Дәріс №2 Экологиялық қоғамның құрылымы.Қоғамның экологизациялық түсінігі.Экологиялық құқық. Экологиялық мәдениет және білім.
1.Экологиялық көзқарас түсінігі. «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі адамның алатын орны. «Қоғам-табиғат» жүйесіндігі экологиялық көзқарас.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель «Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады»,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит «... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды»- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса «адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды»,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
«Сабақтастық», «үздіксіздік» ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко, З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша «сабақтастық – жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға көшуі» болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); ә)кумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.
Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған,қарама –қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап Л. Фейербахқа дейін табуға болады.
Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды.
Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың, судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен «практикалық» философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.
М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан – жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс –әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді [4].
Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның шырмауында қалып отыр. «Техника өз – өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық сиқыр жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар екені рас. Техниканың мәні – жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге қауіп –қатерді ала жүреді [4,34].
А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.
Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [5].
Қарқынды нарықтық шаруашылық – тұтыну идеалдарының мәдениетіндегі басым мәдени құндылықтардың шкаласын түбірімен өзгертті. Табиғатты негізінен таусылмайтын қазына ретінде қарастыра бастады. Егер онда бір нәрсе жетіспесе, соған лайықты техникалық жобалар пайда болды, олардың іске асырылуы қоршаған ортаға зиянды әсерлердің болуын қарастырусыз жүзеге асырылды. Адамдар өздерінің іс – әрекетінің нәтижесі туралы енді ғана, техногендік мәдениеттің жаңа жетістіктерінің салдары аймақтық және ғаламдық деңгейде болғанда ғана ойлана бастады. Техника мен технологияға негізделген материалдық мәдениет тек өндірістік іс – әркетті ғана емес сонымен қатар экологиялыққа зиян келтіретін, адамды инженерлік, технологиялық ойлау стиліне бағыттады. Ондай стиль табиғат объектілерін зерттеуде, қоршаған ортаны техногендік сфераға қайта құруда пайдалы болды, бірақ ол тіршіліктің қайталанбайтындығын, оның бірегейлігін саналауға мүмкіндік бермеді. Ондай ойлау жүйесі Жаңа заман дәуірінде қалыптасты. Ол мәдениеттің техногендік типінің жасалуын қарастырды, онда табиғатқа тең құқықты, жетілген субъект емес, экспансия объектісінің рөлі берілді.
Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Бірнеше уақытқа дейін бұл үдерістер, радикалды экологиялық дағдарысқа әкелмегендіктен салыстырмалы түрде аса маңызды емес болып саналды. Осыған байланысты экологиялық көзқарасы, санасы дамыған қоғам қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Экологолиялық сананың экоцентрлік типі бұл –адамның өзін табиғи ортаның бір бөлшегі ретінде санау және қоршаған ортаның сақталуына бағытталу тән адамның көзқарастар жүйесі.
Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша «адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек» [2,6].
Экологиялық гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады.
Экологиялық идеология - бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.
Рухани мәдениеттің барлық салалары өзгере отырып экологиялық мәдениетті жасауға үлес қоса алады. Тарихта рухани мәдениеттің бірінші саласы көрінбейтін мәдениет – мистика болды. Қазіргі экологиялық жағдайда актуалды бола бастаған экологиялық апаттың қауіптілігі адамның табиғат күштері алдындағы әлсіздігін табу жолындағы мистикалық көзқарастың туындауына мүмкіндік туғызды.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс - әрекетке көшу, жағымды іс - әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. Бұл аспектіде экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттің деңгейі бұл – қоғамның табиғатты әлеуметтік маңызды қызметке оны тану және дамуын практикалық пайдалану негізінде қаншалықты терең және жан – жақты қосуының көрсеткіші болып табылады.
Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.
Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;
- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.
Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі күннің проблемаларынада жауап береді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.
Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде, және қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың ошақтарын есепке алып, оны жою бойынша тиісті бағдарламалар жүргізілсе, орындалатын негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Мұнда қарастырылатын мәселелер ішінде экология және табиғи ресурстардың қоғамда қалай пайдаланылып жатқандығы сөз болады, табиғат пен адам арасындағы кейбір елеулі қайшылықтар салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология ең бір өзекті мәселелрдің қатарына шығып отыр. Оның «Экология және табиғат ресурстары» айдарымен «Қазақстан – 2030» стратегиясында сөз болуы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен қауіпсіздік кеңесінде арнайы әңгіме тақырыбына айналуы бұл сөзімізді дәлелдей түседі.
Дәріс №3. Қоршаған табиғи ортаның адам психикасына әсері. Сыртқы ортаның кері әсерлерінің нәтижесінде және антропогенді факторлар әсерінен туындаған қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
Адамзат ?о?амыны? пайда болуыны? ал?аш?ы кезе?інде адамдар таби?атты? дайын ?німдерін пайдаланып, а?шылы?пен айналысты. Адамдар таби?ат?а т?уелді болды, б?л т?уелділікті жо?ары де?гейде сезінді. Адамдарды таби?ат биледі.
?азіргі та?да экологиялық дағдарыс басталды. Б?л да?дарыс адамдарды? ?атысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда, болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Біра?, ?азіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары ?те шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны жо?арлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, б?зыл?ан таби?и ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абройлы міндеті болып саналады.
?ылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді.
?азіргі та?да ?ылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны сақтауға, оның бүлінбеуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік береді.
Үнемі табиғаттың жағдайын нашарлатып, байлықтарын шашып-төгіп пайдалануға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен ж?не ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор. Биосфераның тепе-теңдігін бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда боуына мүмкіндік туғызады. Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның төзімділік шегінен асып кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.
Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен озон қабатының бұзылуы.
СМОГ- үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде ластануы.
СМОГ – тың екі түрін ажыратады:
1. Атмосферада ?неркәсіптердің газды? қалдықтары мен түтінінен тұратын қою тұманның түзілуі.
2. Фотохимиялық СМОГ. Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күнні? ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп, тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН (пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40% құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-әлсін байқалып тұрады.
Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартауларды? атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі. Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрациядеңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН 4,5 тең бол?ан кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.
Қышқыл жаңбырлардың зардабын тарт?ан кейбір мемлекеттер б?л м?селені? шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар ?олдануда. М?селен, ?ышқыл жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді. Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа шамамен +150С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99,8% күн радиациясына, 0,18% табиғи көздер жылуына, 0,02% антропогендік көздер жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-те?дігіні? бұзылуы ақырғы он жылдықта антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон, су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0,38...0,77 мкм болатын күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа шығатын 0,77-340 мкм ?зынды?та?ы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының «жылулық эффектілігін» туындатуына қатысуының пайызды? көрсеткіші мынадай: СО2-50%, СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының пайызды? көрсеткіші 1900 жылы- 0,029% , 1990 жылы- 0,036% , 2000 жылы- 0,038% болса 2030 жылы- 0,045-0,06% , 2050 жылы - 0,07-0,075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15оС- қа жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 пайыз?а кемиді. Біздің онсыз да қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті қолайсыз болуы мүмкін.
2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1,5-4,5 к?терілуі мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0,5-1,5 метрге көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км2 құрғақ аймақтар судың астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің - 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы ж?ргізілген зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0,1оС жылынатынын анықтаған.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ?ша?тар (әскери ұшақтар). Оларды? шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом жарылыстары. Бір «Шаттл» ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 % (100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады деген болжам айтылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |