Ротационды пеш
Ет нандары, карбонадтар мен бужениналарды пісіруге арналған газбен немесе электрлі қыздырылатын ротационды пеш. Оның құрылымы:
-
тұрықтың төменгі бөлігінде орналасқан тірекке қатаң бекітілген цилиндрлі, көлденең тұрық;
-
пеш тұрығының қабырғалары үш қабатты, ішкі қабаты - болаттан, келесісі - жылу оқшаулағыш қабат, одан әрі сыртқы қаптамасы беттің болаттан жасалған;
-
тұрықтың цилиндрлі шеңберінде екі тікбұрышты есік қарастырылған;
-
біріншісі - цилиндрлі тұрықтың бүйір бетінде, люкпен жабылады, пешке тиеуге және түсіруге арналған;
-
екіншісі - төменгі бөлігінде, яғни цилиндрлі тұрық пен пеш тірегінің арасында, ыстық ауа ағынының берілуіне арналған;
-
ыстық ауа пеш тірегінің ең төменгі бөлігінде орналасқан жанарғыда табиғи газды жағу нәтижесінде алынады;
-
өнім бүйірдегі люк арқылы баяу айналатын (1,0 айн/сағ) ротордағы сөрелерге (8 дана) қойылады;
-
сөрелер ротор айналғанда әрқашан көлденең қалыпта болады;
-
электрқозғалтқыш пен жетектің екі буынтықты редукторы көлденең цилиндрлі тұрықтың бір шеткі қабырғасының сыртынан орнатылады;
-
пайдаланылған газдар цилиндрлі тұрықтың ең жоғарғы нүктесінде орналасқан құбыр арқылы шығарылады.
Ет өнеркәсібіндегі жылулық аппараттардың негізгі есебі
1. Жылу ағынының меншікті қуаты (q)
Сұйыққа ендіру, сұйықпен шаю, түтінді-ауалы және булы-сулы қоспалармен, ыстық бумен, жанғыш жанармай өнімдерімен өңдеу кезінде жылу ағынының меншікті қуаты (q) Ньютонның теңдеуімен анықталады:
q = ·t = ·(tорта - tбет), Вт/м2 (XII-1)
мұнда - қыздырылатын ортадан өнімге жылу беру коэффициенті, Вт/м2 град; Мысалы: ыстық су ет ұшасының сыртқы жамылғысы; бу шұжық; түтінді-ауалы қоспа шұжық; жанғыш жанармай өнімдері өнім.
(tорта - tбет) - орта мен өнім бетінің температурасы мен айырмасы, град.
Фурье заңы бойынша өнімнен бетінен меншікті жылу ағыны дененің терең қабаттарына өтеді:
·(tорта - tбет) = (tорта - tбет)·/L, Вт/м2 (XII-2)
мұнда tорта - ортаның температурасы (бу, ыстық су, және т.б.), град;
tбет - дене бетінің температурасы (tорта аспайды);
tцентр - өнім денесінің ортасының температурасы (пісіру кезінде 700).
- дененің жылу өткізгіштік коэффициенті (анықтамалық өлшем) вт/м·град;
L - денені анықтаушы өлшем (жылудың ену тереңдігі - әдетте шұжық батонының диаметрі (D), биіктігі немесе ұзындығы (H), суға пісіру кезінде ет кесегінің диаметрі (D) немесе жидіту кезінде жылудың ену тереңдігі (h).
Егер дене жидітілсе, онда tцентр ену тереңдігіндегі (h = 2-3 мм) температура болып табылады.
Дәріс 28. Майлы ет өнімдерін жылулық және импульсті өңдеуге арналған жабдықтар
Майлы ет өнімдері малдың таза салмағының 10-20 % құрайды. Майлы шикізаттар төмендегідей жіктеледі:
-
қолданылу аймағы бойынша тағамдық және техникалық;
-
түріне қарай қатты (ұсақталған сүйек) және жұмсақ;
-
малдың тұқымы бойынша сиыр, шошқа, қой, сүйекті және т.б.
Майлы шикізатты қайта өңдеу бойынша жүргізілетін технологиялық операциялар төмендегідей жіктеледі:
-
балқытуға дайындық бойынша операциялар (сұрыптау, ұсақтау);
-
балқыту немесе еріту бойынша негізгі операциялар (жылулық; импульсті; механикалық, соның ішінде ортадан тепкіш; физикалық, соның ішінде ультрадыбыс, электрлі);
-
соңғы операциялар (тазалау, суыту, май мен шыжықты ажырату, престеу және т.б.).
Өнеркәсіпте жылулық әдістер кеңінен қолданыс тапқан. Олар екі топқа жіктеледі:
-
тура түйісуге негізделген әдістер - «ылғалды» әдістер;
-
жанама түйісуге негізделген әдістер - «құрғақ» әдістер.
Балқытудың «ылғалды» әдісінде шикізаттың балқу процесі белгілі мөлшерде су қосу арқылы жүргізіледі.
«Құрғақ» әдісте судың мөлшері шектеулі болады да, майдың бөліну нашарлайды.
Осы әдістерге сәйкес майлы шикізатты балқытуға арналған аппараттар екі топқа жіктеледі:
-
тура түйісу әдісі (ылғалды) бойынша жұмыс істейтін аппараттар, яғни жылу тасымалдағыш тура шикізатқа енгізіледі - араластыру аппараттары;
-
тура емесе немесе жанама түйісу (құрғақ) әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар, яғни жылу тасымалдағыш пен шикізат өзара қабырғамен бөлінген - беттік аппараттар.
Түйісу әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар:
1. Барботерлі және араластырғышы бар ашық аппараттар (қазандықтар);
2. Щеткалы (Де Лаваль) және ортадан тепкіш (АВЖ) балқыту-ұсақтау аппараттары;
3. «Титан» фирмасының экспульсионды-ұсақтау аппараттары;
4. Техникалық өнімдер, конфискаттар және т.б. ыстық ауамен өңдеуге арналған деструкторлар;
5. Автоклавтар.
Жанама түйісу әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар:
-
Жылулық жейделі және араластырғышы бар немесе жоқ ашық және жабық, тік және көлденең, вакуумды және атмосфералы қазандықтар;
-
Араластырғышы бар шнекті аппараттар.
Дәріс 29. Майды балқытуға арналған аппараттар
1. Барботерлі және араластырғышы бар ашық қазандықтар. Оларға төмендегідей конструктивті белгілер тән:
-
аппарат жұмсақ майлы шикізатты балқытуға арналған;
-
конусты түпті тік цилиндрлі сыйымдылық;
-
аппараттың цилиндрлі бөлігінің диаметрінің биіктігіне қатынасы шамамен бірге жақын, яғни диаметрі мен биіктігі бірдей;
-
аппарат бір жағына барботер бекітілген тік құбырдың қабырғасына орналасады, яғни құбырдың көлденең жағы бұдырланған;
-
жылу тасымалдағыш ыстық сулы ауа барботер арқылы майдың балқу аймағына беріледі;
-
конусты түптің төменгі бөлігінде майды құйып алуға арналған түтікше орналасқан;
-
аппарат тік қалақшалы араластырғыштың жетегі орнатылған тегіс қақпақпен жабдықталуы мүмкін. Мұнда араластырғыштың өсі сыйымдылықтың орта өсінен біршама шеткері өтеді.
Сурет XIII-1 Ашық қазандықтың сұлбасы
Аппараттардың бұл тобына ортадан тепкіш АВЖ-245 машинасы жатады:
-
АВЖ жұмысшы органы цилиндрлі тұрықтың ішінде көлбеу орнатылған, бүйір қабырғасы бұдырланған (тесік диаметрі 6 мм) айналмалы барабаннан тұрады;
-
тұрық тиегіш шанақты қақпақпен жабылған;
-
тиеу шанағы төменгі бөлігі ірі тесіктермен тесілген цилиндрлі саптамамен аяқталады;
-
саптаманың ішіне бұдырланған айналмалы барабанның түбіне бекітілген П-тәрізді пышақ қатаң бекітілген;
-
пышақ пен саптама машинаның жұмысшы аймағына түсіп, одан әрі ортадан тепкіш күш әсерінен сыртқа шығарылатын жұмсақ шикізатты алдын ала ұсақтауға арналған;
-
бұдырланған айналмалы барабанның ішкі қабырғасына барабанның жоғарғы қақпағына бекітілген қозғалмайтын пышақтар жұбы орнатылған;
-
бұдырланған айналмалы барабанның сыртқы қабырғасы жағынан балқытылған майдың машинадан ығысып шығуын жеңілдететін, ортадан тепкіш қалақшалар рөлін атқаратын екі қалақша пісіріліп бекітілген.
Сурет XIII-2 АВЖ сұлбасы
Машинаның жұмысы төмендегідей жүзеге асырылады:
-
жұмсақ шикізат шанаққа тиеледі де, қозғалмалы П-тәрізді пышақ пен ірі тесікті қозғалмайтын цилиндрлі саптама арасындағы саңылауда алдын ала ұсақталады;
-
одан әрі ұсақтау бұдырланған айналмалы барабан мен қозғалмайтын пышақтар арасындағы саңылауда жалғасады;
-
ыстық бу көлбеу тұрыққа жанама орналасқан түтікше арқылы машинаның жұмысшы аймағына беріледі;
-
ұсақталған май өте жылдам (3-5 секунд) балқиды да, ортадан тепкіш күш әсерінен барабанның қабырғасындағы тесіктер арқылы жұмысшы аймақтан шығарылады;
-
одан әрі тұрықтың көлбеулігі мен айналмалы барабанның сыртқы жағынан пісіріліп бекітілген қалақшалар жұбы арқылы балқыған майдың қоспасы мен конденсат (су), қоспаны 3 м дейін көтеруге жеткілікті тегеурінмен машинадан шығарылады.
Осы аппараттардың екі типі бар: АВЖ-245 және АВЖ-130.
Дәріс 30. Майды балқытуға арналған жабдықтардың технологиялық есебі
Майдың балқу процесі кинетикасының жылдамдығы (немесе процестің массалық өнімділігі) келесідей өрнектеледі:
- dG/d немесе (Мв).
Мұнда, dG - балқыған майдың мөлшері, кг; d - майдың балқу уақыты, сағ немесе с. Ол Кондратьев қисығы немесе қыздырылу қарқындылығы бойынша анықталады.
Майдың балқу жылдамдығы төмендегі теңдеумен анықталады:
dG/d = k·F·t/q, кг/сағ
мұнда k·F·t - жылу берудің негізгі теңдеуі теңдеудің оң жағында алымында өрнектелген;
k - жылу беру коэффициенті, Вт /м2град;
F- жылу беру ауданы, м2;
t - температуралар айырмасы, 0С.
Майдың балқу ұзақтығын есептеу
Майдың балқу ұзақтығын анықтау балқу процесі жылдам өтетін (3-5 с) АВЖ сияқты машиналарға маңызды емес. Бірақ, балқытқыш қазандықтар, вакуум көлденең қазандықтар және т.б. мерзімді әрекетті жабдықтар үшін балқу ұзақтығын анықтау маңызды болып табылады.
Егер балқыту кезінде өнімнің агрегаттық күйі мен оның жылу физикалық сипаттамасы өзгеретін болса, онда балқу ұзақтығын анықтау қыздыру қарқындылығы бойынша анықталады.
Мұндай балқыту, пісіру, қуыру, қақтау сияқты стационарлы емес процестердің ұзақтығы Кондратьевтің қисығы немесе қыздыру қарқындылығы бойынша анықталады.
Дегенмен, Кондратьевтің қисығы өнімнің агрегаттық күйі біршама өзгеретін (мысалы, жидіту) процестердің ұзақтығын анықтауға негізделген.
Қыздыру қарқындылығын басқаша қыздыру жылдамдығы деп те атайды. Қыздыру қарқындылығы бойынша процестің ұзақтығын анықтауда барлық процесс үш фазаға жіктеледі:
- қалыптаспаған процестегі қыздырылу уақыты 0;
- қалыптасқан процестегі қыздырылу мен майдың толық балқығандығына дейінгі уақыт 1;
- майдың толық балқыған сәтінен мен қыздырылу процесінің соңына дейінгі уақыт 2.
Процестің ұзақтығы 0 есептелмейді, ол тәжірибелік мәліметтер негізінде беріледі.
Ол ең алдымен кесектердің өлшеміне және аппараттың қимасы бойынша процестің басындағы температураның біркелкі таралуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |