Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру көздері



бет19/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
karzh umk

Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру көздері

Коммерциялық емес қызмет ұйымдарын қаржыландыру көздерін қарастыру кезінде орталықтандырылмаған қаржылардың жалпы белгілерін де, өндірістік емес сфера салаларындағы қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ерекше жақтарын да есепке алу қажет.

Көрсетілетін қызметтердің сипаты, сондай-ақ қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар орнының толтырылуын қамтамасыз ететін ақшалай кірістер мен қаражаттар қорларының құрылуымен байланысты экономикалық қатынастарды  ұйымдастыру түрлері қаржыландыру әдістерін таңдауды анықтайды. Коммерциялық емес қызмет мекемесінің қызметі сметалық қаржыландыруға, шаруашылық-есептік әдіске және өзін-өзі өтеу әдісіне негізделеді. Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың аталған түрлерінің әрқайсысына  өзінің көзі және оларды пайдалану тәртібі тән. Қаржыландырудың сметалық әдісі нормалар мен нормативтердің орталықтандырыл-ған түрде анықталған жүйесінің негізінде қалыпты қызмет үшін қажетті қаржы ресурстарының көлемін ұйымдастырудың анықталуын жорамалдайды. Бұл әдіс білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мемлекеттік билік және қорғаныс органдарында кеңінен таралды. Бюджеттік қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелер толық қаржыландыру жоспарын (сметасын) әзірлейді, онда ұйымдастыру қызметіне тән көрсеткіштер және қаржылардың өзгешеліктер бойынша үлестірілуі сипатталады.

Экономикалық жіктеуге сәйкес сметаларда шығындар категорияға, класқа, бағыныңқы класқа, сипаттамаға топталады.

Категорияға мыналар кіреді:

1) Ағымдағы шығындар;

2) Күрделі шығындар;

3) Несиелер беру, үлестік қатысу;

4) Қаржыландыру.

Шаруашылық жүргізудің шаруашылық-есептік әдісі шығындарының орны материал-дық емес қызметтер мен игіліктерді іске асырудан толтырылатын мекемелер мен ұйымдарда  қолданылады. Оған ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, кейбір өнер мекемелері, ойын-сауық кәсіпорындары жатады.

Шығындардың өзін өтеу әдісі шаруашылық қызметті ақылы қызметтер негізінде ұйымдастыруды көздейді, олардың бағасы жинақтаусыз шығындар көлеміне қатысты анықталады. Шаруашылық есеп және өзін өтеушілік  негізінде әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептейді және жоспарлайды және оларды кәдімгі қаржылық жоспар көрсеткіштерінде ресімдейді. Бұл жағдайда өндіріске және қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығындар тізбесі  материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын қызметтерге ұқсас, бірақ құрылымында еңбек төлеміне жұмсалатын шығындар, әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар (әлеуметтік салықты қосқанда) басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет