Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»



жүктеу 1.82 Mb.
бет16/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Мк=

мұндағы:


к – тұшпараның келтірілген тығыздығы.
к = 0,6т +0,4ф.

мұндағы:


қ = қамыр тығыздығы.

е = фарштың тығыздығы.

L = транспортер ұзындығы, м.

К = кедергі коэффициенті,15-20 тең .

Тұшпара жасайтын машина қуаттылығы былайша анықталады:

мұндағы:

а – қозғалтқыш қуат қорының коэффициенті = 1,1÷1,3

 - қозғалтқыштан машинаның жұмысшы элементтеріне

беріліс п. ә. к. (пайдалы әсер коэффициенті).


=  зп ·  z цп ·  2кп ·  кп
тб – тісті беріліс п. ә. к.,  тб=0,95…0,98

цп – шынжырлы беріліс п. ә. к.,  шб=0,95…0,97

кп – сынабелдікті беріліс п. ә. к.,  сб=0,93…0,95

Z – шынжырлы беріліс саны.

К – үштіректер саны.
13зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Құмыра жуғыш машины құрылысымен танысу»
1. Жұмыстың мақсаты.
Құмыра жұғыш машинаның құрылымын, жұмыс істеу тәртібін және технологиялық есептеу негізгі формулаларын оқып үйрену.
2. Мазмұны.
1. Қайта қолданылатын ыдысты жууға арналған машиналардын жіктелуі.

2. Құмыра жұғыш машинаның құрылымын, жұмыс істеу тәртібін және кинематикасын оқып үйрену.

3. Құмыра жұғыш машинаның жетекші механизм мен құмыраларды тиеу және түсіру механизмдерді оқып үйрену.

4. Құмыра жұғыш машинаның технологиялық есептеу негізін оқып үйрену.


3. Жіктелуі
Сүт, кілігей, айран, ряженка, простокваша, қаймақ және басқа сұйық өнімдерді сақтауға арналған көп рет қолданылатын ыдыстар тамақ өндірістерге қайтадан жіберіледі. Оларға шыны бөтелке, шыны банка, металды фляга және де металды және полиэтиленді жәшіктер жатады. Пайдалану алдында көп рет қолданылатын ыдыстар жуу мен зарарсыздандырудан өтеді.

Көп рет қолданылатын ыдыстар жуу мен зарарсыздандыруы бөтелке-, банка-, фляга- және жәшікжуғыш машиналарда жүргізіледі.

6,2 л сыйымдылығымен шыны банкаларды жуу үшін жібітіп шприцтеу типті банка жуғыш машины қолданады (15.1 сүрет). Машинаның барлық механизмдері пісірілген металды тұрықта жабдықталған. Машинаның астынғы жағында сілтілі ерітіндісіне арналған ванна, ал үстінгі жағында ыстық және жылы суға арналған екі бактар бар. Жуылатын банкілер машинаға таспалы транспортер арқылы жеткізіледі де, транспортерге оранатылады. Жүктеу механизмі 2 арқылы олар бас транспортердің 6 тасымалдағыш ұяшықтарына 3 итеріледі. Тасымалдағыш ұяшығы бар металл жолақтан жасалған, екі төлкелі шынжырдың арасына бекітілген.

Жүктеліп болғаннан соң банкілердегі кірлерін жою үшін температурасы 65 С сілті ерітіндісі бар ваннаға 19 түсіріледі. Транспортермен жұлдызшаны иілген кезде банкілер мойыншасымен төмен қарап бұрылады да, ішіндегі қышқыл ерітіндісі төгіледі. Бас транспортердің жоғары аймағында банкілер шприцтеуге және форсункалар 14, 15 көмегімен 65 С температурадағы сілті ерітіндісімен шайылуға түседі, шприцтеу форсункалар 12, 13 арқылы 65 С температурадағы ыстық сумен, шприцтеу және шаю жылы сумен суық су көмегімен іске асады.

Жуылған банкілер ұяшықтан итеріліп шығарылады да түсіру механизмі 4 арқылы пластиналы транспортерге қойылады да, машинадан шығарылады.

Жуу зонасы арқылы банкілірді тасымалдау бас транспортердің 3 көмегімен жүреді. Бас транспортер үзілісті қозғалады. Ол электрқозғалтқыштан 10 сыналы белдікті беріліс және буындықты төмендеткіш 11 арқылы қозғалыс алады. Бундықты төмендеткіш шынжырлы беріліс 12 арқылы кривошипі бар білікке 13 айналыс береді, ол кергіш 5 және шаппалы ілініс 6 арқылы үздікті түрде жұлдызшаларымен бірге жетекші білікті айналдырады да, бас транспортер банкілер орталық арасындағы ара қашықтығына тең бір қадам жасайды. Тиеу механизмі 2 және транспортердің роликтері шынжырлы берілістер 1, 14, 15 арқылы қозғалысқа келеді.


15.1 сүрет. Банка жұғыш машинаның кинематикалық сұлбасы:



1 – тиеу транспортердің роликтеріне қозғалыс беретін шынжырлы беріліс, 2 – тиеу механизмі, 3 - бас транспортер, 4 - түсіру механизмі, 5 – кергіш, 6 - шаппалы ілініс, 7 – жетекші жұлдызша, 8 – кергіш жұлдызша, 9 - сыналы белдікті беріліс, 10 – электрқозғалтқыш, 11 - буындықты төмендеткіш, 12 - шынжырлы беріліс, 13 – иінтірек, 14, 15 - тиеу механизмі мен тиеу транспортердің біліктеріне қозғалыс беретін шынжырлы берілістер.
Металл флягтарды, сымды және полиэтиленді жәшіктерді жуу шприцті типті фляга жұғыш машинада жүргізіледі, яғни суда жібіту операциясы осындай машиналарда жоқ.

Металл флягтарды жуу үшін карусельді және туннельді типті машиналар қолданылады.

Карусельді типті машинаның негізгі траспортері сыналы белдікті беріліс, буындықты төмендеткіш және конусты жұптар арқылы электрқозғалтқыштан 0,75 мин-1 жиілігімен айналыс алатын карусельден тұрады. Карусельдің сегіз ұяшықтары бар, олар флягтардың мойыншаларын төмен қаратып орналастыруға арналған (15.2 сүрет). Тұрықтың бүйір қабырғаларындағы науа арқылы кірленген флягтар машинаға орнатылады. Машинаның төменгі жағында, карусельдің астында 410 л сыйымдылықтары бар сілті мен ыстық суға арналған бактар орналасқан.


15.2 сүрет. Карусельді типті фляга жұғыш машинаның сұлбасы:



1 – электрқозғалтқыш, 2 – буындықты төмендеткіш, 3 – конусты шестерня, 4 – колпак, 5 – коллектор, 6 – науа, 7 – тірек, 8 – ұяшық, 9 – венец, 10 – астау, 11 - резервуар, 12 – сүзгісі бар бөшке, 13, 16 – ортадан тепкіш сораптар, 14, 15, 17, 18, 19, 20 – форсункалар.
Машинада флягтың сыртқы беттерін шаюға арналған саңылаулары бар құбыр тәрізді құрылғысы бар. Ішкі бетін форсунка көмегімен шаяды. Флягтарды жуған кезде олар тізбектеле отырып суық сумен, 30 С температурадағы сілті ерітіндісімен, 80 С температурадағы ыстық сумен, суық сумен, ыстық бумен шаю аймақтарынан өтеді. Жуылған флягтар машинадан бүйір қабырғаларындағы науалар арқылы шығарылады.

Туннельді типті машина туннельдің тікбұрышты қимасы арқылы өтетін көлденен торлы транспортерден тұрады. Флягтар транспортер торына мойыншалары төмен қаратылып орнатылады. Олар жылжып отырып туннельге кіргенге дейін олардан сүт қалдықтары ағып кетеді. Транспортер буындықты төмендеткіш және жетекші жұлдызша арқылы электрқозғалтқыштан қозғалыс алады. Транспортердің керілуін кергіш жұлдызшалар қамтамасыз етеді.

Флягтарды туннельді типті машинада жуғанда олар келесі жуу аймағынан өтеді: суық сумен шаю, 70 С температурадан төмен емес сілтінің ыстық ерітіндісімен шаю, 85 С температурадағы ыстық сумен және суық сумен шаю.

Машинаның төменгі бөлігінде төрт ванна орнатылған: екеуі - суық су жинауға арналған, екеуі – ыстық сілті ерітіндісімен ыстық суды жинауға және сақтауға арналған.

Сымды корзиналар мен полиэтиленді жәшіктерді жуу үшін туннельді типті жәшік жуғыш машиналар қолданылады.
4. Бөтелке жуғыш машиналардың тағайындалуы, құрылысы

және жұмыс істеу принципі.
Сүт зауыттарында шыны бөтелкелерді жуу үшін сумен шприцтеп және жібітіп бөтелке жуғыш машиналар қолданылады. Олардың екі типі болуы мүмкін: бір және екі қатарлы.

Шприцтеп және жібітіп бөтелке жуғыш машиналардың құрлымы екі құрылғының қосылысы түрінде болады: жібітіп жуғыш, шприцтеп және шайып жуғыш, олар тікбұрышты пішіндей металл тұрықта орналасқан.

Жібіту тетіктері химиялық ерітінділер әсерімен кірді жібітуге арналған, ол тікбұрышты формаға ұқсас ванна түріндей болады, машинаның астынғы бөлігінде орналастырылады.

Шприцтеп шаю құрылғысы бөтелкенің ішкі және сыртқы қабырғаларындағы жібітілген кірлерді жуғыш ерітінді және су ағынының көмегімен жууға арналған. Мұндай құрылғыларда бөтелкелердің ішкі беті жуғыш ерітіндінің немес судың ағынымен шприцтеуге түседі. Сыртқы беті бөтелкелердің үстінде орнатылған перфорирленген құбыр немесе перфорирленген түптен арнаулы астаушалар арқылы аққан су ағындарымен шайылады.

Бөтелкенің ішкі бетің шприцтеу кезінде оның мойыншасы төмен қарап шашыратқыштан жоғары орналастырылады. Жұғыш ерітінді және су ағыны бөтелкенің ішіне мойынша арқылы беріледі, түбіне дейін барады да бүйір қабырғалары бойынша ағып шығады, нәтижесінде бөтелкенің ішкі бетінен кірлер шығарылады.

Шайып шприцтеу құрылғының жұмыс істеу тиімділігі ағынның кинетикалық энергиясымен анықталады.

Жалпы шприцтеу ұзақтылығы шприцтеу саны мен бір шприцтеу ұзақтылығынан тұрады. Жұғыш ерітіндімен және сумен шприцтеудің жалпы саны 10-нан 20-ға дейін болады. Бір шприцтеу ұзақтылығы бөтелкенің шашыратқыштан жоғары тұру уақытымен анықталады. Машинаның құрлымына және оның өнімділігіне байланысты бөтелкенің тұру уақыты 3-тен 10 с дейін болуы мүмкін. Машинаның өнімділігі жоғарылаған сайын оның тұру уақыты азаяды. Бас транспортердің тұру уақыты мен оның қозғалу уақытының қосындысы цикл уақытын көрсетеді.

Кірлену дәрежесін ескере отырып жуудың пайдалы уақыты бас транспортердің ұзындығы мен оның жылдамдығына байланысты болады. Өз кезегінде бас транспортердің жылдамдығы машинаның өнімділігіне әсер етеді. Жалпы пайдалы жуу уақыты және машинаның өнімділігі машинаның ауқымды өлшемдерінен байланысты.

Машинаның тиімді өлшемдер жағынан қарағанда әртүрлі машиналарды салыстыру ауқымдылық коэффициентін есептеу жолымен анықтауға болады

мұндағы - машинаның ұзындығы, м; в – машинаның ені, м; h – машинаның биіктігі, м; М - машинаның өнімділігі, бөтелке сағатына; Т - жуудың жалпы пайдалы уақыты, мин.

Әртүрлі жұмысшы сұлбалары бар екі машиналарды салыстырған кезде ең оңтайлы машина болып ауқымдылық коэффициенті аз болатын машина табылады.

Жуу кезінде машинаның бас транспортері бөтелкелерді бір аймақтан екіншісіне тасиды. Бұл кезде бөтелкелер тізбектеле отырып жібіту, жұғыш ерітіндімен шприцтеу және сумен шаю аймақтарынан өтеді. Жібіту мен шприцтеу кезінде 70-75 С дейін қыздырылған сұйықтарды пайдаланады. Термиялық сынуды болдырмау үшін аймақтар арасындағы температура өзгерісі 30 С керек.

Бас транспортер жұлдызшалармен керілген екі төлкелі-шығыршықты шынжыр түрінде болады. Шынжырлар арасында бөтелкелерге арналған ұяшықтары бар тасымалдағыштар бекітілген. Кірленген бөтелкелер ұяшықтарға тиімді, ал жуынғандары тиеу және түсіру механизмдерінің көмегімен түсіріледі. Бас транспортердің мерзімдік қозғалысын қалыптастыру үшін әртүрлі берілісті мезанизмдері қолданылады. Олар жұдырықшалы құрылғылар, қос-иінді бұлғақты (кривошипно-шатунный) механизм, мальталық кресті, гидроцилиндрді қолданып жасалуы мүмкін.

Бөтелкелерді жуу машиналарының жетекші механизмі электрқозғалтқыштан, қорғағыш жалғастырғыш және буындықты төмендеткіші бар сыналы белдікті вариатордан тұрады, ол тісті жұп және шаппалы механизм көмегімен бас транспортерге мерзімді қозғалыс және шынжырлы беріліс көмегімен тиеу және түсіру механизмдерінің планкасы бар шынжырлардың тұрақты қозғалыс жасайды.

Сүт зауыттарында жібітіп шприцтеу типті бөтелкелерді жуу машиналары кеңінен қолданылады, оның тұрығына сымды корзиналарды жууға арналған машина қосымша бекітілген. Машинаның барлық негізгі механизмдері пісірілген тұрықта оранатылған. Бақылау-өлшеу аспаптары көрсетілген бөтелкелерді жуу машинаның сұлбасы 15.3 сүретте берілген.

Жууға жататын бөтелкелер пластиналы транспортермен жетекші шығыршықты траспортерге беріледі. Шығыршықты транспортер бөтелкелерді тиеу механизмге қарай жылжытады, тиеу механизмі үзіліссіз қозғалатын планкалармен бөтелкелерді тасытқыш ұяшығына береді. Әрбір тасытқыш бас транспортердін екі параллелдік төлкелі-шығыршықты шынжырларының арасына бекітілген, ашу 20 ұяшығы бар.


15.3 сүрет. Жібітіп шприцтеу типті бөтелке жұғыш машинаның сұлбасы.
Бас транспортердің қозғалысы кезінде бағыттағыш жұлдазшаның иілуімен бөтелкелер қышқылға арналған бакқа түседі де, онда суға батырылу жүреді. Одан әрі бағыттағыш жұлдазшаны өткеннен кейін бөтелкелер транспортерді жоғарғы тармақтары арқылы жоғары көтеріледі. Бағыттағыш–кергіш жұлдызшалар иілген кезде олар бұрылып мойыншалары төмен қарап қалады да, өндағы қышқылдар сыртқа төгіледі. Машинаның жоғары бөлігіне шатырытқыш бар коллектор бекітілген, ол бөтелкенің және коллектордың сыртқы бетін шаюға, және түтікшелері бар екінші коллектор бөтелкенің ішкі бетін шприцтеуге арналған.

Жетекші жұлдызшадан өткеннен кейін таза бөтелкелер итергіштің көмегімен тасу уяшықтарынан шығарылады және түсіру механизмі көмегімен пластиналы транспортерге беріледі де, машинадан шығарылады.

Тиеу-түсіру пластиналы транспортерден басқа машинаның барлық механизмдері қуатты 4,5 кВт, біліктің айналым саны 950 мин-1 болатын электроқозғалтқыштан қозғалыс алады.

Электроқозғалтқыштан жылдамдық сыналы белдікті вариатор көмегімен буынтықты төмендеткіштің бірінші білігіне беріледі. Вариатор қорғағыш жалғыстырғышпен жабдықталған. Буынтықты төмендеткіштің екінші білігінен беріліс тістер жұбына беріледі де, ол шаппалы механизмге қозғалыс береді. Шаппалы механизм бас транспортердің мерзімді қозғалысын қамтамасыз етеді. Транспортердің қозғалысының толық циклі: қозғалу мерзімімен және тоқтау мерзімінің дейінгі аралық болады. Толық цикл ұзақтылығы 6 с.

Төмендеткіштің осы білігіне жұлдызша бекітіледі, ол шынжырлы беріліс арқылы шынжырлардың тұрақты қозғалуына және транспортердің шығыршықтарының айналуына мүмкіндік береді. Машинаның жұмысы кезінде транспортердегі бөтелкелер 30 ˚С температурадағы жылы сумен шашыратқыш көмегімен шайылады (15.4 сүрет). Олардың барлығы ұяшықтарға салынғаннан кейін бас транспортер ваннаға кіргізіледі де 65 ˚С температурадағы сілтілі ерітіндіге батырылады.

1 – бөтелкелерді алдын-ала шаю шашыратқыш; 2, 5, 8, 11 – суық сумен, жылы сумен, ыстық сумен, сілті ерітіндісімен бөтелкелерді шаюға арналған шашыратқыштар; 3, 4, 7, 10 - суық сумен, жылы сумен, ыстық сумен, сілті ерітіндісімен бөтелкелерді шприцтеуге арналған шашыратқыштар; 6, 9 - жылы және ыстық суға арналған бактар; 12 - сілті ерітіндісіне арналған ванна; 13 – сымнан жасалған себеттерді ыстық сумен жууға арналған бак; 14 - ыстық суға арналған бак; 15 - ыстық суға арналған ортадан тепкіш сорап; 16 - сілті ерітіндісіне арналған ортадан тепкіш сорап; 17 - ыстық суға арналған ортадан тепкіш сорап; 18 - жылы суға арналған ортадан тепкіш сорап

15.4 сүрет. Суға батыру және шприцтеп шаю

құрылғыларының орналасу сұлбасы.


Бас транспортерді жоғарғы тармағының сыртқы бетін шаю және ішін шприцтеу жүргізіледі. Бірінші рет шаю және шприцтеу үшін 65 ˚С температурадағы сілті қолданады. Сілті ортадан тепкіш сораппен 16 шашыратқыштарға 10 және 11 беріледі. Ортадан тепкіш сорап 16 сілтілі ерітіндісін ваннадан 12 сорып отырады.

Бөтелкелерге екінші рет шаю және шприцтеу кезінде 45 ˚С температурадағы ыстық су қолданады, ол ортадан тепкіш сораппен 17 бактан 9 сорылып шашыратқыштарға беріледі. Ыстық су жабық контурда араласады. Үшінші рет шаю және шприцтеу үшін 30 ˚С температурадағы жылы суды пайдаланады, ол да жабық контурда ағады және ортадан тепкіш сорап 18 арқылы 4 және 5 шашыратқыштарға беріледі.

Төртінші рет шаю және шприцтеу кезінде суөткізгіштегі суық су 2 және 3 шашыратқыштарға беріледі. Бұл су жылы су алуға арналған астау бойымен бакка ағады. Бакта пайда болған артық су суөткізгіштің ағыс нәтижесінде бөтелкелерді алдын-ала шаю үшін шашыратқышқа бағытталады. 2, 5, 8, 11 шашыратқыштарға судың және сілтілі ерітіндінің берілуін реттеп отыратын вентиль орнатылған. Жылы және суық су 6, 9 бактарына берілген деңгейдегі судың температурасын ұстап тұру үшін барботер орнатылған. ыстық судың артығы бактан 9 бакқа 14 беріледі, одан сорап 15 көмегімен жәшіктерді жууға арналған шашыратқышы бар коллекторге беріледі. Сілтілі ерітіндісіне арналған бакқа конденсат пен сілтілі ерітіндісінің араласып кетуін болдырмау үшін, сондай-ақ берілген концентрациясын түсірмеу үшін беттік түрдегі қыздырғыш орнатылған. Бұл ваннада суөткізгіштен су беруге, сілтілі ерітіндісін және концентрацияланған сілтілі ерітіндісін беруге арналған үш еңгізу құбырлармен жабдықталған.

Ортадан тепкіш сораптың сору желілеріне пайдаланылған сілтілі ерітіндісі мен суды сүзуге арналған сүзгілер орнатылады. Бөтелке жуу машиналарын реттеу және бақылаудың автоматтық жүйесі ваннадағы 12 сілтілі ерітіндісінің концентрациясын, температурасын реттеуін бақылайды. 6, 9 бактардағы ыстық сумен суық судың температурасын, сондай-ақ шашыратқыштарға берілетін су мен будың қысымын бақылап және реттеп отырады.

Судың және сілтілі ерітіндінің температурасын бақылау үшін ТПП-Ск типті манометрлік термометрлерді қолданылады, олардың датчиктері сәйкес ванналарға орнатылады, ол тура әсер ететін манометрлік реттегіш судың және сілтілі ерітіндінің температурасын реттеуге мүмкіндік береді.

Сілтілі ерітіндінің концентрациясын автоматты түрде реттеу мен бақылау үшін басқару құрылысы пайдаланылады.

Машинаның алдынғы бөлігіне манометрлер және манометрлік термометрлер орнатылған, олар жуу жүйесіндегі және бу магистралиндегі қысымды, сондай-ақ бактарындағы судың температурасын көрсетеді.

Машина оқшаулау құрылгысымен жабдықталған, ол машинаның жұмысында ақау бола қалған жағдайда бас жетекті электрқозғалтқыштан ажыратады.


5. Бөтелке жуу машинаның негізгі техникалық есептері.

Бөтелке жуу машинаның негізгі техникалық есептері. Бөтелке жуу машинаны есептегенде шприцтеу және шаю кезіндегі жұғыш ерітіндісінің шығынын, шприцтеу және шаюға арналған түтікшелердің саңылауларының диаметрін, жууға кеткен жылу мен бу шығыны, машина жұмысының қуатын ақтайды.

Жуғыш ерітіндісімен бөтелкелерді шприцтеуге қажетті ерітіндінің жалпы мөлшері келесі теңдеумен анықталады, м3/сағ

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет