Мемлекеттік кірістер, олардың құрамы және құрылымы
Процесінде мемлекеттің жұмыс істеуі үшін материалдық базасын құру үшін оның меншігіне түсетін қаржылардың жиынтығы түзілетін экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер деп танылады.
Кірістер – күрделі экономикалық категория, ол қаржылармен өзара тығыз әрекетте жұмыс істейді.
Кіріс – бұл қаржылар шығындарымен байланысты белгілі қызметтің нәтижесі (олардың жүзеге асырылу уақытына байланысты емес). Кірістер өндірістің, коммерциялық, делдалдық, басқа мақсатқа бағытталған қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта құрылған өнімді және қызметтерді үлестіру сатысында пайда болады. Кірістер диалектикасының аралық сипаты болуы мүмкін, яғни өзі құрылған соң жаңа үлестіру кезеңіне кіреді немесе жаңа ұдайы өндіріс сатысы – алмасуға өтіп, соңғы кірістер ретінде қызмет етуі мүмкін (тікелей жинақтауға және тұтынуға пайдаланылатын кірістер соңғы кірістер деп танылады). Кірістердің аралық сипаты шаруашылық жүргізетін бір субъектінің кірістері екіншісінің шығыстары есебінен құрылуынан айқындалады: мысалы, кәсіпкерлік сектордың шығындары табыс салығын төлегенде мемлекет кірістері болып табылады немесе мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарға шығындары халықтың жеке тобының кірістері болып табылады.
Жалпы қоғамдық өнімді үлестіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізетін ұйымдардың және халықтың алғашқы кірістері құрылады. Алғашқы кірістер күрделі үлестіру және қайта үлестіру процестеріне ұшырайды, оларда қаржылар маңызды роль атқарады. Осы процестер нәтижесінде қаражаттар қорлары және ең алдымен, мемлекеттік бюджет құрылады.
Қаржылар арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халық кірістерінің бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың кірісі (пайдасы) үлестіріледі – оның бір бөлігі бюджетке түседі, ал екіншісі кәсіпорындарда қалады және шаруашылық ішіндегі қажеттіліктерге пайдаланылады.
Халықтың алғашқы кірістері қызметтің өндірістік емес сфера мекемелерімен көрсетілетін қызметтерді төлеу жолымен қайта үлестіріледі. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының кірістерін құрайды (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және т.б.). Сонымен, кірістер қоғамдық өнім құнын шаруашылық жүргізетін субъектілер бойынша үлестіруге қатысты адамдардың қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекетте, шаруашылық жүргізетін субъектіде және халықта шоғырланатын қаржыларды анықтау кірістердің материалдық-заттық жағы болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізу жүйесімен, мемлекеттің саяси және экономикалық ролімен қамтамасыз етілген. Әрбір қоғамдық-экономикалық құрылымға тауар-ақша қатынастарының даму деңгейімен, өндіру тәсілімен, мемлекет табиғатымен және функцияларымен қамтамасы етілген мемлекеттік кірістер жүйесі тән болады.
Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру мемлекеттің аса белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджете орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізетін субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза кірісінің үлесін анықтайды, халықтың жеке кірістерінің бір бөлігін және қоғамның басқа қаржыларын шоғырландырады.
Меншік түрлерінің ұйымдастыру-құқықтық ресімделуіне байланысты мемлекеттік кірістер мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар кірістері;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері;
3) халықтың салықтық төлемдері;
4) кооперативтік және ұжымдық ұйымдар мен кәсіпорындардың салықтық түсімдері;
5) қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері.
Құрылу сфераларына байланысты мемлекеттік кірістер мыналарға жіктеледі:
1) материалдық өндіріс сферасында құрылатын кірістер;
2) өндірістік емес сферада құрылатын кірістер.
Қаржылық құрамы бойынша мемлекеттік кірістер мыналарға бөлінеді:
1) салықтық;
2)салықтық емес (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаржылар, ақшалай-заттай лотереялардан және т.б. түсетін кірістер).
Достарыңызбен бөлісу: |