Жұмыс бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика»



бет3/9
Дата28.06.2016
өлшемі1.54 Mb.
#163657
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ресми дерек көздері

Тікелей атқаратын міндетінің негізінде қолында ақпарат қоры бар, бірақ лауазымды қызмет атқармайтын адам да ресми ақпарат көзі бола алады. Полицейді қауіпсіздік туралы мақалаға орай, мемлекеттік азаматтық қызметкерді мемлекеттік саясат туралы жазылған мақалада, БҰҰ немесе ҮЕҰ қызметкерін сол бағытта жұмыс істеп жүрген гуманитарлық сұрақтар бойынша ресми ақпарат көзі деп атауға болады. Кейбір жағдайларда дерек көзін көрсетпеуге уәде беруге тура келеді, дегенмен басқа уақытта ресми дерек көзінің толық аты-жөні мен лауазымды тұлғаның қызметін атап көрсету керек. Мұндайда шатасуға да, шатастыруға да жол бермеңіз.

Ең бастысы, дерек көзінің ақпаратты толық білетініне негіз болуы керек. Мысалы, «Экономика министрінің орынбасары Абдель Бассер Мохаммади баға өткен жылға қарағанда 20%-ға төмендеген деп хабарлады» деп жазсаңыз, бұл жай ғана «шенеунік былай деді» дегенге қарағанда салмақтырақ. Егер шенеуніктер аты-жөнін атамаса, олардың атқаратын қызметі туралы толығырақ жазыңыз. Егер жоғарыдағы мысалда келтірілген министрдің орынбасары да аты-жөнін айтудан бас тартса, онда «Экономика министрлігіндегі жоғарғы шендегі лауазымды тұлға» деп алған жөн, бұл «лауазымды тұлға...» деп жай ғана атап өткенге қарағанда салмақты. Егер дерек көзі біреу болса, ешқашан оны көпше түрде жазбаңыз. Бір полицей «полициядағы дерек көздері» бола алмайды, ол тек «полицей» деп алынады. Егер қандай да бір дипломат әлденені баяндаса, ол тек бір «дипломат» болып қалады, «дипломатиялық дерек көздері» бола алмайды. Сондай-ақ, «Батыс дипломаттары» деген анықталмаған терминнен аулақ болған жөн. Дерек көздерін көрсеткенде селқостықтан аулақ болыңыздар

Дерек көздерін көрсеткен уақытта селқос сөздерден аулақ болған жөн. Мәселен, «бұл түсінікті еді», «хабарланған» немесе «есептеледі» деген терминдер халықаралық журналистикаға тән термин емес. Ақпараттан кімнің «түсінгені» немесе «сенгені» айқын көрінуі керек. «Хабарланған» деген сөз адамды тіксінтіп тастайды, себебі оны сіз жеткізуіңіз керек. Бұл үнемі қолданылатын «хабарлауынша» деген терминге де қатысты. Бірақ, «Кабул радиосының хабарлауынша» деген сөйлем өте жақсы, бұл нағыз дерек көзінің өзі. Ал «барлығына мәлім...» деген сөйлем ешқандай да дереккөз бола алмайды.



Дерек көзінің мақаладағы орны

Ақпараттың қайдан шыққаны туралы мақаланың басында айтылуы керек. Ал нақты орны материалдың қандай шиеленісте өрбитініне байланысты. Егер мақала президенттің ресми іссапары жайлы болса (егер ол құпия іссапар болмаса), онда ол талассыз дәйек, сол себепті дерек көзін алғашқы абзацта еске салмауға да болады. Ал құпия болған жағдайда,материалда репортер ақпаратты қайдан алғанын көрсетуі керек және бұл жерде дереккөз сенімді болуы керек. Егер сапар болып жатқаны шын мәнінде көрсетілсе, онда дереккөзді сипаттаудың қажеті жоқ. Ал сапар барысында болып жатқан жайттарды сипаттау сенімді дереккөзді қажет етеді. Кез келген түйткілді немесе күдікті дәйек жағдайдан толық хабардар дереккөзді қажетсінеді. әсіресе, әлденені ауызша естіген жағдайда міндетті түрде дереккөзді көрсету керек.



Контекст

Әрдайым оқырманыңызға ақпараттың қалай және қайдан алынғанын айтып отырыңыз. Мысалы, «баспасөз мәслихатында хабарланғанындай», «репортерлерге арналған өтініште» немесе «осы басылымға берген сұхбатында». Алдағы күні келіспеушілігін айтады-ау деген жайттар мен «эксклюзивті сұхбат» терминінен де аулақ болыңыз. Бір мақаланың ішінде берілген ақпараттардың кейбірі бұрын шыққан есептен, құжаттан немесе көпшілік алдында жасалған мәлімдемеден алынып, қалғаны сіздің сұхбатыңыздан болса, қайсысының неге жататынын нақты көрсеткен жөн. Пікірлердің қайнар көзін көрсету. Егер мақала екі немесе бірнеше тараптың арасындағы дау-дамауға қатысты болса, ал мақалада бір ғана жақтың пікірі берілсе, онда пікірлерді емес, мәліметтерді қандай дереккөзден алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз. Сондай-ақ, материалдың тек бір ғана жақтан алынғаны міндетті түрде білініп тұратын болсын.

Егер болып жатқан дау-дамайға тікелей қатысы болса, онда пікір мен көзқарастың да зор маңызы болуы мүмкін. Мәселен, тараптар арасындағы дау-дамайды көрсеткен уақытта «бүгін миталистандық дипломат Сахестанды зомбылық саясатын жүргізіп отыр деп айыптады» деп берген жөн.

Дегенмен, көзқарастың түп төркіні әрдайым ашық көрсетілуі керек. Анонимді дереккөзден барынша аулақ болуға тырысқан абзал. Кімде-кім өзгелер туралы жағымсыз жайтты жария еткісі келетін болса, онда ол өзінің сөзіне өзі жауап бере алатындай болуы керек және аты-жөнін жасырмауы да маңызды. Қорыта келгенде, бейтараптық және тепе-теңдік ережесін ешқашан естен шығармаңыз. Репортажыңызда тараптардың ешбіріне жақтаспаңыз, бұра тартпаңыз. Адамдардың пікірі тек көзқарас ретінде берілуі тиіс, оларға дерек деп қарамау керек. Егер сыни мақала жазып отырған болсаңыз, екінші тараптың жауап беруіне мүмкіндік жасауды ұмытпаңыз. Бұл олардың заңдық құқығы



Дереккөздерді сөзбе-сөз келтірудің негізгі ережелері

Сұхбат алатын адамдарыңызға қандай ережеге сүйенетініңізді мұқият түсіндірген жөн және оны барынша сақтауға міндеттісіз. әсіресе, қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысынан бейхабар жандар үшін егжей-тегжей түсіндіру қажет. Өзіңізді құшақ жая қарсы алған азаматтардың алдында ашық болғаныңыз жөн. әсіресе ол адамдарды қайнаркөз ретінде көрсететін болсаңыз, мұны міндетті түрде ескертуге тиіссіз. Қоғам қайраткерлері мен ресми тұлғалар баспасөзбен жұмыс істеуді жақсы біледі, соған қарамастан, кез келген сұхбаттың алдында негізгі ережелерді естен шығармаған абзал. Газетте жариялау үшін: демек, журналист қолында бар ақпаратты толығымен қолдана алады және сөйлеп отырған адамның аты-жөнін көрсетуі керек. Сұхбат берушіге оның пікірінің қоғамдық маңызы бар екенін ескерте отырып, әрдайым оның келісімін алуға тырысу керек. Дереккөзге сілтеме жасамау: яғни, ақпаратты және дәйексөзді пайдалана отырып, дереккөздің аты-жөні көрсетілмейді. Журналист сұхбат алушы субъектісінен қызметін қалай көрсету қажеттігін келісіп алуы керек және мұндайда барынша нақтылық қажет (мысалы, «армия бас штабының мүшесі» деген сөз жай ғана «офицер» дегеннен гөрі нақтырақ).

Мәліметтер үшін: мұндайда ақпарат берушінің аты-жөні де, ақпарат пен дәйексөзді келтіруші дереккөз де көрсетілмейді. Бұл журналисті репортаж жасау барысында көмегі тиетін деректермен қамтамасыз етеді. Алайда,басқа дереккөздер нақтыламайынша, оларды қолдануға болмайды. Дәл осы ереже суреттер мен дауыс жазбаларына да қатысты. Камераны немесе басқа да түсіретін немесе жазатын құрылғыларды қоспастан бұрын рұқсат сұрауға тиіссіз. Сондай-ақ, кімде-кімнің суретін жариялайтын болсаңыз, ол адамнан ашық рұқсат сұрау керек.

Журналист осы ережелер шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді бұзбауы керек. Ал егер сұхбат барысында негізгі шарттар өзгерген жағдайда, оны сілтеме арқылы көрсетуі керек. Кейде «мәлімет үшін» деп берілген ақпаратты «жариялау үшін» пайдалану мүмкіндігі тууы да мүмкін. Атап айтқанда, ол мәліметті өзге де дерек көздері растаған жағдайда, оны жариялағаннан кейін ақпаратты берген адамға ескертіп, түсіндіруге болады. Алайда, ол үшін екінші жақ міндетті түрде келісім беруі тиіс. Журналистикада жиі қолданылатын off the record термині, яғни «жариялауға арналмаған» деген түсінік кейде «мәлімет үшін» деген мағынаны білдіретін болса, енді бірде «дереккөзге сілтеме жасамай жариялау» дегенді аңғартады. Сол себептен ақпарат берушіден қандай мағынада айтқанын анықтап сұрап алу керек.



Жасырын дерек көздері

Егер ақпарат беруші құжаттың астына аты-жөнін көрсетуден бас тартса, оның айтып отырғанының шындық екеніне немесе өсек-аяң еместігіне көз жеткізіп алыңыз. Кейбіреулер аузынан шыққан сөздің жауапкершілігінен қорқуы мүмкін, яғни кейбір адамдарда ақпаратты жасырын беруге қисынды себеп болуы мүмкін. Соған қарамастан, қандай да бір тұлға жасырын ақпар бере отырып, өзінің аты-жөнін көрсетпеуді өтінсе, онда сіз де жақсылап ойланыңыз. Біреу ат-тонын ала қашып отырған нәрсені өз атыңыздан беруге бола ма, болмай ма?

«Нью-Йорк Таймс» газетінде соңғы жылдары осындай мәселеге қатысты бірнеше рет даулы жағдай болды. Дегенмен, бұл басылымның медиа-бизнесте өз орны бар және бұл газет барынша жан-жақты қамтылған кодекске бағынады. Өте сапалы журналистика жобасының сайтында экс-редактор Джозеф Леливельд ойлап тапқан тест туралы ақпарат бар. Редактор жасырын дерек көзін пайдаланардың алдында журналист өзіне екі сұрақты қоюы керек деп есептеп, екі-ақ сұрақтан тұратын тест түзген екен. Ол қандай сұрақтар?

1. Дерек көзі оқиға туралы нақты не біледі? Немесе оның осы оқиға туралы білетіні қандай мөлшерде?

2. Дерек көзінің сізді адастырып, болмағанды болды деп айтуына немесе ақпаратқа қатысты маңызды деректі жасырып қалуына себеп бар ма? Болса, ол қандай себептер?

Осы екі сауалға қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін ғана газет жасырын дерек көздеріне жүгіне алады. Және мүмкіндігінше бұл ақпаратты дерек көзінің қайдан алғанын және қайдан білетінін көрсету қажет (мысалы, «дереккөз құжатты өз көзімен көрген»). Сондай-ақ, дереккөздің жеке мүддесі қай тұрғыда екені де көрсетілуі керек (мысалы, «бас штабтағы дерек көзі»).



Бақылау сұрақтары

1.БАҚ ақпарат көзі.

2.Репортажды жоспарлау, анализ.

3. Ақпаратты алу көздері, аналитикалық қызмет.



Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №4 Журналистикадағы жанр жасаушы факторлар

Жоспар:

1.Жанр – тарихи категория.

2.Жанр эволюциясы.

3.Жанр түрлері.



Лекция мақсаты: Журналистика жанрларын жүйелеу.

Лекция мәтіні. 1. Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, сол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Бір сюжеттің негізінде түрлі жанрға жататын бағдарламаның жасалуына дәлел ретінде С.Оразалиновтың «Сқхбат» хабарын атауға болады. Ол әдебиет әлеміндегі сирек тұлғалардың фильм – портреті түрінде берілсе де, онда сұхбат, әңгіме, сөз, очерк белгілері кездеседі. Әр жанр өзінің композициялық және көркемдік әдісімен фильм-портретті өзінше бедерлейді. Осының бәрінде сұхбат жанры үстем бола отырып, бірде ол портреттік очерк түрінде баяндалса, енді бірде деталь, эпизоттармен толығып, әңгіме жанрында баяндалған. Демек, әр жанр хабарды өзіндік әдіспен өзге жанрларға айналдырған деп түйіндеуге болады.

Жанрдың эволюциясын жүйелеу де кезең, уақытпен үндес келіп отырады. Ғалым В. Ученова «Жанрлардың арасындағыбаю, өзгеру үрдісі 70-нші жылдардың орта шенінен басталады»,-дейді. В. Ученова жанрлардың диффузиялануын олардың бір-бірін байытуы әрі адамдардың өзін қоршаған ортамен байланысындағы қатынастың күрделене түсуімен бірлікте қарастырады. Адам санасындағы үздіксіз өзгеріс те жанр элементінің публицистика мәтініндегі ішкі сипатына өзінің әсерін тигізеді. Оған дәлел-есеп, сұхбат, корреспонденция, репортаж ақпараттық талдау аймағынан шыұуға ұмтылыс танытса, жрналистік зерттеу, пресс-релиз, әңгіме, болжау бүгінде жанрлар құрамында бірлікте қарастырылып келеді.

Зерттеуші Б. Чесноков эфирдегі хабарларда газет жанрларының түгелдей кездесетіндігін айқындап, «Теледидардағы рецензия, аннотация, сыни-библиографиялық шолулар газетке тән, олар теледидарға жасанды түрде кіріккен жанрлар болып табылады…Осы тектес жанрларды баспасөзге қалдырған орынды»,-дейді. Осы ретте газет, радио және теледидардағы жанрларды салыстыра зерттеген профессор М. Барманқұлов «Теледидарда жаңалықтар редакциясының қызметкерлерін ақпаратты-диктор, ЖТС, фото әлде синхронды кинопленка не бейнемагнитті жазба әлде студияға шақырылған адманың сөйлеген сөзін, әдіс – тәсілдердің қай  түрімен беру қажет деген мәселе толғандырады. Осының әрбірінің өзіне тән пішіндік қана емес, әрі мазмұндық жағынан да айтарлықтай ерекшеліктері бар», — дейді. Сондықтан телевизияның орасан зор мүмкіндігі режиссер мен продюссерде шағын сюжет не хабарда жанрлар мен пішіндердің  алуан түрін паайдалану құралдарының мол екендігі пайымджалды.

«… Жанр дегеніміз – дамып отыратын түсінік. Кешегі жанр бүгінгіден басқаша болып еді, ал ертеңгі күнгі оның сұлбасы тағы да өзгеше көрінуі мүмкін», — дейді М. Барманқұлов. Публицистиканың түрлік келбетінің үнемі өзгерісте болатынына осы пікір дәлел. Материалды даярлау кезінде әрекеттегі көріністі көрермен кө алдына келтіру үшін журналист сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Олар: рациональды-теоретикалық, көркем-публицистикалық әлде түсінік пен бейненің бірлігі болып табылады. Осы өзгерісті алуан жанрдың газеттенрадиоға және теледидарға өткен кезең, уақыт аралығымен байланыстыра қарау қажет деген пікірге тоқталуға болады.



2. Жанр табиғатындағы өзгерісті өмірдің өзі тудырады. Бұл жанрлар  эволюциясындағы алғашқы және басты себеп болып табылады. Егер 60-ншы жылдары телевизиялық журнал танымалдыққа ие болса, 70-90 жылдары хабар, әңгіме, сұхбат, репортаж, очерк, шолу жанрлары, ал 1990-2000 жылдары түсініктеме, пікірталас, тікелей хабар, теле-думан үстемдікке ұмтылыс танытты. Сөйтіп жанр табиғатының эфолюциясын қоғамның даму процестерімен байланыстыра қарастырған орынды болып табылады.

Ғылыми еңбектерде зерттеушілер эволюция ұғымын белгілі бір жүйенің бір қалыптан екінші қалыпқа келуі, оның бұрынғы қалпының айтарлықтаймерзімде біртіндеп өзгеруі нәтижесінен болады деп түсіндіреді. Сондықтан, жанр эволюциясы да газет пен радиодағы өз қалпы мен пішінін өзгерте, түрлендіре, экран заңдылығына ыңғайлана отырып, баийды, өзгереді деп түйіндейік. М. Барманқұлов жанрлар эволюциясы: а) жойылу (декрет, мәлімдеме, манифест, декларация), ә) қайта келу (репортаж, сұхбат), б) қайта түрлену және жаңа мазмұнмен толығу (публицистикалық шолу), в) дәстүрлі жанрлардағы өзгеріс; г) жанрдың басқаша мағынаға ие болуы», — деп түсіндірді. Жанр эволюциясын дабіріншіден, уақытпен, екіншіден, бейнелеушіқұралдармен, үшіншіден, жанрдың атқаратын функциясымен байланыстыра қарастыру керек деп байлам жасайды.

Телеэкран  заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телетолғау, телевизиялық клуб, телефестиваль, телеальманах, телеконференция, телеэкспедиция, телевикторина, телекалендарь, телевизиялық рейд, киносаяхат, кинопанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий, косултатция, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, әдеби-музыкалық композиция, әдеби театр, поэзи театры, драмалық телеқойылымдар, музыкалық телеқойылымдар, шығармашылық портреттер, театр, кино қойылымдарына қысқаша аннотация, эстрадалық программалар құрады. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгіме, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельетон, телефильмді атауға болады. Жанрлардың эволюциялануы да техниканың өсуі, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеріп отыруы, қоғамның жаңа пішіндері қажетсінуі, арналар функциясының өзгеруі, шығармашылық және техникалық топтың ізденісінен жетіліп отыратындығын айтуға болады.

50-60 жылдары теледидарда пішіндердің кейбір экран спецификасына ыңғайласа өмір сүрсе, енді біреулері жоғалып жатты. Алпысыншы жылдары телевизиялық журнал болашағы мол деп танылды. Телевизияға пішін іздеу кезінде алғашқы қадамдар телевизиялық журнал ретінде алып келді… Хабардағы осы пішін көрермендер сүйіп көретін игілікке ие болды. Себебі теледидар өзінің қоғамдағы әлеуметтік міндетін орындай отырып, журналистиканың басылым түрінде бұрыннан белгілі тақырыптық, әртүрлілік, материалдағы жекелікті журнал түріндегі пішіннің өн бойына жинақтап, оны экранға қайта ыңғайластырды.

Алайда, телехабардың құрылымына біртіндеп ақпараттық-публицистикалық жанрлар енгізілді: көркем-публицистикалық жанрларды игеру басталды: телевизиялық хабарларды дербестендірудің алғашқы әрекеті іске асырылды; телекиноның бастапқы базасы жасалды; оқу-білім бағытындағы бағдарламалар туындады. Солай етіп, аудиторияның белнгілі бір топтарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған хабардың теледидарға арналған жаңа түрлері табысты игеріле бастады.

1966 жылы Өскемен телестудиясы «17 жастағылар клубы» хабарын ұйымдастырды. Хабар мазмұны жағынан «бреййн-рингпен» үндес, әрі пішіні жағынан оған жақын. Мысалы, Орталық теледидарда 90 жылдары өмірге келген «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасы «брейн-ринг» пішініне ұқсас. Алайда, «17 жастағылар клубы» көрермендер командасымен емес, өз араларында бір-бірімен оайнады. Хабарда студияға мектептің жоғары сынып оқушылары мен жұмысшы жастар шақырылған. Телешығармашылық топқа осылардың интеллектуалдық ой-өрісінің кілтін табу үшін, олардың педагогикалық білім саласынан хабардарлығына барлау жасау қажет болды. Оған қосымша сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен идеяның тұтастығы да сақталды.

Телеэкрандағы хабарлардың тәрбиелік рөлімен бірлікте, аудиторияның күн санап өсіп келе жатқан талап-тілегін ескеру де маңызды болды. Телевизиялық альманах «Дидарда»замандастар жайлы микроочерк, суреттеме, жастармен сұхбат, әңгіме, репортаждар, республика комсомолының өмірі жайлы сюжеттер берілсе, жасөспірімдерге аранлаған «Өзіңді өзің таны», студенттерге арналған «Аудитория», жас ғалымдардың телевизиялық клубы «Ньютон алмасы», «сСөз сұраймын» рубрикасының негізінде пікірталас түріндегі хабарлар ұйымдастырылды.

10985 – тің лебімен ере келген жариялылық, қайта құру да телеэкранға өзгеше тыныс, жаңа леп әкелді. «Тілден шідер, ойдан бұғау» алынған кезең тележурналистер үшін ізденіске толы болды. 1991-2004 жылдардағы шығармашылық топтың ізденісі нәтижесінде: телеанкета, телевикторина, телеүндесу, теле канферансье, телеакция, телеклуб, телекүнделік, телесаяхат, телеқадағалау, телебәйге, телекурьер, телеэкспедиция, тележаршы, телекөрсетілім, киноконцерт, Депутата арнасы, Үкімет арнасы, киносаяхат, телеойын, деректі хикая, теле-шоу, супер шоу, интеллектуалдық думан, интерактивті бағдарлама, пікірлесу клубы, саяси сараптама, сараптау, моноспектакль, мультоптама, бейнефильм, бейнебаян, бейнеантология, бейнеклип, кешкі бейнесалон, лингвистикалық телеолимпиада, этнографиялық телеолимпиада, әдеби телеолимпиада, аңдатап, саяси жарнама, журналистік зерттеу, жарнама, реалити-шоу, естелік-эссе, сыр-сұхбат, экологиялық бағдарлама, мөлтекспектакль, тарихитип, көбікті опералар, триллер, суперинтеллектуалдық телеойын, авторлық бағдарлама, триада: жаңалықтар-кинокөрсетілім – думан пішіндері экранда орнықты. Тәуелсіздік кезеңіндегі экран жанрлары – телесұхбат, телеәңгіме, телеочерк, телерепортаж, түсініктеме, баспасөз мәслихаты, пікірталас, анкета түрінде көрініс табуда.

Жариялықтан кейін телеэкранда «бейнеклип” пішіні көріне бастады. Бейнеклип – жарнама, әндер әрі әнді орындаушылар. Бейнеклипте алдымен музыканттар режиссерді іздестіріп, онымен одақ құрады да, оқиға одан әрі сценарий актерлерді таңдау, түсіру, монтаж түрінде өрбиді. Осы процестер режиссерден күш-жігер мен ойлампаздықты, шеберлікті талап етеді. Алайды, отандық бейнеклиптердің сәтсіздігін қысқа көріністер көп болған сайын, ол бейнеклип дәрежесіне сәйкестенеді деген режиссер ұғымының негізсіздігінен іздестіруге болады.

Телевизиядағы «журналистік зерттеу” пішіні ғалымдар назарына кештеу ілінді. Осы пішін қазақ теледидарында 80 жылдардың орта тұсында Қ.Қорғановтың «Бір хаттың ізімен” хабары негізінде телеэкранға орнықты. Зерттеуші М. Берлин: «Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея және ұсыныссыз жарыққа келмейді”,-дейді. Себебі, журналист материалдарытерей ірі жан-жақты зерттеу нысанына айналмағандықтан хабарларда үстірттік, асандылық белең алды. Журналистік зерттеуде автордан талант пен сезімталдылық, әрі осы саланың заңдарымен таныс болу, әрі өз материалын дерекке негіздеу қатаң талап етіледі. Автор «Бір хаттың ізімен” хабарын көрермендер хаттарының желісімен жасап, онадағы көтерілген мәселені нысанаға барғанға дейін тыңғылықты зерттеп, оқиға орнына арнайы топпен, барып, іске жан-жақты қанығып, кейін студияға оған қатысы бар ұйым, мекеме басшыларын шақырып, келелі әңгіме қозғады. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намасын орынсыз аяққа таптамай, болғанды болған күйінде баяндай отырып, журналистік зерттеу әдістеріндегі:  «а) алдын – ала тексеру, ә) деректер, б) салыстыра талдау, в) бақылау, г) сұхбат” түрінде хабарда жүйелі түрде көрсете білді.

Телеараналар жаңа пішін іздеуде үнемі ізденіс танытып отырды. Қазақ теледидарында бұрыннан бар интерактивті байланыс хабары «Хабар” агенттігінде де эфирге шықты. Телепублицист Б. ҚҰсанбек 2004 жылдың сәуірінде Б. Құсанбек 2004 жылдың сәуірінде өткен «Нысана” хабарын интерактивті деп тапты.

Батыстағы телеарналара соңғы оншақты жыл ішіндекөбіне-көп ешқандай коментарийсіз «бейне-баян” форматына ауысып, оқиғаны тікелей эфирде көрсетуге біртіндеп көшіп жатыр. Бүгінде осы пішіннің болашағы зор екендігі ақиқатқа айналып келеді. Бұған Қазақ теледидарында «Қазақ жері” деген атаумен республикамыздың тарихи жерлері мен сұлу табиғаты туралы беріліп отырған бейнебаян дәлел. Мысалы, көрермен «Баянауыл” туралы берілген тақыоыртың өн бойынан: а) танымдық дүниесін кеңітеді; ә) туған табиғатының таңғажайыптарына қанығады,  б) көрерменге табиғат тылсымдары әсерлі, жарасымды музыкамен бірге тамашадемалыс сәттерін сыйлайды, в) көрермен табиғаттың таңғажайып өзінің бір сұлулығын маниторда жазылып, музыкамен бірлікте біріліп тұрған ақарат арқылы ұғынады.

Телевизияда «Реалити ТВ” өмірге келген кезде оған Леалити – шоу деген айдар тағылды. Экран туындысы телевизиялық кеңістіктегі шындыққа бағыт ұстанып, бір мезгілде ол көріністегі бейненің сан алуан мазмұндылығы, әрі мінез-құлық үлгісі болып табылады. Ол – көшедегі адмадармен сұхбат, пікірлесу, біздің замандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршіліктері жайлы хабар. Кейіпкер де уақыт кеңістігінде өмір сүруші жандар. Реалити – шоу бағдарламасын жасаушылар оны ойын –сауық түрінде ойластырған. Негізгі идея аудиторияны күнделікті шыншыл, боямасыз өмірге жинақтау, жақындату, оны телевизия әйнегі арқылы бақылау болып табылады. Бұл теледидардың рекреативті функциясымен өзектес.

Отандық теледидарда Реалити-шоу деңгейінде жасалған, әрі көрермендер қызыға тамашалайтын фильм-портреттер бар. Қоғамымыздың өсіп-өркендеу жолында тағдыры көпшілікке үлгі болар, ұрпақ үшін мәні зор, жан-дүниесі шуаққа толы тұлғалар бейнесі – қызықты әрі тамаша. Ол – деректі фильм-портреттер, саналуан бағдарламалар, ток-думан хабарлары, нақты өмір, деректі кино. Сан-саладағы деректі сериалдар қоғамдық көңіл-күйдің барометрі іспеттес. Онда қоғамның қалай өмір сүріп, жатқаны шыншыл, әрі боямасыз көрсетіледі. Көрерменнің бүгінгі қалауы да, талабы да осы.

«Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар-ау деп есте жүргендердің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша жанрлар мен формалар сыйлады”, — деген М. Барманқұловтың пікірі шындыққа айналуда.

3. Журналистика жанрлары – мақаланы немесе журналистің кез келген жұмысының түрлі жанрларға бөліп қарастырылуы.

Ол мынадай жанрларға бөлінеді:



  • Ақпараттық жанрлар:

    • хроника,

    • ақпарат,

    • кеңейтілген ақпарат,

    • сұхбат,

    • есеп,

    • репортаж,

    • арнайы репортаж,

    • баспасөз сауалнамасы және т.б.

  • Талдамалы жанрлар:

    • корреспонденция,

    • комментарий,

    • мақала,

    • хат,

    • түйіндеме,

    • әңгіме-сұхбат,

    • шолу,

    • естеліктер және т.б.

  • Көркем-әдеби жанрлар:

    • көркем-публицистикалық суреттемелер,

    • эссе,

    • очерк,

    • фельетон,

    • памфлет,

    • жолсерік очерктері және т.б.

  • Шоу:

    • ойындар,

    • байқаулар,

    • реалити-шоулар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет