кез-келген басылымды алыңыз, ондағы журналистер саясаттың әртүрлі салаларын жазады. Өйткені журналистиканың негізгі міндеттерінің бірі де сол.
Қазіргі заманғы бүкіләлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану жағдайында журналистика әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысы болып табылады. Осыған байланысты әлемдік журналистика бұрын-соңды болмаған дүмпуді басынан өткізуде. Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті әлемдік ауқымда қоғамдық пікір қалыптастырып, ресми емес төртінші билік тармағы тұғырына көтеріле алатындығы оның болашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да мол екендігін көрсетеді. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз міндетін атқара алатын болса, тоталитарлық, авторитарлық елдердегі журналистика өзге билік тармақтарының қысымы салдарынан жұртшылыққа шынайы объективті ақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау құралына айналуда. Алайда демократиялық мемлекеттерде қалыптасқан тәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәнді тәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келген елде қандай да бір қаражатсыз және билік тармақтарының қолдауынсыз журналистика ісі дамымайды. Сондықтан журналистиканың өз қызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы әрбір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін заңдарының қабылдануына және олардың толық орындалуына байланысты. Сонымен қатар дүниежүзүлік журналистер қауымдастықтарының өзара ынтымағы да көп рөл атқарады.
Журналист әрбір мақаласында белгілі бір проблеманы көтереді. Онда ол фактіні ғана жариялап қоймай, мәселенің шешілуі жолындағы өзінің ой-пікірлерін де ортаға салып, оқырмандар арасында қоғамдық пікір туғызуға талпынады. Бұл – журналистің негізгі міндеті. Егер материал оқырманға ой салмаса, қоғамдық пікір туғызуға қауқары болмаса онда ол материал газеттің бос жерін толтырумен пара-пар. Демек, саясаттың сардары саналатын журналист әрбір мақаласын жазарда терең ойланып, жан-жақты толғанғаны жөн. Сонда ғана өзекті мәселені қотара жазатын тұшымды дүние баспасөзде жарияланатын болады.
Қазақстан баспасөзі жағдайында ресми басылымдардан гөрі тәуелсіз басылымдар оқырмандардың көңілінен шығатын материалдарды көптеп жариялауда. Мәселен, «Алаш айнасы», «Жас алаш», «Жас қазақ», «Қазақстан заман» және басқа басылымдар қоғамдағы өзекжарды проблемаларды батылдықпен ашып көрсетуге талпынуда. Бұл да болса тәуелсіздіктің бір жемісі деп түсінуіміз керек. Өйткені кеңес заманында цензура деген «қайшы» болды. Ол саясатқа сәл келмейтін батыл пікірлерді кесіп тастап отыратын. Ал бүгінгі таңда журналистер өз ойларын еркін жазады. Мемлекеттік құпияны жариялаудан басқа еркін пікірлер тоқтаусыз жариялануда.
2. Журналистика – ой-шұқыры көп ерекше әлем. Ал оның шыңына шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін жастық шақтан бастап ерекше әзірлену керек. Кейбір жастардың ойынша университеттің журфагін бітіргендердің бәрі журналист болып шыға келетіндей көрінеді. Шындығында бұл мүлде олай емес.
Ол үшін төмендегідей мәселелерге ерекше назар аударған жөн:
Теориялық әзірлік. Шын мәнінде қарымды журналист болғысы келетін талапкер журналистиканың теориялық мәселелерін терең ұғынып алуы қажет. Ол үшін «журналистикаға кіріспеден» бастап «журналистік шеберлік» курстарына дейінгі аралықтағы барлық «теориялық жемісті» молынан тергені ләзім. Өйткені күні ертең іс жүзіндегі жұмысқа кіріскен кезде мұның қажеттігі ерекше сезілетін болады.
Тәжірибелік әзірлік. Болашақта танымал журналист болу үшін әрбір жас жастық шағынан баспасөз беттерінде материалдарды көптеп жариялауға тырысқаны жөн. Өйткені газетке мақаланы жиі жариялау – шеберліктің бір мектебі. Яғни тәжірибе жинақтау арқылы талапкер өзінің шеберлігін шыңдайды. Оның әрбір мақаласы шыңға шығудағы бір-бір баспалдақ іспетті.
Таланттыға еліктеу. Қабырғалы қаламгер болғысы келген талапкер алдыңғы толқын ағаларға, оның ішінде талантты журналистерге міндетті түрде жіті назар аударып, олардың шеберлік мектебінен ұдайы үйренгені, оларға еліктегені ләзім. Әлбетте, белгілі бір мақала немесе очеркті жазғанда басқа біреуді сол күйінде қайталамаған жөн. Мұның аты – көшіру. Еліктеудің де өз жөні бар. Ол белгілі публицистің стилі арқылы жаңаша соқпақ іздеуге талпынғаны жөн.
Еңбекқор болу. Журналист үшін еңбекқорлық аса қажет. Белгілі аксиомада айтылғанындай бір пайыз талант болса, тоқсан тоғыз пайыз – еңбек. Мұның жарқын мысалы – Қазақстан журналистикасының қыраны Әзілхан Нұршайықов. Әзаға өмір бойы тынымсыз еңбектенумен өткен. 130 әдеби күнделіктен бөлек тұрмыстық күнделіктері болған. Ол күнделіктердің іші толған фактілер. Бұл оңай-оспақ шаруа емес. Бұл – еңбекқорлықтың шыңы.
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ерекше құрал ретінде бағаланып жүр.
БАҚ қалай төртінші билік бола алады, неге бұл сөз әлем ғалымдарының жазбаларында тырнақша ішінде қолданылады, ал, оны мүлде билікке жатқызбаушылардың көзқарастарын қалай түсінуге болады? Міне, осы сауалдарға жауап табу үшін мәселені жан-жақты қарау керек сияқты.
«Төртінші билік» деген терминді журналистика практикасына алғаш 1776 жылы атақты саясаткер, публицист Э.Берк әкелген екен. Бүгінге дейін бұл ұғым әдеби-көркем сарында қолданылғаны болмаса, ғылыми тұрғыда терең зерттелген, нақты тұжырымдамалар мен дәйектер жоқтың қасы. Осының өзі-ақ мәселеге байыпты қарауды талап етеді. АҚШ ғалымдары Э.Деннис пен Дж.Мэррилдің «Масс-медиа туралы әңгіме» атты кітабында: «Журналистер «төртінші билік» деген концепция мен көзқарас аясындағы барлық жалғандық пен алдамшы дүниелерге көз жеткізіп, түсінулері тиіс» - деп атап көрсетулері кездейсоқтық болмаса керек.
Бақылау сұрақтары
1. Комментатор.
2. Бағам.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №15. Қойылымды мақала
Жоспар:
1. Мақалаға анықтама.
2. Қойылымды мақала жазудың тәсілі.
Лекция мақсаты: Қойылымды мақала жазудығ заңдылықтарын үйрету.
Лекция мәтіні. 1. Газет бетіне шыққан материалдың оқылуы көбінесе тақырыбының қалай қойылуына тікелей байланысты болады. Өйткені сәтті қойылған тақырып оқырманды бірден баурап алады. Оның да өзіндік сырлары жеткілікті.
Әдетте тақырыптың қойылуы мақалада айтылатын фактілерге тікелей байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті тақырып қоя алады. Бұл арада журналистің кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің молдығы, талантының дәрежесі шешуші роль атқарады. Тақырып кейде бір немесе екі сөзбен беріледі. Кейде кейіпкердің тұшымды бір сөйлемі тақырыпқа шығарылады. Кейде мақалада айтылатын ең негізгі ой-ұсыныс тақырып ретінде оқырман назарына ұсынылады. Кейде аллитерация және ассонанс тәсілдері қолданылып жатады. Тағы бірде мақал-мәтел тақырып жүгін арқалайды. Енді бірде жыр шумағының екі жолы тақырыпқа шығарылады.
Қалай болғанда да журналист оқырман назарын өз мақаласына аударуға тырысып бағады. Күнделікті газеттерге қарап отырсаңыз сәтсіз тақырыптар да өріп жүреді. Кейде бұған түсіністікпен қарауға да тура келеді. Өйткені газет жұмысы оперативтілікті қажет ететіндіктен ондағы жарияланып отырған мақалалардың барлығын құлпырған тақырыппен беріп отыруға уақыт жетісе бермейді.
Сонымен қатар оқырмандардың назарын аудару үшін тақырып беріліп, оның астына тақырыпша қойылады. Мұның өзі материалдағы фактілердің мәнін нақты аңғартуға қажеттіліктен туындаған.
Қазақ журналистикасындағы белгілі тақырып қоюшының бірі Сейдахмет Бердіқұлов. Ол «Лениншіл жастың» редакторы ретінде әрбір мақала тақырыбын ойнақы берілуін қадағалап қана қоймай, көптеген тақырыптарды әп-сәтте өзі өзгертіп жіберіп отырған. Сонымен қатар тақырып қоюды публицистер Сарбас Ақтаев, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп, Талғат Батырхан да ерекше меңгерген. Қазақ журналистикасындағы белгілі публицистер олардың талантын мойындаған.
Қазақ журналистикасында тақырып қоюдың хас шеберлері мол болғандығын айтып өттік. Мақала мазмұнын оқи бастағаннан-ақ сәтті тақырыпты бірден қоятын публицистер әдетте қазақтың шұрайлы тілін терең меңгергендер екендігі анық. Өйткені сәтті тақырып қою тілі бай публицистің қолынан ғана келеді.
2. Журналистикада формалық ізденістің мәні зор. Өйткені көптеген журналистер бірін-бірін қайталаудан жалықпайды, соны соқпақ салуға талпынбайды да. Бұл – өкінішті жайт.
Сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік өрнегі бар публицистер де жетерлік. Олар басқаны қайталамай-ақ, өзіндік жол-соқпақ тапқан. Солардың бірі белгілі журналист Қайнар Олжай. Ол кез-келген мақаласын жаңаша формамен жазуға тырысады. Тақырыбының өзін ойнатып қоя отырып, мақаласының құрылымын өзгеше өрнектейді. Оның «Президент пырағы» атты кітабіна назар аударсаңыз, бұған нақты көз жеткізесіз. Қайнар Олжай әсіресе «Егемен Қазақстан» газетінде жұмыс істеп жүрген шағында қазақ журналистикасының пішініне соны өзгерістер енгізіп, нақты эталон болатындай көптеген мақалалар мен очерктерді дүниеге әкелді.
Екінші бір журналист – Бауыржан Омарұлы. Ол өз мақалалары мен эсселерінде ең алғашқыда өлең шумақтарын беру арқылы оқырмандарды елең екізеді. Көсемсөзшінің тілі жатық, түйін-тұжырымдары жинақы, мығым, орнықты.
Журналистика – жұмбақ құбылыс. Басқалар үшін. Жанымен түсінгісі келмейтіндер үшін. Ал, журналистикамен «ауырғандар» үшін-таптырмайтын тәтті құбылыс.
Журналист қызметінің сипатын анықтағанда, БАҚ-тың мақсаттары мен міндеттерін белгілегенде, ұйымдастыру шараларын жүргізгенде істің бостандығына байланысты мәселе міндетті түрде туындайды. Оған байланысты шешім қабылдау, жүзеге асыру – күрделі әрекет.
Бостандық дегенді журналист білгенін істеу, ойына не келсе соны жазу деп түсінсе, ұғым осылай қалыптасса – ондай еркіндік жүзеге асырыла бастаған сәтте-ақ тұйыққа тіреледі. Құқықтық және этикалық сан алуан шектеулер мен заңдық нормаларға, редакцияның шығармашылық ережелеріне, ішкі тәртібіне сөзсіз бағыну қажет. оның сыртында тағы бір маңызды мәселе бар. Жазатын объектісінің мазмұны күрделі әрі журналистің білім деңгейінен тым биік болуы және оған дарыны, қабілеті жетпеуі әбден ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |