Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»



жүктеу 1.82 Mb.
бет18/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Эмульсорлар

Эмульсорлы машиналар деп ортадан тепкiш сораппен жұмыс iстейтiн гомогенизаторларды айтамыз. Гомогенизациялау мақсаты сүт түйiршiктерiн бiр қалыпқа келтiру болса, ал эмульсорлау дегенiмiз сүтке жақын келетiн май дәрежесiндегi дисперстi эмульсия компоненттерiн алу.

Сұйық ашық сепараторға немесе ортадан тепкiш сорапқа түсiп машинаның айналу бұрыштық жылдамдығына ие болады. Кориолис-тiң үдеуiмен, барабанның айналуына қарама-қарсы шетке шығады, мұны болдырмау үшiн ортадан тепкiш сораптың қабырғалары сияқты кедiр-бұдырды жасау керек. Барабанмен iлесетiн сұйықтың айналмалы жылдамдығына салыстырғанда, сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы тура және көлденең радиусының қатынасынан өте үлкен болады.

Барабанның айналу жылдамдығынан сұйықтың бұрыштық айналу жылдамдығының айырмашылығы аз, онда саңылау алдындағы қысым:


(2.2.-4)

мұндағы:



- эмульсор барабанның айналу бұрышының жылдамдығы;

- сұйықтың тығыздығы, кг/м3;

- сұйықтық сақинаның сыртқы радиусы,м;

- сұйықтық сақинаның iшкi радиусы,м.

Саңылау биiктiгi:

мұндағы:

- өнiмдiлiк, л/сағ;

- ағын коэффициентi .

Эмульсор барабаны цилиндрлi болаттан жасалынған табақша түрiнде болады, ол тiк бiлiкке кигiзiлген, айналу жылдамдығы 10000 айн/мин. Сұйық тiк бiлiктегi саңылау арқылы барабанға келедi.

ВНИМИ эмульсоры ортадан тепкiш сорап сияқты құрастырылған. Оның роторы электр қозғалтқыш бiлiгiне орналасқан және қабырғасында тесiктерi бар.

Эмульсорлардың жақсы ерекшелiктерi:

Құрылымының қарапайымдылығы, бiр роторда бiрнеше сатылы эмульсорлау, тоқтаусыз жұмыс iстеуi.
Есеп беру мазмұны

1.Үш плунжерлi гомогенизатордың өнiмдiлiгiн және сұйықтың жылуын анықтау. Егер плунжердiң диаметрi d, плунжердiң жүру жолы S, иiндi бiлiктiң айналу саны n, гомогенизация қысымы P белгiлi болса. Гомогенизаторға керектi қуатты тап. Берiлгенiн 2-кестеден аламыз.

2-кесте

Белгiленуi

Өлшем бiрлiгi

1

2

3

4

5

D



24

25

18

22

25

S



85

80

82

80

83

N



3,17

3,17

3,08

3,12

3,08

P



25

20

30

25

22

2. Үш плунжерлi гомогенизатордың кинематикалық сұлбасын сызу.

3. ВНИМИ эмульсорының конструкциясының эскизiн сызу.

Тексеру сұрақтары

1. Гомогенизацияның қажеттi қуаты қандай заңдылықпен өзгередi?

2. Үш плунжерлi гомогенизаторда 1200-қа кривошиптi иiндi бiлiк неге қысылған?

3. Седло мен клапан бiр бөлiгi симметрия пiшiндi, бұл қандай мақсатпен жасалынған?

4. Гомогенизациядан кейiнгi сұйықтың температурасы не себептен жоғарылайды?

5. Гомогенизаторды эмульсорға қай уақытта ауыстырады?

6. Екi сатылы гомогенизацияны қандай себепте қолданылады?


15 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Май өндiрiсiндегi жабдықтар




Жұмыстың мақсаты

Май өндiрiсiндегi жабдықтардың конструкцияларымен және негiзгi есептерімен танысу


Технологиялық жүйелерде май өндiрудiң негiзгi машиналары май дайындағыштар және май жасаушылар болып табылады. Май дайындағыштар майды шайқау әдiсi арқылы, қалыпты кiлегейдiң майлылығы 30-40% болу керек, ал май жасағышта май алу үшiн кiлегейдiң майлылығы 80-82% болу керек.
Цилиндрлi май жасағыш

Май жасағышқа май құрамымен толықтай сәйкес кiлегей келiп түседi, бiрақ май құрамына реттеу жүргiзiлмейдi. Май жасағышта майлылығы жоғары кiлегей құрылымына өзгерiс енгiзiледi. Ол үшiн майлылығы жоғары кiлегей бiрiншi кезеңде интенсивтi салқындатылады және екiншiсiнде бiр мезгiлде тереңiрек салқындатқышта механикалық әсерге түседi. Сол себепте майлылығы жоғары кiлегейге механикалық және жылудың әсер етуiне байланысты май пайда болады.

Ең көп тараған май жасағыштар: цилиндрлi (үш цлиндрлi) және пластиналы. Үш цилиндрлi май жасағыш бiрдей конструкцияланған бiрыңғайлы цилиндрлерден тұрады.

1-кранштейн; 2-шығарғыш кран; 3-бағыттағыш төлке;

4-ауа шығаратын кран;

5-қақпақ; 6-нығыздағыш сақина; 7-алдыңғы цилиндр-дiң фланецi; 8-ығыстыру барабаны; 9-цилиндр қапта-масы; 10-цилиндрдiң сыртқы қабаты; 11-серiппе; 12-ци-линдрдiң iшкi қабаты;

13-артқы цилиндрдiң фланецi; 14-нығыздағыш сақина; 15-редуктор; 16,17-подшипник; 18,19-шестерня; 20-электр қозғалтқыш; 21-пышақтар; 22-станина.
Әр цилиндр қабаттарын 10,12, ығыстырғыш барабанын 8, қақпағын 5, редукторын 15 және өнiмдi сумен салқындататын жейденi қосады. Жейдеде серiппе 11 қойылған және бекiтiлген. Цилиндрдiң артқы қабырғасы болып редуктордың торцелi дискi 15, ал алдыңғысы қақпақ 5.

Ығыстырғыш барабанның 8 қабырғалары қатты, тот бас-пайтын темiрден жасалады. Оған пластмасса пластинамен жабдықталған екi пышақ 21 орнатылады. Пышақтар ығыстырғыш барабан үстiнде жеңiл айналады. Барабан қозғалған кезде ортадан тепкiш күш әсерiнен тебiледi және цилиндрдiң iшкi бетiне жүзiмен басылады.

Май жасағыш қосылған кезде ашылатын қақпақтың үстiнгi жағында ауаны алып тастау үшiн және цилиндрдi кiлегеймен толтыруға бақылау жүргiзу үшiн ауа шығаратын кран 4 орнатылған. Жоғарғы цилиндрдiң қақпағының төменгi бөлiгiнде өнiм шығаратын кран 2 орналасқан. Өнiмдi шығару үшiн шығарғыш кран 2 және шыққан майдың температурасын бақылайтын термометр қондырылған. Май жасағыш электр қозғалтқыштан 20 редуктор арқылы iске қосылады.

Майлылығы жоғары кiлегей 80-900С температурада май жасағыштың төменгi барабанына, ал рассол және мұзды су салқындатқыш жейдеге түседi. Жұмыс барысында кiлегей қабаты пышақпен кесiледi және араластырылады. Шығарда май температурасы әдетте 10-12 0 С аспайды. Май шығарғыш түтiкке қарай араласа отырып, одан шығады. Өнiмнiң май жасағышта болуы 3-6 минутқа созылады. Егер май қатып қалса (жұмыс үзiлiсiнде) цилиндрдi жылыту үшiн жейдеге бу немесе ыстық су жiберiледi.

Төменгi цилиндрде майлылығы жоғары кiлегей, кристаллизация глицеридтерi 22-230С температурасына дейiн салқындатылады да, эмульсия қасиетiн сақтайды. Рассол температурасы төменгi цилиндрде -1-30С, ал ортанғыда -3-50С. Ортанғы цилиндрде май құрылымының жасалу процесi басталады: май сұйық түрден жабысқақ қалпына келедi және 5-20 секунд iшiнде қатаяды. Ортанғы цилиндрдегi өнiм 11-130С-ге дейiн салқындатылады.

Жоғарғы цилиндрде механикалық әсер болғандықтан 150-250 секунд iшiнде өнiм ұсақ кристалды құрылымға және жабысқақ консистенциясына ие болады. Жоғарғы цилиндрдегi өнiм температурасы 7-90С температурадағы сумен салқындатылу салдарынан 1-20С-ге көтерiледi.

Пышақтардың құрудың қолайлы бұрышы 350 болып табылады, ал сақина саңылауы 450, 650, және 850 кг/сағ өнiмдiлiгiне сәйкес 15, 22 және 29 мм.
Үздiктi жұмыс iстейтiн май жасағыштардың есебi

Көптеген авторлар (Сурков, Липатов, Аболмасов, Дьяченко) өнiмдiлiктi келесi формуламен анықтуды ұсынады:


(2.4.-1)

мұндағы:



- май жасағыштағы кiлегей көлемi, м3;

- кiлегей тығыздығы, кг/м3;

- кiлегейдiң май жасағышта болу ұзақтығы, сек;

- цилиндр ұзындығы, м;

- цилиндр радиусы, м;

- ығыстырғыш бұлғағыштың барабанының радиусы, м.

Сонымен қатар майдың жақсы консистенциясына уақыт сәйкестеледi секунд, жабысқақтығы ; ендеше майдың бiр цилиндрде болу уақыты секунд, ал үш цилиндрде кемiнде 270 секундқа тең.

Никуличев (Чубик, Маслов) мәлiметтерi бойынша майдың сапасына май жасағыштағы мынадай өңдеу өлшемдерi нақты әсер етедi: кристаллизация бөлiмiндегi қосындылары уақыты, - өнiм салқындатылатын температура және т.б.

Майдың консистенциясы кристаллизация аймағында болу уақытын 60 секундқа дейiн төмендеткенде, жабысқақтығы және салқындату температурасы 160С. Майдың жұмсақ консистенциясы кристалдану аймағында болуын 360 секундқа дейiн жоғарылатқанда, жабысқақтығы , ал салқындату температурасын сол қалпында қалтырамыз.

Бұл мәлiметтер цилиндрлi май жасағыштарды конструкциялағанда және экспулатациялауда өте қажет болып табылады, өйткенi олардың негiзiнде барлық үш цилиндрдегi өнiмнiң болу уақытын алуға болады. Май жасағыштың (Сурков) барлық үш цилиндрiндегi өнiмнiң болу уақытының ұзақтығының сипаттамасын көрсететiн график бойынша - өнiмнiң салқындату аймағында болу ұзақтығын (1 және 2 цилиндрлер) май жасау аймағында және май жасау аймағында болуы анықталады немесе берiледi.

Үш цилиндрлi май жасағыштың өнiмдiлiгiн келесi формуламен анықтауға болады:


(2.4.-6)
мұндағы: - өнiмнiң тығыздығы, кг/м3.
Тәжiрибелiк жұмыстың есеп беру мазмұны
1. Машинаның жұмысымен құрлысын оқып бiлу (Сурков В.Д. 240-243 бет).

2. Машинаның кинематикалық сұлбасын құру.

3. Температуралық өңдеудiң өлшемдерiнiң әсер дәрежесiн және өнiмнiң май жасағышта май ретiнде болу ұзақтығын Никуличев және Аболмасовтың эксперименттiк мәлiметтерiне сүйене отырып оқып бiлу.

4. 22-кесте бойынша май жасағыштың есебiн жасау:

а) өнiмнiң цилиндрдегi жылжу жылдамдығын анықтау;

б) май жасағыштың өнiмдiлiгiн анықтау.


1-кесте

Өлшемдердiң

Өлшем

Варианттар

белгiленуi

бiрлiгi

1

2

3

4

5



м

0,315

0,315

0,315

0,325

0,325



м

0,295

0,275

0,255

0,280

0,340



м

0,70

0,70

0,70

0,65

0,80



секунд

100

115

130

140

150



кг/м3

940

940

940

940

940



Қорытынды
Аталған зертханалық практикумда тамақ өнімдерін механикалық өңдеуге арналған қазіргі машиналардың құрлысы мен пайдалану, олардың техникалық сипаттамалары, есептеу негіздері туралы мәліметтер берілген.

Берілген қазіргі машиналардың талдауы, шикізатты механикалық өңдеуге арналған әртүрлі машиналардың қолдануын көрсетеді. Олар тек ғана бір технологиялық операцияны атқаруға арналған. Бұл машиналарда кең көлемде жұмыс істеу тәртібін реттеуге, яғни берілген қасиеттері мен параметрлері бар шикізатты өңдеуге арналған ең қажетті тәртібін таңдауға болмайды.

Шұжық фаршын механикалық өңдеуге арналған жабдықтар ішінде шетел және отандық мамандар автоматтандырылған жоғары жылдамдықтық вакуумдық және вакуум-пісіру куттерлерге ұсыныс береді. Олар шикізатты біріккен майдалау мен араластыру негізінде жетілдірілген ұсақтауды қамтамасыз етеді. Бұл өңдеу фарштағы су байланысы, майдың эмульгирлендіру және біртекті құрам пайда болуына өте жақсы жағдай туғызады және де өнімнің сапасы мен санына жақсы әсер етеді. Нәтижелі фактор болып қысқа мерзім ішінде шикізат ұсақтаудын жоғары дәрежесі табылады. Бірақ та куттерлердің кейбір құрлымдарында бірнеше операцияларды, яғни қосымша фаршты қалыптауға болмайды.

Тамақ өнімдерінің сапасы мен саның жоғарылату, энергия мен шикізатты операциялар арасында тасымалдауда шығындарын азайту, өндіріс ауданы мен жұмысшылар санын қысқарту проблемасын шешу жолдарының бірі үздіксіз әмбебап көп операциялық машиналар мен олардың негізінде автоматтандырылған ағынды желілерді жасау болып табылады.



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет